The Linde Group компаниясында біз адам құқықтарының және еңбек нормаларының бұзылуының алдын



жүктеу 361,33 Kb.
Pdf просмотр
Дата21.11.2018
өлшемі361,33 Kb.
#22738


The Linde Group компаниясында біз адам құқықтарының және еңбек нормаларының бұзылуының алдын 

алу үшін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау үшін қолданылатын барлық заңдар мен ережелерді – өз 

қызметімізде және іскерлік серіктестерімізбен қатынастарда сақтауға тырысамыз. Linde сонымен қатар 

БҰҰ Ғаламдық шартының қағидаттарын ұстанады. Біз өз жеткізушілерімізден осы міндеттемелерді 

бөлісуді күтеміз. Осы Жеткізушінің тәртіп кодексі біздің стандартқа сәйкес негізгі талаптарды 

айқындайды.

Денсаулықты және қауіпсіздікті сақтау

 – Денсаулықты сақтауға және еңбек қауіпсіздігіне қатысты барлық қолданылатын заңдар мен 

нормаларды сақтау.

 – Еңбекті қорғау және қауіпсіздік қағидаттарын үнемі дамытуға ұмтылу.Еңбекті қорғауды және 

қауіпсіздікті басқарудың қолайлы жүйелерін пайдалану немесе ендіру.

Адам құқықтары және еңбек нормалары

 – Жұмыс уақыты: Мерзімнен тыс жұмыс уақыты туралы қағидаларды қоса алғанда, жұмыс уақытының 

ұзақтылығына қатысты қолданыстағы заңнаманы және салалық еңбек заңнамасын сақтау.

 – Еңбекақы және жәрдемақы төлеу: Тиісті ұлттық заңнамамен, соның ішінде ең төменгі жалақы туралы 

заңмен белгіленген тәртіппен, сондай-ақ саладағы және жергілікті еңбек нарығындағы тәжірибеге 

сәйкес еңбекақы төлеуді және жеңілдіктер беруді қамтамасыз ету. 

 – Кемсітушілікке жол бермеу және әділдік: Тең мүмкіндіктер және әділ қатынас қағидаттарын қолдану. 

Қызметкерлерді кемсітушіліктің, сөзбен немесе қол күшін жұмсаумен қудалаудың кез келген 

түрлеріне қатысты төзбестік білдіру.

 – Бірігу және ұжымдық шарттар жасасу еркіндігі: Заңнаманың шеңберінде бірігу және ұжымдық 

шарттар жасасу еркіндігіне құқықтарды мойындау.

 – Мәжбүрлі еңбекке жол бермеу: қамаудағы адамдардың мәжбүрлі еңбегін, кіріптарлық еңбекті

еріксіз еңбекті, құлдық еңбекті қоса алғанда, мәжбүрлі еңбектің кез келген түріне немесе адам 

саудасының кез келген түріне жол бермеу.

 – Балалар еңбегін қолдануға тыйым салу: Ұлттық заңнамамен және халықаралық келісімдермен 

белгіленген ең төменгі жасқа қойылатын талаптарды сақтау.

Құқықтық сәйкестілік және адал ниеттілік

Барлық қолданылатын заңдар мен нормативтік актілерді сақтау, атап айтқанда:

 – Сыбайлас жемқорлыққа және парақорлыққа жол бермеу: Сыбайлас жемқорлықтың немесе 

парақорлықтың кез келген түрлеріне, атап айтқанда, шешім қабылдауға ықпал ету мақсатында 

берілген кез келген төлемдерге, «қайтарым төлемдеріне» немесе артықшылықтың басқа 

нысандарына қатысуға немесе жол беруге тыйым салу.

 – Бәсекелестік және монополияға қарсы заңнама: Монополияға қарсы заңнаманың барлық 

қолданылатын нормаларына және бәсекелестік туралы заңдарға сәйкес бизнес жүргізу.

Мюнхен, Наурыз 2013 // Топ деңгейі, нұсқасы 1.0

The Linde Group компаниясы жеткізушісінің тәртіп 

кодексі.



Мюнхен, Наурыз 2013 // Топ деңгейі, нұсқасы 1.0

 – Мүдделер қақтығысы: Мүдделер қақтығысын немесе Linde-мен не үшінші тұлғалармен іскерлік 

қатынастарда осындай жанжалдарға себепші болуы мүмкін жағдайларды болдырмау.

 – Құпиялылық: Linde іскерлік қызметінің, қаржылық және техникалық деректерінің, сондай-ақ іскерлік 

хат алмасуларының құпиялылығын сақтау; Linde немесе басқа компаниялардың материалдық 

немесе зияткерлік меншігін иемденуге тыйым салу.

Қоршаған ортаны қорғау

 – Қоршаған ортаны қорғауға қатысты барлық қолданылатын заңдар мен нормативтік актілерді, 

сондай-ақ халықаралық стандарттарды сақтау.

 – Қоршаған ортаны қорғауды тұрақты дамытуға қолдау көрсету.

 – Қоршаған ортаны қорғауды басқарудың қолайлы жүйесін пайдалану немесе ендіру.

Жеткізулер тізбегі

Меншікті жеткізушілерді және қосалқы мердігерлерді осы Жеткізушінің тәртіп кодексінің қағидаттарына 

тарту үшін барлық қолайлы шараларды қабылдау.



жүктеу 361,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау