9
журналистердегідей қорғауға ие болу құқықтары бар. Бұл өлшемдерге қоғаммен
жұмыс жасау және қоғам үмітін ақтау, кәсіби стандарттар немесе редакциялық
бақылаумен, бұқаралық ақпарат құралдары мақсатымен, бұқаралық ақпарат
құралдары ретінде жұмыс жасағысы келетін, Интернет-БАҚ журналистері мен
азаматтық журналистер, блогерлердің мақсаттары кіреді.
xxii
Интернет-журналистер және азаматтық журналистер, блогерлердің басқа да
құқықтары.
Онлайн-журналистер және азаматтық журналистер, блогерлер, адам құқығы
саласындағы халықаралық құқықпен кепілденген адамдар құқығына ие:
1. Мәжіліс, қауымдастық және оларға қатысу құқығы: бұл және басқа да
құқықтар саяси және азаматтық құқық туралы Халықаралық пактінің 21,
22, 25-баптарымен кепілденген. Әр адам отырыстар мен әлеуметтік
топтарға қатысып және мобилизациялау, қосылу, жасау мақсатында, веб-
сайт, қосымша немесе басқа да қызметтерге, сонымен қатар Интернетте
бейбіт наразылық құқығын таңдау еркіндігіне құқылы. Және де, әр адам
онлайн-петиция қолтаңбасында және заңнамалық бастамаларда,
жергілікті, ұлттық және жаһандық дебаттарда қатысу үшін Интернет-
құралдарын қолжетімді қолдану еркіндігіне құқығы бар.
xxiii
2.
Мәліметтердің құпиялығы және қорғалуы: бұл құқық саяси және
азаматтық құқық туралы Халықаралық пактінің 17- бабымен кепілденеді.
Интернеттегі отбасылық және жеке бас өмір құқығына сіздің
хабарламаларыңыздың құпиялығын құрметтеу және дербес мәліметтерді
қорғау кіреді.
xxiv
3. Оқу мен білімділік құқығы: мәдениет және экономикалық, әлеуметтік
құқықтар туралы Халықаралық пактінің 13-бабымен кепілденген.
Интернет контекстінде бұл құқық әр адам ресми тілде онлайн-оқуға қол
жетімділігі болуы қажет дегенді білдіреді. Әр адам Интернетте өз
еркіндігі мен құқығын іске асыру үшін, оқу мен сандық білім алуға
мүмкіндіктері болуы қажет.
xxv
4. Өздерінің еркіндіктері мен құқықтары бұзылған жағдайдағы құқық
қорғаудың тиімді құралдарына құқығы: Саяси және азаматтық құқық
туралы Халықаралық пактісінің 2-бабына сәйкес, адам құқығы бұзылған
жағдайда мемлекет құқық қорғаудың тиімді құралдарын қамтамасыз етуі
тиіс. Бұл құқық Интернет мәнмәтінінде Интернет-провайдерлары
өздерінде бар барлық мүмкіндіктер мен құқықтардың бәрінен хабардар
етіп, сонымен қатар оларды қалай алу керектігін білдіреді. Қосымша
ақпарат және ұсыныстармен адам құқығы бойынша мемлекеттік
органдар және ұлттық мекемелер қамтамасыз етулері тиіс. Жергілікті
билік Интернет желісін қолдану болмаса Интернетте жасалған
қылмыстық әрекеттердің барлығынан қорғаулары тиіс.
xxvi
10
2 ТАРАУ
Интернет-БАҚ журналистері және азаматтық журналистер, блогерлердің
ой еркіндігі құқықтарының шектелуі.
Ойды білдіру еркіндігігіне шектелу.
Ойды білдіру еркіндігінің заңды шектеулері қандай?
АСҚХП 3 тармағы, 19 бабы ойды еркін білдіру құқығын іске асыру «заңмен
белгіленіп және қажет болып табылатын кейбір шектеулермен ұштасуы қажет»
мүмкіндігін екендігін қарастырады:
(а) өзге тұлғалардың беделі мен құқығын құрметтеу үшін;
(б) тұрғындардың адамгершілік немесе денсаулық, қоғамдық тәртіп,
мемлекеттік қауіпсіздік қорғаны үшін.
Бұл қағидадағы, ойды білдіру еркіндігіне құқықты заңды шектеу келесі
талаптарға сәйкес келуі тиіс:
• болжалды және қол жетімді, айқын, заңмен қаралған болуы (заңдық
өлшем);
• АСҚХП (б) және 19 (3) бабында аталған заңды мақсаттардың бірін
көздеу, атап айтқанда: (i) басқа тұлғалардың беделі мен құқығын қорғау
үшін немесе (ii) тұрғындардың адамгершілік немесе денсаулық,
қоғамдық тәртіп, мемлекеттік қауіпсіздік (легитимдік өлшем) қорғаны
үшін.
• қажеттілігіне қарай болжалды мақсатқа қол жеткізуге қажетті неғұрлым
тиісті шектеу құралдары және дәлелі болу (қажеттілік өлшемі).
Бұдан басқа, кез келген ойды еркін жеткізу құқығын шектеуші заңнама, мұндай
заңнаманы орынсыз қолдануға қарсы құрал мен наразылық мүмкіндігін қоса
алғандағы, теріс пайдаланушылыққа қарсы тиісті кепілдемемен, кемсітушілік
те, негізсіз де болып табылмауы үшін, қандай да болмасын саяси,
коммерциялық немесе басқа да ықпал әсеріне қатыссыз органмен іске
асырылуы тиіс.
xxvii
Ақыр соңында, саяси және азаматтық құқық туралы Халықаралық пактімен
кепілденген, адам құқығын қорғау ережесі, ешкімге де АСҚХП-мен
мойындалған, еркіндік пен қандай да бір құқықты жоюға бағытталған қандай да
болмасын әрекеттер немесе істермен айналысу құқығын бермейді
xxviii
;
Еуропалық адам құқығы бойынша сотымен (ЕАҚС) шешілген, Ахмет
Елдеримнің Түркияға қарсы Ісі
xxix
, Интернетте өз ойын еркін жеткізуді шектеу
саласындағы сөз еркіндігінің халықаралық стандарттарын қолданудың үлгісі
болып табылады. Іс Түркиядағы Google сайттарын шектеу туралы сот
шешімінің нәтижесінде блогын көру мүмкін болмаған аспирант тарапынан
көтерілген. Сот шешімі өзге адамның ойын білдіру құқығын шектеуге
шығарылған , ал аспирант қосымша салдар болды. ЕАҚС түріктік заңнама
ешқандай сот шешімін бермегенін (заңдық өлшем сақталмаған) атап өтіп,