19
БАҚ-ты
конвергенттік ортада реттеу
мәселесіне:
Кім бұқаралық коммуникацияны бақылауға тиіс: стандарттарын жасап
және олардың орындалуын бақылау?
Әр түрлі БАҚ-тың мазмұнына болашақта қандай стандарттар
қолданылуы тиіс? Баспа және хабар таратушы бұқаралық ақпарат
құралдарына
қолданылатын
стандарттар,
интернет-БАҚ-қа
да
қолданылуы мүмкін бе? Адамдар интернет-контентке қарағанда,
теледидар бағдарламалары үшін неғұрлым жоғары деңгейлі қорғауды
күте ме? Шегін қай жерден жүргізу қажет?
Кімдер интернет-ортада журналистер және журналистер емес
(азаматтық журналистика) болып табылады? Интернет-журналистермен
қандай құқық кепілденуі қажет?
Реттеуші органдар арасында конвергенция қажет пе?
Қоғамдық қызығушылыққа құндылығын білдіретін, дұрыс әрі бәсекеге
қабілетті сандық БАҚ-ты қалай қамтамасыз етуге болады?
Каковы государственные пошлины для Конвергенттік БАҚ-қа
мемлекеттік баж салығы қандай? Мемлекетте дәстүрлі БАҚ-тың
конвергенттікке өту үдерісіне араласуы тиіс пе? Олар жаңа медианың
дамуына себепкер болулары тиіс пе?
Конвергенттік ортада БАҚ-ты қалай реттеу қажет?
Заңнамадан еркін аймақ ретіндегі интернет болмайды. Бақылау қажет, мысалы
үшін, Интернет арқылы таралатын терроризмге арандатушылық, балалар
порнографиясы, және т.т. қатысты жалпы келісім бар. Дегенмен, мемлекет
Интернеттегі диффамация туралы заңнаманы қолдану туралы, провайдерлердің
жауапкершіліктері және басқа коммуникациялық құралдарын қолдану жайлы
ешқандай келісімге әлі жеткен жоқ.
БАҚ конвергенциясын реттеу моделіне ерекше тәсіл әзірге жоқ. Кейбіреулер
бұл жерде радикалдық тәсіл қажет деп есептеп, ережелер мен реттеулерді
өзгертуге шақырады; кейбірі қазіргі кезде қалыптасқан статус-кво-ны қолдаса,
қайсібірі өздігінен реттелу мен бірлесіп реттеуді ұсынуда.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы конвергенциясы туралы қандай заңнамалық
шешімге қол жеткізілсе де, одан тәуелсіз түрде олар БАҚ плюрализмі және
еркіндігі, ой еркіндігіне құқықты қамтамасыз етулері қажет.
Журналистердің
тексерілмеген
интетнет-дереккөздерін
қолдануларына
қатысты, Украинаға қарсы «Әділ іс» редакция алқасы және Штекель ісінде,
ЕАҚС ойды еркін білдіру құқығын Интернеттегі журналистердің ойларын
білдіру еркіндіктерін тиімді қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті нормативті
базаны жасауға мемлекетке оң міндеттер жүктеуші ретінде түсіну қажет екенін
мойындады.
lviii
Украиндық «Әділ іс» газеті жергілікті басшыларды қылмыстарымен
айыптайтын анонимдік хатты веб-сайтта жария етті.
Газет,
хаттың Интернетте жарияланып және оның тексерілмегенін
20
көрсеткенімен, украиндық сот, бұл шенеуніктердің атына кір келтірді деп
тапты. Жергілікті сот, украиндық заңнама журналистерді басқа БАҚ-пен жария
етілген сілтемелік материалдары үшін азаматтық жауапкершіліктен
босатылатындарын атады.
ЕАҚС, Интернеттен алынған ақпаратты қолдануды украиндық заңнама шала
түсіндіреді, нәтижесінде, газет бұл қорғаныс нормасының олардың ісіне қатысы
жоқ екенін болжалдай алмады деп бекітті. ЕАҚС ойды еркін білдіру құқығын
Интернеттегі журналистердің ойларын білдіру еркіндіктерін тиімді қорғауды
қамтамасыз ету үшін қажетті нормативті базаны жасауға мемлекетке оң
міндеттер жүктеуші ретінде түсіну қажеттігін бекітті.
lix
Бұқаралық коммуникацияны кім бақылайды?
Жаңа медиа-технологиялар интерактивті қосылулар мүмкіндігін береді.
Коммуникациялық құрылым ғалами, жекешеленген және бағынышты емес.
Интернетті ешкім бақылауда ұстап және қолдап тұрмағандай, миллиардтаған
жекешеленген компьютер операторлары және желілері бір бірімен қандай
түрде байланысатындарын өздері шешіп, соның нәтижесінде істеп тұрғандай
көрінеді.
Интернеттің жекешеленген құрылымы, БАҚ шет елде жұмысын атқарып жүріп,
мемлекеттік шектеулерден құтылып кетулері мүмкін дегенді білдіреді.
Дегенмен де, мемлекет контентті цензуралап немесе стандарттарды сақтауды
қамтамасыз ету үшін, интернет-провайдерлары сияқты интернет-делдалдарына
талаптар қою жолымен, Интернетті бұрынғыдай бақылай алады. Мұнымен қоса,
интернет жүйесі ұлттық деңгейде орталықтандырылуы мүмкін болғандықтан,
мемлекет интернеттің архитектурасы мен бағдарламалық кодын бақылай
алады.
2011 жылғы бүкіл египеттік интернеттің жабылуы, мемлекеттің интернетті
бақылауында ұстауының дәлелі: Египетте 2011 жылы үкімет интернетті үзіп
тастады, олар азаматтық наразылық акциясы кезінде адамдардың оны кеңінен
қолдануы, мемлекет мүддесіне қауіп төндіреді деп күдіктенді. Желіден үзу,
өкіметтің интернет-трафикке елге кіруіне және одан шығуына сервер арқылы
көмектесетін, қосымша интернет-қызметтер қабаты бар, ұлттық брандмауэр
құруы арқасында мүмкін болды.
Келесі жағынан, интернет-провайдерлары сияқты, жеке интернет-делдалдары да
Интернеттегі ақпараттар ағынын өздігінен бақылай алады. Өзінің
демократиялық сипатына қарамастан, интернет сөз еркіндігіне жеке шектеу
немесе жеке субъект тарапынан қарсы-бәсекелестік өткізілуі қаупін сақтайды.
Интернеттегі мәтіндік мазмұнға қандай ережелер қолданылуы тиіс?
Сөз еркіндігі көзқарасы тұрғысынан заңдар баспалық БАҚ-тың мазмұнын
реттеуге міндетті емес деген жалпы түсінік бар. Мұндай мазмұндар ар мен
бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, ұлттық қауіпсіздікті қорғау және т.б.
немесе өздігінен реттелуі туралы жалпы заңға сәйкес болуы шарт.
Демократиялық елдердегі баспалық БАҚ мазмұнына қойылар талаптар, БАҚ –