Интернеттегі ойды еркін білдіру құқығы: еуропалық стандарттар



жүктеу 0,61 Mb.
Pdf просмотр
бет7/22
Дата22.05.2018
өлшемі0,61 Mb.
#16032
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

 

17 


анықтамасы,  сандық  бұқаралақ  ақпарат  құралдарының  (интернет-БАҚ 

және  блогерлер),  егер  олар  белгіленген  өлшемдерге  келетін  болса 

(мысалы,  журналистер  дереккөзінің  құпиялылығын  қорғау  құқығы), 

бұқаралық  ақпарат  құралдарының  нақты  құқықтарынан  пайда  көру 

мүмкіндіктері үшін қажет.

l

  



 

2.  Қызмет көрсетуден бас тарту тәуелсіз веб-шабуыл болып есептеледі.

li

 

 



3.  Дәстүрлі 

бұқаралық 

ақпарат 

құралдарымен 

қатар, 

қоғамдық 



қызығушылық  танытатын  мәселелер  бойынша  пікірсайыстар  өткізуші 

блогерлер  және  интернет-  платформалар,  әлеуметтік  бақылаушылар 

рөлін ойнайды.

lii


 

Қызмет жеткізушілерге байланысты, нақты қағидаттар 

 



Қызмет  жеткізушілер  (интернет-провайдерлер  сияқты)  шектеулер  мен 

сүзгілер құру үшін нұсқаулықтар енгізулері қажет.

 liii

 

 



 

Қызметті  жеткізушілер  мемлекеттік  саясатқа  ықпал  етуші  әрекеттердегі 



әлемдік қоғамдыстық  есеп берушілік және  айқындықты қамтамасыз  ете 

отырып,  техникалық  және  пайдалану  мәселесіндегі  жетекші  рөлді 

сақтауы тиіс.

liv


 

Интернет-қолданушыларына байланысты, нақты қағидаттар 

1.   Адамдарға  интернетті  басқаруға  қатысу  құқығын  қоса  алғанда,  белгілі 

бір интернет-құқық берілуі шарт, мұнымен қоса олар жеке ұйымдар мен 

мемлекет  тарапынан өз құқықтарына тиімді қорғау  ала отырып, заңсыз, 

қажетсіз  немесе  сәйкес  келмейтін  араласушылыққа  ұрынбай  өз 

құқықтарын жүзеге асыра алатындай болулары керек.

lv

 

 



2.  Қолданушылардың,  өздері  таңдаған  құрылғыларды  қолдана  отырып, 

қызметтер  мен  ұсыныстарға  (ақылы  және  ақысыз),  интернет-контентке 

жоғары қол жетімділік мүмкіндіктері болуы қажет.

lvi


 

 

3.  Адамдар өз интернет-сайттарының атауларын таңдау мүмкіндіктеріне ие 



болулары  керек.  Домендік  атаулар  және  атау  жолағы  сынды  интернет-

сайттардың атауына қатысты пікір білдіру еркіндігі, сөз еркіндігі құқығы 

нормаларын  қолдану  шеңберінен  шықпауы  қажет.  Бұл  құқық    жеке 

сектор  интернет-компаниялары  қызметтерінің  талаптары  мен  жалпы 

ережелерінен басым болуы қажет.

lvii


  

 

 

 

 

 

 


 

18 


4 БӨЛІМ 

Онлайн-контентті реттеу және БАҚ  конвергенциясы 

БАҚ  конвергенциясы дегеніміз не? 

