1-1. Әлеуметтік әріптестікті өңірлік деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз ету тиісті
әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарына жүктеледі.
2. Жергілікті атқарушы органдардың тиісті өкілетті өкілдері, жұмыс берушілер мен
қызметкерлердің өкілдері өңірлік комиссиялардың қатысушылары болып табылады.
3. Кәсіптік одақтардың аумақтық бiрлестiктері қызметкерлердiң өңірлік деңгейдегі өкiлеттi
өкiлдерi болып табылады.
4. Мыналар:
1) облыстық деңгейде – Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері,
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері, шағын кәсіпкерлік жөніндегі облыстық
бірлестік;
2) қалалық, аудандық деңгейлерде – Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер
палатасының өкілдері, шағын кәсіпкерлік жөніндегі қалалық, аудандық бірлестіктер өңірлік
деңгейдегі жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері болып табылады.
Ескерту. 265-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013
№ 130-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2014
N 212-V
(
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңдарымен.
266-бап. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұйым деңгейінде
реттеу
1. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуді қамтамасыз ету, ұжымдық келіссөздер жүргізу
және ұжымдық шарттың жобасын дайындау және оны жасасу, сондай-ақ ұжымдық шарттың орындалуын
бақылауды ұйымдастыру үшін тараптар шешімі бойынша тең құқықтылық негізде тараптардың қажетті
өкілеттіктер берілген өкілдерінен тұратын комиссиялар құрылады.
2. Жұмыс беруші ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес ұйымда жұмыс істейтін кәсіптік одақтың
қызметі үшін жағдай жасайды.
3. Тараптардың келісімі бойынша және кәсіптік одақ мүшелері болып табылатын
қызметкерлердің жазбаша өтініштері болған кезде, жұмыс беруші кәсіптік одақтың есеп-шотына
қызметкерлердің жалақысынан ұсталатын мүшелік кәсіподақ жарналарын ай сайын аударады.
Ескерту. 266-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
267-бап. Тұрақты жұмыс істейтін республикалық, салалық,
өңірлік комиссияларды құрудың принциптері мен
тәртібі
1. Тұрақты жұмыс істейтін республикалық, салалық, өңірлік комиссиялар мынадай принциптер:
1) комиссиялардың қызметіне атқарушы билік органдары өкілдерінің, жұмыс берушілер мен
қызметкерлер
қатысу міндеттілігі;
өкілдерінің
2) тараптардың өкілеттілігі;
3) тепе-тең өкілдік ету;
4) тараптардың тең құқықтылығы;
5) тараптардың өзара жауапкершілігі негізінде құрылады.
2. Комиссиялар қатысушыларының жеке құрамын әлеуметтік әріптестіктің әрбір тарапы дербес
құрады.
268-бап. Республикалық, салалық, өңірлік комиссиялардың
негізгі мақсаттары, міндеттері және функциялары
1. Комиссиялардың негізгі мақсаттары әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және
әлеуметтік әріптестік тараптарының мүдделерін келісу болып табылады.
2. Комиссиялардың негізгі міндеттері:
1) әлеуметтік және экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша әлеуметтік әріптестік
тараптарының ұстанымдарын келісу;
2) келісімдерді әзірлеу және жасасу;
3) келісімдерді іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, келісу және бекіту;
4) халықаралық еңбек нормаларын ратификациялауға және қолдануға байланысты мәселелер
бойынша консультациялар жүргізу және ұсынымдар тұжырымдау болып табылады.
3. Комиссиялар өздері бекіткен ережелерге және жұмыс жоспарларына сәйкес жұмыс істейді.
Комиссиялардың отырыстары жылына кемінде екі рет өткізіледі.
4. Республикалық комиссияның функциялары:
1) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы заң жобаларын (әлеуметтік әріптестік
тараптарының бастамасы бойынша) қарау және олар бойынша ұсынымдар шығару;
2) атқарушы билік органдарына әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы нормативтік
құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау туралы ұсыныстар енгізу;
3) ұлттық біліктілік шеңберін бекіту;
4) әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алу және оларды болғызбау
жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және келісу;
5) жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздық деңгейін қысқартуға бағытталған
шараларды келісу;
6) бас келісімді жасасу және оның орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
7) салалық және өңірлік деңгейлерде келісімдер әзірлеуге және қабылдауға қатысу үшін
байқаушылар тобын қалыптастыру;
8) республикалық комиссияның негізгі мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған
өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
5. Салалық комиссияның функциялары:
1) тиісті саланың әлеуметтік әріптестік тараптарының бас келісімді, республикалық
комиссия шешімдерін орындауын қамтамасыз ету;
2) тиісті саланың бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын (әлеуметтік әріптестік
тараптарының бастамасы бойынша) қарау;
3) әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алу және оларды болғызбау
жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және келісу;
4) жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздық деңгейін қысқартуға бағытталған
шараларды келісу;
5) салалық келісімді жасасу және оның орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
6) саланың еңбекке ақы төлеу жүйесінің, оның ішінде:
саладағы ең төмен тарифтік мөлшерлемені (айлықақыны);
разрядаралық коэффициенттердің шекті мәндерін;
салалық арттырушы коэффициенттерді;
ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін
қызметкерлерге қосымша ақы белгілеудің бірыңғай тәртібін белгілеудің негізгі қағидаттарын
әзірлеу;
7) салалық біліктілік шеңберін бекіту;
8) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі кеңесті қалыптастыру;
9) Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу үшін еңбек төрелігі жөніндегі
кеңесті қалыптастыру;
10) келісімдер мен ұжымдық шарттарды әзірлеуге және қабылдауға қатысу үшін байқаушылар
тобын қалыптастыру;
11) кадрлық әлеуетті және біліктіліктерді дамыту жөніндегі үйлестіру орталығын
қалыптастыру;
12) салалық комиссияның негізгі мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған өзге
де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
6. Өңірлік комиссияның функциялары:
Достарыңызбен бөлісу: |