С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
|
КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАР, ПСИХОТЕРАПИЯ НЕГІЗДЕРІ, ЖАЛПЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
|
СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР
|
Ситуациялық есептер
1. Жоғары оқу орнын екі жыл бұрын аяқтаған дәрігердің қабылдауына артериалдық қан қысымы жиі көтерілетін зейнеткер әйел келді. Әңгімелесу кезінде бас ауыруына және жоғары қан қысымына шағымдарын айта отырып, пациент немере баласымен күрделі қарым-қатынасын әңгімелеп кетті, өзінің түсінігі бойынша немересінің үйге кеш келіп, үйге қонбайтынымен байланыстырады және т.б.
А. Қандай факторлар коммуникативті үрдістің тиімділігіне жағымды немесе жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін?
Б. Коммуникативті біліктілікті игерген дәрігер өзін қалай ұстауы керек?
В. Коммуникативті компетентті дәрігер қандай психологиялық сипаттарға ие болуы керек (аффилиация, эмоциональды тұрақтылық, эмпатия, сенситивтілік, рефлексия)?
Г. Кәсіби бейімделу, кәсіби имидж және коммуникативті толеранттылық жөнінде берілген жағдайда не айтуға болады?
2.Пациент дәрігерлік персоналға сенімсіз, дәрігерге көптеген сұрақтар қояды, әр препарат не үшін тағайындалғанын нақты білгісі келеді және т.б.
А. Медперсоналға сенімсіздік білдірген пациентпен әрекетіңіздің тактикасы? Коммуникативті дағдылардың қандай тәсілдерін пациенттің өзіңізге сенімін арттыру үшін қолданған дұрыс?
Б. Коммуникативті дағдыларды қолдану мәселесінде компетентті болу үшін дәрігер қандай психологиялық мінездемеге ие болуы керек?
3. Науқас шұғыл медициналық көмекті қажет етеді (өзіңіз жағдайды модельдеңіз, өзіңіздің жеке тәжірибеңізден мысал келтіріңіз)
А. «Жедел жәрдем» дәрігері қандай психологиялық сапаны игеруі керек, ол өзінің тұлғалық сипатымен стационарлық дәрігерден несімен ерекшеленеді?
Б. Шұғыл жағдай жалпы тәжірибе дәрігері қандай қиыншылықтармен кездесуі мүмкін? Шұғыл жағдайда коммуникативті дағдылар нормалары мен түсінігі орынды болып табылады ма?
4. Сіздің қабылдауыңызға келген, болжам бойынша сенситивті тұлға қорымен науқас, субдепрессивті жағдайлар мен ипохондриялық реакцияларға бейім.
А. Осындай науқастан анамнез жинау кезінде нені ескеру керек, онымен қалай әңгімелесесіз?
Б. Осындай науқасқа нені айтуға болмайды, емдеудің қандай моментінде, диагнозда және т.б. акцент жасауға болады?
5. 20 ж. науқаста, өткір ауру сезімі. Бұл жөнінде науқасты стоматолог кабинетіне жеткізген оның туыстары хабар берді. Науқастың өзі қатты кекештенеді, тұлға ерекшелікеріне сәйкес тұйық.
А. Осындай науқаспен әңгімені қалай құруға, өзіңе сенімін арттыруға болады?
Б. Осындай науқаспен қарым-қатынас пен емдеу кезіндегі қиыншылықтар.
6. «Жедел медициналық психиатриялық көмек» бригадасымен қатты тіс ауруына шағыммен науқас жеткізілді. Сонымен қатар ол жедел психотикалық жағдайда, атап айтқанда аффективті лабильді, және де соңына түсу сандырақтық идеяларын айтады.
А. Осындай науқаспен жұмыс істеудегі Сіздің әрекетіңіз бен әңгімелесуіңіздің тактикасы қандай?
Б. Психикалық бұзылыстармен науқастарға байланысты коммуникативті дағдылардың қандай ерекшеліктерін қолдануға болады?
7. Науқас 9ж., тісіндегі қатты ауру сезіміне шағымданады. Осы кезде дәрігерді, кабинетті және инструменттерді көргенде қатты қорқыныш сезінеді. Ауыз қуысын көру үшін аузын ашудан бас тартады.
А. Осындай жастағы науқаспен әңгімелесуіңіздің тактикасы қандай?
8. Сізбен мысалға жеке алынған науқаспен медициналық интервью моделін құрастырыңыз.
1. Сізге тіс ауруына шағымданған науқас келді.
Жоғарғы жақ қуысы аймағындағы киста мәселесі бойынша шұғыл операцияны қажет ететін науқаспен қарым-қатынасты Сіз қалай ұйымдастырасыз?
Осындай әңгімелесуді ұйымдастыру кезінде қандай негізгі принциптерді ұстану керек, науқастың операцияға келісімін алу мақсатында коммуникативті дағдылардың негіздерін қолдана әңгімелесуді қалай құрастыруға болады?
ЖОО екі жыл бұрын аяқтаған дәрігер қабылдауына жиі жоғары артериалдық қысым ұстамаларына байланысты проблемалармен зейнеткер әйел келді. Әңгімелесу кезінде бас ауыруына және жоғары қысымға шағымдарын айтып отырып, пациент немере баласымен күрделі қарым-қатынас жөніндегі әңгімеге ауысып кетті, мұны өзінің түсінігі бойынша немересінің үйге кеш келіп, үйге қонбайтынымен байланыстырады және т.б.
А. Қандай факторлар коммуникативті үрдістің тиімділігіне оң немесе теріс әсерін тигізуі мүмкін?
Б. Коммуникативті компетенттілікті игерген дәрігер өзін қалай ұстауы керек?
В. Коммуникативті компетентті дәрігер қандай психологиялық сипаттарға ие болуы керек (аффилиация, эмоциональды тұрақтылық, эмпатия, сенситивтілік, рефлексия)?
Г. Профессиональды адаптация, профессиональды имидж және коммуникативті толеранттылық жөнінде берілген жағдайда не айтуға болады?
Сізге тіс ауруына шағымданған науқас келді. Сіз ауру сезімі осыған дейін депульпация және тісті пломбалауды жүргізген сіздің коллегаңыздың дұрыс емес әрекетінің нәтижесі деген шешімге келдіңіз.
А. Науқасқа психологиялық көмек көрсету үшін сіздің әрекетіңіз.
Б. Науқаста дәрігерлердің жиі компетентсіздігі жөніндегі тұрақты сенімділіктің пайда болуына қалай кедергі бола аласыз?
Науқас қабылдау кезінде өзінің шағымдарынан бөлек, өз өміріндегі, рассказывая о своих проблемалары жөнінде, жақындарымен қарым-қатынасының қиындығын және т.б. әңгімелеп Сіздің көп уақытыңызды алады.
А. Бұл ақпарат Сізге жалпы тәжірибе дәрігері ретінде қаншалықты пайдалы болуы мүмкін? Осындай жағдайдағы Сіздің тактикаңыз қандай?
Б. Этика, деонтология дағдыларын, коммуникативті дағдыларды қолданып осындай науқасты қалай тоқтатып, әңгімені басқа арнаға ауыстыруға болады?
Өз шағымдарын қиындықпен түсіндіретін, сонымен қатар дәрігер мен медициналық инструменттерден қатты шошынған перифериядан келген науқаспен медициналық интервьюді қалай ұйымдастыру керек? Ұқсас жағдайды модельдеп, оны қажетті нақтылаулармен толықтырып, қойылған сұрақтарға жауап беріңіз.
7. Науқас өзінің менталитетіне сәйкес жүргізілген емнің кезекті сенсынан кейін. Сізге ілтипатын білдіруге тырысып, ақша береді (азық-түлік және т.б.). Этика тарапынан науқас сізге сенімін жоғалтпас үшін сіздің әрекетіңіз, коммуникативті дағдыларды қалай қолдану керек?
27 жастағы әйел дәрігерге жүрек тарапынан проблемаға шағымданып, 61 жастағы ер адам келді. Науқаспен әңгімелесу кезінде дәрігер пациенттің сөзін бөліп, «әңгімелесуді қатаң жүргізді, ауру жөнінде өз түсінігін қосып отырды, шыдамсыздық көрсетіп, бір ұсынысының мәнін толық ашып айтпай жатып екіншісіне ауысты.
А. Аталған эффекттердің қайсысы тиімді коммуникативті байланыс жүргізуге мүмкіндік бермеді: «проецирлеу», «біріншілік эффекті», «ореола эффекті», «соңғы ақпарат эффекті»?
27 жастағы әйел дәрігерге жүрек тарапынан проблемаға шағымданып, 61 жастағы ер адам келді. Науқаспен әңгімелесу кезінде дәрігер пациенттің сөзін бөліп, «әңгімелесуді қатаң жүргізді, ауру жөнінде өз түсінігін қосып отырды, шыдамсыздық көрсетіп, бір ұсынысының мәнін толық ашып айтпай жатып екіншісіне ауысты.
А. Аталған эффекттердің қайсысы тиімді коммуникативті байланыс жүргізуге мүмкіндік бермеді: «проецирлеу», «біріншілік эффекті», «ореола эффекті», «соңғы ақпарат эффекті»?
Дәрігер хирург қабылдауына тыртықталмаған асқазан жарасымен науқас келді. Дәрігер қарау, шағымдарды, ауру анамнезін, параклиникалық зертеулер нәтижелерін анализдеп, асқазан резекциясы қажет деген шешімге келді, науқасқа осы жөнінде айтып, операция жасатуды ұсынды. Науқас қорқынышын білдіріп, консервативті емге үміттенетінін білдіріп бас тартты. Дәрігер консервативті емді де қолдануға болатынын да теріске шығармады. Дәрігерді тыңдап болып науқас үйіне қайтты. Түнде хирургиялық бөлімге науқас перфорацияға күдікпен өткір ауру сезімімен жеткізілді.
А. Науқас қандай жағдайда үйіне қайтты?
Б. Дәрігердің позициясы жөнінде сіз не айта аласыз?
Дәрігердің қабылдауында науқас әр деталін нақтылап жеткізуге тырысып, өз ауруының тарихын айтып беруде. Дәрігер науқасты естімей қалып қайталап сұрайды, кейде ұзақ және ойға шомып үндемей қалады, күрсінеді, кейде шектен тыс науқастың жақындарымен қарым-қатынасын талқылайды.
А. Берілген мысалда қандай коммуникативті барьерлер көрсетілген?
Б. Осы барьерлердің пайда болу себептері жөніндегі Сіздің пікіріңіз?
Дәрігер терапевт қабылдауында асқазан-ішектік сипаттағы проблемалармен зағип науқас. Дәрігер әдеттегіден дауыстап сөйлейді, үстелдің арғы жағында отыр, кушеткада науқасты жылдам қарап, қайтадан әңгімелесуді жалғастырып, жазып отырып өз үстеліне отырды.
А. Берілген мысалдағы коммуникативті үрдіске баға беріңіз.
Б. Коммуникацияны оптимизациялауға бағытталған сіздің әрекетіңіз.
Дәрігермен әңгімелесу кезінде – науқас тітіркенгіш, сөзшең, белсенді жестикулирлейді, осылайша өзінің көптеген және пайдасы жоқ тексерулер мен тағайындауларға қанағаттанбайтынын айтады. Дәрігер науқастың айтқан әр сөзіне түсініктеме беруге, тағайындалған тексерулердің маңыздылығын және қажеттілігін түсіндіруге тырысады.
А. Науқастың жағдайына баға беріңіз және дәрігердің әрекетін негіздеңіз.
Б. Сіздің әрекетіңіз?
Дәрігерлік шолуда науқас әйел алдағы операция, операцияның қажеттілігі, нәтижесі жөнінде ойлап, түні бойы ұйықтамағанына шағымданды. Дәрігер науқасты тыныштандыруға тырысып, барлығы жақсы болатынын айтып, дәрігерлерге сену керек, операция жасайтын хирург өте тәжірибелі екенін айтты.
А. Дәрігердің қателігі неде?
Б. Сіздің тактикаңыз?
50 жастағы науқаста ЖИА белгілері анықталды сәйкес тексеру мен ем тағайындалды. Науқас жұмысқа баруды жалғастыруда, тексеруден өткен жоқ, дәрі қабылдау тәртібін бұзады.
А. Дертіне көзқарас типі?
Б. Сіздің осыған ұқсас науқастармен жұмысыңыздың тактикасы?
Науқас стоматолог қабылдауында дәрігердің жұмысына кедергі болып отырған күшті қорқынышты сезінеді.
А. Психотерапия тарапынан науқаспен әңгімелесуді қалай ұйымдастырған жөн?
Б. Сіздің медициналық интервью құру вариантыңыз.
Терапевтке жоғары қысымға шағымданып 50 жастағы әйел келді.
А. Науқаспен әңгімелесу кезінде коммуникативті дағдыларды қолдану қандай нәтиже береді?
Б. Нақты осы жастағы адаммен жұмыс істеу кезінде коммуникативті дағдылардың қандай ерекшеліктерін ескеру керек?
Терапевтке жоғары қысымға шағымданып 50 жастағы әйел келді.
А. Науқаспен әңгімелесу кезінде коммуникативті дағдыларды қолдану қандай нәтиже береді?
Б. Нақты осы жастағы адаммен жұмыс істеу кезінде коммуникативті дағдылардың қандай ерекшеліктерін ескеру керек?
Дифференциалды сынаққа арналған сұрақтар
«Коммуникативті дағдылар» ұғымының анықтамасы.
Дәрігердің кәсіби қызметіндегі коммуникативті дағдылардың мәні.
Коммуникативті үрдіс жөніндегі негізгі түсінік.
Коммуникативті үрдістегі ақпаратты беру мен қабылдаудың негізгі мәселелеріі.
Коммуникативті үрдістің тиімділігіне әсер ететін факторлар.
Коммуникативті компетенттілік жөніндегі түсінік.
Дәрігердің коммуникативті компетенттілігінің құрылымы.
Дәрігердің коммуникативті компетенттілігін құрайтын психологиялық қасиеттер: аффилиация, эмоционалды тұрақтылық, эмпатия, сезгіштік, рефлексия.
Кәсіби бейімделу, кәсіби имидж және коммуникативті толеранттылық.
Пациентпен тиімді қарым-қатынасқа қол жеткізу үшін қарым-қатынастың сөздік және сөздік емес құралдарын қолдану.
Дәрігер - пациент арасындағы қарым-қатынастың негізгі принциптері.
Пациенттермен, туыстарымен және денсаулық сақтау саласының мамандарымен тиімді қарым-қатынасқа түсудің жалпы принциптері.
Дәрігердің коммуникативті біліктілігінің пациентпен, оның жанұясының мүшелерімен, әріптестерімен тиімді және қақтығыссыз қарым-қатынасқа түсуге әсері.
Дәрігер мен пациент арасындағы тиімді қарым-қатынас.
Дәрігер науқас ретінде.
Қарым-қатынастың тиімділігін төмендететін тұлғалық кедергілердің пайда болу себептері.
Дәрігердің коммуникативтік біліктілігін төмендететін психологиялық ерекшеліктер: үрейшілдік, депрессивтілік, интроверттілік.
Дәрігердің кәсіби іс-әрекетіне көмектесетін көшбасшылық қасиеттер .
Дәрігердің кәсіби деформациясы жөніндегі түсінік.
Дәрігердің кәсіби деформациясының тұлғалық себептері
Дәрігердің кәсіби деформациясына алып келетін сыртқы және ішкі факторлар
Дәрігерлік құпия, дәрігер қателігі.
Созылмалы шаршағыштық синдромы. Конфликттердің пайда болу факторлары, оларды шешу тәсілдері.
Ятрогениялар және олардың алдын-алу.
Дәрігердің қоғамдағы рөлі.
Дәрігердің және медицина қызметкерлерінің қоіғам алдындағы борышы.
Медициналық интервью ұғымының анықтамасы. Медициналық интервьюдің модельдері. Медициналық интервьюдің құрылымы.
Медициналық интервьюге кіріспе: пациентпен сұхбаттасуға дайындалу, алғашқы ө түсіністікке қол жеткізу, пациенттің дәрігерге келу себебін анықтау. Пациентпен сұхбат.
«Дәрігер және пациент» қарым-қатынасын ұйымдастырудың негізгі модельдері. «Психологиялық желдеткіш» әдісі.
Дәрігер мен пациент қарым-қатынасындағы қателіктер және олардың салдары. «Емханалық коридор» психологиясы.
Пациент психологиясы, пациент психикасының ерекшеліктері. Аурудың ішкі көрінісі.
Науқастың жеке тұлғалық қасиеттеріне байланысты қарым-қатынасқа түсудің негізгі жолдары.
Науқастар арасындағы қарым-қатынас. Емдік үрдіске пациенттердің жағымды көзқарасын қалыптастырудағы медициналық қызметкерлердің рөлі.
Қарым-қатынасқа қиын түсетін пациенттермен әңгімелесу ерекшеліктері: тіл, мәдениетінде айырмашылғы бар пациенттер; сезім мүшелерінің бұзылыстары бар пациенттер – кереңдер, зағиптар, мылқау пациенттер. Есту, көру, сөйлеу бұзылыстары бар пациенттер.
Психологиялық және психикалық ерекшеліктері бар пациенттермен қарым-қатынас негіздері: жүріс-тұрыстық бұзылыстар: агрессивтілік, өшпенділік, үрейшілдік, депрессия, истерия, жабысқақ қорқыныштар, невроздар, деменция. Ауыр аурулармен ауыратын пациенттер.
Асоциалды пациенттермен қарым-қатынасқа түсу ерекшеліктері; жыныстық бұзылыстары бар, АИВ жұқтырған пациенттермен әнгімелесу ерекшеліктері.
Әртүрлі жастағы пациенттермен әнгімелесу ерекшеліктері: балалармен, жасөспірімдермен, егде пациенттермен сөйлесу.
Дертке көзқарас типтері: үйлесімді, үрейлі, ипохондриялы және т.б.
Науқастардың дертке психологиялық (жүріс-тұрыстық) реакциялары: аггравация, симуляция, диссимуляция, «ауруға кету реакциясы», «аурудың әлеуметтік сәнділігі».
Аурудың ішкі көрінісі. Ауру жөніндегі ятрогенді және аутогенді елестер.
Дәрігер тұлғасына қойылатын психологиялық талаптар.
Дәрігердің қоғамдағы рөлі мен жауапкершілігі.
Дәрігер тұлғасының қалыптасуы. Дәрігердің тұлғалық қасиеттері.
44. Коммуникативтік үрдістің тиімділігіне әсер ететін дәрігердің тұлғалық қасиеттері.
Әртүрлі мамандықтағы дәрігерлердің психологиялық портреттері. Дәрігердің кәсіби деформациясы.
беттің беті
Достарыңызбен бөлісу: |