Интернеттегі ойды еркін білдіру құқығы: еуропалық стандарттар



жүктеу 0,61 Mb.
Pdf просмотр
бет2/22
Дата22.05.2018
өлшемі0,61 Mb.
#16032
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

 

еркіндігі  құқығының  шектері  мен  деңгейіне  қатысты  негізгі  сұрақтарға  жауап 



іздеу  барысында  есепке  алынуы  тиіс  саяси  және  құқықтық  түсініктер 

келтірілген.  Құжатта  Интернеттегі  сөз  еркіндігінің  халықаралық  стандарттары 

баса  айтылып  және  Еуропадағы  бұқаралық  ақпарат  құралдары  мен 

журналистердің,  БАҚ-ты  реттеуші  органдардың,  үкіметтің  Интернеттегі  ойды 

білдіру еркіндігі құқығын қалай қорғағандары көрсетілген.    

Бірінші  тарауда  онлайн-мәнмәтін  түріндегі  құқықтың  негізгі  элементтері 

келтірілген,  ал  екіншісінде  интернет-БАҚ  және  азаматтық  журналистер, 

блогерлер  ойларын  білдіру  еркіндігіне  құқықты  шектеуге  мән  берілген. 

Интернетте  блогерлер  мен  интернет-журналистердің  ой  еркіндіктерін  реттеу 

тәртібі  3-тарауда  жазылған.    4-тарау  Интернеттегі  дыбыс-бейне  және  мәтіндік 

контентті  реттеуді  қарастырады.  5-тарау  Интернетте  ой  еркіндігін  шектеу 

ерекшелігін:  онлайн  диффармациясын,  агрессияшыл  пікірді,  Инернетте 

балаларды  қорғау,  құпиялықты  сақтау  және  қарақшылықтан  сақтауды 

түсіндіреді.  5-тарау  сенім  және  ой  еркіндігі  мен  әлеуметтік  медиа;  блогерлер 

мен  интернет  –БАҚ  пікірлеріне  жауапкершілік,  контентті  шектеу  мен  жою, 

мониторинг; домендік атауды реттеу және алу, интернет-БАҚ және блогерлерді 

лицензиялау;  Интернетке  қол  жетімділік  сынды  блогерлер  мен  азаматтық 

журналистер,  интернет-БАҚ  жұмысына  қатысты  басқа  да  мәселелерді 

анықтайды.    

 



 



1 ТАРАУ 



Блогерлер,  азаматтық  журналистер  және  интернет-журналистерінің 

ойларын еркін білдіру құқықтары. 

 

    Инернеттегі ой  еркіндігі дегеніміз не? 

Интернетте  еркін  пікір  білдіру    халықаралық  құқықпен  берілген.  Ойларды 

білдіру  еркіндігі  құқығын  кепілдендіретін,    азаматтық  және  саяси  құқықтар 

туралы Халықаралық пактысының (АСҚХП)19-Бабы, мыныны айтады:  

1) Әр адам еш кедергісіз өз пікірінде қалуына құқылы.  

2) Әр адам өз ойын еркін жеткізуге құқылы; бұл құқыққа әр түрлі пікірлер мен 

ақпараттарды  мемлекеттік  шекараларға  тәуелсіз,  ауызша,  жазбаша  немесе 

баспасөз  арқылы  болмаса  көркем  түрде  білдіру,  одан  басқа  да  жолдармен  өз 

еркінде  іздеу, алу және тарату кіреді.  

3)  Осы  баптың  2-тармағында  қарастырылған  құқықтарды  қолдану  ерекше 

жауапкершілік  пен  міндеттерді  жүктейді.  Ол  кейбір  шектеулермен  түйінделіп, 

сонымен қатар   заңмен бекітіліп және міндетті болып табылуы мүмкін: 

a) өзге тұлғалар беделі және құқығын құрметтеу үшін; 

б)  халық  құлықтылығы  немесе  денсаулығын,  қоғамдық  тәртіпті, 

мемлекеттің қауіпсіздігін қорғау үшін. 

АСҚХП  жасалып  және  қабылданған  сәтке  дейін  Интернеттің  болмағанына 

қарамастан, сенім еркіндігі және оны әлем бойынша қуаттау мәселесі бойынша 

есеп және кеңес беруге, мониторингке, оқып білуге БҰҰ тағайындаған тәуелсіз 

сарапшы болып табылатын, сенім еркіндігі және оны білдіру мәселесі бойынша 

БҰҰ  Арнайы  баяндамашысы,  «Пакт  болашақта  технологиялық  талдамаларды 

кіргізіп,  сол  арқылы  ойды  білдірудің  еркіндігі  құқығын  адамдар  іске  асыра 

алатындай    мүмкіндіктері болады деген болжаммен жасалған» деген, сонымен 

қатар,  бұл  Интернет  сияқты  жаңа  коммуникациялық  технологияларға  тең 

дәрежеде жарамды» деп көрсеткен

iii


АСҚХП-ны  түсіндіру  өкілеттілігі  бар    адам  құқығы  бойынша  БҰҰ  комитеті, 

аталмыш  көрнекі  құралдың  төмендегі  сілтемесіндегі    №  34

iv

    жалпы 



ережесіндегі  өзінің  Ескертпелеріндегі  сенімдері  мен  ойларын  еркін  білдіру 

құқықтарының элементтерін баяндаған. 



Ой еркіндігі  құқығына кімдер ие? 

АСҚХП  19  бабына  сәйкес,  кез  келген  адам  өз  ойында  еш  кедергісіз  қалуына 

құқылы. Ойын еркін жеткізу құқығын іске асыруына, азаматтық, кәсіби немесе 

басқа  да  дәрежесі  еш  маңызды  емес.  Сол  себепті,  блогерлер,  азаматтық 

журналистер,  интернет-журналистер  және  интернет-БАҚ-та  ойларын  еркін 

жеткізуге толықтай құқылы. 

 

 



 



     Ой еркіндігі  құқығын қалай түсінеміз



Құқық  білдірілген  зиян  келтірмейтін  пікірлерді  ғана  емес,  сонымен  қоса, 

«мемлекетті немесе қоғамның қандай да болмасын бөлігін мазалап және ұятқа 

қалдырып, қорлайтын»

v

 пікірлері немесе ақпараттарымен, «қатты қорлау»



vi

 деп 


қаралуы мүмкін білдірілген пікірлерді де қамтиды. 

АСХҚП  19-бабына  сәйкес,  ойды  еркін  жеткізу  құқығына  кез  келген  онлайн 

және  офлайн  ақпараттары,  сонымен  қатар  мемлекет  аумағында  немесе  шет 

елдерде  жасалған  күнделікті  және  көркем,  ғылыми  ақпараттар  кіреді.  Бұл 

интернет-БАҚ  немесе  ТД,  баспалық  БАҚ  болсын,  кез  келген  БАҚ  түрлеріне 

қатысты.  



   Ой еркіндігі құқығының мақсаты неде ? 

Ойды еркін жеткізу құқығы адамдарды мемлекеттен, сонымен қатар сенім мен 

ойды  еркін  білдіруді  қамтамасыз  етіп  және  қорғайтын,  құрметтеуге  тиісті  

Интернет-провайдерлер

5

,  бұқаралық  ақпарат  құралдары,  БАҚ  реттеушілері 



және т.б. сияқты жеке тұлғалардан  қорғауды қамтамасыз ету үшін халықаралық 

заңнамалармен танылады.  

Мемлекет халықаралық құқыққа сәйкес, ойды еркін жеткізу құқығын қорғаудың 

негізгі жауапкершілігін атқарады

vii



Ой еркіндігі құқығы қандай элементтерден тұрады? 



Ойды еркін білдіру құқығы келесі элементтерден тұрады: 

Сендіру еркіндігі: Сендіру еркіндігі ойды білдіру еркіндігінен өзгешелеу, себебі 

нақышты  қоспайды.  Өз  сенімділігін  ұстанып  қалу,  ешқандай  шектеусіз  болуы 

тиіс


viii

. Әр адам  сенімін өз қалауынша қай кезде және қандай себеппен өзгертсе 

де өз еркінде. Барлық діни немесе моральді,тарихи, ғылыми, саяси сенім түрлері 

қорғалған. 

Ақпарат  еркіндігі:  Бұл  еркіндікке  ой-пікір  мен  ақпаратты  тарату  және  алу, 

сонымен қатар қоғамның ақпараттануы  кіреді. Интернеттің арқасында ақпарат 

еркіндігі  шын  мәнінде  жаһандық  болды,  олай  дейтініміз,  Интернетке  әлем 

бойынша  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  кіруімен,  жаһандық  желіге  қол 

жетімділердің бәрі  оған кіре алатын болды.  

Интернетте  веб-сайттарды  құру,  ақпарат  жариялау  және  оны  алу  ақпарат 

еркіндігі  болып  табылады

ix

.  Интернетке  және  ақпараттар  легіне  мемлекет 



немесе  жеке  тұлғалар  тарапынан  қойылған  кез  келген  шектеу  ақпарат 

еркіндігіне араласу болып табылады.  

Көркем  пікір  құқығы:  АСҚХП  19-бабына  сәйкес,  пікір  білдіру  еркіндігі 

құқығына  оның  сапасы  мен  бағасына  тәуелсіз,  «көркем  пікір  формасы 

түріндегі» пікір кіреді. Көркем пікір басқа да ой-пікірлер түріндегідей деңгейде 

қорғалады.  Бұл  әсіресе  Интернетте  маңызды,  себебі  әдеттегі  көркем 

                         

5

  Интернет-провайдер  –  бұл  Интернетте  қатысып  немесе  қолдану,  қол  жетімділік  қызметін 



ұсынатын  ұйым.  Неғұрлым  көбірек  тараған  интернет-  қызметтер  түріне  Интернетке  қол 

жетімділік, домендік аттарды тіркеу, веб-хостингтар кіреді.

 



жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау