Нұрсұлтан Назарбаев



жүктеу 12,75 Kb.
Дата04.01.2022
өлшемі12,75 Kb.
#31469
эссе тарих дөңгелегі Сабырова Жанбота


Тарих дөңгелегі

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негіздерінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді»



Нұрсұлтан Назарбаев

Талай ғасырлар бойы қазақ елі өз тәуелсіздігін сақтап қалу үшін күресті. Сонау сақ дәуірінен басталып, хандық құрғаннан кейінгі кезеңдерде қазақ халқы жері үшін, елі үшін, бостандық үшін жан берісті, қан төгісті. Ата-бабамыздың төккен тері, көрген азабы текке кетпей, азаттықтың таңы біздің аспанымызда да атты. Сол елдіктің, тәуелсіздіктің белгісі не болып табылады? Отанымыздың асқақтаған рухын көрсететін символдар қандай? Әрине, ол - біздің мемлекеттік рәміздеріміз.

1992 жыл 4 маусым – тарихи күн. Бұл күні Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы мен Елтаңбасын бекітті. Сол жылы маусымда тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев ұлт туына тағзым етті.

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздеріміздің бірі. Тарих тұңғиығына үңілсек, тудың ежелден келе жатқан елдіктің символы екенін аңғарамыз. Тіпті жаугершілік заманда туын биікте ұстап құлатпаған. Тудан айырылу – өліммен тең болған. Бауыржан Момышұлы: «Ту – қасиет! Ту - әскерлердің ар намысы!», - деп бекер айтпаған. Бостандықтың белгісі – тудағы қыран құс. Ал салт-дәстүрімізді ұлттық өрнек, бейбітшілігімізді тудың көк түсі, ашық аспаннымыздың белгісін білдіріп тұр.

Елтаңбада күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары бейнеленген. бұл белгілердің өзіндік мәні бар. Осында берілген алтын шаңырақ Қазақстанның «қара шаңырақ» деген қасиетті сөзінен алынып, шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп, халықтың қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр. Еліміз бірлікте болса, тәуелсіздігіміздің таңы әрдайым атады деп ойлаймын.

Рәміздердің ішіндегі әнұранның да маңызы ерекше. Кезінде қазақ халқы елді жау шапқанда жер-жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып, ұран салып, хабар берген. Жауынгерлерге рух беріп, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған. Қазақстан Республикасының Әнұранның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, Атамекенге деген шексіз махаббат аңғарылса, сөзінен жан-дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз, еркіндікке құштар көңіліміз жақсы көрініс тапқан.



Менің ойымша, әр қазақ, Қазақстанда тұратын әр ұлт егемендігіміздің нышандарын, мемлекеттік рәміздерімізді, құрмет тұтып, естен шығармауы қажет. «Мәңгілік елдің – мәңгілік белгісін ұмытпа, жас қыран!» дегім келеді.

Сабырова Жанбота, ҚТӘ-17-1
жүктеу 12,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау