Еуропалық Комиссия – Мәлімдеме Еуропалық Комиссия мәлімдемесі



жүктеу 273,52 Kb.
Pdf просмотр
Дата21.12.2019
өлшемі273,52 Kb.
#24772


Ағылшын тілінен аударма 

 

 



Еуропалық Комиссия – Мәлімдеме 

 

 

Еуропалық Комиссия мәлімдемесі 

Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықпен күресудің халықаралық күніне орай 

Еуропалық Комиссияның бірлескен мәлімдемесі, 25 қараша 2014 жыл 

Брюссель, 24 қараша 2014 жыл 

Еуропалық  Одақтың  Сыртқы  істер  және  қауіпсіздік  саясаты  жөніндегі  Жоғары  өкілі 

және  Еуропалық  Комиссия  Төрағасының  орынбасары  Федерика  Могерини,  Әділсот, 

тұтынушыларды  қорғау  мен  гендерлік  теңдік  жөніндегі  Комиссар  Вера  Юрова  және 

Халықаралық  ынтымақтастық  пен  даму  жөніндегі  Комиссар  Невен  Мимица  келесі 

мәлімдеме жасады:  

Әйелдерге  қатысты  кемсітушілік  пен  зорлық  бүкіл  әлем,  барлық  қоғамдар  мен 

аймақтарда  жалғасуда.  Әйелдер  жапа  шегу,  зорлық,  мертіктіру,  өлтіру  қасіретіне, 

тіпті  өз  үйлерінде  де,  душар  болады.  Еуропалық  Одақта  15  жастан  асқан  әрбір 

үшінші әйел физикалық және/немесе жыныстық зорлықты басынан кешіреді. ЕО-тан 

тыс  жерде  қыздарға  мектепке  баруға  тыйым  салынады  немесе  тұрмысқа  шығуға 

мәжбүрленеді, ал жыныстық зорлық қайғылы және кеңінен тараған соғыс жүргізудің 

тактикалық  құралы  болып  қалуда.  Әйелдер  құқықтарын  қорғау  қызметімен 

айналысатын құқыққорғаушылар да қауіптер мен басқындар арқылы қудалануда.   

Әйелдер  мен  қыздарға  қарсы  зорлық-зомбылықтың  барлық  нысандарымен  күресу 

адам  құқықтарын  сақтаудың  мызғымас  қағидасы  және  ЕО  үшін  ЕО-тың  ішінара  да, 

сырттай  да  басымдығы  болып  табылады.  Осыдан  бір  жыл  бұрын  Еуропалық 

Комиссия  мен  Сыртқы  қатынастар  еуропалық  қызметі  (СҚЕҚ)  әйелдер  жыныстық 

мүшелерін  мертіктіру  тәжірибесін  жою  туралы  бірлескен  Коммюнике  қабылдап,  осы 

саладағы  саясатын  жалғастыруда.  ЕО  әлеуметтік  өзгерістерге,  аталған  тәжірибені 

жоюға,  құрбандарға  қолдау  көрсету  және  күнделікті  айналысушы  қоғамдар 

мүшелерімен  жұмыс  жасауға,  аталған  мәселеге  қатысты  көзқарастың  өзгеруіне 

белсенді ат салысатын жобаларды қаржыландырады.  

Осы жылы әйелдерге қатысты зорлықпен ұлттық және  еуропалық деңгейде ұтымды 

күресудің  маңызды  құралы  болып  табылатын  Еуропа  Кеңесінің  әйелдерге  қарсы 

зорлық-зомбылықты  және  үй  зорлығын  алдын-алу  мен  күресу  жөніндегі 

Конвенциясы (Ыстанбұл Конвенциясы) күшіне енеді.  

Жақында  әлем  Бейжің  декларациясы  мен  Әрекет  платформасының  20-жылдығын 

және  әйелдердің  бейбітшілік  пен  қауіпсіздік  ісіне  қосатын  үлесі  жөніндегі  БҰҰ 

Қауіпсіздік  Кеңесінің  1325  Резолюциясының  15-жылдығын  атап  өтеді.  Біз  аталған 

маңызды  құралдардың  іске  асырылуы  жолында  қол  жеткен  жетістіктерге  шолу 

жасап, келесі әрекет жөнінде ой қозғаймыз.  



Ағылшын тілінен аударма 

 

Сонымен қатар, 2015 жылы Еуропалық Комиссия келесі жылдарға даму саласындағы 



жаңа күн тәртібін белгілейді. Гендерлік теңдік пен әйелдер мүмкіншіліктерін кеңейту, 

әйелдер мен қыздарға қатысты зорлықтың және кесірлі тәжірибенің бар нысандарын 

жою  кедейшілікті  қысқарту  мен  тұрақты  дамудың  міндетті  өзекті  шарты  болып 

табылады.  ЕО  гендерлік  теңдікті  жеке  мақсаты,  әрі  2015  жылдан  кейінгі  кезеңде 

кедейшілікті  қысқарту  және  тұрақты  даму  бойынша  жалпы  негіздемелік 

қағидаларының бөлімі ретінде қолдайды.  

Біз әйелдер мен қыздарға қарсы зорлықтың барлық нысандарын қатаң айыптаймыз. 

Бүгінгі  күннен  бастап  10  желтоқсанда  атап  өтілетін  Адам  құқықтары  күніне  дейін 

бүкіл  әлем  бойынша  барлық  ЕО  Өкілдіктері  де  БҰҰ  Бас  Хатшысының  "Гендерлік 

қасиеттерге  негізделген  зорлыққа  қарсы  белсенді  жұмыстың  16  күні"  атты 

халықаралық  науқаны  шеңберіндегі  шаралар  ұйымдастыру  үндеуіне  қосылып, 

аталған мәселе бойынша хабардар болуды нығайту жолында жұмыс атқарады.    

  

STATEMENT/14/2081



 

 

Қосымша баспасөз ақпараты бойынша: 



 

Catherine RAY 

(+32 2 296 99 21) 

Maja KOCIJANCIC 

(+32 2 298 65 70) 

Mina ANDREEVA 

(+32 2 299 13 82) 

 

Жалпы сауалдар бойынша: 



Europe Direct 

тел.: 


00 800 67 89 10 11 

 

жүктеу 273,52 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау