7
форумдармен салыстырғанда, әркім Интернетте өз өнерімен оның сапасы
болмаса бағасына тәуелсіз бөлісе алады.
Өз ойын мәдени түрде білдіру еркіндігі: Өз ойын мәдени түрде білдіру, пікір
білдіру еркіндігінің бір бөлігі болып табылады
x
. Интернеттегі тілдердің әр
түрлілігі, өз ойын мәдени түрде білдірудің бір формасы болып табылады.
Адамдардың әр тілде электронды поштаның мекен-жайы мен домендік
атауларын жазу үшін әр түрлі алвафиттер мен рәміздер қолдану мүмкіндіктері
болуы керек.
Ғылым еркіндігі: Пікір білдіру еркінді құқығы оқыту, зерттеу және жариялау,
сонымен қатар ғылыми және академиялық жұмыстар жайлы ойды білдіруге
таралады. Интернет ғалымдар мен зерттеушілердің пікір алмасулары мен
ғылыми ақпараттарына қол жетімділік мүмкіндігін айтарлықтай ұлғайтады.
Анонимдік құқығы: Анонимдік ойды білдірудің еркіндігі құқығының бір бөлігі
болып табылады
xi
. Интернетті қолданушы адамдарға тіркелу шартын міндеттеу,
олардың ойларын еркін білдіру құқықтарына қайшы келеді. Бүркеншік ат
маңызды, себебі көптеген блогерлер мен журналистер әр түрлі себептерге
байланысты өз цензураларын қабылдайды.
Әшкерелеу құқығы: Бизнес болмаса үкіметтің есебіндегі кемшіліктерді қөрсетіп
- әшкерелеуге тиым салу – бұл ойды еркін білдіру құқығы еркіндігіне араласу
xii
деген сөз. Көптеген адамдар Интернетте ақпаратты жариялау жолымен теріс
пайдалануды анықтайды. Олардың бұл қылықтары қорғала ма әлде жоқ па, ол
құпия ақпараттардың жарияламай, тұрғындарды қорғаудың басқа жолдары
болғанда және сондай ақпараттың құпиялығын сақтауға мүдделі ақпаратты
жариялауға қоғам қызығушылығы басым түсіуіне байланысты болады.
Интернетке қол жетімділік құқығы: Әркім де құрылғыны өз қалауынша
қолданып, қызметтер мен қосымшаларға, интернет-контентке барынша қол
жеткізу мүмкіндігі болуы тиіс. Интернеттен егер соттың соңғы шара ретіндегі
шешімінен туындаған жағдайды есептемегенде, басқа кезде ешкім де өз
қалауынсыз ажыратылмауы тиіс.
xiii
БАҚ және журналистердің қандай құқықтары халықаралық құқықпен
кепілденген?
Пікір мен оны білдіру еркіндігін, сонымен қатар адамдардың басқа да
құқықтарын қамтамасыз ету үшін, кез келген ортада еркін және сыни
көзқарастағы БАҚ өкілдері басты рөл атқарады.
xiv
Еркін бұқаралық ақпарат
құралдары демократиялық қоғамның іргетасы болып саналады.
xv
БАҚ
ақпараттарды алу мүмкіндігіне ие болып, сол арқылы мемлекеттік мәселелерді
шектеусіз және цензурасыз мәлімдеп, қоғамды ақпараттандырып және өз
міндетін орындау мүмкіндіктеріне ие болулары тиіс.
Ойды еркін білдіру құқығы бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндік кепілі.
Ол мемлекет үшін Интернетті қоса алғанда, журналистік қызметті қорғау және
құрметтеу міндеттерін белгілейді. Ол міндеттерге кіретіндер:
1. Журналистер үшін Интернетте ойды еркін білдіру құқығын тиімді
қорғау үшін нормативті-құқықтық базаны қабылдау міндеттері:
8
Ойды еркін жеткізу еркіндігі құқығын түсіндіре отырып, Еуропалық адам
құқығы бойынша соты (ЕАҚС), қоғамдық бақылаудың өзіндік маңызды
міндетін баспасөз Интернеттен алған ақпараттарды қолдануды реттеуші
қажетті ішкі ережелерді қабылдамай, іске асыра алмайды деп қаулы етті.
xvi
2. Журналистердің
онлайн-журналистика
контекстіндегі
жауапкершілігінің шектеулері: Ешкім де, тек ондай тұлға контентті өз
бетімен орналастырып, немесе мәтінді жою керек деген сот шешіміне
көнуден бас тартқан жағдайдағы автор болмаса, Интернеттегі
материалдардың мазмұны үшін жауапкершілік атқармайды.
xvii
3. Журналистерді озбырлықтан қорғау: халықаралық құқыққа сәйкес
мемлекет журналистерге шабуыл жасауға жол бермеуге міндетті. Бұл
міндеттемеге мемлекеттің журналистерге жасалған шабуылды жедел
тексеріп, қылмыскерлердің ізіне түсіп және оларды жазалау, сонымен
қоса өзге тұлғалардың қылмыстық әрекеттері салдарынан өмірлері қауіп
үстінде түрған журналистерді қорғау үшін алдын-ала шара қолдану
кіреді.
xviii
4. Журналистердің өз дереккөздерін ашпау құқықтарын қамтамасыз ету
және
қабылдау:
Дереккөздері
қорғалмаса,
БАҚ-қа
қоғамдық
қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша оларды ақпараттандыруға
көмектен бас тартулары мүмкін. Нәтижесінде баспасөз қоғамдық
бақылаудағы өзінің өмірлік маңызды рөлін атқара алмайды.
xix
5.
Журналистердің мемлекеттік органдардың мәжілістеріне қатысу
құқығын қамтамасыз ету және қабылдау: Журналистерге қоғамдық
бақылаудағы маңызды рөлін орындап, саяси оқиғалар желісін дұрыс
жеткізіп, парламент және басқа да мемлекеттік органдардың
отырыстарына қатыса алулары үшін оларға үкіметтік ғимараттарға нақты
кіру рұқсаты қамтамасыз етілуі тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдарының
мемлекеттік органдар отырысына кірулеріне қойылған кез келген
шектеулер БАҚ-тың пікірін еркін жеткізу құқығын шектеу болып
табылады. Тіркеуді беруден бас тарту орынды және әділ өлшемге
негізделіп, ал үрдіс айқын болуы шарт. Өлшем қажеттігіне және
үйлесімділігіне қарай қолданылуы тиіс.
xx
6.
Журналистердің
өз
мандықтарын
лицензиясыз
тәжірибелей
алатындықтарының, дәлелі: БАҚ-та жұмыс жасағысы келетін тұлғалар,
кәсіби ұйымдардағы жұмысы өз қызметінің басталуына дейін ресми
рұқсат алуға міндетті емес.
xxi
Блогерлер, азаматтық журналистер және Интернет-журналистер
әдеттегі журналистердің құқықтарындай құқыққа ие ме?
Блогерлер, азаматтық журналистер және Интернет-БАҚ журналистері дәстүрлі
журналистердегідей қорғауға үміткер болулары тиіс.Ұлттық заңнама олардың
қорғалу құқығына өлшем мен жағдайды анықтауы қажет.
Еуропа Кеңесі Интернет-БАҚ-тың блогерлер, азаматтық журналистер және
басқа да қатысушыларын қосқандағы, БАҚ-тың жаңа анықтауын қабылдауды
ұсынады. Соңғылары егер олардың өлшеміне сай келсе, әдеттегі