113
Мақал – мәтел жалғасы:
Туған үйдің түтіні жылы,
Туған ананың күтімі жылы.
Түтін шыққан үй жылы,
Төскейлей шыққан күн жылы.
Үй баласымен базарлы,
қонағымен ажарлы
Үй болған соң шыны-аяқ сылдырламай тұрмайды.
Үйге кірген жыланды да басына ақ құйып шығарады.
Үйге ұт кірді —егіншінің көкейіне құт кірді.
Үйге ұт кірді —егіншінің көкейіне құт кірді
Үйде шешен ,дауға жоқ,
Үйде батыр, жауға жоқ.
Үйді қырық еркек толтыра алмайды, бір әйел толтырады.
Үйдің басын қатын қосар,
Елдің басын батыр қосар.
Үйдің жылы-суығын қыс түскенде білерсің,
Ағайынның алыс-жақынын іс түскенде білерсің.
Үйдің көркі — сандық.
Үй иесі мейірлі отырса, қонақ көңілді отырады.
"Үйлері қоңыр екен" деп
көп ауылдан кетпеңіз.
"Үй менікі" демеңіз үй артында кісі бар.
Үй ортасына шала тастама,
Сөз ортасына жала тастама.
Үй үйге сыймағанмен, ел елге сияды.
114
Үйі жоқтың көңілінде алтын сарай жүреді.
Үйі жыртық тамшы жейді,
Жалқау тантық қамшы жейді.
Үйіңде асы жоқтың көңілінің хошы жоқ.
Үйіңде асы жоқтың түзде досы жок,
Үйінде ұл-қызы бардың көгінде сөнбес жұлдызы бар.
Үйінен қырық қадам шыққан адам — мүсәпір.
Үйінде екі сиырың болса — айран,
екі қатының болса — ойран.
Үйінде қартың болса — асыл қазынаң.
Үйіңе қонақ келсін,
алыстан сұрап келсін.
Үйің жаман болса, күйің жаман.
Үйің үй-ақ екен,
ішінде ойнайтын баласы болса.
Үй ішінен жау шықса,
тұра қашып құтыла алмассың.
12-тақырып. Тұрғын үй – 2050.
115
Тыңдаймыз оқимыз
Тірек сөздермен жұмыс.
Тұрғын үй, тұрғын үй құрылыс секторы, даму стратегиясы, тұрғын үй
нарығы, жеке меншік, жылжымайтын мүлік, сұраныс пен ұсыныс, сату-
сатып алу, жалға беру, капитал салу әдісі, объекті мен субъекті, нарық
конъюнктурасы.
Ойтүрткі
1.Тұрғын үй құрылысы дегеніміз не?
2.Даму стратегиясы дегенді қалай түсінесіз?
3.«Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауында не туралы
айтылған?
4.Тұрғын үй нарығының қарқыны дегеніміз не?
5.Тұрғын үй қоры қалай құрылады?
Сөйлесеміз
Мәтінді оқыңыздар
Оқылым
Тұрғын үй құрылысы Қазақстанның 2050 жылға дейiнгi даму
стратегиясының басым бағыттарының бiрi болып танылды және ол
жалпы ұлттық сипаттағы неғұрлым маңызды мiндеттердiң бiрi болып
табылады.
Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуы кезеңінде
ұлттық экономиканың барлық салаларын модернизациялау маңызды
стратегиялық бағыт болып табылады. Ел экономикасын көтеру, сондай-
ақ халықтың басым бөлiгiнiң өз тұрғын үй жағдайларын жақсартуға
ұмтылысы республикада тұрғын үй құрылысының өзектiлігіне себепшi
болды. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан
халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты 2009 жылғы
116
Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы, тұрғын үй
құрылысы сияқты өзекті мәселелерге назар аударған. Қазақстандық
заңгерлердің пікірінше, «тұрғын үй» және «тұрғын үй (тұрғын жай)»
терминдерін бұлай талқылау олардың маңыздылықтарын теңестіреді. ҚР
территориясындағы барлық тұрғын үй мемлекеттік тұрғын-үй қорын
құрайды. Тұрғын үй заңында пайдаланылатын «тұрғын үй» термині
тұрғын үйдің заңды тәртіп ерекшелігін жылжымайтын мүлік ретінде
анықтайды. Тұрғын үй нарығының мәселелеріне арналған ресейлік
әдебиеттерде «тұрғын үйдің» ерекшеліктерін және өзгешеліктерін
көрсететін анықтамалар келесідей. «Тұрғын үй — бұл пайдалану
құқығындағы немесе меншік құқығындағы адамдардың ұзақ және
уақытша тұруына арналған ғимарат, үй». «Тұрғын үй — бұл адамның
өмір сүруімен жә не оның жанұясымен байланысты, жеке дербес және
топтық қажеттіліктерді қамтамасыз етуші объект». «Тұрғын үй — бұл
сәйкес заңдармен тұрғын үй қорына кіретін, жылжымайтын мүлік
объектісі. Субъектіге иемденген мүлікті иемдену, пайдалану және билеу
құқығы беріледі. Яғни, иемденген мүлік субъектінің меншігі екенін
растайтын, құқықпен қамтылады».
Тұрғын үй нарығы адамдардың қызметіне, экономикаға үлкен ықпал
тигізеді, жалпы және арнайы функцияларды орындайды. Тұрғын үй
нарығының қалыптасуына бірнеше шарттар болу қажет. Біріншіден, бұл
жеке меншіктің көп түрлі формасы. Екіншіден, нарыққа тауардың
сатушыдан сатып алушыға жылжуын қамтамасыз ететін нақты
құқықтық-ұйымдастырушылық
формалар
қажет.
Үшіншіден,
өндірісшіден
сатып
алушыға
ақша-қаражатының
айналымын
ұйымдастыратын банкілік және несиелік жүйе болу керек. Төртіншіден,
тұрғын үй нарығының конъюнктурасы жайында толық, түсінікті және
қолжетерлік ақпаратпен қамтып тұратын ақпарат жүйесі болу қажет.
Бесіншіден, сатушы мен сатып алушының құқығына кепіл беретін
сақтандыру мекемелері. Алтыншыдан, тұрғын үй нарығы арнайы
дайындалған мамандарды қажет етеді: риэлторлар, маркетологтар,
делдалдар және т.б.
Тұрғын үй нарығында операцияларды жүзеге асыру барысында
бірнеше ерекшеліктерді есепке алу қажет:
нарық жайылтпаушылығы (локализация), себебі бұл
нарықтың тауары бірегей және жылжымайды, ал олардың
құндылығы сыртқы ортаға тәуелді;
нарық жағдайы туралы ашық ақпарат толық емес және
сенімсіз болу мүмкін, себебі жылжымайтын мүлік бойынша
келісім-шарттар жиі құпиялы және сирек сипатта болады;
жылжымайтын мүлікті иелену және онымен келісім-шарттар
іске асыру кезінде шығындардың төрт түрі болады: а) бір жолғы
салыстырмалы ірі инвестициялар; ә) объектіні функционалды
Достарыңызбен бөлісу: |