Салауатты тамақтану және дене белсенділігі бойынша саяси және тәжірибелік іс-шаралардың сапасын анықтау.
Бағалау оқушылар мен оқытушылар құрамының арасында салауатты тамақтану және дене белсенділігі саясатын арттыруға ықпал ететін саясат пен тәжірибені бақылау және жетілдіру мақсатында өткізіледі. Салауатты тамақтану және дене белсенділігін арттыру бойынша мектеп саясатына қатысатын барлық топтардың оны бағалауды өткізуге өз үлесін қосуға мүмкіндігі болуы тиіс. Ағарту мекемелері мен мектептер ынтаны өз мойнына алып, бағалауды өткізуге жауапты тұлғаны тағайындауы қажет. Мектеп саясаты мен тәжірибесін бағалауды өткізуге көмек алу үшін мектептер жергілікті университеттердің, денсаулық сақтау немесе білім беру бөлімдерінің қолдауына ие болады.
Бағалау түрлі мақсатта өткізілуі мүмкін, атап айтқанда: 1) салауатты тамақтану және дене белсенділігі бойынша саясат пен тәжірибені іске асыру, қолдау және мазмұнын жетілдіру; 2) оқушылар мен мектеп қызметкерлері арасында салауатты тамақтану және дене белсенділігі саласындағы қызметтегі, мектеп ортасындағы, дене шынықтыру және денсаулық бойынша оқу бағдарламаларындағы, дене белсенділігі мен тағамдық дағдылардағы өзгерістерді, сондай-ақ, артериалдық қысым және қандағы глюкоза деңгейі секілді денсаулыққа салдарын құжаттау; 3) саясаттың және тәжірибенің күшті және әлсіз жақтарын анықтау және оларды жетілдіру бойынша жоспар құру ;
оқушылар мен қызметкерлердің жаңа және өзгеретін қажеттіліктеріне жауап беру. Бағалау мектептердің аудиті мен рангілеуіне, қызметкерлерді жазалауға қолданылмайтын болса да (CDC et al, 2005; CDC et al, 2005), ол саясатты іске асыруға мектеп, аудан, мемлекет деңгейінде мониторинг жасауға және өзгерістер енгізуге қолданылуы мүмкін.
Бағалаудың екі негізгі түрі бар – өңдеу және нәтижелер. Бағалау барысында ұстаздар кім, қалай, қашан, қайда және қанша бағдарламалық іс- шараларды өткізгендігін анықтау үшін мәліметтерді жинап, талдайды. Үрдісті бағалау – негізді құрайды, себебі, ол саясатқа, бағдарламаға, тәжірибеге байланысты қызметті, олардың қалай іске асырылғандығын және жоспарланғандығын анықтайды. Сонымен қатар бағалау үрдісі ұстаздар кеңесіне саясатттың, бағдарламаның, тәжірибенің қаншалықты жақсы орындалғандығын және қандай жетілдіру қажеттігін шешуге мүмкіндік береді. Нәтижелерді бағалау күтілетін нәтижелер немесе телімді өзгерістер саясатттың, бағдарламаның, тәжірибенің тікелей нәтижесі екендігін зерттейді. Нәтижелерге мектеп (мысалы, мектеп ортасының, нормалардың, оқу бағдраламаларының өзгеруі) және жеке деңгейдегі (оқушының білімі, қатынасы, дағдылары мен әдеттері) өзгерістер жатады. Нәтижелерді бағалау көп уақытты, білім мен тәжірибені қажет етуі мүмкін, ал жеке мектептер бағалауды өздігінше өткізе алмауы мүмкін. Нәтижелерді толыққанды бағалау
көптеген мектептерден тыс болуы мүмкін, мемлекеттік және жергілікті білім беру органдарының құзырына жатқызылуы мүмкін. Дегенмен, қарапайым тәсілді қолданып, көптеген мектептер нәтижеге байланысты кейбір мәселелерге жауап бере алады. Нәтижелерді бағалау саясатттың, бағдарламаның, тәжірибенің қысқа және ұзақ мерзімді нәтижелеріне назар аударады, оны ішінде, мектеп деңгейіндегі өзгерістерге немесе оқушылардың білімінің, көзқарасының, машықтар мен дағдыларының өзгерістеріне немесе денсаулыққа салдарына.
Достарыңызбен бөлісу: |