Жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер



жүктеу 4,8 Kb.
Pdf просмотр
бет39/61
Дата21.11.2017
өлшемі4,8 Kb.
#1247
түріКодекс
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   61

мүмкін. 
      4. Жұмыс беруші жұмыс істеп жүрген мүгедектердің толық емес жұмыс уақыты режимі, 
жүктемені азайту және басқа еңбек жағдайлары туралы медициналық қорытындыларды орындауға 
міндетті.
      224-бап. Мүгедек қызметкерлердің жұмыс уақытының 
                қысқартылған ұзақтығы
      1. Бірінші және екінші топтағы мүгедек қызметкерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын 
ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді. 
      2. Бірінші және екінші топтағы мүгедек қызметкерлердің күнделікті жұмысының (жұмыс 
ауысымының) ұзақтығы жеті сағаттан аспауға тиіс.
      225-бап. Мүгедек қызметкерлерге жұмыс уақытының жиынтық 
                есебін қолдануды шектеу
      1. Бірінші және екінші топтағы мүгедек қызметкерлерге жұмыс уақытының жиынтық есебін 
қолдануға жол берілмейді. 
      2. Егер үшінші топтағы мүгедек қызметкерлерге медициналық 
көрсетулер бойынша жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленетін 
режимге тыйым салынған болса, оларға мұндай есеп белгіленбейді.
      226-бап. Мүгедек қызметкерлердің түнгі уақыттағы 
                жұмысын, үстеме жұмысын, демалыс және мереке 
                күндердегі жұмысын, оларды іссапарға жіберуді 
                шектеу
      Мүгедек қызметкерлерді үстеме жұмысқа, түнгі уақытта, демалыс және мереке күндеріндегі 
жұмысқа тартуға, іссапарға жіберуге, егер олар үшін мұндай жұмыстарға медициналық көрсетулер 
бойынша тыйым салынбаған болса, олардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
      227-бап. Мүгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек 
                демалысын беру
      Мүгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы олармен келісе отырып, жұмыс 
беруші бекітетін демалыс кестесіне сәйкес беріледі.
      228-бап. Мүгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы 
                қосымша демалыс беру
      Жыл сайынғы ақылы қосымша демалыс - жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен бір мезгілде не 
 қалауы бойынша жұмыс жылының басқа уақытында беріледі.
мүгедек қызметкердің
25-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


      229-бап. Азаматтық қызметке кіру
      1. Азаматтық қызметке кіру тағайындау тәртібімен немесе конкурс бойынша жүзеге асырылады.
 
      2. Конкурсты бос лауазымы бар мемлекеттік мекеме, қазыналық кәсіпорын ұйымдастырып, 
өткізеді. 
      3. Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға арналған 
конкурсты өткізу тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
      4. Азаматтық қызметке қабылдау еңбек шартын жасасу және жұмыс берушінің актісін шығару 
жолымен жүзеге асырылады.
      
Ескерту. 229-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 
N 239-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      
РҚАО-ның ескертпесі!
      230-бапты алып тастау көзделген - ҚР 27.06.2014 
№ 212-V
 Заңымен (01.01.2016 бастап 
қолданысқа енгізіледі).
      230-бап. Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесі
      Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды
.
      
РҚАО-ның ескертпесі!
      25-тарауды 230-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 27.06.2014 
№ 212-V
 Заңымен (01.01.2016 
бастап қолданысқа енгізіледі).
      231-бап. Азаматтық қызметте болумен байланысты шектеулер
      1. Азаматтық қызметші: 
      1) материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да 
мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсатта пайдалануға; 
      2) азаматтық қызметтің қалыпты жұмыс істеуіне және лауазымдық 
міндеттерді атқаруға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге қатысуға; 
      3) қызмет жағдайын азаматтық қызметпен байланысты емес мақсатта пайдалануға; 
      4) азаматтық қызметті өткеру кезеңінде белгілі болған 

 және
мемлекеттік құпияны
қызметтік
 
 
 
  
 құрайтын мәліметтерді жария етуге құқылы емес.
заңмен қорғалатын өзге де
құпияны
      2. Бұрын сыбайлас 
 жасаған адам басқарушылық функцияларды орындаумен 
жемқорлық қылмыс
байланысты лауазымға азаматтық қызметке қабылдана алмайды.
      Ескерту. 231-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.07 
N 222-IV
 (қолданысқа енгізілу 
тәртібін 
2-б
. қараңыз) Заңымен.
      232-бап. Азаматтық қызметшіні басқа мемлекеттік 
               мекемеге (қазыналық кәсіпорынға) жұмысқа 
               ауыстыру
      Азаматтық қызметші өзінің жазбаша өтініші бойынша тиісті ұйымдардың басшылары арасындағы 
келісім бойынша басқа мемлекеттік мекемеге (қазыналық кәсіпорынға) жұмысқа ауыстырылуы мүмкін.


      233-бап. Азаматтық қызметшілерді аттестаттау
      Азаматтық қызметшілер кәсіптік және біліктілік даярлығы деңгейін, іскерлік қасиеттерін 
айқындау мақсатында аттестаттаудан өтеді. 
      Азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің тәртібі мен шарттарын тиісті қызмет 
саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган 
.
айқындайды
      234-бап. Азаматтық қызметтегі жоғарылату
      1. Азаматтық қызметшілердің қызметтегі жоғарылауы оларды жоғары лауазымға ауыстыру 
жолымен жүзеге асырылады. 
      2. Біліктілік деңгейі жоғары және жұмыс тәжірибесі бар, өзінің кәсіптік, біліктілік 
деңгейін үнемі арттырып отыратын азаматтық қызметшілер азаматтық қызмет бойынша жоғарылатуда 
басым құқықты пайдаланады.
      235-бап. Азаматтық қызметшілердің біліктілігін арттыру 
                және оларды қайта даярлау
      1. Азаматтық қызметшілер кәсіптік білімі мен дағдыларын тереңдету, кәсіптер мен 
мамандықтар алу мақсатында тиісті білім беру ұйымдарына жіберілуі мүмкін. 
      2. Азаматтық қызметшінің оқуы, қайта оқуы, тағылымдамадан өтуі, өндірістен (жұмыстан) қол
үзбей оқу жағдайындағы ғылыми тағылымдамасын қоса алғанда, жіберуші ұйымның қаражаты есебінен 
төленеді. 
      Азаматтық қызметшінің оқуы кезінде оның атқаратын лауазымы, кепілдіктері мен өтемақы 
төлемдері сақталады. 
      3. Біліктілігін арттырудан немесе азаматтық қызмет бейініне сәйкес келетін мамандық 
бойынша қайта даярлаудан өтіп жатқан азаматтық қызметшілерге ақылы оқу демалысы беріледі.
      236-бап. Азаматтық қызметшілерді көтермелеу
      Лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны, жұмысты, оның ішінде айрықша күрделі және шұғыл 
жұмыстарды өте сапалы орындағаны үшін, бастамашылдығы, шығармашылық белсенділігі және жұмыстағы
басқа да жетістіктері үшін азаматтық қызметшілер: 
      1) азаматтық қызметтегі жоғарылатумен; 
      2) ақшалай сыйақымен; 
      3) алғыс жариялаумен көтермеленуі мүмкін. 
      Ұжымдық шартта 
 басқа да шаралары көзделуі мүмкін.
көтермелеудің
      237-бап. Азаматтық қызметшілерге басқа жерге жұмысқа 
                ауысуы кезінде берілетін кепілдіктер мен 
                өтемақы төлемдері
      Азаматтық қызметшілерге мемлекеттік мекемемен (қазыналық кәсіпорынмен) бірге қолданыстағы 
 бойынша басқа жерге (басқа елді мекенге) жұмысқа ауысу кезінде: 
әкімшілік-аумақтық бөлініс
      азаматтық қызметшінің өзінің және оның отбасы мүшелерінің жұмыс орнына дейінгі 
жолақысының құны (мемлекеттік мекеме (қазыналық кәсіпорын) тиісті қозғалыс құралын беретін 
жағдайлардан басқа); 
      мүлікті тасымалдау шығыстары; 


жүктеу 4,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау