Жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер



жүктеу 4,8 Kb.
Pdf просмотр
бет36/61
Дата21.11.2017
өлшемі4,8 Kb.
#1247
түріКодекс
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   61

      Негізгі жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделікті жұмыстың жиынтық
ұзақтығы осы Кодекстің 82-бабында белгіленген күнделікті жұмыс уақытының нормасынан 4 сағаттан 
артық аспауға тиіс.
      199-бап. Қоса атқаратын жұмыс кезіндегі жыл сайынғы 
                ақылы еңбек демалысы
      1. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерге жыл 
сайынғы ақылы еңбек демалысы негізгі жұмысы бойынша демалыспен қатар беріледі. 
      2. Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек 
демалысының ұзақтығы басқа жұмыс бойынша демалыстың ұзақтығынан аз болса, жұмыс беруші қоса 
атқарушы - қызметкердің өтініші бойынша демалыс ұзақтығының айырмасын құрайтын күндерге 
жалақысы сақталмайтын демалыс береді.
      200-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын 
                жасасуды шектеу
      Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын он сегіз жасқа толмаған қызметкерлермен және 
, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда 
ауыр жұмыстарда
істейтін қызметкерлермен жасасуға тыйым салынады.
      201-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жұмыс 
                берушінің бастамасы бойынша бұзудың қосымша 
                негіздері
      Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты, осы Кодекстің 54-бабында көзделген негіздерден 
басқа, еңбек шарты осы жұмыс өзі үшін негізгі болып табылатын қызметкермен жасалынған жағдайда 
жұмыс берушінің бастамасымен бұзылуы мүмкін.
19-тарау. АУЫР ЖҰМЫСТАРДА, ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ ЗИЯНДЫ (ЕРЕКШЕ 
ЗИЯНДЫ) ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҚАУІПТІ ЖҰМЫСТАРДА ІСТЕЙТІН 
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
      202-бап. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды 
                (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті 
                жұмыстарда істейтін қызметкерлердің жұмыс 
                уақытының қысқартылған ұзақтығы
      1. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті 
жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақытының аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған
ұзақтығы белгіленеді. 
      2. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, 
кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) 
және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ оны берудің тәртібін еңбек жөніндегі 
уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
      
Ескерту. 202-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 
N 239-V
 (


алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 
Заңдарымен.
      203-бап. Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысы
      Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары қызметкерлерге жұмысы жыл сайынғы ақылы 
қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың 
тізіміне, сондай-ақ ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) 
қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес беріледі. Демалыстың бұл түрінің ұзақтығын, сондай-ақ оны 
берудің тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
      
Ескерту. 203-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 
N 239-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      204-бап. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды 
                (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті 
                жұмыстарда істейтін қызметкерлердің еңбегіне 
                ақы төлеу
      Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін 
қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу қалыпты еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін 
қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеумен салыстырғанда жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар (
ставкалар) немесе қосымша ақылар белгілеу жолымен жоғарылатылған мөлшерде, бірақ Қазақстан 
Республикасының заңнамасында, салалық келісімдерде немесе ұжымдық шарттарда еңбекке ақы 
төлеудің ең төменгі стандарттарына негізделіп белгіленгеннен төмен емес мөлшерде белгіленеді. 
      Оларда жұмыс істеу еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін 
өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек 
жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ оны 
берудің тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
      Осы бапта белгіленген еңбекке ақы төлеу шарттары ауыр, зиянды (ерекше зиянды), қауіпті 
жағдайлардағы еңбегі жұмыс орындарын 
 нәтижелерімен расталған қызметкерлерге 
аттестаттау
қолданылады. 
      Ескерту. 204-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 
N 239-V
 (
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 
Заңдарымен.
      205-бап. Салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын 
                қамтамасыз ету
      Ұйым қызметкерлеріне еңбек жағдайлары бойынша жұмыс берушінің қаражаты есебінен бюджеттік
жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша еңбек жөніндегі уәкілетті 
мемлекеттік орган бекітетіннен төмен емес нормаларда арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да
дара қорғану құралдары, жуу және зарарсыздандыру материалдары, сүт, емдеу-профилактикалық 
тағамдары беріледі.
      Ескерту. 205-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап 
қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 
N 239-V
  (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн 
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


жүктеу 4,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау