есебінен орташа жалақысы сақтала отырып, жұмыстан босатылуға тиіс.
Ескерту. 191-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
192-бап. Жыл сайынғы ақылы демалыс кезектілігін
белгілеу кезінде әйелдерге берілетін кепілдік
Әйелге, қалауы бойынша, жүктілікке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе
тікелей одан кейін не балаға күтім жасауға арналған демалыс біткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек
демалысы беріледі.
193-бап. Жүктілікке және босануға байланысты
демалыс
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше
, әйелдерге жүктілігіне
белгіленбесе
және босануына байланысты ұзақтығы босануға дейін күнтізбелік жетпіс күнге және босанғаннан
кейін күнтізбелік елу алты (қиналып босанған немесе екі немесе одан да көп бала туған жағдайда
- жетпіс) күнге дейін өтініші және белгіленген тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парағы
негізінде демалыс беріледі.
2. Демалыстарды есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелге босанғанға дейін нақты
пайдаланған күндерінің санына және жұмыс берушідегі жұмысының ұзақтығына қарамастан, толық
беріледі.
Ескерту. 193-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.12.19
N 9
(2008.01.01 бастап қолданысқа
енгізіледі), 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
194-бап. Жаңа туған балаларды асырап алған
қызметкерлерге берілетін демалыс
Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге (ата-ананың біреуіне) баланы
асырап алған күннен бастап және бала туған күннен елу алты күн өткенге дейінгі кезеңге демалыс
беріледі.
Ескерту. 194-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.12.19.
N 9
(
2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
194-1-бап. Жүктілікке және босануға байланысты демалысқа,
жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған
қызметкерлерге берілетін демалысқа ақы төлеудің
ерекшеліктері
Егер бұл еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарында, жұмыс берушінің
актісінде көзделсе, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы
сәйкес жүзеге асырылған, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды)
заңнамасына
асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын
шегергендегі орташа жалақысын сақтай отырып, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа,
жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалысқа ақы төлейді.
Ескерту. 17-тарау 194-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.02.2013
№ 75-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
195-бап. Балалардың күтіміне байланысты жалақы
сақталмайтын демалыс
1. Жұмыс беруші қызметкерге:
1) ата-анасының қалауы бойынша - баланың анасына не әкесіне;
2) баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ата-ананың біреуіне;
3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы іс жүзінде тәрбиелеп отырған әжесіне,
атасына, басқа туысына не қамқоршысына;
4) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерге бала үш жасқа толғанға дейін
баланың күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.
2. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс осы
баптың 1-тармағында көрсетілген қызметкердің жазбаша өтініші негізінде оның қалауы бойынша
толық немесе бөлініп пайдаланылуы мүмкін.
3. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс
уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бала үш жасқа толғанға
дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс уақыты жалпы еңбек стажына,
мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледі.
5. Бала үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс
аяқталғанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда, қызметкер жұмыс берушіге өзінің ниеті туралы жұмыс
басталуынан бір ай бұрын ескертуге міндетті.
Ескерту. 195-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2014
N 212-V
(
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңдарымен.
18-тарау. ҚОСА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ
ЕҢБЕГІН РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
196-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты
1. Қызметкер өзі еңбек қатынастарында тұрған бір жұмыс берушімен (негізгі жұмыс орыны
бойынша), сондай-ақ бірнеше жұмыс берушімен де қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын
жасасуға құқылы.
2. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартында жұмысты қоса атқару жөнінде сілтеме болуы
міндетті.
197-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын
жасасуға қажетті қосымша құжаттар
Қызметкер басқа жұмыс берушімен қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасу үшін осы
Кодекстің 31-бабында көзделген құжаттардан бөлек, негізгі жұмыс орны бойынша еңбектің сипаты
мен жағдайлары (жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайлары) туралы анықтама табыс етеді.
198-бап. Қоса атқаратын жұмыс кезіндегі жұмыс уақытының
ұзақтығы
Достарыңызбен бөлісу: |