Сандық  технология,  соңғы  тұтынушыларға  сапалы  ақпаратты  беретін, 

қабылдағыш  стандарттарына  сәйкес  икемделіп,  сандық  биталарына  өзгеретін 

дыбыс  пен  бейнені  білдіреді.  Сандық  технологиялар  БАҚ-қа  өз  контентін 

(мазмұнын)  әр  түрлі  платформаларда  орналастыруға  мүмкіндік  берді:  мысалы, 

газеттер өз мазмұндарын Интернетте сақтай алады және олардың веб-сайттары 

оқушы  қауымға  онлайн  форум  арқылы  жаңалықтар  жеткізуші  немесе  басқа 

оқушыларымен  өзара  қатынас    мүмкіндік  беретін  интерактивті    және  бейне 

атқарымдарын ұсына алады. Тура сол сияқты, телерадиокомпаниялардың баспа 

БАҚ-пен бәсекелесуші мәтіндік сайттары болуы мүмкін. 

Сандық  технологиялар  қосымша  қызметтерлің  туындауына  әкелді.  Бұрын  бір 

тәсілмен жасалынатындар, енді бірнеше жолдармен жасалынуы мүмкін болды. 

Мысалы,  адамдар  соңғы  жаңалықтармен  өз  ұялы  телефондары  немесе  ДК, 

ноутбук  болмаса  планшеттері  көмегімен    таныса  алады.  Мұнымен  қоса, 

адамдардың  қазір  нені  қай  уақытта  көргілері  келетінін,  сонымен  қоса  өз 

контентін түрлендіру мүмкіндіктері бар. 

Сандық  технологияларды  қолдану  және  Интернетті  дәріптеу,  «БАҚ-ты 

конвергенциялау» сынды әйгілі үдерістің туындауына әкелді. Бұл үдеріс медиа-

контент  пен  коммуникациялық  және  ақпараттық      технологиялар  арасындағы 

өзара байланысты білдіреді, сонымен қатар БАҚ-дың өз араларындағы және де 

БАҚ-пен  телекоммуникациялық  технологиялар  (телефондар,  спутниктік 

теледидарлар, интернет) арасындағы шекараларды жояды. 



 Интернет-БАҚ-ты реттеу қажет пе? 

Дәстүрлі  БАҚ  жайындағыдай,  Интернет-БАҚ-ты  реттеу  қоғамдық  құқық 

ережесін  немесе  ұлттық  қауіпсіздік  мәселесін  бақылау,  авторлық  құқық  пен 

заңды  қызығушылықтарды,  жеке  өмір  мен  беделдің  дербес  құқықтылығы 

сынды  құқықты  қорғау  үшін  қажет.  Сонымен  қоса  Интернетті  реттеу  сөз 

еркіндігіне  тосқауыл  қойып,  ықпалды  веб-сайттар  мен    іздеу  жүйелеріне   

интернеттегі ойды еркін білдіру жетістігін өз қалауынша анықтауға жол бермей, 

демократикалық үдерісті жеңілдетуге көмегі болғанда ғана ақталуы мүмкін. 



Конвергенция БАҚ-ты реттеуде қандай мәселелер туындатады? 

БАҚ    конвергенциясы  БАҚ  қызметін  реттеудегі  әрекет  етуші  моделінің  түпкі 

мәселесін көтереді.Бұрындары БАҚ тек бір платформаны (газеттер, журналдар, 

теледидар, радио) қолданып және кең көлемдегі бұқара немесе жеке клиенттер 

арасында  таратып,  оған  балалар  қол  жетімділігі  және  т.б.  аудиторияларға 

олардың  ықпалы  деңгейіне  байланысты    әр  түрлі  реттеу  деңгейінің  нысаны 

болды.  Конвергенция  БАҚ-қа  өз  контентін  таратуға  әр  түрлі  платформаларды, 

сонымен  қатар  онлайн  мәтіндер,  бейне  және  аудио  материалдарды  қолдануға 

мүмкіндік  берді.  Мұнымен  қоса,  қазіргі  кезде  әр  қалаушы  онлайн-контентке 

жеңіл  қол  жеткізе  немесе  сондай  контент  жасай  алады.  Журналистер  мен 

журналист емес адамдар арасындағы айырмашылықтар білінбей бара жатыр. 

 



жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау