ДСИ (дене салмағының индексі) өлшеу бойынша мектеп бағдарламаларын енгізу. Көптеген мектептерде оқушылардың бойы мен салмағын өлшейді және алынған мәліметтерді ДСИ (дене салмағының индексі) анықтау үшін қолданады. Семіздікке және артық дене салмағына шалдыққан оқушылардың пайыздық үлесі туралы мәлімет ақпарттық- насихаттық саясат бағдарламалары мен бағалауды жоспарлау үшін пайдалы болады. Оқушылардың арасында дене белсенділігі мен салауатты тамақтануды насихаттау ұсыныстарына сай кейбір мектептер ДСИ нәтижелерін оқушының отбасының мүшелеріне жібереді. Бұл үрдіс көбінесе ДСИ скринингі аталады. ДС туралы ақпарат ата-аналардың және оқушылардың салмақтың статусы туралы дұрыс емес түсінікті түзетуге көмектеседі, және отбасын өмір салтына салауатты өзгеріс енгізуге, медициналық жәрдем алуға ынталандырады. Дегенмен, мектептерде ДСИ скринингін өткізу бағдарламасын енгізуді ұсынуға сенімді дәлелдемелер жоқ. (Nihiser et al, 2007). Ғылыми зерттеулерде ДСИ мектептегі скринингінің оқушылар арасындағы семіздіктің алдын алу және үлесін азайтудағы ролі, оқушылардың және отбасылардың артық салмаққа қатысты ДСИ скринингінің білімге, алатын орны мен мінез-құлығына әсері толығымен бағаланбаған; мұндай скринингтің пайда болуы мүмкін қолайсыз салдары да зерттелмеген (мысалы, оқушылардың мазақтауы, немесе салмақ азайтуға зиянды ынталандыру) (Nihiser et al, 2007). Осыған дейін сарапшылар тобы
әзірлеген ұсыныстарға сай, ДСИ есептеу кемінде, жылына бір рет оқушының педиатрға немесе басқа дәрігерге баруында өткізілуі тиіс болатын (Barlow et al, 2007). ДСИ скринингін өткізуге шешім қабылдаған мектеп оқушылардың мәліметтерінің құпиялығына кепілдік беруі тиіс, оқушыларды әлеуетті зияннан қорғауы қажет, бағдарламаның салауатты салмақты қолдауға оң әсері мүмкіндігін арттыруы қажет. Мектептер оқушылардың одан әрі диагностикасын және емделуіне қол жетімділікті қамтамасыз етуі қажет.
Салауатты тамақтану, дене белсенділігі мәселелері бойынша оқушыларға кеңес беру. Кеңес беру қандай да бір кінә тақпастан, сезімтал және үміттендіретін тәсілмен, оқушыға салауатты тамақтану, дене белсенділігіне қатысты оң немесе теріс көзқарасын білдіруіне және оларды жақсартуға өзіндік жоспарын анықтауға болатын ынталандыру мақсатындағы сұхбаттан басталуы мүмкін. Ынталандыру мақсатындағы сұхбаттың барысында қызметкерлер сұрақ қояды, хабардар етеді, кеңес береді және салауатты тамақтану, дене белсенділігі туралы тыңдайды. Кеңес беретін қызметкерлер алдын ала салауатты тамақтану, дене белсенділігі мәселелері туралы сәйкес оқудан өтуі қажет. Оқушыларды бағалау нәтижелері кеңес беру сессияларында талқыланады, қызметкерлер оқушылардан қандай дағдыларын өзгертуге мүдделі екендігін немесе өзгерту оңайға түсетін дағдылар туралы сұрайды (Krebs et al, 2007). Қызметкерлер қосымша түрде оқушылардың өзгерістерге дайындығын және ынтасын бағалайды, оларға өзгеру қабілетіне сенімділігі қаншалықты маңызды екендігін сұрайды. Оқушының отбасын тарту арқылы кеңес беру оқушыда мектептен тыс тағамдық дағдылар мен дене белсенділігіне бейімділікті қалыптастыруға әсер ететін ортаның факторларына әсері мол болады (Krebs et al, 2007).
Бағалау мен ынталандыру мақсатындағы сұхбаттан кейін қызметкерлер мінез-құлық стратегиясын оқушылардың мінез-құлық дағдыларына өзгерту енгізу үшін мақсаттық бағыт, оң ынталандыру және өзін бақылау ретінде қолдана алады. Мақсат қою қалаған нәтижеге қарай біртіндеп қозғалатын динамикалық үрдіс болуы қажет (мысалы, дене белсенділігін аптасына 10% арттыру) (Strong et al, 2005). Қызметкерлер оқушылардың ілгерілеуін бағалаудың келесі сессияларын өз мақсатында жоспарлауы тиіс (Davis et al, 2007).
Белсенді өмір салтын және салауатты тамақтану рационын ұстанатын оқушыларды осындай мінез-құлықты жалғастыруына ынталандыру қажет. Салауатты тамақтану және ұдайы дене белсенділігінің артықшылықтарына назар аудару, құрбылары үшін үлгі болуға оқушыларды ынталандыру – мінез-құлықтың осы үлгісін бекітудің тәсілдерінің бірі (Taras et al, 2004; American Academy of Pediatrics Council on Sports Medicine and Fitness and Council on School Health et al, 2006; Taras et al, 2004).
Тағамдық мінез-құлығында бұзылыстар болатын, артық жеу мәселесі
немесе салмаққа қатысты басқа мәселесі бар оқушыларға психикалық және әлеуметтік денсаулықты түзету бойынша нақтырақ қызметтер қажет болуы мүмкін. Семіздікке шалдыққан балалар құрбыларының жағынан мазақтау қаупіне, әлеуметтік оқшаулануға, өзін төмен бағалауға және депрессияға көбірек ұшыраған (Institute of Medicine, 2004; Eisenberg et al, 2003; Griffiths et al, 2006; Robinson et al, 2006; Schwimmer et al, 2003; Sjoberg et al, 2005; Swallen et al, 2005). Салмақ мәселесі бар оқушылар салауатты емес тағамдық мінез-құлық қаупіне көбірек ұшырайды (Killen et al, 1994; Linde et al, 2009). Сонымен қатар, дене қатынасын қабылдауға ерекше сезімтал оқушылар (мысалы, өздерін тым толық санайтын) өзіне қол жұмсау ойларына, оны жүзеге асыруға тырсыуға бейім келеді (Eaton et al, 2005). Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері өзінің денесіне қанағаттануды және оң қабылдауды насихаттауға дайын болуы қажет; олар оқушыларға салауатты тамақтану, дене белсенділігі жолындағы кедергілерді жеңуге; әлеуметті қолдау іздеуге; өз тарапына мазақтауды елемеуге; мақсат қоюға және шешім қабылдауға көмектесуі қажет; олар алғашқы медициналық жәрдемге мұқтаж оқушыларды бағыттауы тиіс (Nihiser et al, 2007). Барлық қызметкерлер дене белсенділігі, емдәм ұстану және салмақты бағалау кезінде көрінетін психикалық денсаулық саласындағы мәселелердің ерте белгілері мен симптомдары туралы хабардар болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |