І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары



жүктеу 1,21 Mb.
бет12/15
Дата15.01.2020
өлшемі1,21 Mb.
#26803
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

5 жаттығу

Таныстықтың осы және келесі түрін топ мүшелері өздерін таныстырып, өздері жайлы біраз айтып бергеннен кейін пайдаланған дұрыс: мысалы, олар қайда жұмыс істейді, қызығу деңгейлері қаншалықты.

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.

Нұсқулық: «Таныстығымызды жалғастырайық. Сіз өзіңізді қандайда бір материалдық әлемнің нысанына, жануарға немесе өсімдікке айналу қажет жағдай қалыптасты деп елестетіңіз. Сіз қандай нысанды, қандай жануарды және қандай өсімдікті таңдайтындығыңызды ойланыңызда, айтыңыз».

Көріністің аталмыш түрі шығармашылық процестің бірін белсендіреді, оның барысында мәселені қисындық құралдармен сол жақ жарты ми шарларының процесі) талқылау және оны бейнелік формаға ауысуы, пайда болған ойларды тәжірибенің мазмұнымен байланыстыру (оң жақ жарты ми шарының механизмі) жүзеге асады. Топ мүшелері бұл тапсырманы орындау барысында әртүрлі басымдылықтарды ұстанады. Нәтижесінде, алынған тәжірибе кезеңдер мен шығармашылық процестер механизміне қатысты алынған мәліметтерді бейнелеуге қолданылады.

Негізінен екі басымдылық кеңінен тараған. Бірінші жағдайда, түрлену өздігінен жүзеге асады және бұл кезде қатысушы пайда болған бейнелер туралы бірден әңгімелеуге ұмтылады немесе қандай-да бір мезгіл ойланады, оларды анықтай түседі. Басқа жағдайда, қатысушы өзінің бірнеше сипатамасын баса атайды және олардың материалдық әлемін, жануар және өсімдік нысанын шарты белгімен білдіре таңдайды.

6 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушы шеңбердің ортасында тұрады.



Нұсқаулық: «Қазір біздің таныстығымызды жалғастыруға мүмкіндік болмақ. Оны былай жүзеге асырамыз: шеңдердің ортасында тұрған адам (әзірге ол адамның орнында мен боламын) қандай-да бір ептілігі барларыңызға орындарыңызды ауыстыруды (орын ауыстырып отыруды) ұсынады. Қандай ептілік екенін ортадағы адам атайды. Мысалы, мен: «Көлік жүргізе алатындар орындарыңызды ауыстырыңыздар» - деп айтамын, және сол кезде көлік жүргізе алатындар орындарын ауыстырып отыруы қажет. Әрі бұл кезде ортада тұрған адам босаған бір орынға отырып үлгеруі тиіс, ал шеңбердің ортасында орынсыз қалған адам жұмысты жалғастырады. Бұл жағдайды бір-біріміз туралы кеңірек білу үшін пайдаланамыз. Сондай-ақ қандай да бір ептілік аталған кезде кімдер орындарын ауыстырғанын мұқият қадағалау қажет. Бұл бізге кейінірек қажет болады».

Жаттығу барысында жаттықтырушы қатысушыларға әртүрлі, өте қызықты, ерекше ептіліктер атауға жетелейді.

8-12-ге жуық ептілік аталғаннан кейін, жаттықтырушы жаттығуды тоқтады және нұсқаулықты жалғастырады: «Қазір әрқайысымыздың бес минут уақытымыз бар, осы уақыт аралығында, әркім өзі басқалар туралы алған ақпаратты пайдалана отырып біздің топ туралы әңгіме жазады».

Бес минуттан кейін, жаттықтырушы әрқайысына өзінің әңгімесін оқып беруін ұсынады. Әрі бұл кезде жаттықтырушы белсенділік танытады және әрбір мүмкін болған жағдайда топ мүшелерімен оң кері байланыс орнатуы тиіс.

Жаттығуды орындау барысында топтық қалыпта елеулі өзгерістер орын алады, эмоционалдық еркіндік байқалады, топтың жұмысының басына тән шиеленушілік төмендейді. Қатысушылар күтпеген қырынан, жаңа жағынан ашылады. Біздің жұмыс тәжірибеміздің барысында бірнеше рет топ туралы әңгіме өлең, репортаж, мысал, ертегі түрінде жазылған жағдайлар кездескен еді.
7 жаттығу Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Қанеки танысайық және оны былай жүзеге асырайық: әрқайысымыз өзінің есімін атайды да, мінезіндегі қасиеттерді, ерекшеліктерді жалпы өзінің бойында басқа адамдарды шығармашылыққа, қалыптан тыс жаңаны құруға, креативтік мінез-құлыққа жетелейтін не бар екендігін айтады. Біздің ойлануға уақытымыз болады және барлығымыз дайын болған кезде, таныстықты бастаймыз».

Таныстықтың бұл түрі қатысушыларды өзі туралы әңгімелеуге жетелейді, бұл топ мүшелерінің жақындауына септігін тигізеді, сеніміділік қалыбын орнатады. Сондай-ақ, ары қарай креативтік ортаны сипатын талқылау барысында пайдасы болар көптеген ойлар туындайды.

Креативтік тренинг тобының мүшелері, әдетте басқа адамадарды шығармашылыққа жетелейтін келесі қабілеттіліктерді атайды: махаббат, адамдарға деген қызығушылық, қысымдылықтың болмауы; жаңа бір нәрсені жүзеге асыру жағдайында байқалатын ықылас; басқалардан үйренуге деген дайындық және т.б.

8 жаттығу Топ мүшелері шеңбер бойымен отырады.

Нұсқаулық: «Қазір біз танысамыз және оны өзгеше бір тәсілмен жүзеге асырамыз. Өзіңіздің қазіргі мамандығыңыздан басқа тағы кім болып қызмет атқар алатындығыңызды есіңізге түсіріңіз, және өз есімізді атай отырып, мүмкін болған кәсіби ролдердің бірнешеуін атаңыз. Әрі бұл кезде мұқият болыңыз, топтың басқа мүшелері не айтқанын есіңізде сақтауға тырысыңыз. Бұл бізге кейін қажет болады».

Барлығы өзін таныстырып болғаннан кейін, жаттықтырушы барлығына ақ парақ қағаз алып топ туралы шағын әңгіме жазуды ұсынады, ол әңгіменің басты кейіпкерлері ретінде өздері атаған кәсіби ролдегі қатысушылар болмақ. Жаттықтырушы, сонымен бірге оқиғаға мүмкіндігінше топтың барлық мүшелері тартылуы үшін әңгіме кез-келген жанрда бола беретіндігін айтады.

Әңгімемен жұмыс аяқталғаннан кейін, әркім өзінің жазғанын оқиды.

Атқарылған жұмысты талқылау барысында негізінде креативтік тренингіне өте маңызды ой туындайды, яғни, қандай –да бір жаңаны тудыру үшін қажетті мөлшерде ақпарат, мәлімет керек екендігін туындайды, ол ақпаратты алу үшін мұқият, бақылампаз, қабылдай алу және қызығушы болу керек екендігі анықталады.


Креативтік не екендігін, оның көрінісі, кедергілері қандай екендігін және креативтік процестің кезеңдерін сезінуге бағытталған психологиялық жаттығулар
Бұл бөлімнің жаттығулары креативтік және оның феномендері туралы дерексіз тіпті кейде оймен танылатын көріністерді тренингке қатысушылардың нақты мінез-құлқымен және бастан кешуімен байланысты жеткілікті бөлшектелен бейнелерді жалпылауға ауыстыруға мүмкіндік береді.

Аталмыш бөлімге енген жаттығулар, сондай-ақ креатитвтік көрінісінде бар кедергілерді сезінуге және олардың ықпалын төмендетуге немесе жеңуге жағдай жасауға бағытталған.

Сондай-ақ бұған креативтік процестің кезеңдерін, сондай-ақ оқиғадағы адамның мінез-құлқын анықтайтын, креативтік шешімдер немесе мінез-құлықтың амалдарын табуға жетелеуші тәжірибенің негізгі сипаттамасын сезінуге мүмкіндік беретін жаттығулар енген.
9 жаттығу Топ мүшелері шеңбер бойымен отырады.

Нұсқаулық: «Қазір біз өзіміздің ойларымызға, сезімімізге, уайымдарымызға назарымызды топтауға біршама уақытымызды бөлеміз».

Ыңғайлы отырыңыз да, баяулап көзіңізді жұмыңыз. Өзіңіздің деміңізге назар аударыңыз, ауа мұрыныңыз арқылы өтіп, тамағыңызға кеудеңізге түскенін, өкпеңізге толғанын сезініңіз. Әр деммен Сіздің денеңізге энергия түсетіндігін, ал әрбір шығарылған деммен қажет емес уайымдар кетіндігін сезініңіз. Өз денеңізге назар аударыңыз. Денеңізді сезініңіз: барлығын – аяғыңыздың ұшынан бастап, төбеңізге дейін... Сіз орындықта (кресло) отырсыз, қандай-да бір дыбыстарды естисіз, бетіңізге ұрған ауаны сезінесіз. Мүмкін сіздің отырысыңызды өзгертіңіз келетін шығар, өзгертіңіз.

Ал енді біз өмір сүрін жатқан әлемнің құбылмалығына ойыңызды жинақтаңыз... Біздің зулаған заманымызға жылдама әрі күтпеген өзгерістер тән.

Кейде олар найзағай жарқылы тәрізді... Өткен ғасырда ондаған жылдарға созылған әлеуметтік және технологиялық өзгерістер, қазір санаулы айларда, тіпті апталарда жүзеге асуы мүмкін, және осының барлығы әрдайым әрқайысымызға әсер етеді.

Осы жөнінде ойлаңыздар.

Қандай ойлар туындайды?... Бұл құқбылмалы әлемде сіз өзіңізді қалай сезінесіз?.. (Бұл сұрақтарды жаттықтырушы аралықпен 2-3 рет қайталайды).

Бұл құбылмалы әлемде сіздің қандай қасиеттеріңіз, мінезіңіздің ерекшеліктері өмір сүруге көмектеседі, ал қайысысы кедергі жасайтындығын есіңізге түсіріңіз. Біздің ортамызға оралыңыз және бұны сізге ыңғайлы екпінде жүзеге асырыңыз. Сіз көзіңізді бірден аша аласыз немесе біраз жұмулы күйде отырсаңызда болады.. Мұнда, біздің ортамызға оралыңыз және өзіңізге ыңғайлы екпінде жүзеге асырыңыз».

Топтың барлық мүшелері көздерін ашқаннан кейін, жаттықтырушы барлығына тағы біраз уақыт өздерінің сезімдерінде, әсерлері мен уайымдарында болуын және олардың суретін салуды ұсынады. Бұл үшін топ мүшелеріне ақ парақ, бояулар, фламастер, қарындаштар ұсынылады

Топ мүшелерінң суреттерін келесі дәрістердің барысында барлығы көре алатындай орналастыру керек.

Барлығы сурет салып болғаннан кейін, және суреттердің барлығы қабырғаға орналастырылғаннан соң, жаттықтырушы нұсқаулықты жалғастырады: «Жұмысымызды жалғастырайық. Қазір біз топқа бірігеміз: әрқайысысында 4-5 адамнан – және өз әсерлерімізбен, ой- толғамдарымызбен бөлісеміз, бір-бірімізге құбылмалы әлемде сіздің өмірімізді қиындататын және жеңілдететін мінез ерекшелігіңізбен, қасиеттеріңізбен бөлісіңіз. Өз тобыңызда осы қасиеттердің тізбегін құрыңыз. Жалпылауға ұмтылмаңыз, тізімге қосатын қасиет немесе мінез ерекшелігі нақты болсын. Шағын топ жұмысының соңында, сізде қандай нәтиже болғандығымен бөлісуге дайын болыңыз».

Әр топтың өзінің қасиеттер тізбегін таныту барысында жаттықтырушы қалған қатысушыларға өздеріне түсінікті емес мәселелерге қатысты сұрақ қоюға шақырады. Бұл кезде жаттықтырушы аталған қасиеттерді, мінез-құлық ерекшеліктерін тақтаға немесе ватман қағазға жазып отырады.

Бұл жаттығу топтың әр мүшесінің құбылмалы әлемдегі өзінің өмірлік тәжірибесін сезінуге бағытталған. Креативтік тренингінде бұл жаттығуды өткізу креативтік неде көрініс табатындығын сондай-ақ, оның көрінуіне кедергі жасайтын бірнеше кедергілерді түсіну жолында ілгері қадам жасауға мүмкіндік береді.

Төменде біз құбылмалы әлемде өмір сүруге көмектесетін және кедергі жасайтын мінез ерекшеліктері мен қасиеттердің қысқа тізімін келтірдік. Бұл қасиеттер біз өткізген креативтілік тренингтің әртүрлі топтарында ұсынылғандар.
1. Құбылмалы әлемде өмір сүруге көмектесетін қасиеттер мен мінез ерекшеліктері:


  • адамдарға деген махаббат, өмірге деген оң қатынас, оптимизм;

  • өзін және өмірді барлық көрінісінде қабылдау;

  • мәселеге басқаның көзқарасымен қарай білу;

  • әзілкештік сезімі:

  • өзінің әлі жетілмегендігі, «толық аяқталмағандығы» үшін уайым кешу;

  • үйірлік, жанастық;

  • сенситивтілік, эмпатия;

  • адамдарға көмектесуге ұмтылыс тілегі;

  • жұмысқа қабілеттілік;

  • арманшылдық, қиялдай алу қабілеті;

  • шешімшілдік, табандылық, мақсатшылдық

  • және т.с.с.


2. Құбылмалы әлемде өмірді күрделендіретін қасиеттер:

  • өзіне, өз күшіне сенімсіздік;

  • алдын-ала ойланған пікір;

  • өз-өзін төмен бағалау;

  • дербессіздік;

  • тым аса ұстанымдарды ұстанушылық;

  • формализм, аса ұйымдастырушылық;

  • ойлау мен мінез-құлықтың елітемілігі;

  • жалпы қабылданған нормаларға, ережелерге бағыттану, басқалардың пікіріне аса сезімшілдік;

  • жоғары иланушылық және т.с.с.



10 жаттығу Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Қазір арамыздан біреуіміз өз еркімен, арамызда кейбіреулерінің бойында бар, ал кейбіреулерінде жоқ белгіні ойланып, шеңбердің ортасына шығады да, әрқайысысына кезекпен жақындайды. Әрқайысымыз оған тек бір сұрақ қана қоямыз: (мысалы, шеңбердің ортасына Торғын шығады) «Торғын мен пум-пум-пумменмін?- дейді, және Торғын ол адамның бойында ойлаған белгі бар ма әлде жоқ па екендігіне байланысты «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Белгілер нақты, бізге белгілі болуы керек».

Біздің міндетіміз- қандай пум-пум-пум ойда жасырылғанын түсіну. Жаттықтырушы әрқайысысына жақындап келіп және қойылған сұраққа жауап бергеннен кейін, біз ойымызда туындаған болжамдарды айтамыз.

«пум-пум- пумды» іздеу процесі барысында, бойыңызда пайда болатын жағдайға назар аударыңыз және жауаптың пайда болу сәтін ұстап қалуға тырысыңыз.

Жаттықтырушы өзі жаттығуға белсене қатысуына болады, сонымен бірге шеңбердің ортасына өзінің «пум-пумымен» шығуынада болады, дегенмен де алдымен топ мүшелеріне белсендік танытуына мүмкіндік бере отырып, бірден араласпаған жөн болар.

Аталмыш жаттығудың көпқырлы тиімділігі бар. Ол мәселелі, белгісіз орта тудыруымен креативтілік тренингі мазмұнымен сәйкес келеді, өте көңілді өтеді, қатысушылардың, икемді, өнертапқыш болуына жетелейді, олардың қиялы мен бақылампаздығын дамытады.

Алайда біз бұл жаттығуды жұмыстың негізгі мақсаты креативтілік не екенін түсінуге, оның көрінісінің кедергілері және креативтілік процесінің кезеңдері қандай екендігін сезіну болатын нысаналау кезеңінде өткізуді ұсынамыз.

Бұл жағдайда жаттықтырушы топ мүшелеріне қоятын екі сұрақ тиімді болады. Олардың бірі «Жауап қалай туындады?» жауапты тапқан топ мүшелеріне қойылады. Екінші сұрақты жауап жолын іздестіргендердің барлығына қоюға болады: «Қандай сезімдер, қалып сізде туындады және олар жауапты іздеу барысында қалай өзгеріп отырды?».

Бірінші сұраққа жауап шешімі қисынды жолмен табылуы мүмкін емес мәселелік жағдайда жауап табу механизмінің шетін ашуға мүмкіндік береді. Атап кетсек, тренинг топ мүшелері бұл жағдайда салыстырмалы механизмнің аса маңызды екендігін бірден табады.

«Жауап қалай туындады?» сұрағына жауап бере отырып, қатысушылар креативтік процесінің кезеңдері туралы айта бастайды. Жауап табу үшін толық ақпарат жинау қажет деген ой туындайды: психологиялық бақылампаздықты қолдана отырып барлық варианттарды қарастыру, бір мазмұнды саладан келесіне көшу. Осы жолмен дайындық кезеңі туралы әңгіме қозғалады, және жаттықтырушының осы тақырыпты іліп алу, айтылған ойларды жазып алуы мүмкіндігіне ие болады. Бұл жердің өзінде –ақ қатысушыларға осы кезеңде пайдаланған тактикасын сезініп, және олар туралы айтып беруін ұсынуға болады.

Екінші сұраққа жауап креативтік процесінің кезеңдері туралы әңгімені жалғастыруға мүмкіндік береді. Атап айтсақ, қатысушылар көп жағдайда, қандай да бір сәтте оларда «пум-пум-пумды» таба алмайтындай сезім туындағанын айтады, шиеленіс жағдай туындағаннын, жауапты іздеуді тоқтату сәттері туындағанын жиі айтады. Бұл жолмен, фрустрация кезеңін белгілеу мүмкіндігі пайда болады және қорытындыны жасай отырып, креативтік процесінің осы кезеңінде пайда болатын жағдайларды тізбектеу мүмкіндігі туады.

Әдетте, қатысушылардың бірі талқылау барысында келесі пікірді айтады: «Бір сәттерде мен «пум-пум- пум» жайлы ойлауды қойып, өзімнің басқа бір ойларымды ойлай бастадым, бірақ кенеттен бұл Нағиманың сөзінен кейін болар, менде жауап өздігінен пайда болды». Бұл жағдайда кейде бұл қатысушының дайындық кезеңін толығымен өтіп, фрустрация кезеңінде ұзақ болмай, инкубация кезеңіне көшкенін анықтау мүмкін болады. Бұл кезеңде болған сәтте оның ішкі санасы Нағиманың айтқанын «естіді», ол ақпаратты бар ақпараттпен «біріктірді», және жауабын «тапты».

Тренингке қатысушылар сондай-ақ жауапты анықтау барысында бойынан көрініс тапқан сезімдер мен эмоциялар: қуаныш, таң қалу, «жақсы болғандығы» және т.б. туралы айтады. Бұл әсерлерді жаттықтырушы инсайт кезеңімен сәйкестендіре алады.

Жаттығу аяқталғаннан кейінгі әсерлермен алмасу процесі барысында әдетте, талқылау кезеңі (верификация, толықтай ену) туралы ойлар айтылады.

Қатысушылардың бірі шамамен төмендегідей пікір айтуы мүмкін: «Маған жауапты тапқандай болып көрінді, мен оны тексере бастадым, тапсырманың талаптарымен салыстырды да, оның сәйкес екендігін түсіндім (жарамайды)». Мұндай пікірге сүйене отырып, жаттықтырушы пайда болған ойларды тексеру, оларға қорытынды форма беру қажеттігі туралы айтады.

Креативтік тренинг тобының бірінде біздің өткізген «пум-пум-пумды» іздеуімізден мысал келтірейік.

Жасырушы «пум-пум-пум» ретінде тренингке қатысушылардың толық есімдеріндегі бірінші дауысты дыбысты таңдады. Осы жағдайда, топта Айка деп атаған Айнур, Орынкүл және Аружан (топта оны Ару деп атады) «пум-пум-пумның» иегерлері болды. Топ іздеуді сыртқы келбет белгілерін таңдаудан бастады. Шаштарының түсі, шаш қою қалпы, көзінің түсі, бетінің қалпы (дөңгелек), әшекейлерінің болуы, сағатының болуы, көйлегінің, жейдесіндегі арнайы жырықтар және басқа көптеген белгілер аталғаннан соң, топтың кейбір мүшелерінің бойында: «Мүмкін сен бізге бірнәрсені айтарсың», «Егер біз жауап таппасақ не болады?», «Бұл «пум-пум-пум» шынымен бар ма?» деген сөйлемдермен жеткізілген қобалжу орын алды.

Қатысушылардың кейбірі бұл кезеңде өздерінің белсенділіктерін бәсеңдетті, олардың вербальды емес мінез-құлықтары арқылы олар «пум-пум-пумға» қатысты емес басқа бірнәрсені ойлап тұрғанын анықтау болды. Кейін, талқылау барысында, ол қатысушылар өздерінің бір сәтте тапсырмаға деген қызығушылықтарын жоғалтып алғандықтарын, оларға бұл мәселемен ары қарай айналысу жалқаулық тудырғандығы туралы айтты.

Алайда, топ мүшелерінң басым көбі шешімді іздеуді жалғастырды. Олар жаңа салаларға көшіп отырды.

Шешімді іздеу процесіндегі сапалы ілгері басу топтың назарын бұған дейін іздеу тек бір мазмұндық салада - сыртқы келбетіне қатысты болғандығына аударуы мен «пум-пум-пумды» басқа салаларда: бөлмеде орналасуынан, жұмыс орнынан, қызығушылығының сипатынан (өздерінің хобилері мен қызығушылықтары туралы топ мүшелері дәрістің басында бір-біріне айтқан болатын) іздеуді ұсынған Асылжанның жауабынан кейін туды. Бұдан кейін жаңа ойлар пайда болды, бұл соңында «есімдер» мазмұндылық саласына шығуға және әрине бірден емес, жауабын табуға мүмкіндік берді.
11 жаттығу Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп.

Нұсқаулық: «Қазір бір-бірімізге доп лақтыра отырып, бір-біріміздің айтқанымызды қайталамай, біздің ойымызша креативті адамға тән мінез-құлық ерекшелігін, қасиеттерді атаймыз. Аталған сипаттамаларды және сондай-ақ, кімнің қолында доптың болғанын есте сақтауда мұқият болуға тырысайық. Барлығымыз жұмысқа қатысуға тырысайық».

Доп әркімнің қолында екі-үш рет болғаннан кейін жаттықтырушы нұсқаулықты өзгертеді: «Ал енді, допты лақтыруды жалғастыра отырып, креативті адамға жат мінез-құлық ерекшеліктері мен қасиеттерді атаймыз».

Бұл жаттығу жаттықтырушыға ары қарай топ мүшелеріне осы көріністер тізбегінің бағдарлы негізін ұсынуға және жұмыстың келесі кезеңінде жетілдіруге, жаттығуға көшуге мүмкіндік беретін креативтік көріністерді сезінуге септігін тигізеді.
12 жаттығу Топ мүшелері шеңбер бойымен отырады.

Нұсқаулық: «Қанекей, біз жер бетіндегі ең креативті емес адмадар жиналып, өмір суретін қала туралы әңгіме жазайық. Арамыздан біреуіміз әңгімеміз басталатын бір-екі сөйлем айтады. Ары қарай сағаттың тілі бойынша шеңбер бойымен баяндауды жалғастырып, өз ойларымызды айта жылжимыз».

Әдетте, екі шеңбер жасау жеткілікті, одан кейін жұмысты тоқтатуға болады. Бұған қоса жаттықтырушы екінші шеңберді түйіндеген қатысушыға қорытынды сөйлемді ойлап табуды ұсынуына болады.

Бұл жаттығу қатысушыларға қарама-қайшыларды сипаттау арқылы креативтік не екеніні және ол неден көрініс табатындығын түсінуге мүмкіндік береді. Егер қатысушылар жағдайға әзілмен қарамаса, әңгіме көңілсіз болуы мүмкін. Бұл жағдайда, әңгіме аяқталғаннан кейін, көңілді бір іспен айналысуға, мысалы, «пум-пум-пумды» іздеумен айналысуды ұсынуға болады.
13 жаттығу Топ мүшелері шеңбер бойымен отырады. Шеңбердің ортасында сурет салуға қажетті – қарындаш, қағаз, бояу, фламастер жатыр.

Нұсқаулық: «Қазір мен әрқайысыңызға қағаз алып, креативтікті қалай түсінетіндігіңіздің суретін салуды ұсынамын. Біздің сурет салуға жеткілікті уақытымыз болады, біз барлығы өздерінің суреттерін салып болғанға дейін, күтеміз».

Барлығы суреттерін салып болғаннан кейін, әркім өзінің суреті туралы , өзінің креативтілікті қалай түсінетіндігі, креативтілік дегеніміз не екендігі жөнінде білетіндігін айтады

Жаттығу креативтіліктің жеке тұлға қасиеті, шығармашылық процессі және сондай-ақ қызметтің шығармашылық өнімінің ерекшеліктері туралы негізгі сипаттамаларын құрастыруға мүмкіндік береді.

Креативтік тренинг тобының кейбір мүшелерінің өз суреттері туралы айтқандарынан мысал келтірейік.

Айжан: «Мен өз суретімде сыртқы әсерлердің ықпалы туралы айтқым келді: бастаулардан мұхиттың болатындығын. Бұл креативтік өзіне қажетті талаптарда дамитындығын және кейін өзі басқаларды тарататындығын білдіреді».

Торғын: (мозайканың суреті) «Мен үшін креативтілік бұл хаостан үйлесімділікке қозғалу».

Санат: (әртүсті шиіршектің суреті) «Креативтілік – бұл даму, қуаныш, шексіздік».

Талқылау барысында жаттықтырушы қатысушыларға бір-біріне сұрақ қоюды, айтылғандардың мазмұнын анықтауды ұсынады. Барлығы өз ойларын айтып болғаннан кейін, жаттықтырушы креативтіліктің көрінісіне қатысты, аясында ары қарай жұмыс жалғасатын негізгі нысаналы мазмұнға сәйкес креативтіліктің қалыптасуы мен дамуы талаптары туралы негізгі ойларды тізбектей отырып қорытынды жасайды.


14 жаттығу Топ мүшелері шеңбер бойымен отырады. Жаттықтырушының қолында заттардың атауы, жағдай, кез-келген түсінік жазылған текшелер, мысалы, ұйқы, көтеріңкі көңіл, көктем, фараон, бухгалтерия, организм және т.с.с.

Нұсқаулық: Қазір мен қандайда бір сөз жазылған текшені біреуіңіздің арқаңызға жабыстырамын, мысалы, Салтанаттың арқасына, және онда не жазылғанын ол көрмейтіндей жапсырамын. Біз жазылған сөзді оқи аламыз, әрі бұл жөнінде Салтанатқа ешнәрсе айтпаймыз. Оның міндеті - текшеде не жазылғанын анықтау. Бұл тапсырманы орындау үшін ол өз таңдауы бойынша кез-келгенімізді атай алады, және есімі аталған адам вербальды емес жолмен Салтанатқа текшеде не жазылғанын түсіндіруге тырысуы қажет.».

Шеңбердің ортасында болып, сөзді табатындар жауаптың қалай туындайтындығына, сондай-ақ тапсырманы орындау барысында жағдайыңыз қандай болатындығына және ол қалай өзгеретіндігіне мән беріңіздер. Тапсырманы орындау барысында жауапты шешуші өзінің ойында туындаған болжамдарды айта алады және дұрыс сөзді айтқан кезде, жаттықтырушы бұл жөнінде хабарлайды.

Тапсырманы орындау барысында туындайтын қиындықтардың сараптауы, шиеленістердің көзі креативтіктің кейбір кедергілерін анықтауға және атауға мүмкіндік береді, атап кетер болсақ; бағалауға бағытталу сияқты, қайткенде де дұрыс істеуге ұмтылыс, тұрақсыз өз-өзін бағалауды төмендету, жауап таба алмау қорқынышы.

Сонымен бірге талқылау барысында, шешімнің туындау механизмі туралы әңгімелесу мүмкіндігі болады.

Өйткені, мақсатқа жету үшін шешушіге алынған ақпараттар арасында байланыс орнату және барлық ақпаратты біріктірушіні табуы (әрине, егер ол оны бұрмалаусыз қабылдаған болса) қажет. Мысалы, тренингтік топтардың бірінде, текшеде «көктем» сөзі жазылған сәтте, қатысушылар себу, алғашқы гүлдер шыққандағы қуанышты жылы киімдерді шешіп және жеңіл киіну мүмкіндігін, ойдан шығарған шалшықтардан секіру, құстардың ұшып келгенін қарсы алу сияқты күйлерді бейнеледі. Сөзді шешушінің: «Құстардың ұшуын, бір нәрсені себу, гүлдерді теру сияқтыны біріктіретін бұл не болды екен?» - деген пайымдауын дауыстап айтуы көрсеткіш болды.

Бұл жаттығу барысында жүзеге асқан жұмысты талқылау барысында (10 жаттығудағыдай) креативтік процесс кезеңі туралы әңгіме бастауға болады. Шешім табушылар жүзеге асыратын жұмыс мәселелік жағдайды шешу барысының жемісті болуы үшін дайындық, ақпарат жинақтау кезеңін ұқыпты өтуінің маңызды екендігін айқын көрсетеді.

Жаттығу жұмысқа тренингке қатысушылардың барлығын тартады. Олар жасырылған сөзді бейнелеудің айқын жолдарын іздейді. Өздерінің қиялдарын, өнертапқыштығын және экспрессивтіліктерін дамытады.
15 жаттығу Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп.

Нұсқаулық: «Қазір мен біздің алдымызда тұрған жұмысты бастаймын, кез-келгеніңізге доп лақтырамын да, кез-келген затты айтамын. Допты тосып алған адам бұл затты пайдаланудағы үш қалыптан тыс тәсілді атауы керек. Мысалы, допты лақтыра отырып, мен «балта» деп айтамын. Оны тікелей пайдалану амалымен бірге, үстелдің үстіндегі қағаздардың ұшып кетпеуі үшін басып қоятын зат ретінде пайдалануға болады: балтаны ауыр заттардың ұстаушы ретінде қолдануға болады; оған шпагат жіпті байлай отырып құрылыс жұмыстарында тіктеуіш ретінде пайдалануға болады».

Көптеген заттарды пайдаланудың жан-жақты тәсілдерін пайдалану туралы алдын-ала келісіп аламыз: кез-келген затты сурет салуға, иіскеуге, ұстауға, көп заттарды сыйға тартуға пайдалануға болады.

Сонымен, мен доп лақтырған адам өзіне тиген затқа қатысты қалыптан тыс, дәстүрлі емес үш амалын айтады да, басқа затты атай отыра, келесіге доп лақтырады. Мұқият болайық және жұмыс барысында доп барлығымызда болып шыққандығын қадағалайық.

Бұл жаттығу ең алдымен креативтілік кедергілерін сезінуге бағытталған.

Оның нақты көрініс табуы үшін жаттықтырушы қатысушылардың жылдам әрекет етуге жетелейді, яғни, сыртқы кедергілер тудырады: адамға әсер етуін белсендіре отырып, ішкі кедергілердің басымдығы кезінде байқалатын уақытты шектеу.

Жұмыс барысында әлде кім ұзақ уақыт бойында затты пайдаланудағы кезекті қалыптан тыс түрді атай алмаған сәтте, басқалардың бұл затқа қатысты ұсыныстары бар ма екендігін қол көтеру немесе бас изеу арқылы көрсетуін ұсынуға болады. Топта бір немесе бірнеше варианты бар адамадар болады.

Атқарылған жұмысты талқылау барысында топқа: «Тапсырманы орындау барысында сіз тап болған негізгі қиындықтардың көзі неде?», «Қандай сезімдер туындады және олар жұмыс барысында қалай өзгеріп отырды?», «Жүктелген тапсырманы орындауға не көмектесті?» деген сұрақтар қоюға болады.

Тапсырманы орындау барысында қатысушылар тап болған қиындықтар туралы сөз болған сәтте, жаттықтырушы ең алдымен барлығы бірнеше варианттарды атаған кезде ұзақ уақыт бойы ешнәрсе айтпаған қатысушыларға назар аударып, бұл жағдайға қатысты өз пікірін айтуын өтінуіне болады. Креативтік тренинг тобының бір қатысушы төмендегідей пікір айтқан: «Маған қарап тұрған кезде қандай-да бір ой ойлап табу жеңілдірек. Егер доп менің қолымда болса, мен айтуым керек, және барлығы күтіп тұр, уақыт өте баяу жылжиды».

Шыныменде, көпшілігіміздің бойымызда бала кезімізден қалыптасқан «Өзін күттіруге болмайды» деген ұғым бар. Бұл жағдайда ол әрекет жасай бастайды, және адамның бойында жауаптың еркін түрлеріне кедергі тудыратын шиеленіс пайда болады.

Тапсырманы орындау барысында пайда болатын жағдайлардың қатарынан қатысушылар қобалжуды, қатерленуді, ұялуды атайды. Бағалаудың «барлығы маған қарап тұр және күтуде, мен жауап берген кезде басқалар менен жылдамырақ және жақсы жауап берген сияқты» деген ой туады.

Талқылау барысында креативтіліктің қайткен жағдайда да дұрыс істеуге тырысу («мен жақсы жауап түрін іздегендіктен үндемедім»), қолдауға бағытталу, өзінің бағасын төмендету сияқты ішкі кедергілерін анықтауға болады.

Бұл тапсырманы орындау барысында, өзінің нақты әсерін анықтататын креативтіліктің көрініс табуының сыртқы кедергілеріне уақытша шектеулер (жағдайлық стресс-фактор), бағалау (бұл реакцияны қатысушылар өздерін қоршаған адамға өздері телейді) жатады.

Жаттығу креативтіліктің көрініс табуына қандай шарттар әсер ететіндігін түсінуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, талқылау барысында, тапсырманы орындауға не әсер еткеніне қатысты ойлар туындайды. Олардың қатарында: заттың пайда болған бейнесінің дәлелсіздігі (мен үлкен люстраны елестеттім, одан кіші әртүрлі материалдардан, әйнекті, өрнектелген плафондарымен, бірақ сол кезде оны пайдаланудың жаңа-жаңа тәсілдері туындай бастады); зат бейнесін саналы түрде өзгерту; топтағы еркін жағдай.


жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау