117
қалпында ұстауға жұмсалатын (эксплуатациялық) шығыстар; б)
жылжымайтын мүлікке салынатын салық; в) мемлекеттік баж
салығы және басқа да жинаулар мен келісімдер;
сұраныс тек объектінің тұтынушылық сапасымен ғана емес,
сонымен қоса орналасу жері бойынша анықталады;
ұсыныстың төмен икемділігі, өйткені әр түрлі себептер
бойынша көп жаңа пәтерлер салу мүмкін емес, ғимараттар — берік,
ал жер — мәңгі;
нарықты
заң
нормаларымен
мемлекеттік
реттеудің
салыстырмалы жоғары деңгейі;
жылжымайтын мүлік нарығының тауарлары тек сатып
алушының қажетін қанағаттандыратын құрал болып қана қоймай,
инвестициялық қызметтің объектілері де болып табылады;
нарық қатысушылардың салыстырмалы аз саны және онда
жүзеге асатын келісімдер саны;
сұраныстың аймақ, аудан және микроаудандар бойынша
үлкен өзгерісі.
Сұраныс тұрғын үй құрылысының дамуының негізі бағыттарын
анықтайды, яғни тұрғын үй ұсынысын да. Тұрғын үйге сұраныс басқа
тұтыну тауарларынан айрықша қалыптасады. Ол көптеген факторлардың
әсерінен
пайда
болады:
экономикалық,
әлеуметтік,
саяси,
демографиялық, табиғи- климаттық және т.б. Осы сыртқы факторлардың
сұраныспен байланыстыратын тәуелділікті тұрғын үйдің сұраныс
функциясы деп атайды. Жеке тұтынушының тұрғын үй сұраныс
функциясы келесі негізгі факторларға байланысты: тұтынушының қаржы
мүмкіндіктері, халық саны, үйдің бағасы және оның қамтамасыз етуіне
жұмсалатын шығыстар, басқа тауарлар мен қызметтердің бағасы, үйдің
орналасу орны және ауданның инфрақұрылымы.
Тұрғын үй нарығындағы қысқа мерзімдегі ұсыныстың икемсіздігі
және оның сұраныстың өзгеруіне тез жауап бере алмауы, сұраныс пен
ұсыныс арасында тепе-тең бағаны орнатуға кедергі келтіреді. Бұл
қосымша тәуекелділіктерді тудырады және операциялар бойынша
банктік несиелерді жоғарлатады. Ұсыныс жалпы экономиканың
шаруашылық
конъюнктурасымен
және
саланың
жағдайымен
байланысты. Тұрғын үй ұсынысы көбінесе ел экономикасының қай цикл
фазасында тұрғанына және осы циклдің әрбір фазасының ұзақтығына
тәуелді. Тұрғын үй құрылысына инвестиция өндірістің өрлеуіне және
төмендеуіне байланысты. Сонымен қатар демографиялық тербелу —
тұрғын үй сұранысының тербелуінің басты себебі.
Ұсыныс пен сұраныс арасындағы тепе-теңдікке баға реттеушілігі
арқылы жету мүмкіндігі шектеулі, себебі сатушылар мен сатып
алушылар саны ғана емес, сонымен қатар тауар саны да шектеулі. Басқа
нарықтарға қарағанда сұраныс пен ұсыныс икемсіз. Тұрғын үй мүлігі
118
өтімділігі төмен тауар ретінде сипатталады. Жүзеге асатын келісім-
шарттардың шығындары жоғары, олар келесілерден тұрады:
бір жолғы төлеулер, салыстырмалы ірі инвестициялар;
объектіні функционалды түрде қамтамасыз етуге жұмсалатын
шығындар;
жылжымайтын мүлікке салық;
мемлекеттік баж салығы және келісімдердің басқа да
жинаулары.
Тұрғын үй нарығының жағдайы ел экономикасының жағдайымен
тығыз байланыста, сонымен қоса ол осы жағдайдың индикаторы болып
табылады: егер жылжымайтын мүлік нарығында жағдай нашарласа, онда
жалпы экономика жағдайының нашарлануын күту қажет; егер
жылжымайтын мүлік нарығында жағдай жақсарса, онда нақты
экономикада да жоғарлауды болжауға болады. Басқа жағынан, тұрғын үй
нарығы ұлттық экономиканың дамуына, ең біріншіден, экономиканың
нақты секторына ықпал етеді. Тұрғын үй нарығының дамуы аралас
(шектестік) экономика саласының өнімдеріне сұраныстың жоғарлауының
факторы болып табылады.
1-тапсырма. Мәтін бойынша ой алмасу.
Мәтінге сұрақтар қойыңыз.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Мәтінді 10 сөзбен сипаттап беріңіз.
Жазылым
2-тапсырма. Берілген сөздер мен тіркестердің мағыналарын
сәйкестендіріңіз. Талқылаңыз.
Тұрғын үй нарықтық экономиканың аса маңызды санаттарының бірі,
нарықта ұсынылған игіліктерге төлем қабілеті бар
қажеттілікті көрсетеді
Қолжетімді сатушылардың нарықта белгілі бір тауар көлемін немесе
қызмет
баспана түрін берілген уақыт мезетінде белгілі бір бағамен сатуға
деген
даярлығы
Сұраныс пайдалану құқығындағы немесе меншік құқығындағы
адамның
ұзақ және уақытша тұруына арналған ғимарат, үй
Ұсыныс айырбас құралы реті ретінде қолданылады
Нарық белгілі бір халықтың, ұлттың аумаққа бөлінуін, өсу не кему
динамикасын зерттейді
119
Ақша жалға берілетін баспана құрылысы Тұрғын құрылыс жинақ
банкі
арқылы қаржыландырылады
Демография нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылар
3-тапсырма. Төменде берілген сөз тіркестерін пайдаланып, сұхбат
құрастырыңыз.
Керекті сөз тіркестері: тұрғын үй жинақ банкі, қысқа мерзімді
ұсыныс, жылжымайтын мүлік объектісі, сатып алынатын пәтер, үйдің
бағасы, үйдің орналасқан жері мен ауданы.
Пәтер алушы:-
Банк қызметкері:-
4-тапсырма. Төменде берілген мақал-мәтелді аяқтаңыз.
Үйі жоқтың – ........................
Әдепсіз үйге кірме,
.........................................
Балалы үй – базар,
................................................
Жалғыз ағаш үй болмас,
................................................
Қайран менің өз үйім,
..................................................
Үйіңе қонақ келсін,
..................................................
5-тапсырма. Антонимдерді бір-бірімен сызықтар арқылы
байланыстырыңыз.
Ұзынырақ қымбаттау
Артықтау кемдеу
Ағырақ жамандау
Жақсылау қысқарақ
Арзандау қаралау
6-тапсырма. Сөйлемдерді мәтін бойынша толықтырыңыз.
1. Жеке тұтынушының тұрғын үй сұраныс функциясы келесі негізгі
факторларға байланысты: тұтынушының қаржы мүмкіндіктері,
халық саны, үйдің бағасы және ..............
2. Субъектіге иемденген мүлікті иемдену, пайдалану .....................
Достарыңызбен бөлісу: |