Оқушыларды сауықтыру бойынша мектеп бағдарламасының іс-шараларын бағалау. Оқушыларды сауықтыру бойынша мектеп бағдарламасын бағалау барысында Мектеп кеңесі іс-шараларды кім, қашан, қайда және қандай көлемде өткізгенін анықтау үшін мәліметтерді жинап, талдайды. Іс-шараларды бағалау үрдісі Мектеп кеңесіне оқушыларды сауықтыру бағдарламасын талқылауға және оған қандай жетілдіру шаралары қажеттігін анықтауға мүмкіндік береді.
Өткізілген іс-шараларды бағалау мектептегі нәтижелердің немесе телімді өзгерістердің сауықтыру бойынша мектеп бағдарламасының тікелей нәтижесі екендігін анықтайды. Нәтижелерге мектеп деңгейіндегі (мысалы, мектеп ортасының, нормалардың немесе оқу бағдарламаларының өзгерістері ) және жеке деңгейдегі (мысалы, оқушының білімі, қатынасы, машықтары мен дағдылары) өзгерістер жатады. Іс -шараларды бағалау мектеп бағдарламасының қысқа немесе ұзақ мерзімдік нәтижелеріне назар аударуы мүмкін, оның ішінде, мектеп деңгейінде тәжірибе жүзіндегі өзгерістерге немесе оқушылардың білімінің, көзқарасының, машықтарының, дағдыларының өзгерістеріне немесе денсаулыққа салдарына.
Бағалау мектеп аудитына немесе деңгейге бөлуге, мектеп қызметкерлерін жазалауға (CDC, 2005) қолданылмайды, ол мектептерді өзгеріс енгізуге ынталандыру, мектептік, аудандық және мемлекеттік деңгейде саясатты іске асыруға мониторинг жүргізу үшін қолданылады.
Нұсқаулық 2. Денелік, психологиялық және әлеуметтік денсаулықты қолдау үшін жағдай жасау
Мектептер оқу күні бойы оқушылардың денелік, психикалық денсаулығана және қауіпсіздігіне жауап береді (Taras et al, 2004). Жалпы, психологиялық және әлеуметтік денсаулықты қолдауға жағдай жасау үшін мектептер іске асырады:
Оқушыларға салауатты өмір салтын ұстануға қажетті дағдыларды үйрету;
Оқушылардың қауіпті мінез-құлығын анықтау және қажет болса, араласу;
Ағарту үрдісіне әсер ететін медициналық қызметке қажеттілікті анықтау және жою;
Денсаулық сақтау және психикалық денсаулық мәселелері бойынша істе жетекшілікті қамтамасыз ету;
Оқушыларға және олардың отбасыларына қоғамдық денсаулық сақтау қорына сілтемелерді ұсыну;
Мектеп медицинасы бағдарламаларының басымдылықтарын қамтамасыз ету, оның ішінде, дене белсенділігін және салауатты тамақтану деңгейін арттыруға арналған тақырыптардың;
Мектептегі физикалық қоршаған орта мен психо-әлеуметтік жағдай барлық оқушыларды салауатты өмір салтын таңдауға ынталандыруы тиіс. Физикалық қоршаған орта дегеніміз:
Мектеп ғимараты, қоршаған ауданымен қоса (атап айтқанда, мектеп ғимараты; мектеп ауласы; мектеп ғимаратының және спорттық алаңдардың құрал-жабдығы; оқу кабинеттері және олардың жарақтандырылуы; оқушыларды салауатты тағаммен қамтамасыз ету; негізгі санитарлық- техникалық орындардың болуы және оқушыларға гигиеналық машықтарды үйрету; оқушыларды қауіпсіз ауыз суымен қамтамасыз ету).
Қоршаған ортаның жағдайы, мысалы, температура, ауаның сапасы, шуыл, жарықтандыру және қауіпсіздік (Taras et al, 2004).
Психо-әлеуметтік жағдай мектеп қызметкерлерінің және оқушылардың өзара және бір-бірімен қарым-қатынасымен анықталады. Мектептегі жағдайға сондай-ақ, ата-аналармен және жергілікті тұрғындармен қарым-қатынастар әсер етеді. Бұл тұста мектеп қоғамдастығының негізгі мүшелері арасындағы сапалы байланысты құрудың маңызы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |