14
Интернет-БАҚ
және
азаматтық
журналистер,
блогерлердің
жауапкершіліктері мен міндеттерінің ерекшеліктері неде?
Журналистермен салыстырғанда, блогерлер мен азаматтық журналистер
этикалық кодекстер және журналистік стандарттарға сүйенуге міндетті емес.
Дегенмен, өз қалауларына қарай, олар кәсіптік стандарттары немесе БАҚ-тың
дәстүрлі стандарттарына сүйене отырып, өздерінің этикалық кодекстарын
қабылдаулары мүмкін. Егер олар мұны жасаса, кәсіби журналистердей әрекет
ете алады.
Егер блогерлер тіпті этикалық кодекстерді жазбаса да, олар жауапкершіліктің
келесі нормаларын ұстанулары қажет:
Журналистердің дербес жауапкершіліктері: Кәсіби журналистер жеке
блогтарын жүргізіп немесе азаматтық журналистер ретінде іс жүргізе алады.
Тіпті сондай жағдайда да, олар журналистер ретінде өздерінің кәсіптік
міндеттерін сақтаулары тиісті.
ЕАҚС-пен қаралған, Азербайжанға қарсы Фатулаев ісі, жалпыға қол жетімді
интернет-форумда жасалған өсек жалаға қатысты. Және де Интернетте
ақпаратты жариялау барысында, журналистерге сонымен қатар олардың ойды
еркін білдіру құқығын іске асыруға байланысты белгілі бір міндеттер
қолданылатынын білдіреді.
БАҚ-тың интернет-мұрағаттарымен байланысты жауапкершіліктері: БАҚ
өздерінің онлайн-мұрағаттары үшін жауапкершілік атқарады, себебі олардың
білімдік және зерттемелік құндылықтары бар. Сонымен қатар, сондай
жауапкершілік блогерлерге де қолданылуы мүмкін.
Бизнесменге жабылған газет санкциясына қатысты жалаға байланысты Таймс
Газеті Ұлыбританияға қарсы ісінде
xli
, ЕАҚС мақала жала туралы шағым
нысаны болғандықтан, Интернет-мұрағаттағы мақаланы тиісті біліктілікпен
жариялауды БАҚ-тан қажетті және сәйкес шешімде талап етті. Мұндай
жауапкершілікті
ақтау,
онлайн-мұрағаттарда
ағарту
және
зерттеу
құндылықтарының барлығына негізделеді, сол себепті, олардың мазмұндары
әдепті болуы шарт.
Дәстүрлі БАҚ-қа жүктелетін міндеттер интернет-БАҚ пен азаматтық
журналистер, блогерлерге де қолданыла ма ?
Дәстүрлі БАҚ сияқты, интернет-БАҚ та жалпы этикалық және кәсіптік
стандарттарды ұстанулары тиіс.
Блогерлер мен азаматтық журналистер кәсіби журналистердің этикалық
кодекстарымен тығыз байланыста болулары шарт емес. Егер олар журналистік
стандарттарды ұстануға келіссе, болмаса дәстүрлі БАҚ құсап кәсіби
стандарттарын жасаған болса, онда бұл қосымша артықшылықтары есебінде
қаралуы мүмкін.
Түптеп келгенде, журналистердің міндеттері мен жауапкершіліктерінің көлемі
адамның қолданатын техникалық құралы және нақты жағдайына тәуелді.
xlii
Бұл
қағида блогерлерге де қолданылуы шарт. Блогерлердің «міндеттері мен
15
жауапкершіліктерін» анықтау барысында, әсіресе деректерге қатысты,
блогерлердегі бар техникалық құралдар мен ресурстар есепке алынуы тиіс.
16
3 БӨЛІМ
Интернеттегі ойды білдіруді реттеудің қағидаттары
Жалпы қағидаттар
Адам құқығы мен Интернетті реттеу тығыз байланысты. Интернетке қатысты
ерекше қағидаттардың бірқатары халықаралық ұйымдардың мойындауларына
ие. Бұл қағидаттар жергілікті саясат пен заңдарды, сонымен қатар олардың
орындалуы мен іске асырылуын анықтаулары қажет.
1. Онлайндағы адам құқығы, оффлайндағы адам құқығындай қорғанысқа
ие. Интернетпен басқару механизмі адам құқығы аясындағы
халықаралық заңнамаларға сәйкес өзара байланыс және өзара тәуелділік,
бөлінбейтіндік, олардың жан-жақтылығын растай отырып, барлық негізгі
құқық пен еркіндікті қорғауды қамтамасыз етулері қажет.
xliii
2. Онлайн-контентті шектеу, басқа ресурстағы контент шектеуі аясынан
шықпауы қажет.
xliv
3. Ақпаратты алдын-ала бақыланбауы керек.
xlv
4. Интернетті реттеу қолданушылар мен техникалық жұртшылық,
азаматтық қоғам, жеке меншік секторы, үкіметтің толық қатысуын
қамсыздандырып, олардың міндеттері мен рөлін ескере отырып, есеп
бере және айқын, ашық өткізілуі тиіс.
xlvi
5. Интернетке қатысы бар саясат пен заңдар, интернет-трафиктің бөгетсіз
трансшекаралық ағымына кері әсер етпеуі тиіс.
xlvii
6. Интернетке қатысы бар саясат пен заңдар, мәдени және тілдік
әртүрлілікті сақтай отырып, тіл мен сөзге қатыссыз жергілікті контенттің
дамуына септігін тигізуі қажет.
xlviii
7. Мемлекет Интернеттегі заңның ұлықтылығын қамтамасыз етіп және
Интернеттегі қылмыстардан қоғам мен азаматтарды қорғауы шарт.
xlix
Нақты қағидаттар
Интернет-журналистер, азаматтық журналистер, блогерлерге қатысты
нақты қағыдаттар
1. БАҚ экоқұрылымының әрекет етуші жаңа тұлғалар мен сандық медиа
арқасында болып жатқан дамуы, градиентті және сараланған тәсілді
салыстырушы БАҚ-тың жаңа түсінігін анықтауды қажет етеді. БАҚ-тағы
классификацияның
жаңа
түрлері
коммуникациялық
жағдайға
байланысты. Жалпы ақпарат құралдарының жаңа классификациясы үшін
көрсеткіштері мен өлшемдері ішкі заңнамамен анықталуы қажет.Олар
өздерінің бұқаралық ақпарат құралдары,бұқаралық ақпарат мақсаты,
редакциялық бақылау немесе кәсіптік стандарттар, тұрғындармен жұмыс
және қоғамдық үмітке ынталылықтарын қосулары қажет. БАҚ-тың жаңа