2
КІРІСПЕ
Интернеттің пайда болуы қоғамдық қатынас пен пікірталастар үшін жаңа
мүмкіндіктерді беріп, көптеген медиа-платформалардың құрылуына септігін
тигізді. Сонымен қатар, бұл желілік журналистиканың туындауы мен тәуелсіз
БАҚ жарияланымдары үшін кеңістіктің пайда болуына әкелді.
Дегенмен, ЮНЕСКО-ның жақында жарияланған «БАҚ дамуы және сөз
бостандығының әлемдік үрдісі»
i
,
есебінде, Интернет мүмкіндіктермен қоса
көптеген мәселелерді де туындатады делінген. Олар:
• БАҚ-тың дәстүрлі ұйымдық және экономикалық құрылымдарымен;
• нормативтік-құқықтық базамен;
• журналистердің тәжірибелік жұмыстарымен;
• БАҚ-тың өндірістік және тұтынушылық дағдысымен байланысты.
Интернеттің пайда болуымен туындаған барлық мәселелердің шешімімен
азаматтық қоғам ұйымдары және бұқаралық ақпарат құралдары, компаниялар,
үкіметтің айналысулары шарт.
Бұл құралда Интернеттің дәстүрлі медиалық экожүйелерге әсері және жетекші
БАҚ, журналистер мен блоггерлердің
1
, азаматтық журналистердің
2
, интернет-
журналистердің
3
және интернет-БАҚ-тың
4
кездесуі мүмкін жаңа мәселелерін
шешу жолдары ұсынылады. Бұл барлық мәселелер адам құқығы және оны іске
асыру, соның ішінде – сөз бостандығы тұрғысы.
Автор барлық шешімдер халықаралық құқықпен кепілденген, соның ішінде,
адам құқығының Жалпылама декларациясы мен Азаматтық және саяси
1
Оксфордтық ағылшын сөздігі «жеке немесе заңды тұлға ретіндегі «блоггерлерді» (мысалы,
блоггер азаматтық қоғам ұйымы болуы мүмкін), «вебсайттарды үнемі жаңартып отыратын-
«блогтарды» қолдауды қамтамасыз ететін бейне және аудио өнімдері, фотографиялар,
сынақтама материалдары көмегімен анықтайды. Блогтар Интернетте ақпаратты қандай да
болмасын делдалдар тарапынан алдын – ала қатысуы немесе редакциялауынсыз, мысалы, газет
редакторларының өздерінің жариялауларына мүмкіндік береді.
2
Азаматтық журналистер – бұлар, жай журналистердің мұндай ақпаратқа қол жетімділігі жоқ
болған жағдайда, қоғамдық қызығушылықты тудыратын (әскери қақтығыстар немесе азаматтық
көтерілістер сияқты) мәселелер жайлы ақпараттарды жариялаушы адамдар. Олар адамдар
қақтығысы немесе стихиялық апаттар салдарынан орын алған адамдардың құқығын бұзушылық
болмаса адамдардың жапа шегушіліктері жайлы хабарлайды.
3
Интернет журналистер - онлайн БАҚ-та жұмыс атқарушы дәстүрлі журналистер. Олар және
де Интернет желісінен бөлек ресми БАҚ-та жұмыс істеуші, бұрынғы этникалық қағидаттарды
сақтаушы және бұрынғы құқықтық қағидаттардың субъектілері болып табылады.
4
Онлайн БАҚ – бұл, белгілі бір баға төлемінде болмаса ақысыз болуына қатыссыз, музыкалық
және бейне, фотоматериалдарды қоса алғандағы, Интернет арқылы таратылатын бұқаралық
ақпарат құралдары.
3
құқықтар туралы Халықаралық пактысының (АСҚХП)19-Бабындағы сенімдер
мен ойларды білдіру еркіндігі құқығын көтермелеп және қорғап, құрметтеуі тиіс
деген ұстанымға сүйенеді.
Интернеттің пайда болуы сенім мен ойды еркін білдірудің халықаралық
құқығы мәртебесін өзгерткен жоқ. Бүкіл әлем бойынша адам құқығының бар
түрін қорғау мен жылжытуға жауапты БҰҰ құрылымы болып табылатын, адам
құқығы бойынша БҰҰ кеңесі, «адамдардың оффлайн режиміндегі құқықтары,
соның ішінде, саяси және азаматтық құқық туралы Халықаралық пактыдағы
және адам құқығы Жалпылама декларациясының 19-Бабына сәйкес, кез келген
жолмен, мемлекеттік шекараларға тәуелсіз іске асырылуы тиіс сенім мен ойдың
еркіндігі құқығын растады».
ii
Халықаралық деңгейдегі сөз еркіндігі стандарттарын сақтау бейілділігіне
қарамастан, мемлекет әдеттегідей Интернеттің пайда болуынан туындаған
мәселелерді шешуді қарастыру барысында сенімділік пен ойды білдіру
еркіндігінің құқығын ұмытып кетеді. Үкімет кейбір жағдайларда сөз
еркіндігінің белгілі бір түрін қылмыстандыру және күрделі технологиялар
арқылы оның қолданылуын бақылап немесе Интернетке қол жетімділікті
шектеу үшін, өзгертілген коммуникациялық ортадан өз пайдасын көреді.
Жаһандық Интернет-компаниялардың біздің интернет-трафикті қалай қоланып
және ақпараттарды қалай пайдаланып жатқанымызды анықтай алатындықтары,
үрей тудырады. Шындығында, олар біздің нені көріп, нені оқитынымызға ықпал
етеді.
БАҚ саласындағы заңнама және саясаттарға байланысты жаңа мәселелерге
бағдар жасай отырып сенім мен ойды еркін білдіру тұрғысынан бұл құжат, осы
құқықты шектеуді төмендетіп және сөз еркіндігі құқығын іске асыру
потенциалын қалай ұлғайту керек деген ұғымды қамтамасыз етуге арналған.
Осы басылымда қаралған негізгі мәселелер: Интернеттегі сенім мен ойды
білдіру еркіндігі құқығына нелер кіреді? Журналистер мен блогерлер
арасындағы айырмашылықтар қандай? Интернетте аноним құқығы бар ма?
Блогерлер мен интернет-БАҚ-ты қалай реттеуге болады? Блогерлердің
міндеттері мен құқықтары қандай? Интернетте ой еркіндігін білдірудің шегі
қаншалықты? Балаларды қорғауды қалай қамтамасыз етуге болады? Теңдік пен
беделге, жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығы сынды міндеттер мен басқа да
тиісті құқықтар және ойды білдіру еркіндігі құқығы арасындағы теңгерім
мәнісі
неде?
Интернеттегі
материалдардың
мазмұнынан
туындаған
бұзушылықтарға жауапкершілікті кім атқарады? Блогерлер мен интернет-БАҚ
үшінші жақ тұлғаның осындай блогерлер мен БАҚ-тың веб-сайттарында жазған
пікірлеріне жауапкершілік алулары тиіс пе?
Бұл интернет-БАҚ, блогерлер және басқа да бүгінгі таңда БАҚ-тың кездесетін
дилеммаларына қызығушылық танытатындарға арналған көрнекі құрал.
Мақсатты аудиторияның оқуына ыңғайлы болуы үшін, көрнекі құралда сот
дәйексөздері және құқықтық нормаларға сілтемелер мақсатты түрде минимумға
келтіріліп, ал түсіндірмелердің орнына соңында ескертпелер кіргізілді. Негізгі
мәселелерді түсінуге жеңілірек болу үшін, көрнекі құрал мәтіні сұрақ және
жауап форматында беріліп отыр.Көрнекі құралда Интернетте ойды білдіру
еркіндігі құқығын іске асыру мәселелері сипатталып және Интернеттегі ой