88
тақия-күмбездер,
ванттық
құрастырмалар,
т.б.).
Инженер
Александр Эйфель металдан 1889 ж. биіктігі 312 м Эйфель мұнарасын
орнатты. Америкада көп қабатты зәулім үйлер пайда болды. Алғашқы
биік үй 1880 ж. салынды. 55 қабат «Булворт-билдинг» 1913 ж., 77 қабат
«Крайслер – Билдинг» 1932 ж. салынып бітті. 30-жылдардағы ең биік
(380 м) 102 қабат «Эмпайр стейт билдинг» ұзақ уақыт биіктігі жағынан 1-
орында тұрды. 1971 – 73 ж. Нью-Йоркте архитектор Минору Ямасакидің
жобасы бойынша Халықаралық сауда орталығының призма тектес екі үйі
іске қосылды (биіктігі 412 м, 110 қабат). Қазіргі әлемдегі ең биік ғимарат
– «Сирс-Орбак» Чикагода, биіктігі 442 м, 109 қабат. Дүние жүзі
архитектурасының дамуында көптеген бағыт болды: конструктивизм,
функционализм, метаболизм, модерн, халықаралық стиль, органикалық
архитектура, рационализм. 20 ғасыр архитектурасының дамуына зор үлес
қосқан Огюст Перре бірінші болып қаңқалық құрылымдарды, темір-
бетонды қолданды, құрылысқа стандарттауды және өнеркәсіптік
әдістерді
кіргізді.
Италия
инженері
әрі
архитектор Пьер
Нерви армоцементті ойлап тауып, темір-бетонды тиімді және көркемдік
тапқырлықпен пайдаланды. Ол Римде Спорт сарайын, Флоренцияда
еңселі биік стадионды салды. Функционализмнің негізін қалаушылар
Вальтер Гропиус пен Мис ван дер Роэ «Баухауз» көркем құрылыс
мектебін
басқарды,
архитектуралық
формалардың
қалыптасу
заңдылығын зерттеді. Америка архитекторы Франк Райт органикалық
архитектураның (Пенсильваниядағы «Су үстіндегі үй», Нью-Йорктегі
«Гуггенхейм» музейі) негізін қалады. Француз Ле Корбюзьенің
архитектура тарихында алатын орны өте зор (Роншандағы капелла,
Марселдегі тұрғын-үй, Чандигархтың жобасы, ондағы тұрғын және
қоғамдық үйлер). Жапон сәулетшісі Кэндзо Тангэ жас кезінде Ле
Корбюзьенің әсерінде болған, кейін өз жолын, шеберлік арнасын тапты.
Оның Олимпиялық спорт кешені «Йойоги» 22 мың адам сиятын
стадионнан, төрт мың адамдық жабық спорт залынан тұрады. Бұл спорт
кешені
мүсіндік
сұлулығымен,
батыл
инженер-конструкторлық
шешімімен,
көлемінің
динамикасымен
ерекше
көзге
түседі.
Тарихшыларымыздың айтуынша қазіргі уақытта Қазақстан жерінде 600-
ден астам неолит және энеолит дәуірінің ескерткіштері мәлім. Неолиттік
тұрақтар орналасу сипатына қарай – бұлақ, өзен, көл, үңгір тұрағы деп
төрт түрге бөлінеді. Орталық Қазақстанда да кромлехтер, менгирлер,
дольмендер болған. Бұлардың қойылу ретінде де Мысырдағы, Орталық
Америкадағы
құрылыстар
сияқты
астрономиялық
заңдылықтар
ескерілгендігі, сол кездегі діни-нанымдарға орай салынғандығы
байқалады. Қазақстан жерінде біздің заманымыздан бұрынғы 1-
мыңжылдықта тиграхауда сақтары тайпаларының үлкен тобы
қоныстанған. Олар Қазақстан жерінің оңтүстік-шығысы мен оңтүстігін
толық игерген. Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Кеген
89
өзендері аңғарларында көптеген үлкенді-кішілі обалар шоғырланған.
Биіктігі 20 м-ге дейін жететін «патша» обалары Жетісу мен Оңтүстік
Қазақстанда өте көп. Біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырға жататын
Бесшатыр
қорымынан
(«сақ
пирамидаларынан»)
бөренелерден
тұрғызылылып, жақсы сақталған ірі құрылыстар табылды. Бұлар Орта
Азия мен Қазақстанда ағаштан салынған сәулет өнерінің ең ежелгі
бірегей ескерткіштері болып табылады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің
оң жағасында. Ол 31 обадан тұрады, олардың 21-і таспен, ал 10-ы
қиыршық таспен және топырақпен жабылған. Үлкен обалардың диаметрі
45 м-ден 105 м-ге, биіктігі 6 м-ден 18 м-ге дейін жетеді. «Алтын адам»
табылған Есік обасы үлкен қорымның оңтүстік шетінде орналасқан.
Біздің заманымыздың 6 – 7 ғасырларында керуен жолының үстінде,
Қазақстан жерінде Тараз, Құлан, Сайрам (Исфиджаб) Отырар, Сығанақ,
Құмкент, Созақ, Алмалық сияқты ірі қалалар, Ақыртас, Баба Ата,
Ақсүмбе сияқты қорған-бекіністер болған. Оңтүстік қалалары бекініс,
шаһристан, рабаттан тұрған, су құбырлары болған. Торғай, Жыланшық,
Кеңгір, Жезді, Сарысу өзендері бойынан 10 – 11 ғасырларда өмір сүрген
алпысқа жуық қалашық орындары анықталды. Бабаджа хатун күмбезі,
Айша Бибі мазары, Жұбан ана күмбезі, сәулет өнерінің күрт дамығанын
көрсетеді. Қарахан әулеті тұсында Алаша хан күмбезі, Жошы хан
күмбезі, Аяққамыр күмбезі, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі 10 – 14
ғасырлардағы Қазақстандағы сәулет өнерінің жоғары деңгейін танытады
Сөйлесеміз
Жоғарыдағы мәтінді 10 сөйлеммен баяндап беріңіздер.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.
Қазақстандағы қандай атаулы құрылыс өнерін білесіз?
2. Үшкілер үйісімен сипатталатын сәулет құрылысын атаңыз.
3. Мына ерекше құрылыс туындысының атауын атаңыз?
90
Ойқозғау
3-тапсырма. Мәтінді оқып, тақырып бойынша пікірлесіңіз.
“Әлемнің жеті кереметі дегеніміз не?” деген тақырыпта әңгіме
өрбітіңіз.
Әлемнің 1 - ші кереметі деп Египетте Каир қаласында орналасқан ең
үлкен үш пирамида Хеопс, Хефрена, Микенна пирамидаларын айтады.
Бұл қазіргі таңға жетіп отырған жеті кереметтің бірі.
2 - ші керемет ол Семирамиданың аспалы бағы; ежелгі шығыстың ең
үлкен, әрі дәулетті қаласы вавилонда болған деседі. Бұл сол замандағы
патша Навуходоносор патшаның сүйікті әйелі не арнап салдырғаны
болатын,
биіктігі
6
-
қабат
үйдің
биіктігіндей
болған.
3 - ші кереметкіші Азиядағы Эфес қаласында орналасқан әйел пірі грек
Артемиданың
ғибадатқанасын
айтады.
4 - ші кереметі деп Грецияның оңтүстігінде олимпиялық ойындар
орталығы - Олимпиядағы ғибадатханада ежелгі гректің сыйынатын
құдайларының бірі Зевстің үлкен мүсіні болған.
5 - ші Кіші Азияда Карий патшалығы деп аталатын шағын
мемлекеттің астанасы Галикарнаста (казіргі Түркияның Бодрум қаласы)
бесінші
керемет
Мавсол
патшаның
мавзолейі
болған.
6 - шы Родос алыбы деп аталады. Бұл әлемдегі ең үлкен мүсін болған,
биіктігі 36 метр биік, қоладан жасалған жас жігіт мүсіні.
7 - ші кереметі деп Александрия маягі (түнгі бағдаршам), бұл Ніл
өзенінің сағасындағы Фарос аралында, Александрия қаласында
орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |