«Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ-сі мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың бос орнына жалпы конкурс жариялайды. 090000, Орал қ., Ж.Досмухамбетов көшесі 16, Анықтама үшін телефон (факс) 8 (7112) 51-00-06, E-mail: i.kadry.zko@mid.gov.kz:
Темір жол көлігіндегі бақылау бөлімінің басшы («С-О-4» 1 бірлік).
Лауазымдық жалақысы қызмет өткен жылдарына сәйкес 109 932 (min) теңгеден 148 242 (max) теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Заңды және жеке тұлғалардың темір жол көлігіндегі қызмет ету тәртібін белгілейтін Қазақстан Республиксы Үкіметі қаулыларының және Қазақстан Республикасы Заңдарының және басқа да нормативтік құжаттарының сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асырады, темір жол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз етеді оның ішінде магистралдық, станциялық және кірме жол торабы.
Магистралдық, станциялық және кірме жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеруді, өз құзыреті шегінде тексеріс қорытындысы бойынша транспортты жүйелендіру тәртібін анықтайтын Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сүйеніп табылған қателіктерді дұрыстау үшін ұсыныс енгізуді жүзеге асырады.
Жай-күйі қозғалыс қауіпсіздігінің және қоршаған ортаны қорғаудың белгіленген талаптарына жауап бермейтін магистралдық темір жол тораптарын, темір жолдарын және жылжымалы құрамдарын пайдалануды уақытша тоқтата тұру және тоқтатуды, жылжымалы темір жол құрамының мемлекеттік тіркелуіне бақылауды жүзеге асырады;
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жазуға, әкімшілік құқықбұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады. Бөлімге жүктелген міндеттер мен қызметтерге байланысты бөлім жұмысын ұйымдастырады.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Білімі бойынша: Жоғары «құқық» немесе «техниқалық ғылымдар және технологиялар» немесе «әлеуметтік ғылымдар және бизнес» немесе «қызмет көрсету» бойынша.
Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуі бойынша: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Мынадай құзыреттердің бар болуы қажет:
бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*
5) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы;*
Автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің бас маманы («С-О-5» 1 бірлік).
Лауазымдық жалақысы қызмет өткен жылдарына сәйкес 83 282 (min) теңгеден 112 430 (max) теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Рұқсаттық жүйесі бойынша талаптарының орындалуын бақылауды, автокөлік құралдарының салмақ және көлем өлшемдерін бақылауды, тасымалдауын жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың қызметін, жолаушылар мен жүктерді тасымалдауын жүзеге асыратын, қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың автокөлік құралдары мен есептік құжаттарын бақылауды, арнайы рұқсаттар беруді, жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау құқығына конкурс алдындағы және конкурстық комиссия құрамына қатысуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар тарапынан көлік заңнамасы талаптарының орындалуын бақылау. Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылық» заңнамаларына сәйкес туралы іс жүргізуді жүзеге асырады және хаттама толтырады, сонымен қатар әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша өндірістік қамтамасыз ету шараларын жүзеге асырады.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Білімі бойынша: Жоғары «құқық» немесе «әлеуметтік ғылымдар және бизнес» немесе «техниқалық ғылымдар және технологиялар» немесе «қызмет көрсету» бойынша білім. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуі бойынша: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Мынадай құзыреттердің бар болуы қажет:
бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;*
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы.*
Конкурс ҚР мемлекеттік қызмет істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Бұйрығының негізінде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
Бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
Еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күн ішінде ұсынылуы керек. Конкурс комиссиясының қарауына қабылдау мерзiмiнде қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (құжат тігілетін мұқабада орналастырылған) немесе i.kadry.zko@mid.gov.kz электронды почта, не электронды Үкімет порталы «E-gov» немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы жіберілген құжаттар қабылданады.
Азаматтар құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді.
Осы құжаттардың түпнұсқалары берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттардың толықтай ұсынылмауы оларды конкурстық комиссияның қараудан бас тартуына негіз болады.
Әңгімелесу жері мен уақыты:
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған Батыс Қазақстан облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы РММ-де өтеді.
Бақылаушылар және сарапшылыр бойынша мәлімет:
Конкурстық комиссия жұмысының әділ және ашықтығын қамтамасыз ету үшін оның отырысына бақылаушылар мен сарапшылар шақырылады.
Ішкі конкурстың нәтижесіне шағымдану:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның шешімінің нәтижесіне уәкілетті органға немесе аумақтық бөлімшесіне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |