Қызметкерлеріне


«Ұтымды тамақтану негіздері» оқыту бағдарламасының жалпы сипаттамасы



жүктеу 1,93 Mb.
бет48/57
Дата30.01.2023
өлшемі1,93 Mb.
#41064
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57
manual-kz

«Ұтымды тамақтану негіздері» оқыту бағдарламасының жалпы сипаттамасы


Бағдарламаға үш мазмұнды бөлім кіреді:
1 бөлім. «Дұрыс тамақтану туралы әңгіме» 2 бөлім. «Денсаулық лагеріндегі екі апта» 3 бөлім. «Дұрыс тамақтану формуласы»

  1. бөлім. «Тағам және қоректік заттектер»

  2. бөлім. «Физиологиялық нормалар және тамақтану тәртібі»




  1. бөлім. «Дұрыс тамақтану туралы әңгіме» 1-2 сыныптың балаларына арналған.

Бұл курстың мақсаты – балаларда өздерінің денсаулықтарына қамқорлық қажеттілігін алдымен, дұрыс тамақтанудың денсаулық негізі ретіндегі маңызын нақты түсінуді қалыптастыру. Мұнда тамақтану дәстүрлері ескеріледі, сондай-ақ, ата-аналарды оқыту үрдісіне белсенді қатыстыру қарастырылады.

  1. бөлім. «Денсаулық лагеріндегі екі апта» 3-4 сыныптың балаларына арналған.

Бұл курстың мақсаты – салауатты өмір салтының құраушысы ретінде тамақтану мәдениетін қалыптастыру.
Оқу үрдісінде оқушылар:
Танысады
Тамақтануға және денсаулыққа байланысты халық дәстүрімен;
Денсаулықты сақтау және нығайтуға бағытталған тамақтану ережелерімен;
Тамақтануға байланысты этикеттің ережелерімен, этикет машықтарының тұлғаның жалпы мәдениетінің ажырамас бөлігі екендігін түсінумен.
Игереді
Салауатты тамақтанудың құрамдас бөлігі ретінде дұрыс тамақтану машықтарын.



  1. бөлім. «Дұрыс тамақтану формуласы» 5-6 сыныптың балаларына арналған.

Бұл бөлімде келесі тәрбиелік және ағарту міндеттері іске асырылады:

    • Жасөспірімдердің денсаулық туралы маңызды адами құндылықтардың бірі ретіндегі түсінігі, өз денсаулығына қамқорлық жасауға және нығайтуға дайындықты қалыптастыру дамиды.

    • Жасөспірімдердің денсаулықты нығайтуға және сақтауға бағытталған тамақтану ережелері, осы ережелерді қадағалауға дайындықты қалыптастыру туралы білімі кеңейеді.

    • Салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде дұрыс тамақтану машықтары дамиды.

    • Тамақтануға байланысты этикеттің ережелері, этикет машықтарының тұлғаның жалпы мәдениетінің ажырамас бөлігі екендігін түсіну дамиды.

    • Тамақтанудың әлеуметтік-мәдени жақтары, оның халықтың мәдениетімен және тарихымен байланысы туралы түсінік дамиды.

    • Балаларда денсаулықпен және тамақтанумен байланысты халық дәстүрлеріне, тарихқа және өз халқының тарихына қызығушылық оянады, өз халқының мәдениетін және басқа халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу сезімдері қалыптасады.

    • Жасөспірімдердің шығармашылық қабілеті, ой өрісі, танымдық қызметке қызығушылығы дамиды.

    • Оқушылардың қарым-қатынастық машықтары, мәселені шешу барысында құрбыларымен және ересектермен тиімді өзара әрекеттесуге үйренуі дамиды.

    • Жасөспірімдік жастағы дұрыс тамақтану мәселесінде ата-аналарды ағарту ұйымдастырылады.




  1. бөлім. "Тағам және қоректік заттектер " 7-8 сыныптың балаларына арналған.

Бұл курстың мақсаты – балаларда адам өміріндегі тағамның және қоректік заттектердің маңыздылығының қалыптасуы. Оқу үрдісінде оқушылар:
Танысады
Қоректік заттектермен (макро- және микронутриенттермен: ақуыздармен, майлармен, көмірсулармен, дәрумендермен және минералдық заттектермен) қамтамасыз ететін тағамдық рационмен;
Адамның тамақтануындағы макро- және микроэлементтердің ролімен; Судың тағамның компоненті ретіндегі маңызымен.



  1. бөлім. "Физиологиялық нормалар және тамақтану тәртібі" 9 сыныптың балаларына арналған.

Бұл курстың мақсаты – балаларда физиологиялық нормалар мен тамақтану тәртібі туралы, алдымен, балалар мен жасөспірімдердің жасқа байланысты физиологиясының ерекшеліктері туралы, денсаулықты сақтау және нығайтудың құрамдас бөлігі, аурулардың (жүрек-қантамыр, диабет, семіздік, онкологиялық дерттер, т.б.) алдын алудың ажырамас шарты ретінде қоректік заттектер мен энергияны тұтыну нормаларын қадағалау қажеттілігі түсініктің қалыптасуы. Сондай-ақ, тағам өнімдерінің экологиялық қауіпсіздігіне, тағамдық қоспаларға, балаларда ас қорыту жүйесі ауруларының, дәрумендік тапшылықтың алдын алуға назар аударылады.
«Ұтымды тамақтану негіздері» бағдарламасының өзекті идеясы – өз денсаулығына қамқорлық жасау қажеттілігі, алдымен, дұрыс тамақтанудың денсаулықты сақтаудағы және нығайтудағы, алдын алудағы маңыздылығы.
Оқу-әдістемелік жиынтықтың мазмұны, сондай-ақ, оны іске асыру түрлері мен әдістері оқушыларды бағдарлама бойынша жұмысқа белсенді қатыстыруға, зерттелетін тақырыпқа олардың қызығушылығын ынталандыруға, құндылықтық нормативтер мен машықтарды иегруге бағытталған интерактивтік сипатта.
Бағдарламаны іске асыруда ата-аналардың қатысуы аса маңызды. Тамақтану мәдениетінің негіздерін қалыптастыру тиімділігі бағдарламада анықталған нормалар мен құндылықтардың оқушылардың отбасында қаншалықты қолдау табуына байланысты.
Бағдарламаны оқыту әдістемесінің негізін мәселелік-іздеу тәсілі құрайды, ол балалардың салауатты тамақтану мәселесін танудағы түрлі тәсілдерді белсенді игеруін және жаңа білімді «ашуын» қамтамасыз етеді.
Бұл орайда бірыңғай ақпараттық-ағарту ортасын құрайтын құралдар жүйесін қолданумен оқытудың алуан түрлі әдістері мен түрлері пайдаланылады.



жүктеу 1,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау