Испандиярова А. Т., Мукашева Р. А



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет26/38
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#14746
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38

 
85 
 
Жағдаяттық  тапсырма:  Сіз  жұмысқа  орналасу  мақсатында  ірі 
аудиторлық  компанияға  сұхбат  беруге  келдіңіз.  Сіздің  әрекеттеріңіз: 
қалай киінесіз, қалай сөйлейсіз, өзіңізді қалай ұстайсыз? 
 
Жоба үлгісін ұсыныңыз. 
Жоба: «Қазақтың ұлттық киімінің қазіргі заманғы үлгісі» 
Жоба жасаудың кезеңдері: 
-  Ұлттық киімдегі адамдардың суретін жинаңыз; 
-  Еуропалық үлгідегі киім киген адамдардың суретін жинаңыз; 
-  «Сымбат» журналын оқып, киім үлгілерін қараңыз; 
-  Өздеріңіз жасаған киім үлгілері жобасын топта талқылаңыз; 
Жобаны слайд арқылы көрсетіңіз. 
 
10-тақырып.  Сәулет және құрылыс өнері 
 
1-тапсырма: Тірек сөздермен жұмыс. 
Қоғамдық ғимараттар,тұрғын үйлер,эстетикалық 
тағам,кромлехтер,сәулет туындылары, бекініс және су 
қоймалары,пирамидалар,тіршілік ортасы,өнеркәсіптік 
кешендер,үңгірлер,ғибатханалар,Аяққамыр күмбезі,Алаша хан күмбезі. 
 
Ойтүрткі 
1. 
Сәулет өнерінің басқа салалармен байланысы қандай? 
2. 
Біздің  заманымыздан  бұрынғы  мыңжылдықта  ірі  тастан  қаланған 
монументті құрылыстарға нені жатқызуға болады? 
3. 
Сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан елдердің бірі? 
4. 
Сәулет және құрылыс өнеріне өз көзқарастарыңыз қандай? 
 
Сөйлесеміз 
Мәтінді оқыңыздар 
  Оқылым №1 
       Сәулет және құрылыс өнері – құрылысты жобалау, салу, оған 
көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал 
грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны 
білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік 
ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға 
арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай 
болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік 
кешендер. 
 


 
86 
                                      
 
Сәулет  өнері –  техниканың,  ғылымның  және  өнердің  тоғысқан  жері. 
Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар 
неолит  кезінде  үйді  ағаштан,  қамыстан,  талдан  және  балшықтан  салды. 
Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. 
Біздің  заманымыздан  бұрынғы  2-мыңжылдықтың  ортасында  ірі 
тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен 
дольмендер  пайда  болды. Менгирлер тігінен  қойылған  биік  тастар 
тізбегінен  тұрады.  Дольмен  –  қатар  қойылған  екі  тастың  үсті  үшінші 
таспен  жабылып,  біріне-бірі  жалғасып  келетін  дәліз  іспеттес.  Сәулет 
өнерінің  дамуына  зор  үлес  қосқан,  елдің  бірі  – Грекия.  Көне  грек 
архитектурасының  ең  күшті  дамыған  кезі  –  біздің  заманымыздан 
бұрынғы 

ғасырдағы 
Периклдың 
билік 
құрған 
тұсы. 
Алдымен, Афина қаласының ең биік жеріндегі жартасқа ауданы 300Х130 
м  жерге  Акрополь  салынды.  Ортасында  сәулетшілер  Иктин  мен 
Калликрат  Парфенон  ғибадатханасын  ұзындығы  70  м,  ені  31  м  (біздің 
заманымыздан бұрынғы 448 – 438) тұрғызды. Ғимарат шатырын биіктігі 
он  метрге  жуық,  136  (периметріне  қойылған)  бағана  ұстап  тұрды.  Ішіне 
Фидий  жасаған  Афина  мүсіні  орнатылды.  Грек  сәулетшілерінің 
дүниежүзілік  архитектураға  қосқан  бір  жаңалығы  –  архитектуралық 
ордерлер жүйесі. Ордерлік жүйе бірнеше құрамдас бөліктен тұрады және 
олардың  өзара  орналасу  тәртібі  бар.  Ең  басты  белгісі  –  бағана,  олардың 
ұшар басы капитель деп аталады. Бағаналар – антаблементті (арқалықты) 
көтеріп  тұрады.  Ордерлік  жүйенің  үш  негізгі  түрі  болған:  дори,  ионика 
және  коринф  ордерлері.  Рим  сәулет  өнері  дамудың  үш  кезеңінен  өтті: 
патшалық  дәуір  (біздің  заманымыздан  бұрынғы  8  –  6  ғасырлар); 
республика  кезеңі  (біздің  заманымыздан  бұрынғы  5  –  1  ғасырлар)  және 
императорлық  дәуір  (біздің  заманымыздан  бұрынғы1  ғасыр  –  біздің 
заманымыздың 5 ғасыры). Римнің дүрілдеп тұрған кезінде туған құрылыс 
–  Пантеон,  құдайлар  құрметіне  орнатылған  ғимарат.  Оны  сәулетші 
Аполлодор  Дамасский  118  –  125  ж.  салған.  Диаметрі  43  м.  дөңгелек 
қабырға  тұңғыш  рет  күмбезбен  жабылды.  Кірпіш  аралас  бетон  қабырға 
алтын  түсті  сарғылт  мәрмәрмен  қапталды.  Пантеонның  диаметрі  мен 
биіктігі  бірдей  –  43,5  м.  Жарық  жоғарыдан  диаметрі  9  м  тесіктен  түсіп 
тұрады. Римнің таңқаларлық құрлыстарының бірі – 80 мың адам сиятын 
Колизей амфитеатры, онда ордерлер жүйесі қолданылды. 


 
87 
                        
 
       Еуропа  елдерінде  17  ғасыр  мен  18  ғасырдың  1-жартысына  дейін 
дамыған  барокко  стилінің  басты  ерекшелігі  сәулеттік  туынды  тіп-тік, 
тақтадай  жазық  болмайды,  оның  әр  қыры  мүсіндік,  болмаса  әшекейлі 
әлеміштермен  өрнектеледі,  сәулетші  мүсінші  сияқты  кең  тыныспен, 
қиялға еркін беріліп жұмыс істейді. Еуропа елдерінде 17 – 19 ғасырларда 
классицизм  стилі  дамыды.  Бұл  бағыт,  ежелгі  дәуір  архитектурасы  мен 
ренессанстық  архитектураның  композициялық  әдістері  мен  түрлерін 
жетілдіруден  туған.  Шығыс  архитектурасының  тарихы  біздің 
заманымыздан  бұрынғы  мыңыншы  жылдардан  басталады.  Үндістанда 
мінажат  үйлерінің  сәулетті  нұсқалары:  ступалар,  үңгір-ғибадатханалар 
және  жер  үсті  ғимараттары  салынды,  зәулім  сарай  кешендері  пайда 
болды.  Үнді  архитектурасы  композициясының  байлығымен,  түрінің 
әсемдігімен  және  мүсіндік  бейнелердің  әсерлілігімен  көз  тартады.  Олар: 
біздің  заманымыздан  бұрынғы  1000  ж.  салынған  Каджураходағы,  14 
ғасырда 
салынған 
Танджордағы 
ғибадатханалар. 
Қытай 
архитектурасының  басты  ерекшелігі  өз  елінің  сенім-нанымынан  туып, 
тұрмыс-тіршілігіне 
және 
табиғатына 
сай 
келеді. 
Жалған 
монументалшылдық  пен  бос  әлеміштер  кездеспейді.  Әр  тетік  лайықты 
орнында тұрады, бар нәрсенің қолданыс табуы ақылға сыйымды. Әлемге 
әйгілі  Ұлы  Қытай  қорғаны  біздің  заманымыздан  бұрынғы  3  ғасырда 
салынған,  Цзяюйганьнан  (Ганьсу  провинциясы)  Ляодун  шығанағына 
дейін  созылған.  Ежелгі  Жапония  архитектурасының  жетістіктері 
ғибадатхана  кешендерімен  байланысты.  Атап  айтқанда  олар:  Нарадағы 
(көне  астана)  Хорюдзи  (7  ғасыр),  Якусидзи  (7  –  8  ғасырлар),  Удзидегі 
Бедоин  (11  ғасыр),  Киото  қаласының  түбіндегі  Дзиседзи  (15  ғасыр) 
ғибадатханалары.  Бұл  көне  құрылыстардың  кейбір  композициялық 
құрылымы  14  –  18  ғасырларда  өз  жалғасын  тапты.  19  ғасырдың  2-
жартысынан  бастап,  20  ғасырдың  басында  әлемде  өндірістің  жаңа 
түрлерінің  пайда  болуына  байланысты  фабрикалар,  зауыттар,  электр 
стансалары,  вокзалдар,  аңғарлар,  гараждар,  элеваторлар  салынды  және 
банктер,  биржалар,  фирмалар  жұмыс  істей  бастады.  Қалаларда  көп 
қабатты үйлер бой көтерді, театрлар, музейлер, ауруханалар, ғылым және 
оқу ғимараттары салынды. Құрылыс техникасының дамуына байланысты 
бұл  кезеңде  металл,  әйнек,  темір-бетон  кеңінен  пайдаланылды.  Үлкен 
кеңістіктерді  жаба  алатын,  зәулім  үйлер  тұрғызуға  мүмкіндік  беретін 
жаңа  жүйелер  мен  тәсілдер  туды  (ірі  блокты,  ірі  панельді  қабырғалар, 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау