Қызметкерлеріне


Ұсынылатын қауіпсіздік нормаларына сәйкес дене белсенділігі



жүктеу 1,93 Mb.
бет29/57
Дата30.01.2023
өлшемі1,93 Mb.
#41064
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57
manual-kz

Ұсынылатын қауіпсіздік нормаларына сәйкес дене белсенділігі үшін орындар мен құрал-жабдықтар ұсыну. Дене белсенділігі үшін барлық орындар мен құрал-жабдықтар, оның ішінде, ойын алаңдарын, балалар алаңдарын, гимнастикалық залдарды, көп функционалдық бөлмелерді, кафетерийлерді ұдайы тексеру және тиісті түрде ұстау қажет. Сабақтарға қауіпті жағдайларды шұғыл түрде жою қажет (Children’s Safety Network at Education Development Center Inc et al, 1997; US Department of Education et al, 2003). Ішкі және сыртқы ойын алаңдарын ұдайы тексеру және техникалық қызмет көрсету олардың экологиялық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі және қолдау көрсетілуі туралы ақпарат беруі тиіс, оның ішінде (Olsen et al, 2008; US Department of Education et al, 2003):

  • Қақпалардың және гимнастикалық қабырғалардың жақтауларының жұмсақ жабындысы болуы (Janda et al, 1995);

  • Тротурларда қоқыстар және басқа қауіптер болмауы;

  • Сенімді бекітілетін, қолданбаған кезде жабық жерде сақталатын, жылжымалы футбол қақпалары;

  • Күннен қорғану үшін қолданылатын, көлеңкеге арналған жабдық;

  • Құлау қаупі аз болатын трибуналар.




    1. Қауіпсіздік ережелерін белгілеу және дене бесленділігі кезінде оларды қадағалау. Қауіпті мінез-құлық (мысалы, футболда қарсыласын итеру) ережелерді белгілеу және оларды ұстануды бақылау арқылы тыйым салынуы тиіс. Қауіпсіздік ережелерін барлық оқушылар үйренуі қажет, оларды мектепте және мектептен тыс уақытта қадағалауы тиіс. Бір адам, мысалы, Мектеп кеңесінің үйлестірушісі қауіпсіздік техникасын қадағалау ережелері орнында болуын және қажеттігіне қарай жаңаруына жауап беруі тиіс; дегенмен, балалар мен жасөспірімдер арасында жарақат пен ауруларды мейлінше азайту мақсатында мұғалімдер, әкімшілік өкілдері, нұсқаушылар, спорт жаттықтырушылары, мектеп мейірбикелері, мектептің басқа қызметкерлері, ата-аналар мен оқушылардың өздері ортақ жауапкершілік көтеруі қажет (Jambor et al, 1991; Veigel et al, 2008).

Оқытудан өткізілген қызметкерлер, оның ішінде, жаттықтырушылар, мұғалімдер, ата-аналар, орта қызметкерлер, қоғамдастық мүшелері дене белсенділігінің барлық бағдарламаларын бақылауы тиіс. Қызметкерлер дене белсенділігіне байланысты оқушылардың арасындағы мүмкін жарақаттар мен аурулар туралы, олардың қауіптерін мейлінше азайту жолдары туралы хабардар болуы тиіс. Дене белсенділігімен айналысу кезінде жарақаттарға ұшырамау үшін мектептер талап етуіне болады:

  • Қатысу алдында медициналық тексеруден өтуді талап ету (McKeag et al, 2007);

  • Дамудың деңгейіне сәйкес сабақтарды ұсыну (National Association for Sport and Physical Education et al, 2001);

  • Тиісті мониторингті қамтамасыз ету және жаттығуда шамадан тыс жүктемелерден алшақ болу (Demorest et al, 2004; National Association for Sport and Physical Education et al, 2006);

  • Нақты қозғалыс машықтарының биомеханикасына қатысты оқушыларды нұқсаулықтан өткізу (National Association for Sport and Physical Education et al, 2006);

  • Қатысушыларды олардың антропометриялық деректері мен қабілетіне сай тиісті түрде сұрыптау;

  • Ережелерді оқушылардың біліктілік деңгейіне және қолдағы қорғаныс жабдығына бейімдеу (National Association for Sport and Physical Education et

al, 2006);

  • Қауіпті жаттығуларды жою ережелерін ауыстыру;

  • Жаттығуға қатысуға рұқсат берудің алдында барлық жарақаттардың, мидың шайқалуымен қоса, емделуіне көз жеткізу;

  • Алған жарақаттан кейін жарақат толығымен жазылуына кепілдік беру үшін ойынға оралу үшін өлшемшарттарды белгілеу, оның ішінде, дәрігердің рұқсатын.

Сондай-ақ, балаларда және жасөспірімдерде дене белсенділігінің сәйкес түріне және қоршаған ортаның жағдайына сай қорғаныс киімі немесе арнайы киімі болуы қажет (National Association for Sport and Physical Education et al, 2006). Қорғаныс киіміне немесе арнайы киімге жататындар: дене белсенділігінің сәйкес түріне жарамды аяқ қиім, велосипедке арналған шлем, хоккейде киетін бетке арналған маска, капптар, қорғаныс құралдары, футболға арналған қалқаншалар, роликті конькиге арналған тізе қалқаншалары, жүру мен жүгіруге арналған сәуледен қалқаншалар. Ұсыныстарға сай барлық қорғаныс киімі келесі түрде болуы тиіс:



  1. Жақсы жағдайда;

  2. Ұдайы тексерілуі және дұрыс сақталуы;

  3. Тозып, зақымдалып немесе ескірсе, алмастырылуы;

  4. Оқушыға дәл болуы;

  5. Спорттың және орналасудың нақты түріне жарамды.

Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер құрал-жабдықты дұрыс қолдануға үйретілуі тиіс; әсіресе, бұл шлемдерге қатысы (Saluja et al, 2006).
Мектеп рәсімделмеген ойындар кезінде жарақат болмауы үшін қызметкерлерге бақылау әдістеріне, мінез-құлықты игеруге, сәйкес бақылауға, төтенше жағдайларға серпін шараларына негізделген тренингтер өткізу мәселесін қарастыру қажет Olsen et al, 2008). Ойын алаңдарын бақылайтын қызметкерлер орындауы тиіс:

  1. Ойын алаңдарындағы мінез-құлық ережелеріне балаларды ұдайы үйрету;

  2. қауіпті мінез-құлықты уақытында танып, тоқтату, алдын алу;

  3. балаларға өздерінің қауіпті мінез-құлығын уақытында тануға, алдын алуға көмектесу;

  4. сәйкес қауіпсіз мінез-құлықтың үлгісін жасау (US Consumer Product Safety Commission et al, 2010; Schwebe et al, 2006).

Мүмкін болса, мектептер рәсімделмеген дене белсенділігін бақылауды қолдауы қажет, алаңға бақылау жасайтын мұғалімдер санының оқушылар санына қатынасы олардың сыныптағы қатынасына тең болуы қажет (National Program for Playground Safety et al, 2002).

    1. жүктеу 1,93 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау