Жоғары мектептегі оқыту теориясы



жүктеу 21,27 Kb.
Дата22.01.2022
өлшемі21,27 Kb.
#34876
Дидактика


Жоғары мектептегі оқыту теориясы

  Жоспар: 1. Дидактика – жоғары мектеп педагогикасының оқыту теориясы. 2. Кәсіби оқыту үрдісінің мәні. 3. Жоғары мектептегі оқыту үрдісінің құрылымы мен негізгі компоненттері. 4. Оқыту үрдісінің қозғаушы күші. 5. Жоғары мектепте оқыту үрдісінің әдіснамалық негізі. 6. Жоғары мектептегі оқытудың заңдылықтары мен принциптері.



  • Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Бұл ұғымды ғылымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданып, ол оқыту өнері мәнін аңдатқан. Дидактиканың ғылыми негізін салған чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның «Ұлы дидактика» (1632) кітабында оқытудың мақсат, принциптері, әдістері, сынып сабақ жүйесі туралы баяндаған.


Қазақстанда жоғары мектеп дидактикасының жеке мәселелерін қарастырған ғалымдар: А.Е.Әбілқасымова, С.А.Әбдіманапов, Б.А.Абдикаримов, М.Н.Сарыбеков, Н.Д.Хмель, Н.Н.Хан, Г.А.Уманов, С.А. Ұзақбаева, Г.К.Нұрғалиева, Г.Т. Хайруллин, А.П. Сейтешов және т.б.

Дидактика ғылым ретінде төмендегідей мәселелерді қарастырады:

  • Дидактика ғылым ретінде төмендегідей мәселелерді қарастырады:

  • не үшін оқытамыз (оқыту мен білім берудің мақсаты);

  • кімді оқытамыз (оқыту субъектілері);

  • оқытудың қандай стратегиялары тиімді (оқыту принциптері);

  • неге оқытамыз (білім беру, оқыту мазмұны);

  • оқытуды қалай ұйымдастырамыз (оқытуды ұйымдастыру формасы);

  • оқытуға қандай құралдар қажет (оқулықтар, оқу құралдары, компюьтерлік бағдарламалар, дидактикалық бағдарламалар және т.б.);

  • оқыту нәтижесінде неге қол жеткіземіз (оқыту нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер мен өлшемдер),

  • оқыту нәтижелерін қалай бағалауға және бақылауға болады (оқыту нәтижелерін бақылау және бағалау әдістері).

Дидактиканың ғылыми-теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процесінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу.

  • Дидактиканың қолданбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту принциптерін белегілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу. Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тәрбие, педагогтік іс-әрекет, білім беру) пайдаланады.

  • Оқытудың атқаратын қызметі:

  • Білімдендіру;

  • Дамыту;

  • Тәрбиелеу;

  • Ұйымдастырушылық.

  • Білімдендіру қызметінде оқыту процесінде білім, білік, дағдының қалыптастырылуы көзделеді. Білім нақты айғақтарды, ұғымдарды, мәләметтерді, ережелерді, заңдарды, теорияларды, формулаларды есте сақтау. Білік ережелерге сүйене отырып кез-келген іс-әрекетті жүзеге асыра білу немесе білімді тәжірибеде қолдана білу. Дағды саналы іс-әрекеттің автаматтандырылған компоненті.

  • Тәрбиелеу қызметі әлеуметтену процесінің табиғи жағдайына байланысты туындайды. Оқыту процесінде алынған білімдеріне сай олардың көзқарастары, олардың ғылыми дүниетанымы, құндылық дүниесі, адамгершілік қасиеттері қалыптастырылады.

  • Дамытушылық қызметі тұлғаны әр жақты дамытуды, яғни ойлау, сөйлеу, іс-әрекет және т.б. қасиеттердің дамуын көздейді. Бұл мәселеде дамыта оқытуға байланысты П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин және т.б. жүйе құрған.

  • Ұйымдастырушылық қызметі оқыту процесінің тиімді нәтиже беруіне байланысты ұйымдастыру жолдарын белгілейді.

Жоғары мектептегі оқыту процесінің құрылымына мынадай компоненттер жатады:

  • Жоғары мектептегі оқыту процесінің құрылымына мынадай компоненттер жатады:

  • мақсаттық компонент – жоғары мектептегі оқытудың мақсаты мен міндеттері кіреді;

  • мазмұндық компонент – бұл кәсіптік қызметпен өзіндік білімдендіру, қарым-қатынас пен іс-әрекетті меңгерудегі білім, білік, дағдыларды анықтайды;

  • процессуалды компонент – жоғары білім беру мазмұнын меңгеруде жоғары мектептегі мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру бағытында оқытуды қабылдау құралдары, әдістері, түрлерін сипаттайды;

  • бақылау, бағыттау компоненті;

  • нәтижені бағалау компоненті – бұл студенттің жоғары мектептегі оқыту процесінің оқыту нәтижесі мен тиімділік дәрежесіне жетуі.

Жоғары мектептегі дидактикалық принциптерне төмендегідей түрлерін атауға болады. Олар:

  • дамытушылық және тәрбиелеушілік;

  • ғылымилылық және жеткіліктілік, тиімділік;

  • студенттің оқытушының жетекшілік роліндегі танымдылық және шығармашылық белсенділігі;

  • көрнекілік және теориялық ойдың дамуы;

  • жүйелілік және оқытудың бірізділігі;

  • оқытудан өзіндік білім алуға өту;

  • теория мен тәжірибеге байланыстылығы;

  • гумандылық және гуманитарлық оқыту;

  • интегративтік оқыту, яғни пән аралық байланыс;

  • инновациялық оқыту

жүктеу 21,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау