Қызметкерлеріне


Оқушыларды медициналық қызметкерлерге және салауатты



жүктеу 1,93 Mb.
бет42/57
Дата30.01.2023
өлшемі1,93 Mb.
#41064
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57
manual-kz

Оқушыларды медициналық қызметкерлерге және салауатты тамақтану, дене белсенділігі қызметінің өкілдеріне бағыттау. Мектептің медицина қызметкерлері оқушыларды алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем дәрігерлеріне бағыттаудың жүйелі кестесін және өлшемшарттарын белгілеуі тиіс (Taras et al, 2004). Тамақтанудағы бұзылыстың белгілері немесе тамақтануға байланысты аурулары бар (мысалы, кенет салмақ жоғалту, тағамдық мінез-құлықтың бұзылысы немесе семіздік) оқушыларды тексеру үшін алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем дәрігерлеріне бағыттау қажет, қажет болса, түзету жоспарын құру немесе бұзылысты емдеу мақсатында. Мысалы, семіздікке немесе артық дене салмағына шалдыққан оқушыны ДСИ скринингін өткізгеннен кейін әрі қарай артық салмақ болуын немесе семіздікке байланысты басқа ауру екендігін (мысалы диабет немесе диабет алды, қандағы холестерин мен үшглицеридтердің жоғары деңгейі немесе жыныстық ерте жетілу) білу үшін медициналық тексеруге бағыттау қажет (Barlow, Dietz, 1998; Himes, Dietz, 1994; Whitlock et al, 2005).

Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері оқушыларды және олардың отбасыларын бағыттау жүйесін әзірлеуде және енгізуде маңызды роль атқарады (Taras et al, 2004; American Academy of Pediatrics Council on Sports Medicine and Fitness and Council on School Health et al, 2006, Rose et al, 2005). Бағыттау жүйесін әзірлеу үшін Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері Денсаулық сақтау саласының қызметін және салауатты
тамақтану, дене белсенділігіне ықпал ететін, семіздік және тағамдық мінез- құлықтың бұзылысы мәселелерімен айналысатын мектеп бағдарламаларын сәйкестендіруі тиіс. Бұл қызметтердің жеткізушілері – мектепке байланысты клиникалар, Денсаулық сақтау саласының жергілікті бөлімдері, университеттер, медициналық мектептер, жеке медициналық ұйымдар (мысалы, жеке дәрігерлер мен стоматологтар, ауруханалар, психологтар және психикалық денсаулық саласының басқа мамандары), салауатты тамақтану, дене белсенділігі саласында қызметтерді жеткізушілер.

Нұсқаулық 6. Мектеп қызметкерлерін сауықтыру бағдарламасын енгізу


Мектеп қызметкерлерінің денсаулығын нығайту бағдарламаларын қолдау және енгізу еңбек өнімділігін арттыруға, ауру себепті қызметкердің жұмыс орнында болмау пайызын азайтуға, қызметкерлердің денсаулық сақтау қызметіне шығындарын азайтуға ықпал етеді (Aldana, 2001; Davis, 2009). Сонымен қатар, қызметкерлерді сауықтыру бағдарламалары рухани көмек көрсетеді, жұмыс орнында қалуына, жаңа қызметкерлерді жалдаудан бас тартуға ықпал етеді (Wisconsin Department of Health and Family Services, 2007; Partnership for Prevention. Healthy workforce, 2011). Керісінше, қызметкердің денсаулығына қауіптер (мысалы, жоғары артериалдық қысым, холестериннің жоғары деңгейі), спорттық және сауықтыру бағдарламаларында қатысудан бас тарту ауру себепті қызметкердің жұмыс орнында болмау себептерімен тығыз байланысты (Aldana, 2001 ). Мектеп қызметкерлерін сауықтыру бағдарламасына салауатты тамақтану, дене белсенділігі компоненттері кіреді, олар мұғалімдерге рухани көмек көрсетеді, жұмыс орнындағы жалпы сезінуін және күйзеліске тұрақтылығын жақсартады (Blair et al, 1984).


Сауықтыру бағдарламасы қызметкерлер арасында салауатты тамақтану, дене белсенділігінің танымалдығын арттыруға бағытталғандықтан, әрі қарай олар денсаулыққа оң қатынасты оқушылардың арасында тарата алады (Galemore, 2000). Мысалы, мектеп қызметкерлері мектептерде темекі шегуге жол бермейтін ортаны қалыптастыруға едәуір әсер ете алады (Galaif et al, 1996; Kumar et al, 2002; Trinidad et al., 2005). Темекі шегуге тыйым салынғанымен темекі шегетін мұғалімдерді көретін оқушылар салауатты мінез-құлық және қоршаған ортаны темекіден қорғау ережелерін ұстануға бейімділігі аз болады (Trinidad et al., 2005). Сонымен қатар, оқушылардың дағдыларына нашар әсер ететіндігін ескеретін болса, мектеп қызметкерлері мектеп аумағында темекі шегуден бас тартуының ықтималдығы жоғары болады (Galaif et al, 1996).
Мектеп қызметкерлерін сауықтыру бағдарламаларына әдетте, созылмалы аурулардың, мысалы, жоғары артериалдық қысымның, холестериннің жоғары деңгейінің даму қаупін анықтайтын факторларға медициналық скрининг, медициналық-санитарлық ағарту, жақсы сезінуді қолдауға бағытталған шаралармен таныстыруды өткізу кіреді (Eaton et al, 2006).
Салауатты тамақтану, дене белсенділігі бойынша Мектеп қызметкерлерін сауықтыру бағдарламаларына келесі компоненттер кіреді: ақпараттық және ағарту іс-шаралары (мысалы, дәрістер, жазбаша оқу материалдары); мінез-құлық стратегиясы (мысалы, жеке және топтық кеңес
беру, машықтарды және ынталандыруды дамыту бағдарламалары); саясат пен қоршаған орта саласындағы стратегиялар (мысалы, дене белсенділігімен айналысу үшін салауатты тағамға және орындарға қол жетімділікті кеңейту).
Мектеп қызметкерлерін сауықтыру бағдарламаларына сауықтыруға ықпал ететін қоршаған орта және мәдениет қолдау көрсетуі қажет (Engbers et al, 2005; Brissette et al, 2008). Мектеп қызметкерлерін сауықтыру комиссиясының мүшелері салауатты тамақтану, дене белсенділігі саласы бойынша басымдылықтарды анықтау үшін ұйымдастыру саясатына, бағдарламаларға шолу жасауы, күшті және әлсіз тұстарын анықтауы қажет (Valois et al, 2000, Galemore, 2000).


    1. жүктеу 1,93 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау