І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары


жаттығу Жаттығу тәуліктің бірінші жартысында ұйымдастырылады. Топтың қатысушылары шеңбер құрап отырады. Нұсқаулық



жүктеу 1,21 Mb.
бет7/15
Дата15.01.2020
өлшемі1,21 Mb.
#26803
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

5 жаттығу

Жаттығу тәуліктің бірінші жартысында ұйымдастырылады. Топтың қатысушылары шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Бір-біріңізге мұқият қараңыздар. Әрқайысымызға зер сала қарап, оның бүгінгі күйі қандай, қандай жағдайда және өзін қалай көрсететіндігіне назар аударыңыз. Бұған бізге үш минут уақыт беріледі».

Үш минуттан кейін, жаттықтырушы нұсқаулықты жалғастырады: «Ал қазір біз бір-бірімізге доп лақтырамыз, сондай-ақ доп кімге бағытталған, сол адамға оның бойынанан кешегі күнмен салыстырғанда, жаңа не байқағаныңызды айта лақтырасыз. Мұқият болыңыз және екшімді назарыңыздан тыс қалдырмауға тырысыңыз».



Өзгерту Жаттығу тәуліктің бірінші жартысында және жұмыс арасындағы үзілістен кейін өткізіледі.

Нұсқаулық: «Қазір біз орнымыздан тұрамызда, бейтарап кезекпен бір-бірімізге жақындаймыз. Әрқайысымызға жақындауымыз керек, ешкім назардан тыс қалмасын. әрбір қатысушының қасына келгенде, мұқият зер салып кешегі күнмен салыстырғанда (үзіліске дейінгі уақытпен) оның келбетінене, жағдайы мен мінез-құлқынан қандай өзгерістер бар екенін байқауға тырысыңыз және не байқағаныңызды оған айтыңыз. Алайда, сіздің хабарламаңызда талдау жасап түсіндіру болмасын. Мысалы: «Сен шаршаған сияқтысың»- деп айтуға болады, бірақ «Сен шаршаған сияқтысың, мүмкін сенің ұйқың қанбаған болар»- деп айту қажет емес. Өзіңізді өзгерістердің қандай да бір түрінің аясында шектемеңіз, оларды жүрісінене, киімінен, іс- әрекеті мен көзінің, бет жүзінің қимылынан және т.б. байқауға тырысыңыз».

Талқылау барысында қатысушыларға: «сіздің өзіңіз жайлы естігендеріңіз өз әсерлеңізбен, нақты жағдайыңызбен, уайымдарыңызбен қаншалықты сәйкес келеді?» деген сұрақ қоюға болады.


6 жаттығу

Қатысушылар шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Бізге өзінің еркімен психологиялық байқампаздығын тексергісі келген бір адам керек».

Жаттықтырушы ерікті адам табылғанша күтеді. Айталық, Асхат атты қатысушы ерікті болсын. «Асхат, есіктің сыртында 1 минут күте тұрсаңыз Асхат бөлмеден шыққаннан кейін, топтың басқа қатысушылар орындықта отырған күйде немесе жалғыз және жұппен тұрып бөлме бойына орналасады. Жаттықтырушы есіктің сыртында күтушіні шақырады.



«Асхат сенің осы бөлмедегілердің кімнің қай жерде орналасқанын есте сақтау үшін 1 минут уақытың бар... Ал одан кейін, сен тағы да есіктің сыртына шығып тұруың қажет болады».

Жаттықтырушы топтың кейбір мүшелерінің (шамамен жартысының) орындарын жылдам ауыстырады, Асхатты шақырады да оған барлығын өз орнындарына қайтаруын ұсынады.

Жаттығуды қатысушылардың 3-4 –і өзінің байқампаздылығын тексеру үшін қайталаған дұрыс болады. Басқа түрі: екі адамға бір мезгілде бақылаушы болуын ұсынуға болады.

Жұмыс аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы ең алдымен бақылаушы болған қатысушыларға: «Сіз қандай қиындықтарға тап болдыңыз?», «Сіз алдыңызға қойылған тапсырманы қалай шештіңіз?» деген сұрақтар қоюға болады.

Бұл жаттығуды біздің жинақтың бірінші тарауындағы 25 жаттығумен қатар өткізуге болады.
7 жаттығу

Топ екіге бөлінеді (егер топтың құрамының саны тақ болса, жаттықтырушы да жаттығуға қатысады) және бір-біріне қарама- қарсы екі қатарға отырады.



Нұсқаулық: «Өздеріңіздің оң және сол жақтағы көршілеріңізге қараңыздар және өз орындарыңызды естеріңізде сақтауға тырысыңыздар. Қазіргі біздің орналасуымызды «бір» санымен белгілейік. Қазір мен «екі» деймін, сол кезде әрқайысымыз өз орнымызды ауыстыруымыз керек. «Екі». Өз көршілеріңізді тағы да есіңізде сақтауға тырысыңыздар. Мен «үш» деп санағанда және «төрт» дегенде жоғарыдағыдай орнымызды ауыстырамыз керек. «Үш». (10-15 секундтық үзілістен кейін) «Төрт».

Ал қазір мен кез- келген санды атаймын және әр сан аталған сайын сол санға сәйкес күйді көрсетуіңіз тиіс».
8 жаттығу

Топ шеңбер құрап отырады. Жаттығуды өткізу үшін қатысушылардың есімі жазылған текшелер қажет.



Нұсқаулық: «Мен қазір топтың әр мүшесінің есімі жазылған текшелерді таратамын. (Жаттықтырушы текшелерді таратады). өз текшелеріңізге кімнің аты жазылғаныны ешкімге көрсетпей қараңаздар. Ары қарай сіздер келесі әрекетті жасауларыңыз қажет: «бір» деганде (мен санаймын) сіздің текшеңізде есімі жазылған адамды көзге түспестен қадағалайсыз; сондай-ақ бақылауыңызды тоқтатпай, уақыт ара, бірақ жиі емес, алдын-ала таңдалған екі қимыл- әрекеті жасайсыз: мысалы басыңызды шайқау, көзіңізді жұму, алақанын сипалау және т.б. мен үш минуттан кейін, «екі» деген кезде: «Сізді қалай бақылады?», «Сіз бақылаған адам қандай екі қимыл-әрекет жасады?» деген екі сұраққа жауап беруге дайын болуыңыз керек».

Үш минуттан кейін, жаттықтырушы топтың бір мүшесіне, нұсқулықта айтылған сұрақтарды қояды. Алдымен ол: «Сізді қалай бақылады?» - деп сұрайды, егер жауап дұрыс болса, екінші сұрақты бақылауындағы адам қандай қимыл-әрекеттерді жасағанын жауап беруі тиіс бақылаушыға қойылады.



9 жаттығу

Барлық қатысушылар шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Қазір арамыздан біреуіміз (кейінірек кім екенін шешеміз) біраз уақыт есіктің сыртына шығып тұрады. Ал ол уақытта біз байқауға болатын және топты екі бөлікке бөлуі тиіс де таңдалған белгі бойынша екі шағын топқа бөлінеміз құрылған екі шағын топ аралалы алшақтатылған әртүрлі екі жерге отырады. Бөлмеге оралған қатысушы топ қандай белгіге орай екіге бөлінгенін анықтауы керек».
10 жаттығу

Қатысушылар шеңбер бойымен отырады.



Нұсқаулық: «Қанекей әрқайсымыздың бойымызда уақыт сезімдігі қаншалықты дамығанын тексеріп көрейік. Көздеріңізді жұмыңыздар және менің «бастадық» деген бұйырығымнан кейін минут өткен сәтті ұстап қалуға тырысыңыз. Әрі іштен санамау керек. Сіздің көзқарсыңыз бойынша, бір минут өтті деген кезде, қолыңызды көтеріңіз де, көзіңізді ашыңыз. Әрі барлығы көздерін ашқанша үндемей отырыңыз. Сонымен, бастадық».

Жаттығу барысында жаттықтырушы:



  • Минут өткенге дейін, қолдарын көтеріп қойған;

  • өз уақытында қолдарын көтерген;

  • минут өткеннен кейін қолдарын көтерген қатысушыларды тіркеп отырады.

Жаттығу аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы қатысушыларға өздерінің бақылауларының нәтижесімен бөлісіп, өз әсерлерімен алмасуды ұсынады. Негізінен, адамдардың жартысы тапсырманың қиындығын айтады, ал кейбірі жіберген қателіктері күтпеген жағдай болғанын айтады. Қатысушылар оқиға ұзақтығын көрсету тепе-теңдігінің бұзылуы өзекті жағдайдың бұрмалануына, қарым-қатынас орын алған жағдайды төмендетіп, сенімсіздікті күшейтетіндігіне қатысты ойларын айта алады.

Егер топ мүшелері жаттығуды қайталау тілектерін білдірсе, жаттықтырушы олардың ұсынысын қолдап, жаттығуды өздері орындауын ұсынады.


11 жаттығу

Жаттығуды орындау үшін телефон дискісін теру дауысы жазылған магнитофондық жазба немесе екі (үш) телефон аппараты қажет. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады, олардың әрқайысысына 30 (50) графалы таблица дайындалған парақ таратылады.



Нұсқаулық: «Парақ пен қаламды алыңыздар. Қазір сіздер номерді теру барысындағы телефон дискісі дауысының 30 (50) түрі жазылған жазбаны тыңдайсыздар. Сіз өзіңіз естіген теру дауысының номерін анықтауыңыз керек. Әр номерді тергеннен кейін, өз нұсқаңызды жазып алуыңызға үлгеретіндей үзіліс болады. Әрбір 10 номерден кейін, сіздің өз нәтижеңіздің қаншалықты дұрыс екендігін тексеріп алу мүмкіндігіңіз болады».

Жаттығу ақпараты есту негізінде образдарды алуға, уақытты сезіну субъективтілігін анықтайтын дауыстық талдау беру тиімділігі арқылы жаттығуға мүмкіндік береді. Талқылау барысында қандай номерлерді қиындықссыз тіркеуге бола алғандығы, оқиғаның ұзақтығының бірдей көрінуінің маңыздылығы жөнінде ойлар туындайды.


12 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап тұрады.



Нұсқаулық: «Қазір біз көзімізді жұмамыз (жаттығуды егерде көзді байлауға болатын орамал, шарф бар болса, пайдаланып орындаған ыңғайлы) және бір-бірімізге кедергі жасамауға тырысып бөлме ішінде қозғаламыз. Бұндай әрекетті біз шамамен 3 минут жасаймыз. Уақыттың аяқталғанын мен айтамын».

Бұл жаттығуды қатысушылар өздерін көздері жұмулы күйде де еркін сезіне алатын бөлмеде орындау қажет. Топ мүшелерінің қауіпсіздік сезімін қалыптастыру үшін және қатысушылардың әрекетіне бақылау жасап тұру үшін жаттықтырушы жаттығуға қатыспаса да болады.

Топ мүшелері жаттығуды аяқтап, өз орындарына орналасқан кезде: «Бөлме ішінде қозғалған сәтте сіз өзіңізді қандай күйде сезіндіңіз?», «Сіздің әсеріңіз қандай?» деген сұрақтар қоюына болады.
13 жаттығу

Қатысушылар шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Қазір мен «бір» дегенде барлығыңыз көзімізді жұмасыздар, ал «екі» дегенімде жұмулы көздеріңізді ашпай тұрасыздарда, орындарыңызды ауыстырасыздар. әркім өзіне жаңа орын табуы керек, әрі бұл кезде сіздің оң немесе сол жағыңызда тұрған орындықтарға отырмауыңыз керек. Тапсырманы орындау барысында, мен сіздердің бөлме ішіндегі қозғалыстарыңыздың қауіпсіздігін бақылайтын боламын. Сонымен «бір», (үзіліс) «екі».

Егер кейбір қатысушылар өз еркімен жаңа орын таба алмай қалса, жаттықтырушы тағы да бір әрекет жасауды ұсына алады.

Жаттығу қатысушылардың тактильді және дыбыстық белгілерге назар аударуларын талап етеді. Сенсорлық каналдардың өзара әрекетін дамытумен қатар, жаттығу жақсы топтық нәтиже береді, топтың бірігуіне және топтық қалыпқа сеніммен қарауға септігін тигізеді.
1 өзгерту

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Қазір әрқайысымыз өзіне қарама- қарсы отырғандар арасынан өзіне серік табады. Бұл тапсыраны орындағаннан кейін, өз жұбыңызды тапқаныңызға көзіңізді жеткізіңіз. (Егер топ мүшелерінің қатар саны тақ болса, жаттығуды орындауға жаттықтырушы да қосылады). Енді мен барлығыңыздың көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Мен «бастадық» деген кезде, барлығымыз орнымыздан тұрып, жұмулы көздерімізді ашпай, өз серігімізбен орнымызды ауыстырамыз. Сонымен, бастадық».

Барлығы орындарына орналасқаннан кейін: «Барлығымыз өзіміз көздеген жерге орналаса алдық па?» деген сұрақ қоюға болады.



2 өзгерту

Қатысушылар шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Отыз секунд аралығында бір-біріңізге мұқият қарап, кімнің қай жерде отырғанын есіңізде сақтаңыз (жаттығуды күрделендіру үшін бір-біріңізге мұқият қарау ұсынысымен ғана шектелуге болады) . Енді көздеріңізіді жұмыңыздар. Қазір мен кейбіреулеріңізге орындарыңызды ауыстыруларыңызды ұсынамын. Оны жұмулы көздерімізді ашпай орындауымыз керек. Көздеріңізді тек жаңа орныңызға орналасқаннан кейін ғана ашуға болады.

Сонымен, Торғын мен Сәуле орындарыңызды ауыстырыңыздар».

Жаттықтырушы топ мүшелерінің барлығы жаттығуды орындауға қатысып болғанға шейін, әр кезекте екі адамның есімін атайды.


3 өзгерту

Қатысушылар шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Бір» деген кезде, әркім өз орнында отырған күйінде, үнсіз өзіне жұп таңдайды. Ал «екі» деген кезде, барлығымыз көздерімізді жұмамыз да, тұрып, өз жұбымызды табамыз. Жұмулы көздеріңізді тек мен бұйрығымнан кейін ғана ашуға болады.

Жаттықтырушы жаттығудың орындалу барысын қадағалайды және барлық жұптар біріккеннен кейін ғана көздерін ашуды бұйырады.


14 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Назарлаңызды қазір естігеніңізге шоғырландырыңыз «үнге мән беріңіз». Мүмкіндігінше көбірек дыбыс естуге және жадыңызда сқтауға тырысыңыз».

Бір-екі минуттан кейін жаттықтырушы барлығының көздерін ашуға естігендерін айтып беруін және мүмкін болса дыбыстың көзін айтуын өтінеді. Талқылауды төмендегідей ұйымдастыруға болады: әрқайысысы кезекпен өзіне дейін аталғандарды қайталамай өзі естіген дыбысты атайды.

Талқылау барысында, топ мүшелерінің кейбірі басқалар естімеген немесе елемеген дыбыстарды (мысалы, көршісінің демі) ести алғандығы анықталады.
15 жаттығу

Барлық қатысушылар шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Өзіңізге ыңғайлы орналасыңыз. Көзіңізді жұмыңыз. Қазір мен қандай да бір дыбыстарды атаймын, сіз соларды өзіңіз анық елестетуге тырысыңыз. Бірмезгілде олар сіздің бойыңызда қандай сезім, жағдай тудыратынын сезініңіз. Бастайық: жеңіл көлік лезде тоқтады. Концерттің басында аспаптарын келтіруші оркестрдің үні. Жағаға ұмтылған теңіз толқындарының шуы. Кесе жерге құлады және сынды. Мерекелік нұршашу кезіндегі зеңбіректер дүркіні және т.б.» әрбір дыбысты атағаннан кейін жаттықтырушы кідіріс жасайды (шамамен 1-10 секунд).

Талқылау барысында: «Қай дыбыстарды елестету оңай болды ал қайысысы қиындық тудырды?», «Сіздің бойыңызда қандай сезім орын алды?» деген сұрақтар қоюға болады.


16 жаттығу

Топтың барлық мүшелері шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Көздеріңізді жұмыңыздар да, назарыңызды өз сезінгендеріңізге шоғырландырыңыз. Қазіргі сәтте, сезінгеніңіздің барлығын есіңізде сақтауға тырысыңыз». Бес минуттан кейін жаттықтырушы нұсқаулықты жалғастырады. «Көздеріңізді ашыңыздар. Араларыңыздан біреуіңіз өзінің сезінгендері туралы айтып берсін. Ал қалғанымыз мұқият тыңдаймыз. Өз сезінгеніңізді толығырақ жеткізуге тырысыңыз. Өз сезінгендерін жеткізуші келесі қатысушылар өзіне дейін айтылғандарды қайталамауы тиіс. Мысалы, егер біреуіңіз каналдың бойымен жүзіп өткен қайықтың дауысын естідім десе, оны қайталап айту қажет емес».

Жаттығу сенсорлық қабылданатын белгілер туралы түсінікті кеңейтуге, олардың бейнеленуі мен ерекшеліктерін айыруға жаттығу мүмкіндігін береді.



17 жаттығу

Топ мүшелері жұпқа бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы отырады.



Нұсқаулық: жұптың әрбір мүшесі кезекпен «Мен көріп тұрмын....» деген сөзден басталатын өзінің серігінің сыртқы келбетіне қатысты сөйлем айтады. Торғын (жаттықтырушы топтың мүшесіне қарап) қане екеуіміз тапсырманы қалай орындау керек екендігін көрсетейік».

Жаттықтырушы мен қатысушы бір-біріне қарама-қарсы отырады.

Жаттықтырушы: «Мен сенің қолдарыңның тізеңнің үстінде жатқанын көріп тұрмын».

Торғын: «Мен сіздің оң жағыңызға қарағаныңызды көріп отырмын».

Жаттықтырушы: «Мен сенің басыңды еңкейткеніңді көріп отырмын» және т.б.

«Жаттығуды орындау барысында бағалау беретін түсініктерді пайдаланудан тартыныңыз».

Бұл жаттығу «мен көріп тұрмын» және «елестетемін, талдау жасап көрсетемін», «меніңше» түсініктері арасындағы айырмашылықтарды түсінуге септігін тигізеді.


18 жаттығу

Қатысушылар 4-5 адамнан құралған шағын топқа бөлінеді де әрқайысысына жұмыс істеуге ыңғайлы болатындай кеңістікте жартылай шеңбер құрап тұрады, әрбір жартылай шеңбердің алдына орындық қойылады.



Нұсқаулық: «Қазір әрқайысымыз кезекпен «тыңдаушының» ролінде болып көреміз. «Тыңдаушы» өзі шағын тобының алдында орындықта отырып, артында не болып жатқанын естіп, барлығын түсінуге тырысуы керек. әрбір «тыңдаушыға» үш минут уақыт беріледі. Ал қалғандары бұл уақытта әртүрлі әрекеттер жасайды және аяқталғаннан кейін «тыңдаушыға» әрекеттің түріне қатысты және оны кім орындағанына қатысты сұрақтар қояды. Мысалы, отырып- тұрған әрекеттен кейін: «Біз не істеп жатырмыз?», ал ақ парақпен манупуляция жасағаннан кейін – «Бұл не болды?», топтың екі мүшесінің ақырын «сыбырласа! әңгімесінен кейін – «Бұлар кімдер?»- деген сұрақтар қоюға болады. Егер тыңдаушы қателессе, негізінде ол не болғанын айтып, түзету керек. Түсінікті ме? Қане, бастайық».

Талқылау барысында қатысушыларға «тыңдаушының» арт жағынана жасаған әрекеттеріне қатысты, қателердің түріне байланысты, не жылдам түсінікті болды және орын алған қиындықтар туралы сұрақтар қойылуы мүмкін.


19 жаттығу

Бұл жаттығу жұмыстың бірінші немесе екінші күнінде өткізіледі. Қатысушылар 2 немесе 3 шағын топқа бөлінеді, олардың әрқайысысы бір-біріне кедергі жасамайтындай орналасады.



Нұсқаулық: «Қазір шағын топ мүшелерінң бірі басқаларына арқасымен қарап тұрады, ал қалғандары кезекпен (кез-келген тәртіпте) оған кез- келген сұрақтарды қояды. Жауап беруші өз жауабын айтар алдында, сұрақ қойған адамның есімін атуы керек. Егер ол сұрақ қоюшының есімін дұрыс атаса, оған келесі сұрақ қойылады. Қателескен жағдайда, топ бұл жөнінде жауап берушіге айтады да, сұрақ қоюын жалғастырады. Әркім бір сұрақ қоя алады.

Барлық сұрақтар қойылып болғаннан кейін, келесі қатысушы жауап беруші орнына тұрады, және топтың барлық мүшесі осы ролде болып шыққанға шейін жаттығу жалғасады. Кезекті өздеріңіз белгілейсіздер».

Тапсырма қарапайым көрінгендігімен, серігін дұрыс қабылдау үшін белгілі дәрежеде талпынысты талап етеді. Көп жағдайда қателіктер орын алады.

Талқылау барысында, бір-бірін толық біле алу мүмкіндігі толық болмады, алдыңда адмады көрмей дауысын есту үйреншікті жағдай еместігі туралы ойлар айтылады.

Жаттығу сенсорлық каналдардың өзара әрекетін дамытуға және қатысушыларды топтық процесстерге жұмыла араласуына септігін тигізеді.


20 жаттығу

Жаттығу қатысушылар бір-бірін жақсы тани бастаған жұмыстың екінші-үшінші күндерінде өткізіледі. Жетекші топты 2-3 шағын топқа бөледі.



Нұсқаулық: «Қатысушылардың әрқайысысы кезекпен өз тобының алдына шығады да, арқасымен қарап тұрады. Қалғандары оған өз дауыстарын өзгерте (реңін, жиілігін, қаттылығын, екпінін өзгерте) кез-келген сұрақ қояды.

Сұраққа жауап берер алдында, жауап беруші сұраушының есімін атайды. Егер ол қателесе, қателескеннін айту керек. әрі барлығы міндетті түрде сұрақ қою қажет емес. Тек сұрақтардың реті сақталуы тиіс, ал кімнің қанша сұрақ қоятыныны шағын топ өзі шешеді.

5-6 сұрақ қойылғанан кейін (жаттықтырушы шағын топқа арнап мысалдар келтіреді) жауап берушілердің кезегі ауысады».

Жаттығуды талдау барысында жаттықтырушы қатысушылардың назарын жауап беруші шешкен міндеттің түріне аударады. Таныс дауысты өзгерткен кезде, оның екпіндік, дірілдік, әдістік, эмоционалдық және тембр ритмділігі сипаттамалар «анықтаушыға» ерекше болып көрінеді. Алайда айтылған сөзде «бұрмалаушыға» тән инварианттық сипатама байқалады. Оларды анықтау «жауап берушінің» міндеті болмақ. Жаттығудың басында қатысушыларға бұл тапсырманы орындау мүмкін емес сияқты көрінеді. Бұл жағдайда жаттықтырушы жұмыстың мазмұнына назар аударуды ұсынады, ал танудың сан алуан кейде тіпті толық дәлелдері бұл сенімсіздікті жояды. Талдаудың құралы ретінде сөздің сипатамаларын, басқа әсерлерін құбылту мүмкіндігі бола алады. Топ мүшелері әртүрлі қорытындылар жасайды, мысалы, әйел дауысын егер ол төмен жиіліктегі дірілмен құйқылжыса, ажырату қиындырақ екені туралы, ал ер адамның дауысы- жоғары жиілікті болады.

Бұдан біз көп жағдайда біздің тәжірибеміз шектеулі немесе еліктірілген сипатамаға тән салаларда қателіктер болатындығы жөнінде қорытынды жасалады.
21 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Қазір әрқайысыңыз қандай да бір жануардың аты жазылған текше алады. Онда не жазылғаныны ешкімге көрсетпей оқыңыз».

Жаттықтырушы жануарлардың аты жазылған текшелерді таратады, мысалы, «ит», «қораз», «мысық», «аю» және т.б. қандайда бір жануардың аты екі, үш немесе төрт текшеде жазылуы тиіс. Сол себптен, 12 адамнан құралған топқа төрт жануардың аты жазылған текшелер таратылуы мүмкін.



«Енді көздеріңізді жұмыңыздар. Қазір біз барлығымыз, орнымыздан тұрамыз да, менің бұйрығыммен тапсырманы орындай бастаймыз: бірдей жануардың аты жазылған текшелердің иелері тек бір құралды пайдалану арқылы – яғни, текшесіне жазылған жануардың үнін келтіру арқылы бір топқа жиналуы керек. Жұмылған көздеріңізді тек менің бұйрығымнан кейін ғана ашуға болады. Бастадық».

Жаттықтырушы жаттығуға қатыспайды. Ол оның орындалуын қадағалайды, қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, қай топ басқаларынан бұрын жиналғанын белгілеп отырады. Егер қатысушылардың бірі ұзақ уақыт бойы өз тобын таба алмаса, жаттықтырушы оған көмектесе алады, мысалы, ол «ит» болса, жаттықтырушы оған: мысалы, «Менің әлі барлық «иттерім» жиналған жоқ» деп көмектессе болады.

Барлық қатысушылар бір-бірін тапқаннан кейін, жаттықтырушы олардың жұмулы көздерін ашуын өтініп, әр топқа «Сіздер кімсіздер?» деген сұрақ қояды. Бұл барлығы өз тобында ма екендігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді.

Талқылау барысында: «Сіз өз тобыңызды іздеу барысында қандай әдісті қолдандыңыз?» деген сұрақ қоюға болады. Дегенмен, кейбір қатысушылар үлкен белсенділік танытады екен: олар жануарлардың дауысын келтіру мен қатар басқаларды да тыңдайды басқа екі әдіс негізінене екі түрдің біріне бағытталған: олар үндемей тек айналасында не болып жатқанын тыңдауды жөн көреді және «өз» жануарларының үніне қарай қозғалады. Басқалары дауыс келтіреді де оларды тапқанша күтіп тұрады.

Жаттығу есту сезімталдығын дамытуға, қатысушыларға қоршаған ораға бейімделе алу мүмкіндіктерін кеңейтетін тәжірибе алуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, бұл жаттығу көңіл-күйді көтеріп, қатыушылардың шаршағандығын төмендетеді.
22 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Шеңбердің ортасында бос орындық тұрады.



Нұсқаулық: «Қазір араларыңыздан біреуіңіз шеңбердің ортасына шығып, орындыққа отырады, алақандарын жоғары қаратып тізесіне қояды да, көздерін жұмады. Біз кезекпен еркін ретте оның қасына келіп, қолымызды оның алақанына қоямыз. Орындықта отырған бұл кімнің қолы екенін анықтауы керек. Әрбір жақындаған адамның есімі егер дұрыс аталса, мен «иә» деймін, ал қателескен жағдайда «жоқ» деп жауап беремін. Біз еркін ретпен жақындаймыз, сондықтанда кейбіреу бірнеше рет жақындауы мүмкіндігін, ал кейбіреу мүлде жақындамайтындығын ескертемін».

Ерікті адам табылып, шеңбердің ортасындағы орындыққа көзін жұмып отырғанан кейін, жаттықтырушы кезекпен жақындауы тиіс адамдарды көрсетеді.

Жаттығудың барысында шеңбер ортасында 3-4 адам болуы мүмкін.

Жаттығу тактильдік сезімталдылықты, қоршаған ортадан алған ақпаратты алу каналын қолдана отырып басқа адамды сезіне білу қабілеттілігін жетілдіруге бағыталған.


Өзгерту

Қатысушылар 4-5 адамнан құралған шағын топтарға бөлініп, шағын шеңберлер құрай бөлме бойына отырады.



Нұсқаулық: «Шағын топтың қатысушыларынң бірі көзін жұмады да, алақанын жоғары қаратып тізесіне қойып отырады. Ал қалғандары ерікті ретте оның алақанына өздерінің қолдарын тигізеді. Міндет – кімдердің қолдары екенін анықтау. Әрқайысысы «анықтаушының» орнында алты рет болуы тиіс. Кері байланыс әрбір «анықталғаннан» кейін орнайды».

Басқа түрі: Кері байланыс әрбір қатысушы жұмысты аяқтағанан кейін орындалады.

Талқылау барысында әртүрлі ойлар айтылады. Тоқталатын болсақ, топ мүшелері олардың алдына қойылған міндеті шешу процесі барысында туындайтын қиындықтар туралы айтады. Көпшілігіне ол аяқасты туындаған болады. Көп жағдайда, қатысушылар бір сенсорлық жүйе көмегімен алынған тәжірибені екіншісіне жеткізу мүмкіндігі бола бермейтіндігін шағым айтады. Сондай бір пікілердің бірі: «біз өз тобымызда жұмыс істей бастағанда, мен өзімнің кезегім келгенге дейін бар қолдарға мұқият назар аудардым, менің көргеніммен, есте сақтағанымның тапсырманы орындау барысында көмегі тиер деп ойладым. Алайда, олай болмай шықты. Мысалы, мен тырнақтарының ұзындығына қарадым (біздің топта тек әйелдер болды), бірақ та мен көзімді жұмып, тырнақтардың ұзындығын сипау арқылы анықтай бастағанымда алған әсерлерім мүлде басқадай болды».

Сондықтан да бұл жаттығуды талдау барысында басқа адмдар туралы толық, барабар көрніс қалыптастыру үшін барлық сенсорлық жүйелер: көру, есту, сипап сезу және т.с.с көмегі арқылы қалыптасатын әртүрлі тәжірибе керек екендігін сезіну қажетілігі туралы шешімге келеміз.

Бұл жаттығуды талқылау барысында қатысушылардан: «Сіз алдыңызға қойылған тапсырманы қалай шештіңіз?» деген сұрақ қоюға болады. Әдетте, бұл сұраққа берген жауапта олар көздеген белгілерді тізіп шығады. Бұл –форма, қолының өлшемі, қызуы (салқын немесе жылы алақан), қол қай жақтан беріледі және т.с.с.


жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау