5
1-тақырып. Тәрбие басы - әдептілік.
Тыңдаймыз. Оқимыз.
Сөздік қор:әдептіліктің маңызды шарты, өмірлік ұстаным, тәрбиелік
нышандарының бірі, міндеттер, талаптар, дөрекелік пен жасампаздық,
тұлға, тілі таба білу, жеке пікірін сыйлау, басқа адамдардың пікірін
сыйлау, негізгі өлшем.
Ойтүрткі
-Әдептілік дегенді қалай түсінесіз?
- Сіз ортаңызда адамдармен қалай сөйлесесіз?
-Ұсыныс, тілектеріңізді білдіруде қандай тілдік орамдар қолданасыз?
Оқылым.
Тәрбие басы- әдептілік
Жақсы сөйлеу, сыпайы сөйлеу-әдептіліктің маңызды шарты. Жақсы,
орынды сөйлеп, елдің тілін таба білу іскер адамға пайдалы. Адамдар бір-
бірімен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы
көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекелік пен
жағымпаздық қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін
сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа
адамның пікірін сыйлау және тәрбиесін қабылдай білу. Қарым-қатынас
мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қарым-қатынас жасайтын адамға
құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адаммен сыйластықпен қарау
жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Сонымен қатар мынандай әдеп ережелерін ұстанған жөн: 1.Әрқашан
жақсылық жасаймын деген тілекпен өмір сүр,ал жақсылық жасадың
екен,ол туралы ешқашан есіңе алма,тағы да жақсылық жасауға асық.
2.Бәрін
ықыласпен
істеуге
тырыс,
бар
ниетпен
істеуге
үйренбейінше,жақсылық жасауды үйренген жоқпын деп сана.
3.Барлық жерде барлығымен,әсіресе жасы үлкен адамдармен амандасып
жүр.
4.Кедей,науқас,қамыққан,мұқтаж
адамдарға қолыңнан келгенше
көмектес.Бұны бар ықыласпен істе,шын жүрегіңмен,бар көңілмен мұң-
мұқтажын толтыр.
5.Өз
бойыңдағы
сараңдықты,жалқаулықты,даңғазылықты,екі-
жүзділікті,өркөкіректікті жең.Адамдарға сен.
6.Бұл
істің
тәжірибесін
басқаларға
айтып,жеткіз,бірақ
бұған
мақтанба,көкірегінді көтерме.Қарапайым бол!
Отан отбасынан басталады.Тәрбие басы-әдептілік. Отбасы – шағын
мемлекет.
6
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай
көрініп, қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-
туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады
/Н. Назарбаев/
Ойтүрткі
Шаңырақ деген не?
Шаңырақ көтерген екі адамның міндеті қандай?
Ұрпақ жалғасы кімдер?
Отбасы мүшелерін қалай атай аласыз?
Кішкентай баланы қалай тәрбиелеу керек?
Сен үйдің кенжесісің бе (ортаншысысың ба/тұңғышысың ба)?
Саған нағашы туысың жақын ба әлде өз туысың жақын ба?
Сен үшін отбасыңдағы ең жақын адам кім? Неге?
Сен өз отбасың туралы не айтар едің?
Тыңдаймыз оқимыз
1-тапсырма. Тірек сөздермен жұмыс.
бауыр, жиен, жеңге, нағашы, апалы-сіңілі, ағайын, ағалы-інілі,туыс, бөле,
жезде, шаңырақ, ата-ана, әрқайсысы, орнын білу, адамгершілік, ар-
намыс, абырой, тәрбиелеу, жауапкершілік, жауапты, міндет, нәресте,
ертеңгі азамат, ұрпақ жалғасы, қоғамды құрушы, өмірге көзқарасы,
бағыт, нәтижесінде, рухани, жат қылықтар, болашақ, кері, әсер етеді.
2-тапсырма. Тірек сызба арқылы шағын мәтін құрыңыз.
тату ... қаласы ... үй .. пәтер
... адам .. бала-бақша
олар: Менің отбасым жоғарғы оқу
орны …
ана,әке
әже,ата жақсы көремін
аға,әпке
сіңілі, іні
зейнеткер жұмыс істейді ... мектеп ...
7
Фразеологиялық сөздік. 1. Көзі ашық – букв. с открытыми глазами
–
грамотный, образованный, мыслящий.
2. Жүрек жұтқан – букв. проглотивший сердце
– бесстрашный, храбрый, смелый
3.Қанына сіңген – букв. впитавшийся в его
кровь
- вошедший в кровь и плоть, в крови
4. Жүрек жарды сөз – букв. слова, раскалывающие
сердце – радостная весть, проникновенное слово.
3-тапсырма: Мақалды аударып, мағынасын түсіндіріңіз.
Үлгі:
Мақал. 1. Әке – асқар тау, 2. Қарға баласын аппағым дер,
Ана – сарқылмас бұлақ. Кірпі баласын жұмсағым дер.
Отец как вершина горы, Ворона говорит о своем дитяти мой
беленький,
Мать – неиссякаемый источник Ежиха говорит о своем дитяти мой
мягонький.
1.Баланың ұяты - әкеге,
Қыздың ұяты – шешеге.
2. Баласыз ана – жеміссіз ағаш.
3. Төркінге сенгеннің төбесі тесік.
4. Ағайын-туған кімде жоқ,
Сыйласпаса одан жат жуық
5. Ұл бала – қонысың,
Қыз бала – өрісің
6.Ағаны көріп іні өсер,
Әпкені көріп сіңілі өсер.
Әрекетті сөздер. Тапсырма: Мақалды аудар, мағынасын
түсіндір.
амандасу 1. Мың досың аз, бір дұшпаның көп.
қоштасу 2. Досың берген нәрсенің түсіне
қарама.
шақыру 3. Жығылған сүрінгенге күледі
қонаққа келу
сөйлесу
сырласу
беру
Достарыңызбен бөлісу: |