27) еңбек қауіпсіздігі жағдайлары - қызметкер еңбек міндеттерін
орындаған кезде еңбек
процесі мен өндірістік ортаның еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі;
28) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мониторингі - өндірістегі еңбек
қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін қадағалау жүйесі, сондай-ақ еңбек
қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін бағалау мен болжау;
29) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер - эргономикалық,
санитарлық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты жағдайларын қамтамасыз
ететін өзге де талаптар;
30) еңбек міндеттері - қызметкер мен жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінде, жұмыс берушінің актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта
келісілген міндеттемелері;
31) еңбек стажы – қызметкер еңбек міндеттерін орындауға жұмсаған, күнтізбемен
есептелген
уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес еңбек стажына қосылатын өзге де кезеңдер;
32) еңбек тәртібі - жұмыс беруші мен қызметкерлердің Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ келісімдерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс
берушінің актілерінде, құрылтай құжаттарында белгіленген міндеттемелерді тиісінше орындауы;
33) еңбек тәртіптемесі - қызметкерлер мен жұмыс берушінің еңбекті ұйымдастыру жөніндегі
қатынастарын реттеу тәртібі;
34) еңбек төрелік соты - бітімгерлік комиссиясында келісімге қол жетпеген кезде еңбек
дауын шешу үшін ұжымдық еңбек дауының тараптары уәкілетті адамдарды тарта отырып құратын,
уақытша жұмыс істейтін орган;
35) еңбекті қорғау - құқықтық,
әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық,
санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды
қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жүйесі;
36) еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер өкілі;
37) еңбекті нормалау - нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларында қызметкерлердің жұмысты
орындауға (өнім бірлігін дайындауға) арналған қажетті еңбек (уақыт) шығындарын айқындау және
осының негізінде еңбек нормаларын белгілеу;
38) еңбектің қауіпсіз жағдайлары - жұмыс берушінің қызметкерге зиянды және (немесе)
қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтындай не олардың әсер ету деңгейі қауіпсіздік
нормаларынан аспайтындай етіп жасаған
;
еңбек жағдайлары
39) еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес
қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын)
жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің
ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы
бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік
құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын
қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді;
40) ереуіл - жұмыс берушімен ұжымдық еңбек дауында өздерінің әлеуметтік-экономикалық және
кәсіптік талаптарын қанағаттандыру мақсатында жұмысты толық немесе ішінара тоқтату;
41) жалақы - қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына,
сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшін төленетін сыйақы,
сондай-ақ өтемақы және
ынталандыру сипатындағы төлемдер;
42) жеке қорғану заттары - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік
факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, соның ішінде
;
арнайы киім
43) жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
44) жұмыс берушілердің өкілдері - құрылтай құжаттары немесе сенімхат негізінде жұмыс
берушінің немесе жұмыс берушілер тобының мүдделерін білдіруге уәкілетті жеке және (немесе)
заңды тұлғалар;
45) жұмыс берушінің актілері - жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар,
ережелер, еңбек тәртіптемесінің ережелері;
46) жұмысқа орналастыру - халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесуге арналған
ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені;
47) жұмыс орны - қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде
тұрақты немесе уақытша болатын орны;
48) жұмысты тарифтеу - орындалатын жұмыстарды Жұмысшылардың
жұмыстары мен кәсіптерінің
бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылардың, мамандардың және басқа да
қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік
сипаттамаларына және ұйымдар басшыларының, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының
үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес белгілі бір күрделілікке жатқызу;
49) жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына
сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес жұмыс уақытына
жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері;
50) жұмыс уақытының жиынтық есебі - жұмыс беруші белгілеген, бір жылдан асыруға болмайтын
есептік кезеңдегі жұмыс уақытын жинақтау жолымен есептелген жұмыс уақытының есебі;
51) зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары - белгілі бір өндірістік факторлардың әсері
қызметкердің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне немесе сырқаттануына не
оның ұрпақтарының
денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;
52) зиянды өндірістік фактор - әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке
қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына
әкеп соқтыруы мүмкін
;
өндірістік фактор
53) кәсіптік ауру - қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған
зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру;
54) кепілдіктер - қызметкерлерге әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында берілген
құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге көмектесетін құралдар, тәсілдер мен жағдайлар;
55) қауіпсіздік нормалары - қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен
денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық,
биологиялық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен
өлшемдерді қамтамасыз ету
тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық
көрсеткіштер;
56) қауіпті еңбек жағдайлары - еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда белгілі бір
өндірістік немесе жоюға болмайтын табиғи факторлардың әсері қызметкердің жарақаттануына,
кәсіптік ауруға шалдығуына, денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе улануына әкеп соқтыратын,
соның салдарынан еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуы, кәсіптік ауруға
шалдығуы не өлімі туындайтын еңбек жағдайлары;
57) қауіпті өндірістік фактор - қызметкерге әсер етуі еңбекке қабілеттілігінен уақытша
немесе тұрақты айрылуға (өндірістік жарақатқа немесе кәсіптік ауруға) немесе өлімге әкеп
соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;
58) қоса атқарылатын жұмыс - қызметкердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты
жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы;
59) қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын
және жеке еңбек шарты
бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға;
60) қызметкерлердiң өкiлдерi – кәсiптiк одақтардың, олардың бiрлестiктерiнiң органдары,
ал олар болмаған кезде қызметкерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) қызметкерлердiң (
конференция делегаттарының) кемінде үштен екісі қатысқан кезде қатысушылардың көпшілік даусымен
онда қызметкерлер сайлаған және уәкiлеттiк берген сайланбалы өкiлдер;
60-1) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар –
білікті кадрлары бар және өзінің құрамында өндірістік орта мен еңбек жағдайларының факторларын
зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханасы бар немесе осындай зертханалары бар
ұйымдармен шарттары бар өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
61) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік
;
мереке күндері
62) негізгі жалақы - жалақының тарифтік ставка, лауазымдық айлықақы, кесімді бағалау
бойынша төлемді қамтитын, салыстырмалы түрде тұрақты бөлігі және еңбек заңнамасында,
салалық
келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында көзделген тұрақты сипаттағы төлемдер;
63) өндірістегі жазатайым оқиға - өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс
берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде, қызметкердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының