Банктің электрондық банктік қызметтер көрсету талаптары



жүктеу 103 Kb.
Дата23.11.2018
өлшемі103 Kb.
#24217

«Альфа-Банк» ЕБ АҚ ағымдағы шоттарға

банктік қызмет көрсету шартына



№2 Қосымша

БАНКТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ТАЛАПТАРЫ



    1. Осы Банктің Электрондық банктік қызметтер көрсету талаптары (әрі қарай – Талаптар) Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және Клиент пен Банк бір-бірінің Электрондық құжаттарын өзара мойындау талаптарын анықтайды.

    2. Электрондық банктік талаптар дербес компьютерлер, телефондар және Банктің ішкі құжаттарымен қарастырылған және ҚР заңнамасына қайшы келмейтін басқа тәсілдер арқылы Қашықтықтан қызмет көрсету арналарын қолданумен ұсынылады. Электрондық қызмет көрсету тәртібі, Банк қолданатын қауіпсіздік шаралары, сәйкестендіру тәртібі және Электрондық банктік қызметтер алуға Клиенттің құқығын растау осы Талаптармен және Банктің ішкі құжаттарымен реттеледі.

    3. Электрондық банктік қызметтер Клиентке Банктің ішкі құжаттарымен бекітілген тәртіпте ЭСҚ пайдаланумен және/немесе Клиентті динамикалық сәйкестендіру және/немесе Биометрикалық сәйкестендіру арқылы ұсынылады. Электрондық банктік қызметтер арқылы көрсетілетін операциялар тізімі Банкпен өз бетінше анықталады және интернет-сайттарда орналастырылады www.alfabank.kz. Жаңа операциялар пайда болған кезде/алдын қолжетімді операциялар тоқтаған кезде Банк біржақты тәртіпте (Клиентпен келіспей) Электрондық банктік қызметтер арқылы көрсетілетін операциялар тізімін өзгертеді және жаңасын жариялайды.

    4. Осы Талаптар аясында электрондық құжат айналымын пайдалана отырып, Тараптар арасындағы бар қағаз түріндегі құжат айналымы күшін жоймайды.

    5. Осы Талаптар Банктің интернет-сайтында www.alfabank.kz мекенжайы бойынша орналастырылады. Шартта көрсетілген терминдер мен анықтамалар осы Қосымшада сол мағыналарда қолданылады.




  1. ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАНКТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ТАЛАПТАРЫ

ЭСҚ ПАЙДАЛАНУ

    1. Кілттерді және Тіркеу куәліктерін әзірлеу үшін Клиент Банкке Банк бекіткен нысан бойынша өтініш береді. Өтініш бойынша шешім КО/Банктің ішкі құжаттарына сәйкес КО/Банк өз бетінше қабылдайды.

    2. Өтініш Клиентке Тіркеу куәлігін шығару туралы КО шешім қабылдағаннан кейін және ЭСҚ жасалғаннан кейін Банкпен қабылданған болып есептеледі.

    3. ЭСҚ қашықтықтан қызмет көрсету арналарында Электрондық құжаттарды жасау және беру үшін қолданылады, Қашықтықтан қызмет көрсету арналарын қолданушысының нұсқаулығы www.alfabank.kz мекенжайы бойынша орналастырылған. Қашықтықтан қызмет көрсету арналарын қолданумен Электрондық банктік қызмет көрсету тәртібі Шартпен, осы Талаптармен, Қашықтықтан қызмет көрсету арналарын қолданушысының нұсқаулығымен және Банктің ішкі құжаттарымен реттеледі.

    4. Банк Клиентке өтініш қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Тіркеу куәлігін (-терін) және жапсырылған конверттегі USB-кілтін (-терін) береді. Тіркеу куәлігін (терін) және USB-кілтін (-терін) беру осы Талаптардың ажырамас бөлігі болып табылатын, қабылдау-тапсыру актісі бойынша жүзеге асырылады. Клиентке ұсынылған Тіркеу куәліктерін және USB-кілттерді кездейсоқ жоғалту (жою) және/немесе бүліну (бұзылу) тәуекелін мұндайларды берген сәттен бастап Клиент көтереді.

    5. Қашықтықтан қызмет көрсету арналарын қолданумен жұмыс істеу үшін Клиент Қашықтықтан қызмет көрсету арналарын қолданушысының нұсқаулығында көрсетілген, Банктің талаптарына сәйкес келетін, жабдықтың (байланыс арнасы) пайдалануын қамтамасыз етеді.

    6. Клиент шығарған күннен бастап 12 (он екі) күнтізбелік айдан аса мерзімде Тіркеу куәлігін және USB-кілтті алу үшін Банкке келмеген жағдайда, Тіркеу куәлігі және USB-кілт жойылады. Осы ретте Клиент алдын төлеген комиссиялар қайтарылмайды.


клиенттің динамикалық сәйкестендіруін ҚОЛДАНУ

    1. Клиенттің динамикалық сәйкестендіруін пайдаланумен Электрондық банктік қызметтер көрсету мақсатында, Клиент Банкке Банк бекіткен тәсілімен, Сенім білдірілген нөмір ретінде Клиенттің уәкілетті тұлғасының мобильді (ұялы) телефон нөмірін береді. Сенім білдірілген нөмір Банк жүйесінде тіркеледі және Бір реттік (бір жолғы) кодты жіберу үшін қолданылады. Банктің нұсқаулығына сәйкес Бір реттік (бір жолғы) кодты пайдалану (енгізу) Клиенттің түпнұсқалығын растайды және Клиентке Электрондық банктік қызметтерге қол жеткізу үшін негіз болып табылады.

    2. Осы арқылы Клиент Банк бекіткен тәртіпте, Банк жүйесінде тіркелген Сенім білдірілген нөмір ретінде Клиенттің уәкілетті тұлғасының мобильді (ұялы) телефон нөмірінің бар болуы осы Талаптар бөлігінде Шарттың Тараптары үшін жарамдылықтың дәлелі болып табылатығына шартсыз және кері қайтарусыз келіседі. Тараптар осы арқылы осы Талаптар бөлігінде Шарттың талаптары Сенім білдірілген нөмір ретінде Клиенттің уәкілетті тұлғасының мобильді (ұялы) телефон нөмірі Банк жүйесінде тіркелген сәттен бастап пайда болған, Электрондық банктік қызметтер көрсету бойынша Тараптардың қатынастарына қолданылады.

    3. Банк бекіткен тәсілмен Сенім білдірілген нөмір ретінде Клиенттің уәкілетті тұлғасының мобильді (ұялы) телефон нөмірін Банкке беру Банк қолданатын қауіпсіздік шаралары, сәйкестендіру тәртібі (Банк бекіткен қауіпсіздік шараларын қолданумен электрондық құжаттың түпнұсқалығын және жасау дұрыстылығын растау) және Электрондық банктік қызметтер алуға Клиенттің құқығын растауды қоса, Клиенттің динамикалық сәйкестендіруі арқылы Электрондық банктік қызметтер көрсетумен Клиенттің толық келісімін білдіреді.

    4. Сенім білдірілген нөмір ретінде Банк жүйесінде тіркелген, Клиенттің уәкілетті тұлғасының мобильді (ұялы) телефон нөмірі Банк бекіткен тәртіпте Клиентпен өзгертілуі мүмкін. Сенім білдірілген нөмір ретінде Банк жүйесінде тіркелген, Клиенттің уәкілетті тұлғасының мобильді (ұялы) телефон нөмірі өзгерген жағдайда, немесе мобильді (ұялы) телефон жоғалған/ұрланған жағдайда, Клиент Банкке тез арада хабарлауға міндетті. Мұндай талаптарды сақтамау үшін, сондай-ақ Сенім білдірілген нөмірге жіберілетін, Бір реттік (бір жолғы) кодты беру/жариялау үшін жауапкершілікті толық көлемде Клиент көтереді.

    5. Банк жүйесінде тіркелген Сенім білдірілген нөмір ретінде Клиенттің уәкілетті тұлғасының мобильді (ұялы) телефон нөмірі осы Талаптарда бекітілген тәртіпте, Сенім білдірілген нөмір ретінде Банк жүйесінде мұндай нөмірлер өзгерген сәтке дейін Электрондық банктік қызмет көрсету үшін Банкпен қолданылады.


БИОМЕТРИкалық сәйкестендіруді қолдану

    1. Биометрикалық сәйкестендіруді қолданумен Электрондық банктік қызметтер Банктің техникалық мүмкіндіктеріне қарай Банкпен көрсетіледі. Биометрикалық сәйкестендіруді қолданумен Электрондық банктік қызметтер көрсету тәртібі және талаптары Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен анықталады және www.alfabank.kz мекенжайы бойынша орналастырылады.




  1. ТАРАПТАРДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ ЖАЛПЫ МОЙЫНДАУ ТАЛАПТАРЫ




    1. Клиент пен Банк келесілерді мойындайды:

1) Осы Талаптардың шарттарын ескерумен, Банкке жіберілетін электрондық құжаттарды растау үшін қолдану мүмкін (і) жеке тұлғалар ретінде Клиенттің уәкілетті тұлғасы Банкте алған тіркеу куәлігі (сертификат) (мұндай адамдардың тізімі Клиент Банкке берген, Банк бекіткен нысан бойынша рәсімделген, кілттер және тіркеу куәлігін жасауға Өтініштен анықталады); (іі) Бір реттік (бір жолғы) кодты қолданумен клиенттің динамикалық сәйкестендіруі; (ііі) Биометрикалық сәйкестендіру;

2) осы Талаптарды ескерумен, Банк Қашықтықтан қызмет көрсету арналары арқылы алған, Клиенттің уәкілетті тұлғасының ЭСҚ бекітілген/Клиенттің динамикалық сәйкестендіруімен немесе Биометрикалық сәйкестендірумен расталған Электрондық құжаттар Клиенттің Электрондық құжаттары болып табылады. Банктің осындай электрондық құжаттарды алуы Банкке ұсынылатын, Клиенттің қол қою үлгілерімен және мөр белгілерімен (болған жағдайда) бекітілген, қағаз түріндегі құжаттарды алуына тең;



3) Электрондық банктік қызмет көрсету талаптары, соның ішінде Тіркеу куәліктерін, кілт тасығыштарды беру талаптары, оларды пайдалану, Сенім білдірілген нөмірді тіркеу, Бір реттік (бір жолғы) кодтты пайдалану талаптары осы Талаптармен, Қашықтықтан қызмет көрсету қолданушысының нұсқаулығымен және Банктің ішкі құжаттармен белгіленеді;

    1. Клиенттің Электронды құжаттарына өзінің ЭСҚ қол қоюға/Клиенттің уәкілетті тұлғалары ретінде Биометрикалық сәйкестендіру арқылы Клиенттің Электронды құжаттарын растауға құқылы жеке тұлғалар және/немесе Клиенттің динамикалық сәйкестендіруі үшін қолданылатын Сенім білдірілген нөмір осы Талапқа сәйкес Клиент Банкке ұсынған, ақпараттан анықталады;

    2. Электронды банктік қызметтер алуға Клиенттің уәкілетті тұлғаларының өкілеттік көлемі Клиентпен өз бетінше анықталады және тиісті өтініште көрсетіледі. Көрсетілген тұлғалардың өкілеттігі міндетті тәртіпте Банкке ұсынылған, тиісті түрде рәсімделген сенімхатпен/құрылтай құжаттармен немесе ҚР заңнамасымен және/немесе Банктің ішкі құжаттарымен қарастырылған басқа құжаттармен расталады. Банкке Сенім білдірілген нөмір ретінде Клиенттің уәкілетті тұлғасының мобильді (ұялы) телефон нөмірін беру Клиенттің осындай уәкілетті тұлғаға Клиенттің динамикалық сәйкестендіруі арқылы Клиенттің Электрондық құжаттарын растауға өкілеттік бергендігін білдіреді.

    3. Уәкілетті тұлғалардың тізімі және/немесе олардың өкілеттік көлемі өзгерген жағдайда (осы Талаптардың 3.2. – 3.3. т.т. ескерумен), Клиент тез арада Банкке мұндай тұлғалардың өкілеттігі аяқталған туралы хабарлама жіберуі тиіс, жаңа тізім рәсімдеп, жаңа уәкілетті тұлғалардың өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс (құрылтай құжаттары, сенімхаттар). Сенім білдірілген нөмір өзгерген немесе Клиент Клиенттің динамикалық сәйкестендіруінен бас тартқан жағдайда, Клиент тез арада Банкке тиісті өтініш жіберуі тиіс. Банк жүйесінде тіркелген Сенім білдірілген нөмір ретінде Клиенттің уәкілетті тұлғасының мобильді (ұялы) телефон нөмірі Сенім білдірілген нөмір ретінде Банк жүйесінде мұндай нөмір өзгерген сәтке дейін Электрондық банктік қызметтер көрсету мақсатында Клиентті сәйкестендіру үшін Банкпен қолданылады.

    4. Банк Клиенттің Электронды құжаттарын орындауға, егер мұндай құжаттар Банк қолданатын талаптарға және нысандарға сәйкес келсе, Клиенттің уәкілетті тұлғасының ЭСҚ /осы Талаптарға сәйкес Сенім білдірілген нөмірді қолданумен клиенттің динамикалық сәйкестендіруі немесе биометрикалық сәйкестендіру арқылы расталса ғана қабылдайды. Қашықтықтан қызмет көрсету арналарын қолданумен Электрондық құжатты алу уақыты Банктің тиісті базасында тіркеледі.




  1. КЛИЕНТТІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ


Клиент міндеттенеді:

    1. Клиенттің уәкілетті тұлғаларына Қашықтықтан қызмет көрсету арналарын пайдаланудың негізгі қауіпсіздік шаралары туралы мәлімдеу, қоса алғанда, бірақ шектелмей:

  • кез келген қашықтықтан қызмет көрсету арналарына бірінші кіруден кейін Банк ұсынған Парольді өзгерту және оны жұмыста қолданбау;

  • Электрондық құжаттардағы ақпараттың құпиялығын сақтау;

  • үшінші тұлғалардың санкцияланбаған қол жеткізуінен жұмыс станциясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • USB-кілтті (терді) үшінші тұлғалардың пайдалануына бермеу және Парольді жарияламау;

  • SMS-хабарлама және Push–хабарлама түрінде Сенім білдірілген нөмірге жіберілетін, Бір реттік (бір жолғы) кодты бермеу/жарияламау. Бір реттік (бір жолғы) кодты Банктің нұсқаулығына сәйкес ғана пайдалану (енгізу).

    1. Электрондық құжаттарды қалыптастыру және жіберу кезінде:

  • Шарттың талаптарын, ҚР нормативтік құқық актілерінің талаптарын және Банк ұсынған техникалық және басқа құжаттарды басшылыққа алу;

  • Банктің тарифтерінде аталған, нұсқауларды Банктің орындауға қабылдауы бойынша талаптарды және Банктің операциялық күн кезеңін сақтау;

  • Банк ұсынған анықтаманы пайдалану;

    1. USB-кілтке (терге) санкцияланбаған қол жеткізуден қорғауды өз бетінше қамтамасыз ету;

    2. Банкке Сенім білдірілген нөмір ретінде Клиенттің уәкілетті тұлғасының мобильді (ұялы) телефон нөмірін ұсыну;

    3. Кілттің беделін түсіру туралы/Сенім білдірілген нөмір ретінде Банк жүйесінде тіркелген, Клиенттің уәкілетті тұлғасының мобильді (ұялы) телефон нөмірі өзгерген немесе мобильді (ұялы) телефонды жоғалту/ұрлату туралы, сондай-ақ Клиенттің Электрондық құжаттарына қол қоятын Клиенттің уәкілетті тұлғаларының өкілеттігі аяқталған/өзгерген туралы, соның ішінде Клиенттің уәкілетті тұлғасының қаза болғаны туралы Банкке тез арада жазбаша түрде хабарлау;

    4. Қашықтықтан қызмет көрсету арналарымен жұмыс істеу кезінде Банктің талаптарына сәйкес техникалық жабдықтарды Клиенттің уәкілетті тұлғасының пайдалануын, сондай-ақ Қашықтықтан қызмет көрсету арналары арқылы Банкке Электрондық құжаттарды жіберу кезінде осы Талап бөлігінде Шарт талаптарының орындалуын, соның ішінде заңсыз қол жеткізуден қорғау шараларының сақталуын және пайдалануын қамтамасыз ету;

    5. Клиенттің уәкілетті тұлғаларын осы Талап бөлігінде Шарттың талаптарымен, Қашықтықтан қызмет көрсету арналарын қолданушысының нұсқаулығымен таныстыру және Клиенттің уәкілетті тұлғаларының олардағы талаптарды орындауы үшін толық жауапты болу. Клиенттің уәкілетті тұлғаларына, Банк Нұсқаулыққа өзгерістер енгізген жағдайда, www.alfabank.kz сайтында орналастырылатын, Қашықтықтан қызмет көрсету арналарын қолданушысының нұсқаулығының жаңа нұсқасымен өз бетінше танысу қажеттілігі туралы мәлімдеу;

    6. Банктің қатысуынсыз Клиенттің уәкілетті тұлғаларымен бірге осындай уәкілетті тұлғаларда бар, қолдану мерзіміне қарай Тіркеу куәліктерін ауыстыру қажеттілігін анықтау;

    7. Банктің тарифтеріне сәйкес Банктің қызметтерін төлеу;

    8. Банк бекіткен нысан бойынша жасалған, қабылдау-тапсыру актісі бойынша осы Талаптың қолданылуы аяқталған күннен бастап (Шарттың қолданылуы аяқталған) 10 (он) күнтізбелік күннің ішінде USB-кілтті Банкке қайтару.




  1. БАНКТІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ.


Банк міндеттенеді:

    1. Қашықтықтан қызмет көрсету арналарының жұмысын қамтамасыз ету:

  • Қашықтықтан қызмет көрсету арналарының қызметі Банктің кінәсінан кенет тоқтаған жағдайда, Клиентке электронды тәсілмен немесе факспен хабарлау және оны қалпына келтіру жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдау;

  • Банктің тарифтеріне сәйкес қосымша қызметтерді көрсету: USB-кілтті (терді) ауыстыру, Клиенттің жаңа қызметкерлерін оқыту және басқа.

    1. Осы Талаптың әрекет ету мерзімі ішінде келесі қауіпсіздік шараларын сақтау:

  • USB-кілттің (тердің) ПИН-кодтардың және Электрондық құжаттардың мұрағаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

  • Клиенттен осы Талаптардың 4.5. т. сәйкес жіберілген, ақпаратты алған жағдайда, сондай-ақ Шоттарға санкцияланбаған қол жеткізу қаупіне күдік туындаған жағдайда, Клиенттен Электрондық құжаттарды қабылдауды тоқтату.

    1. Электрондық құжаттарды қабылдаған және өңдеген кезде:

  • Шартқа және осы Талаптарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделген жағдайда, төлем және басқа құжаттарды орындауға қабылдау;

  • операциялық күннің ішінде Клиенттің сұрауымен Шот (-тар) бойынша ақпаратты электронды түрде ұсыну;


Банк құқылы:

    1. Келесі жағдайларда Электрондық құжатты орындаудан бас тарту:

  • жарамсыз Тіркеу куәлігінің көмегімен қалыптасқан, ЭСҚ оны бекіткен жағдайда;

  • егер ЭСҚ тиісті Электрондық құжаттарға қол қоюға өкілеттігі жоқ тұлғаға тиесілі болса;

  • Электрондық құжат осы Талаптарды және Шартты бұзумен жасалған және ұсынылған;

  • ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес Клиенттің банктік шоты бойынша жүргізілетін операциялардың ҚР заңнамасының нормаларына сәйкес келуін тексеру үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты Клиент ұсынбаған жағдайда;

  • Шартпен, ҚР заңнамасымен, Қашықтықтан қызмет көрсету арналарын қолданушысының нұсқаулығымен, Банктің ішкі құжаттарымен қарастырылған басқа жағдайларда.

    1. біржақты тәртіпте (Клиентпен келіспей) Қашықтықтан қызмет көрсету арналарын қолданушысының нұсқаулығына өзгерістер енгізу. Қашықтықтан қызмет көрсету арналарын қолданушысының нұсқаулығының жаңа нұсқасы www.alfabank.kz. мекенжайы бойынша орналастырылады.




  1. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ.




    1. Рәсімделудің дұрыстығы және Клиенттің Электрондық құжаттарындағы мәліметтер үшін Клиент жауапты болады. Осы ретте, егер Клиенттің Электрондық құжаттарын қате рәсімдеу нәтижесінде Банкке шығын келтірілсе, Клиент Банкке шығындарды толық көлемде өтейді.

    2. Банк жауапты емес:

  • Клиенттің Электрондық құжаттарында көрсетілген ақпараттың шынайылығы мен дұрыстығы үшін;

  • USB-кілтті (терді), Сенім білдірілген нөмірді немесе Парольдерді Клиенттің үшінші тарапқа бергенінің (жариялағанының) салдары үшін;

  • Клиенттің уәкілетті тұлғалары Қашықтықтан қызмет көрсету арналарының қолданушысы нұсқаулығының талаптарын орындамаған, Клиент осы Талаптың 3.4. және 4.5. т.т. қарастырылған, міндеттемелерді орындамаған/уақытында орындамаған жағдайларда Клиенттің Электрондық құжаттарын орындау үшін. Банктің Электрондық банктік қызметтер көрсету бойынша әрекеттері және сәйкесінше Клиенттің Электрондық құжаттарын орындау заңды деп танылады;

  • уәкілетті тұлғалармен Клиенттің өзара қатынасы үшін. Банк Клиент пен Клиенттің уәкілетті тұлғасы арасындағы барлық дауларға қатысы жоқ.

    1. Клиенттің шығындарын өтеу мәселесі, Клиенттің уәкілетті тұлғасы Парольді жариялау немесе себебіне тәуелсіз, үшінші тұлғарға USB-кілтті (терді), Сенім білдірілген нөмірді беру, Клиенттің уәкілетті тұлғасы Қашықтықтан қызмет көрсету арналарын қолданушысы нұсқаулығының талаптарын орындамау салдарынан пайда болған, нақты зиянды, алынбай қалған пайданы қоса, сондай-ақ осы Талаптардың 4.5. т. көрсетілген жағдайлар басталған туралы Банкке хабарламаған/уақытында хабарламаған жағдайда, Клиенттің уәкілетті тұлғасы мен Клиент арасында шешіледі (Банктің қатысуынсыз).




  1. ӨЗГЕ ТАЛАПТАР




    1. Осы Талаптар мен Шарттың әрекеті Клиенттің Банкте ашылған Шотына, сондай-ақ Шарттың қолданылу ішінде ашылатындарға қолданылады.

    2. Қашықтықтан қызмет көрсету арналарын пайдаланып, Электрондық құжаттарды кез келген Тараптың ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда, тиісті түрде рәсімделген құжаттардың деректері қағаз түрінде тапсырылуы тиіс.

    3. ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес валюталық болып табылатын, оперцияларды жүргізуге, соның ішінде шетел валютасын сатып алуға электрондық құжаттарды Банк орындауға Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес ұсынылуға қажет құжаттар болған кезде ғана қабылдайды.

    4. Клиент операциялық күн кезеңімен және Банктің тарифтерінде аталған, Банктің нұсқаулықтарын орындауға қабылдау бойынша талаптармен танысқандығын растайды.


  1. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ЕРЕКШЕ ТАЛАПТАРЫ




    1. Талаптар ҚР заңнамасының талаптарымен реттелетін бөлігіне қатысты өзгерген жағдайында, қайтадан қаралады. Егер ҚР заңнамасының өзгерістерін ескере отырып, Талаптар Тараптардың кез келгені үшін орындалуға мүмкін емес болған жағдайда, тұтас немесе күшіне енген ҚР заңнамасының өзгерістерін ескере отырып, қойылатын қосымша талаптарды орындағанға дейін, Шарттың Талаптармен реттелген бөлігінде, өзінің әрекетін тоқтатады немесе оның әрекеті осындай шарттарды Тараптар орындағанға дейін тоқтатыла тұрады (Банк қызметтердің Талаптарына сәйкес ұсынып қойған, төлем бойынша Клиенттің міндеттерін қоспағанда).




  1. ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАНКТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІГІНДЕ ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ




    1. Төмендегі жағдайларда, Шарт осы Талаптардың бөлігінде өзінің әрекетін өзара есеп айырысу жүргізгенде тоқтатады:

  • Қашықтықтан қызмет көрсету арналарын пайдаланып, солардың шеңберінде электрондық құжаттар жіберілуге тиісті, жүргізілген Шот (-тар) негізіндегі операцияларды кез келген негіздермен жабу және/немесе шарттың (келісімнің) әрекетін тоқтату;

  • Банкке ұсынылған өтінішке сәйкес ЭСҚ қолдана отырып, Электрондық банктік қызметтер көрсету бөлігінде Клиенттің Электрондық құжаттарын өзінің ЭСҚ растауға құқылы тұлға ретінде көрсетілген, тұлғалардың 12 ай ішінде қолданыстағы Тіркеу куәліктерінің болмауы;

  • Тараптардың бірдей шешімі.

    1. Клиент Шартты, оның ішінде осы Талаптар бөлігін бұзған жағдайда, Банк бұл туралы Клиентке Шартта бекітілген тәртіпте хабарлап, Шарттың әрекет етуін біржақты тәртіпте тоқтатуға құқылы.

жүктеу 103 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау