22-тарау. ҮЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
214-бап. Үй қызметкерлерімен еңбек шартын жасасу және
тоқтату ерекшеліктері
1. Үй қызметкерлері деп, егер жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) жұмыс берушінің және (
немесе) жұмыс беруші үшін пайда алу мақсатында орындалмаса (көрсетілмесе), жұмыс беруші жеке
тұлғаларда отбасының бір немесе бірнеше мүшесі жүргізетін үй шаруашылығындағы жұмыстарды
орындайтын (қызметтер көрсететін) қызметкерлер танылады.
2. Жұмыс беруші үй қызметкерін жұмысқа қабылдау не онымен еңбек қатынастарын тоқтату
туралы акт шығармайды және еңбек кітапшасына оның жұмысы туралы мәліметтер енгізбейді.
3. Үй қызметкерінің еңбек қызметі еңбек шартымен расталады.
4. Үй қызметкерімен еңбек шарты тоқтатылғаны (бұзылғаны) туралы жазбаша ескертудің
мерзімі, сондай-ақ жұмысынан айырылуға байланысты өтемақы төлеу жағдайлары мен мөлшері еңбек
шартында белгіленеді.
Ескерту. 214-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.12.2013
№ 153-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
215-бап. Үй қызметкерлерінің жұмыс уақыты мен тынығу
уақытының режимі
1. Үй қызметкерлеріне осы Кодексте белгіленген жұмыс уақыты
мен тынығу уақыты ұзақтығының
нормалары қолданылады.
2. Үй қызметкерінің жұмыс режимі, оларға демалыс күндерін, жыл сайынғы ақылы еңбек
демалысын беру, оларды үстеме жұмыстарға, түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері жұмысқа
тарту тәртібі еңбек шартында айқындалады.
216-бап. Тәртіптік жазаны қолдану және алып тастау
тәртібі
Үй қызметкеріне қатысты тәртіптік жазаны қолдану және алып тастау тәртібі еңбек шартымен
айқындалады.
217-бап. Жеке еңбек дауларын шешу
Үй қызметкері мен жұмыс берушінің арасындағы жеке еңбек даулары тараптар келісімімен және
(немесе) сотта шешіледі.
218-бап. Үй қызметкерімен еңбек шартын бұзу
Үй қызметкерімен еңбек шартын бұзу еңбек шартында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
23-тарау. ҮЙДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
219-бап. Үйде жұмыс істейтін қызметкерлер
1. Жұмыс берушімен жұмысты өз материалдарымен және өзіндік немесе жұмыс беруші бөліп
беретін не жұмыс беруші қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды, құрал-саймандар мен
құрылғыларды пайдаланып, үйде жеке еңбегімен орындау туралы еңбек шартын жасасқан адамдар үйде
жұмыс істейтін қызметкерлер деп есептеледі.
2. Қызметкердің жұмысты үйде орындауы еңбек шартын жасасқан кезде, сол сияқты еңбек
шартының қолданылу мерзімі ішінде еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізе отырып белгіленуі
мүмкін.
220-бап. Үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек
жағдайлары
1. Үйде істелетін жұмыс қызметкердің денсаулық жағдайына
қайшы келмейтін және оларды
орындау үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар қамтамасыз етілген
жағдайда ғана орындалуы мүмкін.
2. Үйде істелетін жұмыстарды орындауға арналған еңбек шартында:
1) жұмысты қызметкерге меншік құқығымен тиесілі немесе жұмыс беруші бөліп беретін не
жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды, материалдарды, құрал-саймандар мен
құрылғыларды пайдаланып орындау;
2) қызметкерді жұмысты орындау үшін шикізатпен, материалдармен, жартылай дайын өнімдермен
қамтамасыз ету тәртібі мен мерзімдері;
3) дайын өнімді алып
шығу тәртібі мен мерзімдері;
4) қызметкерге төленетін өтемақы және өзге де төлемдер туралы талаптар міндетті түрде
көзделуге тиіс.
221-бап. Үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс
уақыты мен тынығу уақытының режимі, еңбек
қауіпсіздігін және еңбегін қорғауды қамтамасыз
ету жағдайлары
Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, жұмыс берушінің қызметкердің жұмыс уақыты
режимін сақтауын бақылау ерекшеліктері, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз
ету және үйде жұмыс істейтін қызметкер үшін осы талаптардың сақталуы жөніндегі жағдайлар еңбек
шартында белгіленеді.
23-1-тарау. Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегін реттеудің ерекшеліктері
Ескерту. Кодекс 23-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2012.02.17
(алғашқы ресми
№ 566-IV
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
221-1-бап. Қашықтықтан жұмыс істеу
Қашықтықтан жұмыс істеу жұмыс процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды
пайдаланып, еңбек процесін жұмыс беруші орналасқан жерден тысқары жерде жүзеге асырудың айрықша
нысаны болып табылады.
221-2-бап. Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің
еңбек жағдайлары
1. Жұмыс беруші қызметкерге коммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) береді және
оларды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды көтереді. Қызметкер меншікті
коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланған жағдайда жұмыс беруші өтемақы төлейді, оның
мөлшері мен төлеу тәртібі қызметкермен келісім бойынша белгіленеді.
Тараптардың келісімі бойынша қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерге жұмыс беруші үшін
жұмысты орындауға байланысты өзге де шығыстар (электр энергиясының, судың құны және т.б.)
өтелуі мүмкін.
2. Қызметкердің жұмыс берушімен жұмыс істеу байланыстарының тәсілдері мен кезеңділігі
еңбек шартында айқындалады.
221-3-бап. Жұмыс уақытын және демалыс уақытын есептеу,
еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды
қамтамасыз ету жағдайлары
Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлерге осы Кодексте белгіленген жұмыс уақыты мен
демалыс уақыты ұзақтығының нормалары қолданылады.
Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақытының тіркелген есебі белгіленеді,
оны бақылаудың ерекшеліктері еңбек шартында айқындалады.
Жұмыс уақыты режимінің сақталуын бақылаудың ерекшеліктері, еңбек қауіпсіздігін және
еңбекті қорғауды қамтамасыз ету және қызметкер үшін осы жағдайларды сақтау жөніндегі шарттар
еңбек шартында айқындалады.
24-тарау. МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
222-бап. Мүгедектердің еңбек ету құқығын іске асыруы
1. Мүгедектер әдеттегідей еңбек жағдайлары бар не мүгедектер еңбегін пайдаланатын
мамандандырылған ұйымдарда жұмыс берушілермен еңбек шарттарын жасасуға құқылы.
2. Медициналық қорытынды бойынша денсаулық жағдайы еңбек міндеттерін орындауға кедергі
келтіретін не оның денсаулығына және (немесе) басқа адамдар еңбегінің қауіпсіздігіне қатер
төндіретін жағдайларды қоспағанда, мүгедектік себептері бойынша еңбек шартын жасасудан бас
тартуға, мүгедекті басқа жұмысқа ауыстыруға, еңбек жағдайларын өзгертуге тыйым салынады.
Ескерту. 222-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
223-бап. Мүгедек қызметкерлердің еңбек жағдайлары
1. Еңбекті нормалау, еңбекке ақы төлеу және еңбекті қорғау жағдайлары, жұмыс режимі,
кәсіптерді (лауазымдарды)
қоса атқару тәртібі, техникалық, санитарлық, гигиеналық,
өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптар келісімі бойынша еңбек шартының, ұжымдық
шарттың өзге де жағдайлары басқа қызметкерлермен салыстырғанда мүгедек қызметкерлердің
жағдайларын нашарлата немесе құқықтарын шектей алмайды.
2. Мүгедектер еңбегін ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайлары
бар жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады.
3. Жұмыс істеп жүрген мүгедектерге осы Кодексте, келісімдерде,
жұмыс берушінің
актілерінде, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық шартта белгіленген қосымша кепілдіктер берілуі