95
(Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады.
Оның қолданылған, жазылған жылдары 5-7 ғасырлардың аралығы. Бұлай
мақтан табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны
қазіргі кезде шамамен 150-дей.
2.Талас ескерткіштері. Бұлай мақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан,
Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде
көпшоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі
бірыңғай 8 ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты.
3.Орхон
ескерткіштері. Моңғолиядағы Орхон, Селенг, Тола
өзендерінің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған
ескерткіштер
жатады.
Қолданылған
мезгілі
7-8
ғасырлар.
Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді
жазбалар осы топқа жатады. Бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан
«Құтлығқаған», «Білгеқаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «КүліЧор» және
«МойынЧор» ескерткіштерінің орны ерекше.
Көне түркі жазуы, түркі руникалық жазба ескерткіштері – 7–9
ғасырлардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі
әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы
қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін,
географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен
дүниетанымын білуге болады.
Иссык жазба ескерткіш— сақ дәуірінен қалған жазба ескерткіш (б. з. д.
5—4 г.). 1970 ж. Ӏле өңірінің тау бектеріндегі Есік қаласы іргесіндегі Сақ
заманынан қалған үлкен қорымнан алтынға бөленген жауынгер мәйіті
және оның түрлі заттары, сонын ішінде жұмбақ жазуы бар күміс
тостағанша табылған. Оның сырт жағына руна тәріздес 26 таңба ойылып
жазылған. Ескерткіштің құндылығы — біріншіден, ертедегі Қазақстан
жерін мекендеген сақ тайпаларының тілі көне түркі тілі екендігін,
екіншіден, бұдан 2500 жыл бұрын түркі тектес тайпалардың әліпбилік
жазуы болғанын дәлелдейді:
Могоилян жазба ескерткіш — Орхон өзені бойынан табылған көне
түркі ескерткіші (7 ғасырдың соңы). Ескерткіш Құтлұғ(Қабаған)
қағанның баласы Могилянға арналған, мәтінін жазған Иоллығ Тегін, оны
тапқан Н. М. Ядринцев, алғаш рет оқыған В. В. Радлов. Жазуда
Могилянның, Күлтегіннің, Тоныкөктің жорықтары баяндалған.
96
Мойунчур ескерткіші — Орхон-Енисей көне түркі жазуымен 759 ж.
жазылған ескерткіш. Оны Солтүстік Моңғолияда 1909 ж. тапқан Г. И.
Рамстедт. Ол — ескерткіш мәтінін немісше аударып, 1913 ж. жариялаған.
Бұл еңбекті Н. Оркун түрік тіліне, С. Е. Малов 1959 ж. орыс тіліне
аударып жариялаған. Ескерткіш "Селенге тасы" деп те аталады. Мойун-
чур сол кездегі ұйғыр мемлекетінің ханы болған. Ескерткіш мәтінінде
жер-су, адам, тайпа, халық (ұйғыр, оғыз, тоғыз, татар, қырғыз, түркеш,
түрік, соғды, қыпшақ т.б.) атаулары кездеседі. Ескерткіште әңгіме оғыз
тайпасының өкілі атынан баяндалады.
Орхон ойма жазулары — Моңғолияның Орхон, Селенге өзендері
бойынан табылған көлемді әдеби мұралар, хан әулетінің құлпытастары,
7—8 ғғ. жазылған көне түркі руникалық ескерткіштері болып табылады.
Оған Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлі-чур, Мойун-чур т.б.
ескерткіштер жатады. Ескерткіштер мен ондағы жазбаша деректерді
ашып жариялаған — Н. М. Ядринцев, В. Томсен, В. В. Радлов.
Сөйлесеміз.Мәтін бойынша ой алмасу.
Оқылым бойынша тапсырмалар:
1.Мәтінге сұрақ қойыңыз.
2.Ескерткіш сөзінің мағынасы?
3.Көне түрік жазулары қай ғасырдарда үлкен аймақтарға тараған?
Көне түрік жазуларын ғалымдар қанша бөліктерге бөліп қарастырды?
№2 Оқылым.Мәтінді оқыңыз.Мәдени ескерткіштер
Оңтүстік Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері
Айша бибі кесенесі- Қазақстандағы сәулет өнері ескерткіші. ХІХ ғ.
салынған. Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында
орналасқан. Кесене құрылысын 1897ж. В.А.Киплаур, 1938-39жж.
97
А.Н.Бернштейн жасаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және
материалдық мәдениет экспедициясы. 1953 ж. Қазақстан ҒА-ның
экспедициясы зерттеген Күмбезді Қарахан (Әулие Ата) салдырған. Бірақ
кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Пішіні шаршыланып
біткен. Ауданы 7,6х7,6м. бұрыштар бағаны- тіреулер арқылы көтерілген.
Кесене ортасында кұлпытас (3х1,4м) орналасқан. Батыс жақ қабырға мен
бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның ортасында
сүйір арқылы текше жасалған.
Бабажы-қатын кесенесі – Қазақстандағы — 10 — 11 ғасырлардан сақталған сәулет
өнері ескерткіші. Тараз қаласынан 18 км қашықтықтағы Айша бибі кесенесінің
маңында орналасқан.1897 жылы В.А. Каллаур, 1938 жылы А.Н. Бернштам, 1953
жылы Т.Қ. Бәсенов зерттеген. Текше тәрізді тік бұрышты, қызыл кірпіштен
тұрғызылған ескерткіштің ауданы 6,8х6,8 м, биіктігі 5 м-ден астам; қабырғаларына
қаланған кірпіштерінің көлемі 24х24х5 см. Қасбеті мен 2 қапталы бір-біріне ұқсас,
мәнерлеп қаланған кірпіштен күн тәрізді өрнектер жасалған. Жоғары жағы аркалы,
ішке кірер есік шығыс жақ қабырғасында. Қабырғалардан сегізқырлы барабанға
ауысатын тромпбелдеу жасалған.
Қарахан кесенесі - Қазақстанда 11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші.
Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі
хан Ша-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. Күмбезі ғана құлаған
кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы 19
ғасырдың 90-жылдарына шейін сақталған. 1905 жылы оның құлаған бөлігі түгелдей
бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған. Жаңа құрылысты сол
Достарыңызбен бөлісу: |