І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары



жүктеу 1,21 Mb.
бет9/15
Дата15.01.2020
өлшемі1,21 Mb.
#26803
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

Нұсқаулық: Сіздер 5 минут уақыт аралығында бүгінгі күннен алған әсеріңіздің суретін салуыңыз қажет. өз суретіңізді кез- келген қырда салыңыз, ең бастысы онда сіздің бүгінгі жұмыс күнінің бейнесі, сіздің көзқарасыңыз бейнеленуі тиіс (тапсырманың сипаттамсын өзгертуге болады. Аталмыш тапсырма екінші жұмыс күнінің соңына қарай ұсынуға болады, ал үшінші күні тапсырада «Менің өмірлік кредом», ал төртінші және бесінші күндері – «Пейзаж» тапсырмасы ұсынуға болады). Сіздің салған суретіңізді ешкім көрмеуіне тырысыңыз. Аяқтаған суреттеріңізді маған беріңіздер (суреттердің барлығы жаттықтырушының қолына тигеннен кейін, ол әркімге өз салған сурет тимейтіндей, қатысушыларға таратып шығады.) Ал енді бұл суреттің авторы кім екенін ойланыңызда, астына атын жазыңыз.

Қатысушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін, жаттықтырушы әрқайысысына суреттің авторын атап, неліктен мұндай шешімге келгенін түсіндіруін ұсынады. Басқа қатысушылар, сондай-ақ суреттің авторы үнсіз мұқият тыңдайды.

Одан соң жаттықтырушы топқа назар аударып: «Басқа болжам бар ма?» деп сұрайды және қатысушыларға өз пікіріне дәйектер келтіруін өтінеді. Осылай барлық суреттер талқыланады. Суреттер топ жұмысының уақыты барысында бөлмеде қалады. Бұл тапсырманы орындау, сенситивтілікті жаттықтырумен қатар, күні бойғы жұмыстың мазмұныны рефлексиялауға мүмкіндік береді, алған тәжірибені жүйелеуге көмектеседі.

«Менің өмірлік ұстанымым» және «Пейзаж» суреттерімен жұмыс жасау барысында, жаттықтырушы қатысушыларға: «Серік қандай пейзаждарды салмайтын еді?», «Өзінің өмірлік ұстанымын бейнелей отырып, Асхат ненің суретін салмауы мүмкін?» деген сұрақтар қоюына болады.

Бұл сұрақтарды талқылауға суреттердің авторлары да қатысады, бұл кең мазмұндық мағлұмат береді.
37 жаттығу

Жаттығу топ жұмысының соңғы күнінде өткізіледі. Барлық қатысушылар шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Мен қазір әрқайысыңызға топтың бес мүшесінің есімі жазылған текшелерді таратамын. (жаттықтырушы топ мүшелерінің тренингтегі белсенділік деңгейі, көріну мөлшерінің анықталуы негізінде жаттықтырушы толтырған текшелерді таратады. Әрі ол келесі белгілерді ескеруі қажет:

  • әр текшеге топтағы қарама- қарсы деңгейдегі белсенділікке ие қатысушылар енеді;

  • текшелерге барлық қатысушылардың сондай-ақ жаттықтырушының да есімі жазылады;

  • текшелерге қатысушылардың есімінің енуінің жиілігі шамамен бірдей. Текшелерді тарату кезінде, жаттықтырушы қатысушыларға өз есімі жазылған текшелер тимеуін қадағалауы тиіс.)

Қазір біз текшеде есімі жазылған әрбір адамға сипатама береміз, бірақ сипатамамыз мейлінше қысқа әрі ол адамды тануға мүмкіндік беретіндей болуы керек.(жаттықтырушы қалжын түрде топтың өмірінен қандай да бір мысал келтіруіне болады: «Айталық, Дастан үнемі кешігетін, сондықтанда егер біреу «Кешігуші» десе онда кім туралы айтылғаны бірден түсінікті болады.») Дайындалуымыз үшін бес минут уақытымыз бар».

Жаттығу аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы ең дәл және қысқа берілген сипатамаларға сүйене отырып, нәтижелерді талқылайды.


38 жаттығу

Қатысушылар екі (үш) шағын топқа бөлінеді. әрбір шағын топ бір-біріне кедергі жасамайтындай, жартылай шеңбер құрап орналасады.



Нұсқаулық: Біз орындайтын жаттығу бірнеше жалғасы бар қадамдардан тұрады. Мұқият болыңыздар және олардың мазмұны мен жалғастығын есіңізде жақсы сақтаңыз. Сонымен, әр шағын топта жаттығуды кім орындайтындығын (оны біз «түсінуші» деп атайтын боламыз) және оны қазіргі кезеңде кім ұйымдастыратындығын анықтаңыздар. «Түсінушінің» және «ұйымдастырушының» ролінде барлығыңыз болып шығасыздар, сондықтанда кім бастайтыны және жалғастыратындығы маңызды емес. (жаттықтырушы барлық шағын топтар жаттығуды орындаушылар мен ұйымдастырушыларды анықтағанына көз жеткізеді.)

Қазір «түсінушілер» жартылай шеңберден шығады да, оған арқасымен қарап отырады. Ұйымдастырушылар үнсіз өзінің шағын тобынан екі адамды көрсетеді. Әрі біріншісі екіншісінің есімін атамай, топ жұмысы барысында көрінген ерекшеліктерін бейнелеуі қажет. «Түсінуші» ол адамның мінез- құлқының ерекшеліктері туралы әңгімені мұқият тыңдайды да, одан кейін оның есімін атауы керек. Егер есім дұрыс аталмаса, онда «түсінуші» шағын топтың кез-келген мүшесіне айқындайтын сұрақтар қоя алады. Сондай-ақ «түсінушіге» өзі естіген сипатталған мінез- құлық иесінің есімін дұрыс табуына екі рет мүмкіндік беріледі. Егерде үш әрекетіде дұрыс болмаса, онда шағын топ дұрыс жауабын айтады, одан соң «түсінуші» мен ұйымдастырушы ауыстырылады.»

«Түсінушіге» ұсынылатын ақпаратардың сипаты әртүрлі болуы мүмкін, ол топ жұмысының кезеңімен және топ мүшелерінің құрамымен және сенситивтік машықтығының нақты болжамымен анықталады. Егер жаттығу машықтықтың бірінші немесе екінші күндері өткізілетін болса, онда қатысушыларға сыртқы келбетті суреттеу (киімін суреттеуден басқа) немесе адам алдыңғы жұмыс күндерінде айтқаны мен істеген әрекеттерін сипаттау деңгейін ғана ұсынуға болады. Топтың үшінші және басқа жұмыс күндері «түсінушіге» тілдік немесе паралингвистік ерекшеліктерінің, сондай-ақ вербальды емес көріністерінің суреттеуін тыңдай отыра қорытынды жасауды ұсынуға болады.

Топ мүшелерінің барлығы «түсінуші» ролінде болып шыққаннан кейін, жүргізуші барлығын шеңбер құрап отырып, жаттығудың осы кезеңін орындау нәтижесін талқылауға шақырады. Қатысушылардың назары түсіну мен суреттеу тапсырмасын орындау барысында кездескен қиындықтарды сезінуге ауады. Жаттықтырушы мінез-құлықтары ортаға салынған қатысушыларға тура немесе бұрмаланған суреттеулерден мысал келтіре отырып, өз әсерлерімен бөлісуді ұсынады. Талқылау аяқталғаннан кейін, жүргізуші тағы да топты, мүмкіндігінше құрамын өзгертіп отырып, екі шағын топқа бөледі. Топтардың орналасуы жаттығудың бірінші кезеңіндегідей болады.



Нұсқаулық: «Әрбір шағын топ кім «түсінуші» ал кім ұйымдастырушы болатындығын шешсін. «Түсінушілер» менің белгі беруімен, жартылай шеңбердің ортасына шығадыда, оған арқасын қаратып отырады. Ұйымдастырушылар үнсіз екі қатысушыны анықтайды. Бұл жолы біріншісі екіншісінің мінез-құлқының ерекшеліктерінің топтағы көрінісіне қарама-қарсы сипаттамсын береді. Мысалы, егер сіз суреттейтін адам өз пікірін толық және даралай жеткізетін адам болса, онда сіз ол қысқа әрі жалпылай айтады деп жеткізесіз. «Түсінуші» әңгімені мұқият тыңдайды да мінез-құлқы суреттелген адамның есімін атайды. Егер «түсінуші» қателессе, өзінің шағын тобының кез-келген мүшесінен сұрақ қоя отырып қосымша ақпарат ала алады, ақпарат берушіде суреттелген мінез-құлық иесінің топтағы көрінісіне қарам қарсы сипат береді. Қосымша ақпарат алғаннан кейін, «түсінуші» екі рет әрекет жасайды. Егер олары сәтсіз болса, шағын топ оған дұрыс жауабын айтады және «түсінуші» мен «ұйымдастырушыны» ауыстырады».

Талқылау жаттығудың бірінші кезеңінде сияқты өткізіледі.


39 жаттығу

Топ жұпқа бөлінеді. Егер қатысушылардың құрамының қатары тақ болса, жаттықтырушы да жаттығуға қатысады.



Нұсқаулық: «Әр жұп басқаға кедергі жасамай сөйлесе алатындай отырыңыздар. Қазір әрқайысыңыз кезекпен өз серігіңізге бес қысқа эпизод айтып бересіздер, олардың жартысы шындыққа сәйкес, ал жартысы керісінше болуы керек. Шынайы және жалған эпизодтардың қалай орналасатындығын еркі өзінше шешеді. Бірінші тыңдайтындар әрбір айтылған эпизодтан кейін, әңгімелеушіге айтқанын шындыққа сай ма әлде жоқ па екендігі туралы өзінің пікірін білдіреді. Барлық бес эпизод айтылып болған соң, ролдермен ауысамыз».

Жаттығуды талқылау барысында тыңдаушылар әңгіменнің шындыққа сәйкестігі туралы қорытынды жасарда ұстанған белгілер анықталады.


40 жаттығу

Топ мүшелері жұпқа бөлінеді.



Нұсқаулық: «Жұптың бір мүшесі «айна» ал екіншісі – «маймыл» болады. «Айнаның» алдына тап болған «маймыл» өзін еркін ұстайды: оның бет қимылы, пантомимикасы, дене қимылы алуан түрлі. «Айна» «маймылдың» барлық әрекетін мүмкіндігінше тура қайталайды».

Үш- төрт минуттан кейін жаттықтырушы серіктестерге ролдерін ауыстыруды ұсынады.

Жаттығу аяқталғаннан кейін топқа: «Жаттығуды орындау барысында қандай қиындықтар туындады?», «Сіздің серігіңіздің қимыл-әректін қаншалықты тура көрсете алдыңыз?» деген сұрақтар қоюға болады.

Жаттығу басқа адамды сезіне алу, оның әрекеттерін алдын-ала болжай білу қабілеттіктерін дамытуға бағытталған.


41 жаттығу

Барлық қатысушылар 4-5 адамнан топқа бөлінеді.



Нұсқаулық: «Қазір әрқайысымыз басқалар ол қандай әңгімелесуші деп ойлайтындығы туралы өзінің көзқарасын айтамыз. Мысалы (жаттықтырушы құрамына Торғын, Асхат, Олжас, Сәуле енген шағын топтың біріне жақындайды) Торғын ол қандай әңгімелесуші деп Асхат не ойлайтындығы жөніндегі өз пікірін айтады, ары қарай Олжас не ойлайтындығы туралы, одан соң Сәуле не ойлайтындығы туралы пікірін айтады. Торғынның пікірі былай айтылуы мүмкін: «Менің ойымша, Асхат сен мен көп нәрсе білетін, зерек бірақ кейде асығыс шешім жасайтын әңгімелесуші деп санайсың (ойлайсың)». Бұдан соң, Асхат, Олжас, Сәуле өздерінің қай пікірмен келісетіндерін, ал қайысысымен келіспейтіндіктерін айтады».

Жаттығуды талқылау барысында: «Сіздің шағын топпен жұмысқа қатысты әсеріңіз қандай?», «Сіздің әріптестеріңіз әңгімелесуші ретінде сіз туралы не ойлайтындықтарын жорамалдауда, қаншалықты тура болдыңыз?» деген сұрақтар қоюға болады. Әдетте машықтық топтың мүшелері бұл тапсырманың қиындығы туралы айтады.

Бұл жаттығу адамның Мен - бейнесін қалыптастыруға, яғни, аталмыш жағдайға тартылған басқа адамдардың алдында ол қандай адам ретінде көрінетіндігі туралы қабілеттілігін дамытуға бағытталған. Адам бойында барабар Мен - бейнелердің басым болуы - бірлескен өзара әрекеттің басты талабы. Олар мінез- құлықтың бейімділігін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге Т.Шибутани (19) жазғандай: саналы ой иесі бола отырып, көп жағдайда адам өзін бір - бірінен ерекшеленетін бірлік ретінде сезіне бермейді; әрі бұл сезінудің өлшем деңгейі әр алуан болуы мүмкін!. Шындығында да, адамдар көп жағдайда басқа адамдардан қандайда бір жағдайды өздеріне тән сипатта қабылдауды күтеді. Өмірге, әрі өз-өзіңе басқа адамның көзімен қарау оңай емес. Бұған жаттығуға қатысушылардың көзі жетеді.

42 жаттығу
Жаттығу жұмыстың үшінші - төртінші күндерінде өткізіледі. Топ бір-біріне кедергі жасамай әңгімелесе алатындай орналасқан үштікке бөлінеді. Әрбір қатысушыда қалам мен қағаз бар.

Нұсқаулық: «Қазір мен сіздерге әрқайысыңызға қатысты сұрақтар қоямын. Сұрақтардың түрі әралуан, мүмкін олардың кейбіріне жауап беру белгілі деңгейде қиындықтар тудыруы мүмкін. Сондықтанда мен сіздердің жұмыс мақсатын еске түсіріп, бұл жұмысқа жинақы түрде қатысуыңызды өтінемін. Сонымен, сіз менің сұрағымды естисізде, оған жазбаша өз жауабыңызды бересіз және сіздің екі серігіңіздің жауабын жобалай жазасыз. Барлығы тапсырма орындап болғаннан кейін, ал оны орындауға үш минут уақыт беріледі, бір-бірімізге сұрақ қоймай және талқыламай әрқайысымыздың жауабымыз бен болжамымызды тыңдаймыз».

Жаттығу басқаны түсінуге негізделген болжамдық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған. Жаттықтырушы біртіндеп жаттығуды күрделіндіреді. Мысалы: «Демалыстың сіз қандай түрін қалайсыз: тауда немесе теңізде демалуды ма?»; «Сізге қайысысы артығырақ ұнайды: керамика, майлы бояу немесе кескіндеме ме?»; «Топ мүшелерінің арасынан кімнен сіз демеу көресіз?»;

«Топ мүшелерінің қайысысының мінез-құлқы кейде сізге кедергі жасайды?»; «Сіз өзіңізге жұмысқа шақырғыңыз келген топтың үш мүшесін атаңыз?»; Арамызда үшеуін атау керек «кім топта барлығымызға артығырақ пайда тигізе жұмыс істеуде?»; «Арамыздағы кіммен сіз өзіңізді жайлы сезінесіз?» және т.б. сұрақтар тізбегі топтың даму деңгейіне және құрамына байланысты әралуан болуы мүмкін.
43 жаттығу

Барлық қатысушылар шеңбер құрап отырады. Жаттығу жұмыстың үшінші- төртінші күнінде өткізіледі.



Нұсқаулық: «Біздің топтағы бірлескен тәжірибемізге зер салыңыз. Топта үш-төрт күннің ішінде не болғанының барлығын есіңізге түсіріңіз және топтың мүшелерінің екеуі немесе үшеуінің қандай да бір себептермен – талқылау барысында қолдау көрсету, бірлескен әрекет және т.б. – бірлескенін сипаттап беріңіз. Сіздің мысалыңыз нақты және дараланған болуына тырысыңыз. Егер сіз бірнеше мысалды еске түсірсеңіз жақсы болады, өйткені біз келтіре бастағанда қайталау болмауына тырысу керек».

Талқылау барысында жүргізуші бірігулері сипатталған қатысушыларға: «Сіз Айжанның айтқанымен келісесіз бе?» деген сұрақ қояды және айтылған эпизодты басқа қатысушылар толықтырып және жөндеуге мүмкіндік береді.


44 жаттығу

Жаттығу жұмыстың үшінші- төртінші күндері 4-5 адамнан құралған шағын топта орындалады.



Нұсқаулық: «Біз қоршаған ортаны әртүрлі қабылдайтынымыз белгілі, және біз өз әсерлерімізді әртүрлі тәсілдермен реттейміз. Сондай ретке келтірудің бірі-біздің басқалардың маңыздылығы туралы түсінігіміз. Біздің біріге жұмыс істегенімізге біраз болды және бір-бірімізге маңыздылық критериі бойынша қарауға тырыса аламыз. Қазір әркім біздің топтың бес мүшесінің есімін өзі үшін маңыздылығына қарай тізіп және шағын топ бойынша сіздің әріптестеріңіз құрайтын тізімге қатысты өз болжамын жазып шығады жұмысқа жауапты қараңыз. Біз бір-бірімізге маңызды екендігіміз белгілі және әңгіме осы маңыздылықтың деңгейіне қатысты болмақ. Барлығы тапсырманы орындап болғаннан кейін, менары қарай не істеу керек екендігін айтамын. Тапсырманы орындауға бес минут уақыт беріледі».

Бес минуттан кейін жаттықтырушы әр топтың жұмысты аяқтағандығын білдіруін өтінеді. Егер қосымша уақыт қажет болса, , жаттықтырушы барлығына жұмысты аяқтау мүмкіндігін береді, одан соң нұсқаулықты жалғастырады: «Әр топ жаттығуды кім бастайтындығын өзі шешеді. Одан кейін ол адамға кезекпен өз болжамыңызды айтыңыз және өз тізіміңізге ол қатысушыларды неге қостыңыз және неліктен осындай жалғастықта екендігінің себебін түсіндіріңіз. Жаттығуды бастаушы тыңдайды, барлық әріптестер айтып өз пікірлерін айтып болғаннан кейін, өз тізімін көрсетеді. Одан кейін дәл осындай жолмен басқаларының болжамы талқыланады».

Жаттығуды талқылау шағын топтарда да, сондай-ақ жалпы шеңберде жүзеге асады. Жаттықтырушы әріптестер өздерінің маңыздылық және оның деңгейі туралы болжамдарында сүйенген критерилерді атауын ұсынады. Талқылау барысында жаттықтырушы маңыздылық шарттылығының теориялық жағдайын қатысушылардың есіне салады, атап айтқанда, А.В. Петровскидің бір адамның басқаға маңыздылығын анықтайтын үш факторды атап көрсеткен басқаның маңыздылығы туралы үш өлшемді нұсқасын:

а) ондағы жаңа және белгісіз ақпараттың басымдылығы;

б) эмоционалдық тартымдылықты, сүйіспеншілік тудыру қабілеттілігі;

в) институализарланған рөл.


45 жаттығу

Топ мүшелері жұпқа бөлінеді және бір-біріне қарама- қарсы отырады.



Нұсқаулық: Бұл жаттығу екі бөлімнен немесе этаптан тұрады. Бірінші кезеңінде серіктестер бір-біріне «Мен сенде қандаймын..... сен сондайсың» деген сөздерден басталатын сөйлемді айтады. Сіздердің біреуіңіз бастайсыз, ал одан кейін - екіншіңіз, одан соң қайтадан бірінші және т.с.с. әрі бұл жағдайда бір-біріңнің көздеріңізге қараңыздар, серігіңіздің дауысына салып сөйлеуге тырысыңыз, оның дауыс діріліне, жылдамдығына, дауыс жоғарлығына, екпініне үйлестіре салу. Ал жаттығудың екінші кезеңінде, жұмыс басталғаннан кейін шамамен 7 минуттан кейінсіздер бір-біріңізге кезекпен «Мен сенен өте ерекшеленемін, мен....» деген сөздерден басталатын бір-бір сөйлемнен айтасыздар».

Жаттықтырушы қатысушылардың біреуін жаттығу қалай өту керектігін бірге көрсетуін ұсынады.

Жұппен жұмыс аяқталғаннан кейін, қатысушылар шеңбер құрап отырады және өздерінің әсерлерімен бөліседі. Жаттықтырушы: «Жұмыс барысында сіздің бойыңызда қандай сезімдер пайда болды?»; «Жаттығудың бірінші кезеңінде қандай сезімдер пайда болды, екінші кезеңінде ше?» деген сұрақтар қояды.
46 жаттығу

Жаттығу топ жұмысының төртінші - бесінші күндерінде өткізіледі. Қатысушылар шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Төрт- бес күн бойы біз бірге жұмыс жасадық. Осы уақыт аралығында біздің көп нәрсені көру, есту, түсіну және есімізде сақтау мүмкіндігіміз болды. Қазір мен сіздердің әрқайсыларыңызға тән және осы шеңбер аясында көрінген вербалды емес белгілерді ойлап, еске түсірулеріңізді өтінемін. Ол қол қимылы, тұрысы бет- жүзінің экспрессиялары және вербалды емес көріністердің кешені болуы мүмкін. Барлығымыз дайын болғаннан кейін, арамыздан біреулеріңіз бізге қатысушылардың бірінің есімін атамай, оның бойынан көрінген вербальды белгіні көрсетеді. Қалғандарымыз бұл кімнің белгісі екенін анықтауға тырысамыз.

Жаттығуды талқылау барысында, жаттықтырушы әрбір қатысушыға басқаның «белгісін» бейнелегенде туындаған қиындықтар туралы және осы жұмыс процесіндегі өзінің сезімдері туралы айтып беруін ұсынады.


47 жаттығу

Топтың барлық қатысушылары шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Мен қазір кейбіреулеріңізге (барлығына) текшелер таратамын. (Жаттықтырушы топ мүшелерінің үш, алты, тоғыз және он екісіне текшелер таратады.) Әрбір текшеде біреуіміздің есіміміз және дене қимылы, бетқимылы және пантомимика деген үш сөздің біреуі жазылады. Текшелерді алған адамдар, (есімдер мысал ретінде келтірілген) Дәурен, Арман, Талшын- бірінші үштік, Болат, Қарлығаш, Лаура – екінші үштік, олар текшеде есімі жазылған адамның біреуі – дене қимылы сипаттамасының, екіншісі – бет қимылының, үшіншісі- пантомимикалық сипаттамасының көріністері туралы біраз уақыт ойлануы керек. (үштік әртүрлі қатысушыларды бейнелейді.) Одан кейін, олар бір мезгілде, үнсіз күйде текшеде жазылғанды бізге көрсетеді.

Алдымен бірінші үштік, одан кейін екінші үштік көрсетеді. Басқаларының міндеті – бұл дене қимылдары, бет қимылы немесе тұрыс кімдікі екенін түсіну. Үштік бізге қайсы бір қатысушыны бейнелеу кезінде, біз тек бақылап тұрамыз. Үштік өз жұмысын аяқтағаннан кейін ғана әркім өзінің пікірін айтады. Барлығыңызға түсінікті ме? Қанекей бастайық».

Жаттығуды талқылау барысында жаттықтырушы айтылған пікірлерді топтастырады, одан кейін бірдей пікір айтқан қатысушыларға, пікірлеріне түсіндірме жасауын өтінеді. Талқылау барысында жүргізуші: «Сіздің көргеніңіздің қайысысы анықтағыш болды?», «Сізде жауаптың басқа түрлері болды ма?», «Неліктен сіз ол жауаптардан бас тартыңыз?» деген сұрақтар қоя алады. Пантомимикалық көріністің «иегері де» талқылауға қатысады. Жаттықтырушы оған: «Сені таныды ма?», «Қайысысы тек шамаланып, ал қайысысы тура берілді?» деген сұрақ қоя алады.

Талқылау барысында басқа адамның қалыптасқан бейнесі мен оның бейнеленуі, деталдардың маңыздылығы, оның вербальды емес көріністерін бұрмалау арсында қарама- қайшылық туралы ой туындайды.

Жаттығу бақылампаздықты жаттықтырып, өзінің басқа адамдар туралы түсінігін нақтылауға септігін тигізеді.


48 жаттығу

Топ шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Қазір әрбір қатысушымызға басқа адамды түсініп және сезіну үшін оның өміріне енуге мүмкіндік беріледі. Сізге «айналуыңыз» тиіс адамның есімі жазылған ақ парақ беріледі. Есімдер жазылған қағазды алмай тұрып, бір-біріңізді есіңізде сақтаңыздар. Екі минуттан кейін сіздердің әрқайсыңыз басқа адам боласыздар. Мен сізге жақсыз түрде- себебі сіздің жынысыңызда өзгеруі де мүмкін ғой, сұрақтар қоямын, ал сіз сол адамның атынан оған жауап беруіңіз керек. Менің сұрағыма толықтай жауап беру қажет емес, тіпті сұрақтың мазмұнына жауап беру қажет емес, тек сұраққа тұрысыңызды, бет жүзіңіздің қимылын өзгерту арқылы немесе сөздік түміндіру беру арқылы да жауап беруге болады. Нұсқаулық барлығыңызға түсінікті ме? Қазір сізге біреу «енуге» немесе «оларды «бейнелеуге» барлығыңыз дайынсыздар ма?».

Топтың барлық қатысушылары келіссе, жаттықтырушы шеңбердің бір жартысына екінші жартының қатысушыларының есімі жазылған текшелерді, ал шеңбердің екінші жартысына- шеңбердің қатысушыларының бірінші жартысының есімдер іжазылған текшелерді таратады. Шартты түрдде екі жартылай шеңберге бөлу қатысушылардың бірінің қолына өз есімі жазылған текше тиіп қалмау үшін қажет.

Одан кейін жаттықтырушы: «Басқа адамға айналыңыз» деп айтады. Бұл сәтте, топта біршама қозғалыстар орын алады- көбі тұрысын, келбетінің кескінін, өзгертеді, топ өзгереді. Жаттықтырушы қатысушылардың біріне сұрақтар қояды. Мысалы, Г.В.Оллпорт сипаттаған «адамдарды жақсы айыра білетін» адамның қасиеттіне байланысты: «Сіздің адамдық күрделігіңіз неде деп ойлайсыз?»; «Сенің эстетикалық талғамың неде көрініс табады?»; «Сен адамдармен ұқсастығыңды қалай анықтайсың?» деген сұрақтар болуы мүмкін. Сондай-ақ басқада: «Сен ақпаратты қалай жақсы қабылдайсың, есту арқылы ма, әлде көру арқылы ма?»; Егер сен келісім жүргізушінің ролінде болуы қажеттілігі туындаса, сені ерекшелендіретін сипаттарың қандай болмақ?»; «Сенің бойыңда не басым, бақылампаздық па әлде эмпатия ма?» - деген сұрақтар қоюға болады.

Қатысушының сұраққа жауап беруі бойынша «оның кім екенін» анықтайды. Жаттықтырушы бірінші болып бейнеленген адам өзін анықтағаны дұрыс болар деп айтып кетуі керек.

Қатысушылардың барлығы анықталып болғанан кейін, қатысушылар басқа адам ролін ойнаудағы топ үшін туындаған маңызды проблемалардың біріне арналған топтық пікірталас өткізуге болады. Әрқайысысына өзі бейнелеген адамның атынан топқа тілек айтуды немесе жаттықтырушының есімі жазылған текшені алған адамға жаттықтырушы атынанан пікірталасты аяқтауды ұсынуға болады.

Қорытынды талқылауда әрбір қатысушыға өзінің сезімімен бөлісу ұсынылады. Жаттығу көпшілігінің бойында басқа адамды терең және ұшқыр меңгеру сезімін тудырады.


Өзгерту

Топ 6-7 адамнан тұратын шағын топқа бөлінеді.



Нұсқаулық: Бір-біріңізге зер салыңыз. Шағын топ бойынша әрбір серігіңіз қалай қозғалатынын, сөйлейтінін, қарайтынын, жауап қайыратынын есіңізге түсіріңіз. Ең алдымен неге назар аударатынын, ал неге немқұрайдылықпен қарайтынын есіңізге түсіріңіз. Әңгімені қалай бастайтынын, әңгімені аяқтағысы келгенін қалай білдіретіндігін есіңізге түсіріңіз. Бұл тапсырмаға бей- жәй қарамаңыз. Бұл жұмысты орындау үшін біздің он минут уақытымыз бар».

Он минуттан кейін жаттықтырушы нұсқаулықты жалғастырады. «Қазір мен Болат пен Қарлығашқа назарымды бөлемін. (жаттықтырушы әр шағын топтан бір-бір адамның есімін атайды) Мен сіздерді «түсінушінің» ролінде болуды ұсынамын.сіз өз міндетіңізді анықтағаннан кейін, біраз уақытқа бөлмеден шыға тұруыңыз керек болады. Сіздің міндетіңіз бөлмеге оралғаннан кейін сіздің серіктеріңз шағын топтың қай қатысушысының мінез- құлқын бейнелеп тұрғандығын үш минут уақыт аралығында бақылап түсіну болмақ. Әрі бұл кезде кейбіреулер өздерін бейнелеуі тіпті кей жағдайда сізді «бейнелеуі де» мүмкін екендігін ескеріңіз».

Одан кейін жүргізуші екі адамның бөлмеден шыға тұруын өтінеді де, шағын топтарға кімді бейнелейтіндіктерін анықтап алуға мүмкіндік береді. Әртүрлі варианттар болуы мүмкін:


  • қатысушылардың бірі өзін, ал қалғандары кез-келген басқаларды бейнелеуі мүмкін;

  • шағын топ теңдей екіге бөлінеді, әрқайысысында бір-бір адамнан өз өз қалпында, ал қалғандары олардың ролін ойнап бейнелеуіне болады;

  • шағын топ теңдей екіге бөлінеді, оның бірі екінші жартысындағы біреуді, ал екінші бөлігі «түсінуші» болған адамды бейнелеуіне болады және т.с.с.

Шағын топтар өз таңдауын жасағаннан кейін, жүргізуші бөлмеден шығып кеткен қатысушыларды шақырады. Жаттығуды талқылау барысында негізінен басқа адамның мінез-құлқын бейнелеушілер мен оны «түсінушілер» тап болған қиындықтарға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ жаттығу барысында әрбір қатысушы сезінген сезімдер туралы айтуға болады; басқаларды бейнелегендер мен өзін қалай бейнелегенін бақылаушылардың немесе түсіну тапсырмасын шешушілердің бойындағы сезімдер әртүрлі болады. Талқылау барысында, сонымен бірге, ақпарат беруші, ерекшелендіретін немесе адам жайлы ақпарат бермейтін ретінде тіркелген белгілер туралы әңгіме қозғауға болады.

49 – жаттығу

Топ шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Қанекей сиқырлы дүкен ойынын ойнайық. Нақтырақ айтсақ, бұл биржа болмақ. Әрбір сәт сайын сатуға өз тауарын ұсынып, есесіне өзіне басқа бір нәрсеге тапсырыс жасауға болады. Мысалы, мен: 500 грамм шыдамдылықты 100 грамм зеректілікке айырбастаймын- деп айтамын. Егер қатысушылардың арасында өзінің 100 грамм зеректілігін беріп, 500 грамм менің шыдамдылығымды алғысы келген адам болса, онда бұл келісім жасалғандығын білдіреді. әрбір қатысушы саудаға өзінің тауарын ұсынғаны маңыздырақ, өйткені біздің биржамыз өркендеу үстінде және бізге тауардың әралуандылығы қажет».

Жаттығу топтың әр мүшесі бір реттен биржада өз тауарын ұсынып шыққаннан кейін немесе топтың барлық мүшелері қажетті және жекелік қасиеттерді алудағы өз қажеттілігін қанағаттандырғанан кейін аяқталады. Бірінші жағдайда жаттығу тек көрсету сипаттамасында болады, ал екінші жағдайда ол негізінен топтық өсіңкілікке терең ықпал етеді.

Жаттығуды талдау барысында топқа: «Бұл жаттығу сіздің бойыңызда қандай сезімдер тудырды?», «Бұл жаттығудың нәтижесінде, сіз өзіңіз туралы қандай жаңа маңыздылық алдыңыз?» деген сұрақтар қоюға болады.

Бірінші жағдайда, топ мүшелері де және жаттықтырушының өзі де тек сезімдер туралы айтуына болады (көп жағдайда бұл сізбен айырбас жасаушы бір де бір адам табылмай қалған кездегі адасқандық сезімі және жаттығу соңында топтан байқалатын жылылық пен қолдау сезімі). Сезімдер туралы сұрақты жаттығу қатысушылардың біріне терең әсер еткен кезде немесе қатысушылардың бірі өзінің бұрындағы да басқа келісімдерге қатысқандығын сылтауратып биржаға өз тауарын ұсынудан мүлде бас тартқан қарсылықтарға тап болған кезде қою тиімді болмақ.

Өзі туралы жаңа білімге қатысты сұрақтар ішкі құндылықтардың иерархиясы, өз-өзін қабылдау, өз-өзіне сын айту және өзіне қалжынмен қарай беру қабілеттіктерінің мәселелеріне назар аударуға септігін тигізеді.

Сондай-ақ бұл жаттығу топ мүшелеріне «сенсорлық қабылдауды» «эмоционалдық уайымдардан» ажырата алуына тырысуға мүмкіндік береді. Көп жағдайда топ мүшелерінің ортаға салған пікірлерінде жаттығуды орындау барысында өз уайымдарына қатты назар аудармағанда, басқалардың жекелік қасиеттері, олардың өздеріне қатынасы және оларды не толғандыратыны, нені жоғары бағалайтындығы туралы ақпарат алуға болар еді деген ойлар айтылды.

Осыған ұқсас көптеген басқа жаттығулардағыдай, бұл жердегі өз-өзін ашу деңгейі негізінен жаттықтырушы топқа деген қатынасында өзін қаншалықты ашық және сенімдірек ұстайтындығына байланысты.


жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау