Источник: http:///online.zakon.kz
Нысан
Еңбек шарты
№ ____ еңбек шарты
____________________________________ «__» _______ 2018 ж.
(елді мекеннің атауы)
1. Жұмыс беруші ___________________________________________________________________________________________________
(ұйымның толық атауы, мекен-жайы, тегі, аты-жөні)
20__ жылғы ______ № ______________ заңды және жеке тұлғаның (жеке кәсіпкер) тіркеу туралы куәлігі, ЖCН (БCН) ______________,
Жарғының (Ереже) негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Жұмыс беруші» деп аталатын
______________________________________________________________________________________________________
атынан
______________________________________________________________________________________________________,
лауазымы
азамат (ша ) ____________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
жеке куәлігі/ төлқұжаты № ____________, 20____жылғы «__»__________ ҚР ____берілген, ЖСН ______________, бұдан әрі «Қызметкер», төмендегі туралы осы еңбек шартты (бұдан әрі - Шартты) жасасты:
1. Шарттың мәні
2. «Жұмыс беруші» «Қызметкерге» __________________________________________________________________________
(лауазым атауы)
лауазымында жұмыс ұсынып, «Қызметкер» лауазымдық міндеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасы мен «Жұмыс берушінің» актілеріне сәйкес атқарады.
Жұмыстың орындалу орны ________________________________________________________________________________
(мекен-жай көрсетіледі)
3. «Қызметкердің» еңбек талаптары зиянды, ауыр және қауіпті жағдайлармен байланысты емес және Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген еңбекті қорғау бойынша стандарттарға, ережелерге және нормаларға сай болып келеді.
2. Шарттың мерзімі
4. Осы Шарт 20____жылғы «__»____бастап, 20____жылғы «__»____ дейінгі мерзімге жасалды.
5. «Қызметкер» 20____жылғы «__»____бастап міндеттерді орындауға кірісті.
6. «Қызметкерге» жұмыс талаптарын орындауға сәйкестігін тексеру мақсатында дейін сынақ мерзімі белгіленеді.
________________________________________________________________________________________________________
(ұзақтығы көрсетіледі)
3. Қызметкердің құқықтары мен міндеттері
7. Жұмыскердің:
1) Еңбек Кодексінде көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;
2) жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындауды талап етуге;
3) еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;
4) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және анық ақпарат алуға;
5) еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне;
6) бос тұрып қалғаны үшін Еңбек Кодексінде сәйкес ақы төленуіне;
7) тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына;
8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кәсіптік одақ құру, сондай-ақ оған мүше болу құқығын қоса алғанда, өзінің еңбек құқықтарының берілуі мен оларды қорғау үшін бірігуге;
9) өз өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге және ұжымдық шарт жобасын әзірлеуге қатысуға, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға;
10) еңбек міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;
11) міндетті әлеуметтік сақтандырылуға;
12) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандырылуға;
13) кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне;
14) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға;
15) бірдей еңбегі үшін қандай да бір кемсітусіз бірдей ақы алуға;
16) жеке еңбек дауын шешу үшін Еңбек Кодексінде көзделген тәртіппен рет-ретімен келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге;
17) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарда көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілуге;
19) өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін ахуал туындаған кезде, бұл туралы тікелей басшының немесе жұмыс берушінің өкілін хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;
20) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттiк органға және (немесе) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын зерттеп қарауды жүргізу туралы өтініш білдіруге, сондай-ақ еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеру мен қарауға өкілдік етіп қатысуға;
21) жұмыс берушінің еңбек және онымен тікелей байланысты қатынастар саласындағы әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
22) біліктілігіне, еңбектің күрделілігіне, орындалған жұмыстың саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбегіне ақы төленуіне;
23) Еңбек Кодексінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен, ереуілге құқықты қоса алғанда, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге;
24) жұмыс берушіде сақталатын дербес деректерінің қорғалуын қамтамасыз етуге құқығы бар.
8. Жұмыскер:
1) еңбек міндеттерін келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға;
2) еңбек тәртібін сақтауға;
3) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға;
4) жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға;
5) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға;
6) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;
7) келтірілген нұқсанды Еңбек Кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеуге міндетті.
4. Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері
9. 1. Жұмыс берушінің:
1) жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;
2) жұмыскерлермен еңбек шарттарын Еңбек Кодексінде белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;
3) өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға;
4) өз құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау мақсатында бірлестіктер құруға және оларға кіруге;
5) жұмыскерлерден еңбек, ұжымдық шарттар талаптарының, еңбек тәртіптемесі қағидаларының және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге;
6) осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен жұмыскерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жазалар қолдануға, жұмыскерлерді материалдық жауаптылыққа тартуға;
7) еңбек міндеттерін атқару кезінде жұмыскер келтірген нұқсанды өтетуге;
8) еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;
9) жұмыскерге сынақ мерзімін белгілеуге;
10) Еңбек Кодексінде сәйкес жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге;
11) Еңбек Кодексінде сәйкес жұмыскерді оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге;
12) жеке еңбек дауын шешу үшін Еңбек Кодексінде көзделген тәртіппен рет-ретімен келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге құқығы бар.
10. Жұмыс беруші:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының, өзі шығарған актілердің талаптарын сақтауға;
2) жұмысқа қабылдау кезінде Еңбек Кодексінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға;
3) жұмысқа қабылдау кезінде Еңбек Кодексінің 32-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды талап етуге;
4) жұмыскерге еңбек шартында келісілген жұмысты ұсынуға;
5) жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге;
6) жұмыскерді еңбек тәртіптемесі қағидаларымен, жұмыс берушінің жұмыскердің жұмысына (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар өзге де актілерімен және ұжымдық шартпен таныстыруға;
7) жұмыскерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға және жұмыскерлердің өкілдеріне ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарттар жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау үшін қажетті толық және анық ақпарат беруге;
8) Еңбек Кодексінде белгіленген тәртіппен ұжымдық келіссөздер жүргізуге, ұжымдық шарт жасасуға;
9) жұмыскерлерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек жағдайларн қамтамасыз етуге;
10) жұмыскерлерді жабдықпен, аспаптармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге;
11) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беруге;
12) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;
13) егер жұмысты жалғастыру жұмыскердің және өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтата тұруға;
14) жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға;
15) жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;
16) жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын беруге;
17) жұмыскерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы мәліметтердің сақталуын және мемлекеттік архивке тапсырылуын қамтамасыз етуге;
18) жұмыскерге зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары мен кәсіптік аурудың болу мүмкіндігі туралы ескертуге;
19) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде тәуекелдерді болғызбау жөнінде шаралар қолдануға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізуге;
20) жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір жұмыскер орындайтын үстеме жұмыстардың, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, ауыр жұмыстардың есебін жүргізуге;
21) жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Еңбек Кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтеуге;
22) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның және еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органның лауазымды адамдарын, жұмыскерлердің өкiлдерiн, еңбектi қорғау жөнiндегi техникалық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгiнiң, жағдайларының және еңбектi қорғаудың жай-күйiне және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына тексерулер жүргізу үшін, сондай-ақ еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды тергеп-тексеру үшiн кедергiсiз жiберуге;
23) жұмыс беруші айқындайтын, он сегіз жастан кіші жұмыскерлердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және туған жылы, күні, айы көрсетілетін тізілімдердің немесе басқа да құжаттардың жүргізілуін қамтамасыз етуге;
24) жұмыскердің дербес деректерін Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жинақтауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыруға;
25) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
5. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты
11. «Жұмыскерге»:
1) аптасына 40 сағаттан аспайтын қалыпты ұзақтықпен екі демалыс күнімен бес күндік жұмыс аптасы бекітіледі;
12. Жұмыс күні басталу және аяқталу уақыты (ауысымдар) демалуға арналған үзілістер мен тамақ ішу ішкі еңбек тәртібінің ережесімен бекітіледі.
13. «Жұмыскер» Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген ретпен мереке және демалыс күндері мезімінен артық жұмысқа тартылуы мүмкін.
14. «Жұмыскерге» негізгі 24 күнтізбелік лауазымы және орташа еңбек ақысының сақталуымен ұзақтығы _____ күн қосымша жыл сайын төленетін еңбек демалысы беріледі.
15. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін. Бұл ретте, жылсайынғы төленетін еңбек демалысының бір бөлігі демалыс ұзақтығының күнтізбелік екі аптасынан кем болмауы тиіс.
16. Жұмыс беруші өндірістік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын қызметкердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін. Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша ағымдағы жыл ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта беріледі не келесі жұмыс жылының жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына қосылады. Қызметкерді жыл сайынғытөленетін еңбек демалысынан шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына, қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша қызметкерге жыл демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.
17. Жұмыс беруші:
1) неке тіркелген;
2) бала туылған;
3) жақын туыстары қайтыс болғанда;
жағдайларда қызметкердің хабарламасы негізінде еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша күнтізбелік бес күнге дейін жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.
6. Еңбек ақысы
18. Қызметкерге жалақы __________________ теңге мөлшерінде бекітіледі.
19. Үстеме жұмысқа ақы төлеу. Еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа жоғарылатылған мөлшерде, жұмыскердің тарифтік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төленеді. Еңбекке кесімді ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа қосымша ақы төлеу жұмыскердің белгіленген күндік (сағаттық) мөлшерлемесінің елу пайызынан төмен болмайтын мөлшерде жүргізіледі. Тараптардың келісімі бойынша үстеме жұмысқа үстеме жұмыстың бір сағаты үшін кемінде бір сағат беру есебімен тынығу сағаттарын ұсынуға жол беріледі.
20. Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу жоғарылатылған мөлшерде, жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, біржарым еседен төмен болмайтын мөлшерде жүргізіледі.
21. Түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу. Түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағатына жоғарылатылған мөлшерде, жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төленеді.
22. Жұмыс берушіге және жұмыскерге байланысты емес себептер бойынша бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайтын мөлшерде, ал жұмыс берушінің кінәсінен болғанда - жұмыскердің орташа жалақысының кемінде елу пайызы мөлшерінде белгіленеді.
23. Жалақы айына бір реттен сиретпей, еспеті айдан кейінгі келесі айдың ___ күнінен кешіктірілмей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек шартында көзделеді. Жалақы төленетін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі. Осы кезеңге айқындалған жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын немесе еңбек міндеттерін орындаған жұмыскердің айлық жалақысының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайды.
7. Кепілдік және өтем
24. «Жұмыс берушінің» «Жұмыскердің» қаражаты есебінен кепілдік және өтем төлемі, әлеуметтік жәрдемақы Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен және мөлшермен, ұжымдық келісіммен, сонымен қатар осы Шартпен жүргізіледі.
25. Осы Шартты бұзған немесе тоқтатқан жағдайда «Жұмыскерге» жыл сайынғы қолданылмаған еңбек демалысына пропорционалды өтелген уақыт мөлшерінде өтем төленеді.
8. Еңбекті қорғау
26. «Жұмыс беруші» «Жұмыскердің» еңбек жағдайында қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етеді.
27. «Жұмыскер» «Жұмыс берушімен» берілген қажетті, жеке және ұжымдық қорғау құралдарын қолдануға міндетті, бекітілген уақытта медициналық қаралу және тексеруден, жұмыс беруішінің актісіне сәйкес қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселесі бойынша білімін тексеруден, нұсқаулық беруден өтеді, «Жұмыскер» көрсетілген жағдайларды орындамаған жағдайда жұмыстан шығарылуға жатады, шығарылу уақыты аралығында оған еңбек ақы төленбейді.
9. Шартқа толықтырулар, өзгерістер енгізу және мерзімін ұзарту тәртібі
28. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың келісімімен енгізіледі және қосымша келісім ретінде жазбаша түрде ресімделеді әрі осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
29. Осы Шарттың жағдайларын Тараптар бір жақты тәртіппен өзгерте алмайды.
30. Осы Шарт Тараптардың келісімімен жаңа немесе бұрынғы жағдайлармен мерзімі ұзартылуы мүмкін.
10. Шартты тоқтату немесе бұзу
31. Осы Шарт Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көрсетілген негіздер бойынша және тәртіппен тоқтатылуы немесе бұзылуы мүмкін.
32. Осы Шарттың тоқтатылуы немесе бұзылуы «Жұмыс берушінің» бұйрығымен ресімделеді.
11. Шарт тараптарының жауапкершілігі
33. Жұмысшы осы Шарттың жағдайларын орындамаса :
1) еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікті, яғни, «Жұмыскер» себебінен оған жүктелген еңбек міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін «Жұмыс беруші» Қазақстан Республиксының заңнамасына сәйкес, тәртіптік жаза қолдануға құқылы;
2) «Жұмыс берушіге» оның кесірінен келтірілген зияндығы үшін мынадай жағдайларда, «Жұмыскер» мен «Жұмыс беруші» арасында «Жұмыскерге» берілген мүлік және басқа бағалы заттарды сақтауды қамтамасыз етпеуді өзіне толық материалдық жауапкершілікті етіп алу туралы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына қарастырылған басқа да жағдайларда жазба түрдегі келісім бекітілгенде;
34. «Жұмыс беруші» осы Шарт жағдайларын орындамаған жағдайда:
1) «Жұмыскерді» өзінің жұмыс орнында еңбек ету мүмкіншілігін заңсыз айыру арқылы келтірілген зияндығы үшін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына қаралған ретпен оның кесірінен «Жұмыскердің» өмірі мен денсаулығына және оның мүлкіне залал келтіргені үшін материалдық жауапкершілікті;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына қарастырылған әкімшілік және басқа да жауапкершілікті;
12. Еңбек даулары
35. Еңбек заңдылығын қолдану мәселесі бойынша аталған Шарттың жағдайларын орындау туралы «Жұмыскер» және «Жұмыс беруші» арасындағы келіспеушілік Шарт Тараптарымен келіссөз жолымен реттеледі. Тараптардың келісімімен реттелмеген еңбек даулары келісу комиссиясында немесе сотта қаралады.
13. Басқа жағдайлар
36. Кез келген басқа құқықтар, міндеттемелер мен келісімде бекітілмеген Тараптардың қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
37. Келісім жасағаннан кейін «Жұмыс беруші» «Жұмыскерді» жұмысқа алу туралы бұйрық шығарылады.
38. Бұл Келісім қазақ және орыс тілдерінде 4 (төрт) дана болып құрастырылады. Олардың әрқайсының жеке заңдық күші бар, оның ішінде әр тілдегі 1 данасы «Жұмыс берушілер» қызметкерлермен жұмыс істеу бөліміне, 1 - «Жұмыс беруші» есеп тобына, 1 - «Жұмыскерге» беріледі.
39. «Жұмыс беруші» мен «Жұмыскердің» арасында пайда болған даулы мәселелер өзара тараптардың келісімімен шешіледі. Даулы мәселе шешілмеген жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
14. Тараптардың қолдары
Жұмыс беруші
Мекен жайы:
_________________________
қолы
М.О.
|
Жұмыскер
Мекен жайы:
Тіркелген мекен жайы:
_________________________
қолы
|
16 жастан төмен «Жұмыскермен» еңбек шартын жасау кезінде еңбек шартына ата-анасының бірі (асыраушысы, қамқоршы) қол қояды.
Бұл Шарттың бір данасын алдым ________________________________________________________
(Т.А.Ә. толық, қолы, күні)
Достарыңызбен бөлісу: |