І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары



жүктеу 1,21 Mb.
бет2/15
Дата15.01.2020
өлшемі1,21 Mb.
#26803
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ПСИХОГИМНАСТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
Бұл тарауда келтірілген барлық жаттығулар үш тармаққа топтастырылған:

1. Жалпы топқа немесе оның әрбір мүшесінің жағдайына әсер ететін жаттығулар (оларды жұмысқа қабілеттілігін арттыруды көздеген жаттығулар деп атайық).

2. Жұмыстың мазмұндылық қырына бағытталған жаттығулар (оларды мазмұндық жоспар жаттығулары деп атайық).

3. Жекешілдік кері байланыс орнатуға арналған жаттығулар.

Бірінші және екінші тармақтар құрылымды бөлшектерге және психологиялық нақты мақсаттарына сай жіктеледі.
ЖҰМЫСҚА ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН ПСИХОГИМНАСТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
Треннингтің түрімен байланыссыз топтық жұмыс жұмысқа қабілеттілікті арттыру жағдайын қалыптастыру кезеңінен басталады, оның негізгі мақсаты – жұмыстың мазмұндылық бөліміне ауысуға мүмкіндік беретін топтық жағдай, топтың әр мүшесінің арасында жылылық қарым-қатынас орнату болмақ. Бұл кезең кез-келген қарым-қатынас, бірлескен әрекеттердің бастамасындағы байланыс орнату кезеңімен сәйкес келеді. Тренингтік топтың жұмысында жылылық қатынас орнатуға қажетті негізгі шарт топ мүшелерінің эмоционалды еркіндігі, ашықтығы, бірі-біріне деген достастық сезімі, жаттықтырушыға және бір-біріне сенімділігі.

Тренингтік топ жұмысының осы кезеңінде орындалатын дәстүрлі іс-әрекеттермен қатар (топ мүшелерінің танысуы немесе бір-бірімен таныс болған жағдайда топпен көрісу, алдағы жұмысқа байланысты, дәріске келген адамдардың бойындағы сенімсіздік пен қорқыныш сезіміне пікірін білдіру, өзіндік пікір білдірудің түрін талдау), әртүрлі психологиялық жаттығулар пайдалануға болады. Топтың жұмысқа қабілеттілігін арттырудың мақсаты ерекше, жұмысты бастау мен оның шешіміне біршама уақыт жұмсалады. Алайда, бұл мақсат жұмыстың басқа да кезеңдерінде де маңызды: тәуліктің бірінші жартысында және шағын үзілістерден кейін, жұмысқа қабілеттілігін жұмылдыруға, назардың деңгейін арттыруға, шаршағанды төмендетуге, эмоционалды жігер беруге бағытталған және т.б. жаттығулар жасау керек болады.



ТРЕНИНГТІК ТОПТЫҢ ЖҰМЫСЫН БАСТАР АЛДЫНДА ЖҰМЫСҚА ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР
Тренингтік топтың жұмысын бастар алдында жұмысқа қабілеттілігін қалыптастыруға арналған жаттығулар.
Дәріс алдында, ашықтық, сенімділік деңгейін, эмоционалдық еркіндікті, топта бірауыздылық орнатуға жағдай жасайтын психологиялық жаттығулар өткізуге болады және әр қатысушының бойында жоғарыда атап өткен сезімдердің бой алуы мазмұндық жоспарда алға жылжумен, жұмыстың нәтижелі болуына септігін тигізер еді. Сондай-ақ, осы кезеңде өткізілген жаттығулар тренингтік топтың жұмысының мазмұнды кезеңіне өтуге «көпір» болатын талқылауға арналған мағлұматтар бере алады.
1- жаттығу

Қатысушылар шеңбер құрап отырады, жаттықтырушы шеңбердің ортасында тұрады.



Нұсқаулық:

«Қазір біздің таныстығымызды ары қарай жалғастыру мүмкіндігі тумақ. Оны былай жүзеге асырамыз: шеңбердің ортасында тұрған (алғашында ол адам орнында мен боламын) ортақ белгілері бар адамдарға орындарын ауыстыру (ауысып отыру) ұсынысын жасайды. Ортақ белгіні атайды. Мысалы мен: «Араларыңыздан әпкелері барлар орындарыңызды ауыстырып отырыңыздар» - деп айтамын, - сол кезде кімнің әпкесі бар солар орындарын ауыстыруы қажет. Осы сәтте шеңбердің ортасында тұрған адам, орындардың біреуін иеленіп үлгеруі тиіс, ал шеңбердің ортасында орынсыз қалып қалған адам, ойынды жалғастырады. Бұл жағдай бір-біріміз жөнінде толығырақ біле түсуге мүмкіндік береді».

Жаттығу аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы топқа: «Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?» немесе «Қазіргі сәтте сіздің көңіл- күйіңіз қандай?» деген сұрақтар қоюына болады. Әрине, мұндай жаттығу көңілді өтеді. Ол қалыптасқан қолайсыздықты төмендетіп, көңіл-күйді көтереді, назар мен ойлауды белсендіреді.



2 жаттығу

Қатысушылар жүздері бір жаққа ауған күйде, бір қатарға тұрады.



Нұсқаулық:

«Мен санақ жүргіземін, сол сәтте сіздер 90 градуске бұрылыс жасап секірулеріңіз қажет. Бұл тапсырманы бір-бірімізбен сөйлеспей, үнсіз күйде жүзеге асырамыз. Басты тапсырма – барлығымыз жүзімізді бір жаққа аударуымыз қажет және мүмкіндігінше жылдамырақ жасауға тырысуымыз керек».

Жаттықтырушы топ мүшелерінің барлығының жүздері бір жаққа қараған кезде санақты тоқтатады.

Жаттығу топты біріктіреді, көңіл- күйді көтереді, қолайсыздық, сенімсіздік сезімін төмендетеді. Сонымен қатар, жаттығу барысында топтың әр мүшесі ортақ шешім түйіндеуге келісулері тиіс, бұл әрқайысының бойында бірлесе әрекет жасауға белсене араласу тәжірибесін қалыптастырады. «Топтың алдына қойған тапсырманы жүзеге асыруына не көмектесті?», «Тапсырманы жылдам жүзеге асыруға не кедергі жасады?» («тапсырманы жылдам жүзеге асыруға не көмектесер еді?») және т.б. сұрақтар қою арқылы жаттығуға қатысушылар бойынан әр жағдайда қандай әрекеттер жасайтындығын байқауымызға болады, топ ортақ шешімді түйіндеу барысында, қандай да бір келісімге келуі тиіс сияқты және т.б. Осындай сәттерде бір-біріне назар аудару қажеттілігі, өз іс-әрекетін басқалардың іс-әрекетімен келісе жүзеге асыруы, басқаның ұстанымына, логикаға сүйенуі туындайды; іс-қимылдың ең тиімді тәсілі ретінде әріптестік екенін көрсететін жағдайға қысым жасамау керек екендігі байқалады.
3 жаттығу

Қатысушылар шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық:

«Біздің алдымызда біріге шешу қажеттілігі бар тапсырма тұр: бір-бірімізбен келіспей, сөйлеспей, мүмкіндігінше жылдам және бір мезгілде екі қолымыздың бірнеше саусағын ортаға қарай көрсете созамыз. Бұл тапсырманы біз төмендегі жолмен шешеміз: мен бір, екі, үш деп санаймын- үш деген кезде саусақтарымызды бір мезетте ашамыз. Жаттығудың ойдағыдай орындалғанын анықтауға көп уақыт кетпейді. Егер нәтижесіз болса, жаттығуды қайталаймыз. Түсінікті ме? Қанекей бастайық».

Жаттығу әртүрлі өтуі мүмкін. Кейде ойдағыдай нәтижеге қол жеткізу үшін топ жаттығуды отыз рет, ал кейде төрт- бес рет ғана қайталауы мүмкін. Кез- келген жағдайда жаттығу тренингтік барысында пайдалануға болатын, сондай- ақ түрлі әлеуметтік- психологиялық тәжірибеде қолданылатын мол талдамалық дерек береді.

Әлеуметтік психология және басқару психологиясы бойынша тәжірибеде қоғамдық пікір, топтық ықпал ету, бедел, топтық көңіл- күй сияқты феномендердің көрінуіне назар аударуға болады.

Тренингте бұл жаттығудың тиімділігі 2 жаттығудың тиімділігімен сәйкес.


4 жаттығу

Жаттығу жұппен орындалады. Жаттықтырушы топ мүшелеріне өз араларынан бір-бірімен таныстығы аз жандармен жұп құруды ұсынады (топ мүшелерінің арасындағы таныстығы азбен).



Нұсқаулық:

«Аталмыш жаттығу бірнеше тапсырмадан тұрады. Әр міндет белгілі бір уақытта орындалуы тиіс. Мен сіздерге не істеу керектігін түсіндіремін, уақытты қадағалаймын және уақыт аяқталғанын сіздерге хабардар етемін.

1 тапсырма. Бір-бірімізге үнсіз төрт минут қарап тұрамыз.

2 тапсырма. Әрқайысыңызға 4 минут уақыт беріледі, осы уақыт аралығында өзіңіздің серігіңізге алдыңызда кім тұрғандығын әңгімелеп беріңіз. Әңгімені «Мен алдымда.............. көріп тұрмын» деп бастап, алдыңыздағы адамның сыртқы бейнесін суреттей бастайсыз, әңгімеге оның бойындағы жеке қасиеттері мен оларға деген өз бағалауыңызды қоспауыңыз керек, мысалы: мейірімді көздер, ойлы жанар және т.б. сияқты. Алдымен біреуіңіз 4 минут әңгімелейсіз, ал екіншіңіз мұқият тыңдайсыз, одан кейін керісінше. Ролдеріңізді қашан ауыстыру керек екендігін мен сіздерге айтамын.

3 тапсырма. Әрқайысыңыз 5 минут уақыт аралығында, өз серігіңіздің 5 жасында қандай болғандығы туралы өз көзқарасыңызды айтып бересіз. Тек сыртқы келбетін ғана емес, сіздің ойыңызша мінез-құлқының қандай ерекшеліктері болғандығы туралы пікіріңізді де айтуға болады».

Бірінші 5 минут өткеннен кейін жаттықтырушы жұптағы өзі туралы әңгімені тыңдаған адамға 1 минуттың ішінде өмірі туралы баяндаудың қайсысы нақты ал қайсысы қате пікір екендігін айтуын ұсынады.

Әрі қарай кезекті 5 минуттық әңгімені жұптағы тыңдарман болған адам бастайды да, әңгіменің соңында 1 минут сипаттауының қай жері нақты, ал қай жері қате екендігін анықтауға беріледі.

4 тапсырма. «Әрқайсыңыз 5 минут ішінде өз серігіңіздің сіздің көзқарасыңыз бойынша қандай адам екендігін баяндап беруіңіз керек. Сіз «Менің серігім қандай адам?» деген сұраққа жауап беретін ойыңызды айта аласыз.

Барлық 4 тапсырманы орындағаннан кейін топ мүшелері шеңбер құрап отырып, әрқайысысы 1 минут ішінде өз серігін онымен бірге барлығы 5 күндік уақытты бірге өткізулері тиіс адамдай толықтай мінездеме беріп, топқа таныстырады.

Аталмыш жаттығу оны талқылауға сан алуан мүмкіндіктер береді. «Сіз өзіңіз туралы әңгімені тыңдағанда қандай күйде болдыңыз?», «Төрт тапсырманың қайысысы орындау барысында қиындық тудырды?», «Жаттығуды орындау барысында сіз қандай әсерде болдыңыз?» деген сияқты және т.б. сұрақтарды қою керек».

Бұл жаттығуды өткізудің нәтижесінде, жалпы топтың жағдайы жақсара түседі, топ мүшелерінің арасында жақындық орнай бастайды. Сондай- ақ тапсырманы орындау барысында жиналған тәжірибені, реттеп, төмендегідей талқылауларға мүмкіндік береді:



  1. қарым- қатынас барысындағы көзбе-көз байланыстың маңыздылығы;

  2. басқа адамды оның бойындағы жеке қасиеттерін баяндамай және баға бермей сипаттау кезінде туындайтын қиындықтар;

  3. өз тәжірибеңді, ең алдымен өзімізге тән қасиеттерді басқа адамның бойына таңу және т.б.


5 жаттығу

Қатысушылар шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Әрқайысыңыз адам бойында қандай қасиетті ерекше бағалайтындықтарынызды ойыңызға түсіріңіз. Өз таңдауыңызды жасағаннан кейін, сіз таңдаған қасиет туралы ақпарат беретін қысқа әңгіме, оқиға, мысал ойлап табыңыз (немесе есіңізге түсіріңіз). Сіздің әңгімеңізді тыңдаған (оқиға, мысал) топтың басқа мүшелері қандай қасиет туралы айтылғанын түсінуі керек».

Әр әңгіме аяқталған сайын жаттықтырушы топқа «Сіздің ойыңызша, қандай қасиет туралы айтылды?» (немесе «Сіздің ойыңызша, Серік бізге қандай қасиет туралы әңгімеледі?») деген сұрақтар қояды. Топ мүшелері өздерінің пікірлерін ортаға салғаннан кейін, жаттықтырушы әңгімелеушіден қандай қасиетті таңдағанын айтып беруін өтінеді.

Жаттығу қатысушыларға бір-бірін кеңірек танып білуіне, топ мүшелерінің шығармашылық белсенділігін арттырып, олардың қиялын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаттығу айтылған әңгіменің мағынасына тереңірек үңілуге жетелейді, бұл тапсырма көптеген тренингтік бағдарламалардың мазмұндық мақсатымен байланысты.
6 жаттығу

Қатысушылар бір қатарға сап түзеп тұрады (топ мүшелерінің саны 14-16 адам болса, жаттығуды жарысқа жағдай жасайтындай екі қатарға тұрып жасауға болады). Жаттықтырушы қатардың соңының жанында тұрады.



Нұсқаулық: «Барлық тапсырманы біз үнсіз жасаймыз. Мүмкіндігінше, әр тапсырманы жылдам және дұрыс жасауға ұмтылу керек. Бірінші тапсырма: мүмкіндігінше бой өлшемі бойынша сап түзеуіміз керек. Яғни менің қасымда арамыздағы ең бойшаңымыз тұрса, қатар соңында шаршы бойлымыз сап түзеуі керек. Бастадық».

Топ жаттығуды аяқтағаннан кейін, жаттықтырушы қатар бойымен тапсырманың дұрыс орындалғанын тексереді. Егер тапсырма екі топта орындалса, оларға бір- бірінің тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын тексеруді ұсынуға болады.



Нұсқаулықтың жалғасы: «Екінші тапсырма: менің қасымда арамыздағы шашының түсі ең қою адам, ал саптың соңында шашының түсі ең ашық адам тұруы керек».

Біздің топтың тәжірибесінде, жоғарыда аталған екі тапсырмамен қатар, төмендегідей тапсырмаларды да пайдаландық:



  • саптың басында арамыздағы көзі ең қою түсті адам, ал саптың соңында көзі ашық түсті адам тұруы керек;

  • саптың басында – 1 қаңтар, соңында - 31 желтоқсан. Туған күндері (жылын есептемей) бойынша орналасуы керек.

Аталмыш жаттығудың тиімділігі сан алуан. Топ мүшелерінің көңіл-күйлері көтеріледі, іс-әрекетінде еркіндік арта түседі, қарым- қатынастағы алшақтық азая түседі. Сондай- ақ, соңғы тапсырма қарым- қатынастағы келісімділікке қалай жетуге болатындығын, әріптестік қарым-қатынас тренингі мен іскерлік келіссөздер тренингінің мазмұнындағы ұқсастық не екендігін талқылауға мүмкіндік береді.
7 жаттығу

Бұл жаттығуды негізінен топ жұмысының бірінші кезеңінде (жұмысқа қабілеттілікті арттыру) бір- бірімен таныс топта өткізуге болады.

Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп.

Нұсқаулық: «Қазір біз бір-бірімізге допты береміз. Допты тосып алған адам «Сіздер менің не бар екенін. білмейсіздер» деген сөйлемді толықтырады. барлығымыз мұқият болып, әрі тапсырманы орындауға қатысуымыз керек. Әрқайысымыздың қолымызда доп бірнеше рет болуы мүмкін».

Бұл жаттығуды орындау барысында топтағы жалпы жағдай жақсарады, топ мүшелері өздерін еркін сезінеді, қарым-қатынастағы алшақтық азая түседі. Топ мүшелері бір-бірі туралы толығырақ біле бастайды: мәселен, арамыздағы бір адам- спорт шебері екендігін, келесі біреуі – бұрындары ансамблде кернейде ойнағанын білеміз және т.б.


ТӘУЛІКТІҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДА ЖҰМЫСҚА ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ АРТТЫРУҒА КӨЗДЕЛГЕН ЖАТТЫҒУЛАР
Тәуліктің бірінші жартысында топ мүшелеріне қандай да бір мәселелерге бола мазасыздануына жол бермейтін, «осы жерде және осы сәтте» жағдайына толығымен берілуіне, бір- біріне назар аударуға, топты сезінуге және амандасуға мүмкіндік беретін психогимнастикалық жаттығуларды өткізген дұрыс. Бұл жаттығуларды өткізу нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл- күйі көтеріледі, жұмыс істеуге қолайлы жағдай қалыптасады.
8 жаттығу. Қатысушылар шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Бүгінгі күнді былай бастаймыз: тұрамыз (жаттықтырушы тұрады, топ мүшелерінің де тұруын қадағалайды) және амандасамыз. Бір-бірімізді назарымыздан таса қалдырмай, қол беріп амандасамыз, біреумен екі рет амандасып қойдым деп қиналмаңыз. Ең бастысы-біреумен амандаспай қалмаңыз».

Барлығы амандасып болып, шеңбер құрап тұрғаннан кейін жаттықтырушы: «Бір-біріңізге мұқият қараңыз. Барлығымен амандастыңыз ба?» деген сұрақ қояды. Егерде амандаспай қалғандар болса, оларға амандасуын ұсыну керек. Одан кейін барлығы шеңбер құрап отырады да, жаттықтырушы оларға: «Көңіл- күйіңіз қалай?», «Өзіңізді қалай сезінесіз?», «Біз жұмысқа кірісе берсек болады ма?» деген сұрақтардың бірін қояды.

Егерде жаттықтырушының байқауы бойынша немесе, топ мүшелерінің жоғарыдағы сұрақтарға жауабына қарай, әзірге топ мүшелерінің біреуі жұмысқа кірісуге дайын болмаса, жаттықтырушы тағы бір жаттығуды ұсынуына болады, немесе дайын емес топ мүшелеріне: «Сізге жағдайыңыз жақсарып, тапсырманы орындауға кірісу үшін не істеу керек?» деп сұрауы қажет.

Кей жағдайда топ мүшелеріне өз жұмысқа дайындығын 10 - балдық шкаламен бағалауын ұсынуға болады: 10 балл – мен «осы сәтте және осы жерде» жағдайына егуге толықтай дайынмын, жұмысқа дайынмын, 1 балл- мен жұмысқа мүлде дайын емеспін. Топтың әр мүшесі, сондай- ақ жаттықтырушы өзіне бағалау бергеннен кейін, жаттықтырушы бағасы ең төмен болғандарға, жоғарыдағы сұрақты қоя алады.



9 жаттығу. Қатысушылар жартылай шеңбер құрады.

Нұсқаулық: Қазір топтың әр мүшесі кезекпен ортаға шығып, топқа қарап бірін- бірі қайталамай топпен кез- келген тәсілмен сәлемдеседі. Ал біз әрбір сәлемдесуді қайталаймыз».

Жаттығу аяқталғаннан кейін топқа: «Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?», «Сәлемдесудің қайсысы сіздің есіңізде қалды, (ұнады) және неліктен?» деген сұрақтар қоюға болады. Екінші сұрақ мазмұндылық жоспарда, оның ішінде байланыс орнату мәселелерімен жұмыс барысында пайдалынатын ақпарат жинауға және талқылауға мүмкіндік береді.



10 жаттығу. Қатысушылар шеңбер құрап тұрады.

Нұсқаулық: «Бүгінгі күнді біз бір-бірімізге жақын келіп, амандасумен бастаймыз.Топтың әр мүшесі өз серіктесімен амандасу кезінде вербалды емес тәсілді пайдалануы керек. Келесі серіктесіңізбен сіз алдында сізбен амандасқан серігіңіз пайдаланған тәсілмен амандасуыңыз қажет. Егерде қандайда бір жұп бірдей тәсілмен амандасса, ол екі адам келесі серіктестерімен жаңа тәсілмен амандасуы керек».

Бұл жаттығудың нәтижесі және қойылатын сұрақтардың мазмұны мен тиімділігі жағынан 6 жаттығумен ұқсас.


11 жаттығу. Қатысушылар шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Бүгінгі күнді бір-бірімізге тілектер айтумен бастайық: Бірінші қатысушы орнынан тұрып, кез-келгеніміздің қасына келіп амандасады да, оған жақсы тілектер тілей бастайды. Ал, ол өз кезегінде келесі адамға келіп, өз тілегін білдіреді, осылай әрқайысымыз бір- бірімізге тілек айтып шығамыз».

Жаттығудың нәтижесін «Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?» деген сұрақ арқылы қысқаша талқылауға болады немесе «Сіз біреуге тілек тілеген кезде қандай сезімде болғаныңызды және сізге біреу тілек тілегенде қандай халде, сезімде болғаныңызды әңгімелеп беріңіз?» деп ұзын сұрақ қоюға болады. Талқылау барысында әріптестік қатынас, қызметтестік, іскерлік келіссөздер жүргізу тренингінде маңызды - адам бойындағы қолайсыздық оның қызығушылығы мен қажеттіліктерін ескермей қатынас жасағанда орын алады деген пікір туындауы мүмкін.

Жаттығуды орындау барысына жаттықтырушы топ мүшелерінің бойынан қандай да бір қиналу сезімін байқаса, жаттығу соңынан не мазалағанын анықтау үшін «Тапсырманы орындау барысында сізді не мазалады?» деген сұрақ қоюына болады. Мұндай сұрақ екі мәселенің басын ашуға көмектеседі: біріншіден, сұраққа жауап беру арқылы адам өз бойындағы жағымсыз көңіл-күйді жеңілдетіп, жаттығу барысында орын алған қолайсыздықты жоя алады, екінші жағынан, бұл сұраққа жауаптар топ мүшелерінің пікірі арқылы өз тәжірибесін бақылай және толықтыра түседі. Аталмыш жағдайда өзінің тәжірибесін мойындау – бұл адамдарға ашық болуға, басқа адамдарды сезіне, түсіне түсуге, олардың нақты қажеттіліктерін сезіну жолындағы кедергілерді мойындау.
1 өзгерту. Қатысушылар шеңбер құрап отырады, жаттықтырушының қолында доп.

Нұсқаулық: «Жұмысты бір-бірімізге бүгінгі күнде жақсы тілектер айтумен бастаймыз. Тілек қысқа, мүмкіндігінше бір сөз болуы керек. Сіз допты тілек тілегіңіз келген адамға , тілек айта лақтырасыз. Ал ол адам өз кезегінде келесі адамға тілек тілей допты лақтырады. Ешкімді назардан тыс қалдырмай, араласуын қадағалай отырайық».

2 өзгерту. Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Бейнеқұрал түсірілімге дайын.

Нұсқаулық: «Жұмысты әрқайысымыз топқа бүгінгі күнге жақсы тілектер айтумен бастаймыз».

Барлық тілектер бейнетаспаға жазылады. Одан кейін топ мүшелері бейне жазбаны көру үшін ыңғайлы отыруы ұсынылады. Бейнетаспаны көру топта жағымды көңіл- күй орнатады. Бұл көру барысында әсері арта түсетін жағымды тілектердің топтастығын сезінумен байланысты (әркім өзінің экранда көрінуін күтеді, және өзін басқалармен салыстырады).


12 жаттығу. Қатысушылар шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Бүгінгі күнді былай бастаймыз: бір-бірімізге есімімізді атай доп лақтырамыз. Допты тосып алған адам қандай да бір бейне жасайды, қалғанымыз сол бейнені қайталап көрсетеміз. Одан кейін ол (яғни қандай да бір бейне көрсеткен адам) доп келесі біреуге лақтырады, дәл осылай доп әрқайысымыздың қолында болып шыққанша қайталаймыз».

Жаттығу топ мүшелерінің бір- біріне назар аударуға, жұмыстың ілгері басуына септігін тигізер топтық сезімнің қалыптасуына мүмкіндік береді.


1 өзгерту. Қатысушылар шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Бүгінгі күнді былай бастаймыз: бір- біріміздің есімімізді естірте атап доп лақтырамыз допты тосып алған адам өзінің ішкі жан- дүниесінің толғанысын бейнелейтін бейнені жасайды, ал қалғандары сол бейнені қайталап көрсету арқылы сол адамның ішкі жан- дүниесінің толғанысын сезінуге тырысады».

Жаттығу аяқталғаннан кейін аталмыш өзгертуді пайдалану қажет болса, топқа: «Сіздің ойыңызша, әрқайысымыз қандай күйдеміз?» деген сұрақ қоюға болады. Әркімнің жәй-күйі туралы біршама болжаулар айтылғаннан кейін, әр адамға өз хал- жағдайын айтып беруін өтіну керек.

Жаттығудың бұл түрін ары қарай серігіңнің хал- жағдайымен немесе қарым- қатынас жасауға байланысты жұмыс жасау керектігі туындаса, қолдануға болады.
2 өзгерту. Қатысушылар шеңбер жасап тұрады.

Нұсқаулық: «Әрқайысымыз кезекпен өзінің ішкі жан- дүниесінің күйін бейнелейтін қимыл жасасын, ал біз ол қимылды басқа адамның ішкі жан- дүниесінің күйін сезіне 3-4 рет қайталаймыз».

Бұл өзгертуді талқылау мен тиімділігі 1 өзгертудегі суреттеуге ұқсас.


13 жаттығу. Қатысушылар шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Қазір біз санаймыз, жәй ғана: бір, екі, үш және т.б. біреуіміз санауды бастаймыз, ал оның қасында отырған адам жалғастырады (сағаттың тіліне орай).мүмкіндігінше жылдам санауға тырысамыз. Санау барысында бір талапты ескеру қажет: егер сізге 6 цифры бар сан атау керек болса (мысалы 16 саны), ол санды айтар кезде орныңыздан тұруыңыз керек (жаттығуды санды тұрып атаудың орнына, санды атамай шапалақтаумен алмастырып күрделендіруге болады).

Егер біреу қателескен боса, ол ойыннан шығады, бірақ шеңберде отыра береді. Сондықтанда кімнің ойыннан шыққанын ал кімнің ойынды жалғастыру керектігін назарда ұстауыңыз керек.

Егерде жаттығудың талаптарын оны орындау барысында өзгертіп отырған жағдайда, жаттығу өте қызу өтетін болады. Қателескендерді шеңберден шығу талабын ендіру арқылы жаттығуда бәсекелестік орнатуға болады. Мұндай жағдайда, қателескен адамға жаттығудың жалғасуын мұқият бақылап, қателіктің неден туындағанын табуға тырысу нұсқаулығы беріледі. Жаттығу назарды жинақтауға, қатысушыларға өз мүмкіндіктерін түсінуге және шынығуға мүмкіндік береді.


14 жаттығу. Топ мүшелері шеңбер жасап отырады.

Нұсқаулық: «Біз өзімізді алып арифметр сияқты сезінеміз. Ол былай санайды: біреуіміз қандай да бір санды атайды (сағаттың тілі бойынша) , келесі қасыңда отырған адам арифметикалық әрекеттің белгісі («қосу» немесе» алу»), келесі- тағы да санды атайды және т.б. сан белгілермен кезектеседі, сондықтанда топтың белгі атауы тиіс кез- келген мүшесі «тең» белгісін атаса, келесі оның серігі қосындының нәтижесін айтуы керек. Мысалы, мен «жеті» деп айтамын, Жанар-«қосу», Айнұр «сегіз». Серік – «алу», Санат – «екі», Анар- «тең» десе Бақыт «он үш» санын атайды. Келесі қатысушы яғни Гүлнұр тағы бір белгіні атайды, ары қарай санақ жалғасады».

Тапсырманы жеңілдету үшін арифметр тек қосады немесе алады- деп немесе санақ қандайда бір шектеуде мысалы, елуге дейін- деп келісіп алуға болады.

Егер қатысушылар қатар саны жұп болса, біреулері тек сан атайды, ал келесілері – белгілерді атайды, сондықтанда 2-3 айналымнан кейін бұған дейін белгі атағандарға сан атауды және керісінше ұсыныс жасап жаттығуды қайтадан бастауға болады.

Жаттығуды орындау барысында жаттықтырушы жылдамырақ санауға жетелеуі керек.

Жаттығу назарды жинақтайды, қатысушыларды жылдам тренингтік жағдайға араласуына мүмкіндік береді, мысалы, шағын үзілістен кейін. Бір қарағанда қарапайым көрінетін бұл тапсырманы орындау оңай болмас. Көп жағдайда, назарын жинақтау қабілеттілігі төмен адамдарға тапсырманы орындауда қиындық туады. Жаттығу барысында олар бұны түсінуге және өз кемшілігін түзеу мүмкіндігіне ие болады.

15 жаттығу Қатысушылар шеңбер құрап тұрады.

Нұсқаулық: «Кез-келген әрекетті кезекпен жасаймыз. Әрекетті вербалды жасамау керек, бірақ сіздің қандай әрекет жасап тұрғаныңызды барлығы түсінетіндей көрсетуге тырысу керек. Біреуіміз өз әрекетін бірінші болып бастаймыз, ал қалғандарыңыз мен шапалақ соққаныма шейін, көрсетілген әрекетті қайталайтын боласыздар. Шапалақтан кейін, тапсырманы шеңбер бойынша келесі адам жалғастырады (сағаттың тілі бойынша) ал біздер сол әрекетті қайталайтын боламыз және т.б. тапсырманы шеңберде тұрғандардың барлығы орындағанға дейін».

Жаттығу аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы топ мүшелерінен, бірінші адам қандай әрекет жасады, екінші және т.б. деп сұрайды. Бұған қоса, жаттықтырушы, әрбір әрекеттің авторынан оның басқалар дұрыс түсіне алған ба екендігін анықтап отырады.

Жаттығу топ мүшелерінің назарын жинақтайды, көңіл-күйін көтереді, олардың мәнерлік қабілетін дамытады.

Сонымен бірге бұл жаттығу тренингтік топтың жұмысының мазмұндық жоспары, әсіресе «Ақпаратты қабылдау және беру» тақырыбымен жақсы сәйкеседі, сондықтанда жаттығуды топтың жұмысқа қабілеттілігін жандандыру үшін өткізу жөн болады.


жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау