І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары



жүктеу 1,21 Mb.
бет6/15
Дата15.01.2020
өлшемі1,21 Mb.
#26803
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Номотеттік сенситивтілік қандай да бір әлеуметтік топтың типтік өкілін түсіне алу және осы түсінікті аталмыш топқа жататын басқа адамдардың мінез-құлқын жорамалдау үшін пайдалану қабілеттілігі ретінде анықталады. Бұл қабілеттілік адамның топ туралы білімінің ауқымына және онымен қарым-қатынасының тәжірибесі арқылы анықталатын «жалпыдан жекеге» заңдылығына сүйенеді.

Идеографиялық сенситивтілік - әр адамның өзіндік ерекшелігін түсіне алу қабілеттілігі. Сенситивтіліктің бұл түріне анықтама бере отырып, Г. Смит оның бақылампаздық және теориялық сенситивтіліктен адамдармен таныстық деңгейі мен бақылаудың уақытына тәуелділігімен ерекшеленетіндігіне назар аударады. Сондықтанда ол идеографиялық сенситивтілікті таныстықты жалғастыра пайдалану және адамның мінез-құлқына нақты жорамал жасау үшін қажет ақпарат ауқымын арттыру үшін пайдаланатын қабілеттілік ретінде көрсетеді. Біздің ойымызша, идеографиялық сенситивтілікті сенситивтіліктің басқа түрлерімен қарсы қою негізсіз, мысалы, идеографиялық және номотеттік сенситивтіліктерді бір- біріне қарсы қою әр адамның ерекшелігі идеясының дамуының ең шеткі түрі, статистикалық жалпыланған моделдер құрудан бас тартуына әкелуі мүмкін. Керісінше, идеографиялық сенситивтілік бақылампаздық, теориялық және номотеттік сенситивтер негізінде қаланған басқа адам туралы пікірлерге өзіндік ерекшелік беріп, молайта және тереңдете түседі десек қонымды болар.

Г.В. Оллпорт адамдарды жақсы тани білуге қажетті сегіз жекелік қасиеттерді атаған (11).

1. Тәжірибе (Esperience) Адам өзінің айналасындағы адамдарды жақсы тани білу үшін ең алдымен кәмелеттік жасқа жетуі қажет. Бұның астарында қандай да бір белгіленген жасқа жету ғана емес, (30 жас және соның айналасы) сонымен бірге адам табиғатының әртүрлі шиеленіскен көріністерімен өзара әрекет жасаған тәжірибенің мол болуы жатыр. Жастық адамдарды өзінің шектеулі тәжірибесінің ауқымында көреді, сондықтанда жас адамға өмір сүру деңгейі басқадай адам туралы пікір айтуын өтінсек, олар әдетте «өмірден арта қалған, шал», «тәуірлеу жігіт» немесе «қияли» деген шала әрі үйлесімсіз пікірін білдіреді.

Тәжірибелі адамның есепсіз адамдық көріністердің әрқайысысына өзіндік егжей- тегжейлі тексерілген мол интерпретациялардың апперцептивтік тізбегі бар. Тіпті басқа адамдарды түсінуге септігі тиетін ассоциациялар мен ой қорытындылары жалғыз ғана ақыл- ой процесстері болмаған жағдайда да, сонымен бірге мүмкін біз интуитивтік түсіну теориясын таңдаған болсақ, онда интуитивтік түсіну үшін де нық тәжірибелі негіздер қажет.



2. Ұқсастық (Similarity). Бұл адамдар туралы қандай да бір пікір айтқысы келген адам ең алдымен өз табиғатында өзі түсінгісі келген адамға ұқсас болуын талап ету. Тәжірибелік зерттеулердің нәтижесі басқа адамның бойындағы қандай да бір сипатты нақты бағалаушының бойында жоғары деңгейде тура сондай сипат болатындығын көрсетті. Алайда мұнда нақтылық абсолютті емес және барлығы сондайлықты қарапайым деуге де болмайды: бір бағалаушының қиялының ұшқырлығы басқаның пайдаланбаған ауқымды тәжірибесінен құндырақ болуы мүмкін.

«Ұқсастық» бұл «тәжірибедегі» ерекше жағдай екенін аңғарған жөн болар. Басқа адам маған ұқсас болған сайын, онымен менің қарым- қатынас тәжірибем молырақ болмақ. Негізінен осы себепке орай қандай да бір ұлттық, діни немесе кәсіби топтың мүшелері әдетте басқаларға қарағанда бір- бірі туралы дәл пікірлер айтады.



3. Ақыл –ой өрісі (Inteligence) жоғары ақыл -ой өрісі мен басқа адамдар туралы нақты пікір айту қабілеттілігі арасында қандай да бір байланыс бар деген деректі тәжірибелік зерттеулер бірнеше қайтара дәлелдеп отыр. Вернон жоғары ақыл- ой өрісі негізінен өз- өзін және таныс емес адамдарға нақты бағалау беретін адамдарға тән екенінін анықтады, алайда бағалаушылар өздері бағалайтын адаммен жақсы таныс болса, тәжірибені белгілі деңгейде ерекше ақыл- ой өрісі алмастырады.

Адамдарды түсіну – бұл белгілі деңгейде өткен шақтағы және осы шақтағы іс- әрекеттері арасындағы, экспрессивтік мінез-құлық пен ішкі амалдар арасындағы, себеп пен салдар арасындағы байланыстарды нақтылау міндеті, ал ақыл-ой өрісі осы негіздегі салыстырымдарды бекіту қабілеттілігі.



4. Өзін терең түсіну (Insight) біздің әлеуметке қарсы үрдістерімізді , өзіміздің күрделі себептерімізді жалған кейіпте қабылдап және бірізділікті сақтамауымызды дұрыс түсіну әдетте бізді адамдар туралы тым үстіртін және қарапайым пікірлерден сақтап қалады. Біздің өз табиғатымызды түсінудегі қателік пен көзсіздік басқалар туралы пікірлерімізге автоматты түрде ауысады. Компульсивтік невроз немесе басқадай бізге таныс емес себептер бірден басқа адамдарды бағалауымыздың құнды ой- толғамы немесе үлгісі ретінде қалыптасады. Психоанализдің тәжірибесінде өзін -өзі алдын- ала түсіну қажеттілігі бұрынан-ақ құпталған. Сарапшы басқа адамдардың тоғысқан түйіншегін шешпестен бұрын, өзінікін шешіп алуы керек.

5. Күрделілік (Complexity) Негізінен адамдар өзінен күрделірек мінезді адамдарды терең түсіне алмайды. Біржақты ақыл мәдени және жан- жақты терең дамыған ақылдың толғаныстарына жанашырлық жасай алмайды.

Егер психиатр қиын мінездің иегері болса, онда ол белгілі бір артықшылықтарды иеленеді деп пайымдауға болады, өйткені оның жұмысының барысында ерекше күрделірек психикалық жағдайлар кездесуі мүмкін және егерде оның бойында өзі жақсы игере алған нервтік қиындықтары бар болса, бұл оның біліктілігін арттыра түседі. Бұл пациенттерін түсінумен қатар оларға қолдау көрсету негізгі міндеті болатын психиатрдың өмірі тек күрделіліктен тұрып жарқын өмірден ада болуы тиіс дегеннен аулақпыз. Терапевтік көзқарас бойынша пациенттің жан қиындықтары мен мазалануын қолдай бас шұлғудан бұрын жарқын әрі сау көңіл- күйдің нұрын шашып тұрғаны пайдалы. Сірә, өз ісінде жемісті психиатрлардың екі түрі бар шығар: жеке тұлғаны қиналтып оның ішкі дүниесін ақтару- төңкерумен емдейтіндер және нұр шашқан иландырумен емдейтіндер.



6. Шектенушілік (Detachment) Адамдарды жақсы тани білетіндер қарым- қатынасқа жиі бара бермейтіндер екенін тәжірибелер көрсетті. Оларға экстраболжамнан гөрі интроболжам жақынырақ, және үздік болжаушылар олар түсініксіз жандар және оларға баға беру қиындық тудырады. Олар әлеуметтік құндылықтарды басты деп санамайды. Негізінен әлеуметтік құндылықтарды зерттеумен айналысатындардың басқа адамдарды егжей- тегжейлі зерттеуге уақыты болмайды. Олар жанашарлық, рақымдық, махаббат және таңырқау сезімдерін кешеді де, бұл эмоционалдық қатынастардан шектеле алмайтыны соншалық, нақты көзқарас қалыптастыра алмайды. Ал қандайда бір оқиғалардың қатысушысы болғысы келмейтін, бірақ сырттай, мұқият бақылаушы адам құнды ой- толғамдар жасай алуы мүмкін. Көп жағдайда адамдарды жақсы танып білуші (мысалы, жазушы) кей кезде барлық жан дүниесімен қандай да бір оқиғаға беріле араласып кетеді, бірақ кейіннен оқиға ортасынан алшақтап, өткенді шола отырып адамдарды зерттей бастайды, алайда оқиға ортасында өзімен болған жәйттерді шектеп тастайды.

7. Эстетикалық бейімділік (The Aestyetic Attitude) Қарым- қатынастың бәсең болуы жиі жағдайда эстетикалық бейімділікпен байланысты болады. Бұл қасиет басқаларымен салыстырғанда жоғары тұрады, әсіресе адамды танып-білу дарынды жандарды алар болсақ... Эстетикалық ақыл әрқашанда нысананың мейлі ол қандай-да бір безендірілген әшекей сияқты қарапайым зат болсын немесе соншалықты маңызды мәнге ие адам баласы болсын, ішкі үйлесімдігіне енуге ұмтылады. Эстетикалық тұлғаны барлық жағдайда қызықтыратыны - құрылымның ерекшелігі мен біркелкілігі. Мұндай ақыл-ой құрылымы биограф пен новелистке қажет. Жоғары деңгейде дамыған эстетикалық ақыл құрылымы белгілі бір дәрежеде «тәжірибенің», «ақыл-ой өрісінің», «өзін терең түсінудің», «ұқсастықтың» және «күрделіліктің» шектеулілігін толықтыра алады. Егер эстетикалық ақыл-ой құрылымы осы қасиеттермен үйлескен болса, онда бұл бағалау өнерін арттыра түседі...

8. Әлеуметтік ақыл-ой өрісі (Social Intelligence) Бұл міндетті қасиет емес. Көп жағдайда суретшілер мен жазушылардың бойында бұл қасиет болмайды. Ал екінші жағынан, мысалы интервью алушының бойында бұл қасиет болуы қажет, өйткені оның қызметі күрделірек: ол мұқият тыңдаумен қатар, бір мезетте зерттеуі тиіс, ашық әңгімеге тарта отырып, салмақты ой иесі ретінде көрінуі керек, достық қарым- қатынаста бола тұра, шыдамдылықты сақтап, өз-өзін ұстай білуімен бір мезетте әңгімені жандандырып отыруы қажет-және осының барлығымен қоса, жалықтырып алмауы керек. Мінез - құлықтың мұндай тепе-теңдігі адамдармен қарым-қатынаста үйлесімділікті қалыптастыратын әртүрлі қасиеттердің жоғары деңгейде дамығанын қажет етеді. Жайлы және өтімді сөйлеу және іс- әрекет жасау үшін басқа адамның ықтимал жауабы қандай болатындығын болжай білу керек. Сондықтанда әлеуметтік ақыл-ой өрісі жылдам, автоматты түрде адамдар туралы ой қорытынды айта білу қабілетімен байланысты, бұған қоса әлеуметтік ақыл-ой өрісі түсініктермен әрекет жасаудан бұрын мінез-құлықпен байланысты» (11).

Сенситивтік мазмұны жағынан В.А. Лабунская қолданған қарым-қатынас барысында қалыптасатын және адамның психикалық жай-күйін, оның адамға өз әсерін болжай алу қабілеті мен қасиеттерінің тепе- тең көрінуін қамтамасыз ететін әлеуметтік- перцептивтік қабілеті түсінігімен жақын (12).

Автордың пікірі бойынша, бұл қабілет күрделі құрылымды, қабілеттердің тобын бейнелейді.

Лабунская жеке тұлғаның әлеуметтік- перцептивтік қабілеті мен оның басқа адамның мінез-құлқын болжай білу және оған өзінің әсерін алдын-ала болжай алу қабілетін жатқызуға болатын функциональдық қырын шектейді. (Біздің көзқарасымызша тәжірибелі алынған критикалық жастың әлеуметтік-перцептивтік қабілеттері деңгейінің көтерілуі назар аударуға турарлық. Бұл -18-22 және 28-32 жаста. 23 –тен 27 жасқа дейін жеке тұлғаның әлеуметтік-перцептивтік дамуы деңгейінің тұрақтануы байқалады).

Ол әлеуметтік-перцептивтік қабілеттер деп жеке тұлғаның сапа мен қасиеттерін тепе- тең түсіне алу және басқа адамдардың қарым-қатынасын бағалай алу қабілеті деп санайды. Бұл қабілеттердің даму деңгейі басқа қабілеттердің даму деңгейін және олардың арасындағы функциональдық байланысты анықтайды.

Сол себептен, сенситивтік: а) бейнелеу мен түсіністікті, б) адамның, топтың әлеуметтік- психологияляқ мінездемесін жүйелеу мен жадында сақтау және олардың мінез-құлқы мен іс- әрекетін болжалауды қамтамсыз ететін қабілет ретінде қарауға болады. Сенситивтіктің дамуы адам мен оның құрылымын түсіну процесі және әлеуметтік- перцептивтік процестер ағымының жеке ерекшеліктерінің маңыздылығын талап ететін проблемалық жағдайларға қосылу жолы арқылы жүзеге асуы мүмкін. Сонымен, біз сенситивтік тренинг мәселесіне жеттік.



СЕНСИТИВТІК ТРЕНИНГ:

ТАРИХЫ, ЖОЛДАРЫ, МАҚСАТТАРЫ, НӘТИЖЕЛЕРІ
Сенситивтік тренингтегі жұмыстың топтық түріне жатады, алайда оның кейбір элементтері жекешеленіп қолданылуы да мүмкін.

«Сенситивтік тренинг» түсінігі өте кең ауқымда және көпмағынада қолданылады. Осы түсінікпен аталатын топтық жұмыстың түрлерінің барлығын жетелей талдау біздің көздейтін мақсатымыз емес. Тек оның дамуының негізгі тармақтарына тоқталамыз.

Ю.Н. Емельянов сенситивтік тренинг (немесе жеке тұлға аралық сезімталдық тренингі) шетелдік әлеуметтік психология тәжірибесінде 1950 жылдардың соңына қарай қалыптасты деп санайды (1). Сенситивтік тренингінің түп-тамыры Т-тобының тәжірибесінде жатыр. Шетелдік мамандардың көбінің бұл екі түсінікті тең мағынада қолдануы бекер емес. Ю.Н. Емельяновта осы пікірді ұстанады. К. Роджерс, жұмыстың топтық түрінің жіктелуінің белгілі бір түрін ұсына отырып, негізгі екі категорияны немесе негізгі екі типті атап көрсетеді: «сенситивтік тренинг» топтары және «ұйымдастырушылық дамыту топтары». «Сенситивтік тренинг» терминін негізінде роджерстік «кездесу топтарында» және Т-тобы немесе К.Левиннің топтық динамика мектебі ағымында пайда болған адам қарым-қатынастарының тренингтік тобын белгілеуге қолданылады. (Кейде оларды сезімдік тренингінің зертханасы деп атайды.)

Т- тобы негізінде өзара әрекеттерінің арқасында пайда болған жеке тұлға аралық қатынас пен топтық динамиканы зерттеу мақсатында кездескен гетерогендік индивидтердің жиыны ретінде анықталады. Бұл әдісті даралайтын ерекшелік Т-топты ұйымдастыру мен құрылымдау кезінде қатысушылардың жоғары дербестікке ұмтылуы болып табылады. Топтық өзара әрекеттікті ынталандырудың негізгі құралы бұл құрылымның болмауы. Әлеуметтік вакуумда қалған қатысушылар топ ішіндегі өзара қарым- қатынасты өздері ұйымдастыруға және бірлескен әрекет процедурасын талқылауға мәжбүр. Бұл жағдайда оқыту жеке тұлға аралық мінез-құлықты түсіндіретін нысаналы принциптерді игеруден бұрын топ мүшелерінің сынақтары мен қателіктерінің нәтижесі болмақ. Сонымен қатар Т-тобы жеке тұлға аралық сезімшілдікті дамытумен бірге, өз-өзін қабылдауды, топтық процестерді түсінуін және топ қызметіне үйлесе қосылуын дамытады. Г. Смитті Т-тобы басқалардың мінез-құлқын болжаудың дәлдігін дамыту қызықтырды. Т-тобының мүшелері 1) жаттықтырушы, 2) топтың жеке мүшелерінің, 3) жалпы топты, 4) топтан тыс жеке адамдардың мінез-құлқын болжау нақтылығын шынайы өлшемі пайдаланған төрт зерттеудің нәтижесіне сүйене Г. Смит болжаудың дәлдігінде жақсы жетістіктердің болмағанын тіркеген. Алайда қатысушылар субъективті түрде өздерінің Т-тобындағы жұмыс тәжірибесін жетілдіруші ретінде қабылдағанын атап өткен жөн.

Г. Смиттің пікірі бойынша, сенситивтікке Т-тобының дамытушылық әсері оның алдына қойған мақсатына байланысты болмақ. Атап айтқанда, бұл жерде негізгі мақсат жақындықтың субъективті әсеріне жетуге негізделген ойша түсінікті дамыту мен басқа адамға көңіл аударуы болуы мүмкін. Г. Смиттің ойынша, Т-топтарда дәл осы орын алған. Сондай-ақ адамның басқа жанның сезімін, ойы мен мінез-құлқын қаншалықты болжап бере алатындығында байқалатын эмпириалық түсінудің дамуында өзгеріс болмайды. Оның нақты себептерінің бірі – кері байланыстың, сенситивтілікті дамытудың тепе-тең міндетінің болмауы. Өзінің сенситивтік мүмкіндіктерінің тренингін бастай отырып, тренингтің мақсаты мен оны игеру дайындығын анықтау үшін адам дәрісті бастар алдындағы өзінің сенситивтілік жағдайы қандай екендігін білу керек. Саналы түрде мақсатқа жету әртүрлі көздерден алынатын тренингтің нәтижесі туралы үдемелі және жылдам кері байланысты қажет етеді. Сенситивтік тренинг топтарында қол жеткізуге болатын көптеген әртүрлі мақсаттар бар. Ю.Н. Емельянов, жоғарыда келтірілгендерге сүйене отырып, сенситивтік тренингтің төмендегі міндеттерін тізбектейді:

1. Өз-өзін түсіну мен басқаны түсінуді көтеру.

2. Топтық процестерді әсерлі түсіну, локалдық құрылымды меңгеру.

3. Бір қатар мінез-құлықтық дағдыларды дамыту (1).

Л.А. Петровская шетелдік әдебиетке сілтеме жасай отырып, мақсаттың екі деңгейін атайды: тікелей және метамақсаттар деп аталатын, немесе аса жоғары деңгейдегі жалпылық мақсаттары. Тікелей мақсаттар қатарынан біздің сенситивтік тренинг туралы түсінігімізге ең алдымен серігінің бойынан байқалған (дауыс интонациясы, бет - жүзінің қимылы, тұрысы және басқа концептуалды факторлар, толықтырушы сөздер) байланысқа тартқан бір қатар белгілерді қабылдауымен байланысты басқалардың мінез-құлқына, топтық процеске сезімталдықты шиеленістірумен сәйкес келеді.

Көптеген шетелдік авторлар сенситивтік тренингтің адам қабілеттілігін жетілдіру мен дамытудың негізгі мақсаты басқа адамдарды түсіне білу деп санайды. Біздің көзқарасымызша, бұл мақсаттар төмендегідей құрастырылуы мүмкін:

1. Психологиялық бақылампаздықты дамыту басқа адамнан немесе топтан алынатын белгілердің үндестігін есте сақтау мен белгілеу қабілеттілігі ретінде:

2. Теориялық біліммен және сананың көшірілген үзінділері арқылы қаланатын түсіндірілген шектеулерді сезіну және жеңу.

3. Басқаның мінез-құлқын болжай білу қабілеттілігін қалыптастыру мен дамыту, оған өзінің әсерін жорамалдай білу.

Бұл мақсаттарға сенситивтік тренингтің ұзақтығы әртүрлі жеке және топтық бағдарламалары аясында жетуге болады. Сондай-ақ басқа бағдарламалармен салыстырғанда, мысалы әріптестік қатынас тренингі немесе келіссөздер жүргізу тренингімен салыстырғанда, сенситивтілік тренингінің негізгі әдістемелік құралдары ретінде әлеуметтік- перцептивтік қызметтің нәтижелері мен процесін сезінуге қажетті, сонымен бірге әр қатысушының өзінің сенситивтік қабілеттілігін дамытуға мүмкіндік беретін әрі ауқымды және бірмезгілде тәтпіштелген мәліметтер беретін психологиялық жаттығулар болып табылады.


Психологиялық жаттығулар
Жинақтың аталмыш бөліміне енген барлық жаттығулар екі тарауға жинақталған:

1. Бақылампаздық сенситивтілігін дамытуға бағытталған жаттығулар.

2. Адамдар мен топтар қарым- қатынасын, жағдайын, сапасын, қасиетін түсіну қабілеттілігін дамытуға бағытталған жаттығулар.
БАҚЫЛАМПАЗДЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ПСИХОГИМНАСТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
Бұл тарауға енген психологиялық жаттығулар адамның және топтың толық сондай-ақ тәптіштелген образын алуға мүмкіндік беретін басқа адамдардан көрінетін алуан белгілерді сезіну және жадында сақтау мүмкіндіктерін дамытады. Мұндай мүмкіндіктердің болмауы немесе шектетілуі адамға көп жағдайда фрагменттер, сөздер мен экспресиялар, бөлшектер арқылы байқалатын қарым-қатынас жасау барысында басқа адамдардың бойынан нақты көрністер бермейді. Адамдармен жұмыс істейтін мамандар үшін (сенситивтік машықтығы соларға арналған) ең маңыздысы «сенсорлық қабылдаудан» «сезімді әсерленушіні» ажырата білу қабілеттілігі негізгі ерекшелігі болатын жеке тұлға аралық бақылау жүргізе алуы, яғни аталмыш адамға қатысты сенің естігенің мен көргеніңді ойлағаның мен сезгеніңнен ажырата алу. Бақылампаздық машықтығының негізінде екі ұстаным қалануы керек: 1) сенсорлық- перцептивтік жүйені дамыту; 2) бақылау барысында бақыланатынды әсерленуден ажырата білу қабілеттілігін дамыту.

Бұл тараудың жаттығулары бақылампаздық сенситивтілігінің адамның вербальды, вербальды емес және проксемикалық (кеңістіктік-уақыттылы) көрінулеріне қатынасын және өзекті қарым-қатынастық жағдайдағы топты жаттықтыруға мүмкіндік береді. Бір топ жаттығулар қандайда бір сенсорлық каналды: көру, есту, тактилді сезімталдықты және т.б. дамытуға бағытталған.

Қатынастың вербальды емес қырларына қатысты бақылампаздықты жаттықтыру үшін сыртқы келбетің, бет қимылы мен қол қимылының, тұрысының көздің микроэкспресиясындағы вегативтік өзгерістердің, айтылған сөздің паралингвистикалық қосымшаларының ерекшеліктерін жазып отыруын талап ету арқылы орындалатын тапсырмалар қолданылады.

Басқа адамның мінез-құлқының вербальдық қырына көңіл бөлуге бағытталған жаттығулар мазмұнды, оны өзгерісін есте сақтаумен, ойдың, идеяның «авторлығын» анықтаумен, пікірлер мен дәйектемелердің құрылым ерекшеліктерімен байланысты тапсырмалар енген.

Адамдардың өзара әрекетінің кеңістіктік - уақыттық сипаттамасына сезімталдықты дамытуға өзара әрекетің арақашықтығын, кеңістікте орналасуын, қозғалуын, қозғалыс ритмін жазып алуды талап ететін тапсырмалар ұсынылады.

Бақылампаздық сенситивтілігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған психологиялық жаттығулар қатысушыларды теориялық сенситивтілікті дамытуға септігін тигізетін мәселелермен байланысты, теориялық пікірлермен, дәйектермен, тұжырымдамалары мен жіктелулермен таныстыру барысында өткізуге болады.


1 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады, жаттықтырушы шеңбердің ортасында тұрады.



Нұсқаулық: «Қазір біздің таныстығымызды жалғастыру мүмкіндігі тумақ. Оны былай жасаймыз. Шеңбердің ортасында тұрған адам (басында мен боламын) қандай да бір ортақ белгісі бар адамдарға орындарын ауыстыруды (орнын ауыстырып отыруды) ұсынады. Мысалы, мен: «Қыз баласы барларыңыз орындарыңызды ауыстырып отырыңыздар»- деп айтамын, сол кезде қыз балалары бар адамдар орындарын ауыстыруы керек. Осы кезде шеңбердің ортасында тұрған адам, орын иеленіп қалуға тырысуы керек, ал, шеңбердің ортасында орынсыз қалған адам, қандай да бір ортақ белгіні атамса бұрын, арамыздан біреуімізді бақылаушы ретінде таңдап, есімін айтады (қазір, бақылаушы Дәурен болады). Барлығы орындарын ауыстырып болғаннан кейін, Дәурен бізге кімдердің қыз баласы бар екенін атап береді. Қалғандарымыз мұқият тыңдап, егер қиындық туындаса, бақылаушыға көмектесеміз».

Жаттығу аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы бірнеше қатысушыларға кімнің қарындасы бар екенні, кім француз тілін біледі екенін және кім жеңіл көлік жүргізе алатындығын және т.б. атап беруін ұсынады.


2 жаттығу. Жаттығу жұппен орындалады.

Нұсқаулық: «Бұл жаттығу бірнеше тапсырмадан тұрады. Олардың әрқайысысы белгілі бір уақытқа мөлшерленген. Мен сіздерге не істеу керек екендігін айтамын, уақытты қадағалаймын және аяқталған кезін хабарлаймын.

1 тапсырма 5 минут көлемінде бір-бірімізге үнсіз қарап тұрамыз.

2 тапсырма Бір-біріңізге арқаңызбен бұрылыңыз. Дәптер мен қалам алыңыз. Мен сіздің серігіңіздің сыртқы келбетіне қатысты сұрақтар қоямын, сіз жазбаша жауап беріңіз. Сіздің серігіңіздің көзінің түсі қандай? Оның жүзінде қалы бар ма? Егер бар болса, қай жерінде орналасқан? Оның қасының түсі қандай? Оның бетінде бет шұңқыры бар ма? Ал енді бір-біріңізге бұрылыңыздар да, жауаптарыңыздың дұрыстығын тексеріңіз.

3 тапсырма Қазір жұптарымызды алмастырамыз, серіктестердің бірі өзінің сол жағында отырған көршісімен жұп құрады. Бір минут бойы бір-біріңізге үнсіз қарап отырасыздар.

4 тапсырма Бір-біріңізге арқаңызбен бұрылыңыз. Дәптер мен қалам алыңыз. Мен сіздің серігіңізге қатысты сұрақтар қоямын, сіз жауабын жазбаша бересіз. Сіздің серігіңіздің аяқ киімінің түсі қандай? Оның қолында (мойнында, киімінде) қандай да бір әшекей зат бар ма? Оның сағаты қай қолында? Оны киімінің түймелерінің түрі қандай? Бір-біріңізге бұрылыңыздар да, жауаптарыңыздың дұрыстығын тексеріңіз.

5 тапсырма жұптағы серіктестердің бірі сол жағында отырған жұпқа алмасады. Көңілдеріңізді бір-біріңізге жұмылдырыңыздар. Кім бірніші тапсырманы орындайтынын шешіңіздер. Қазір тапсырманы бірінші орындайтын адам, өзінің серігіне алдағы жаттығуды орындау барысында ол туралы не біле алғандығын жеткізеді. Асықпаңыз, бірнәрсені жіберіп алмауға тырысыңыз. Әңгімені былай құру керек: егер сіздің серігіңіз қыз баласы барлар орын ауыстырған кезде өз орнында қалғанына сенімді болсаңыз, сіз оған: сенің қыз балаң жоқ, сен классикалық музыканы тыңдағанды жақсы көресің, француз тілін білесін және т.б. Екінші серіктес мұқият тыңдайды, одан кейін сіздің өзі туралы әңгімеңізді толықтырады. Одан соң ролдеріңізді ауыстырасыздар». (Бұл тапсырманы топта 1 жаттығуды орындалған болса ғана пайдалануға болады).
3 жаттығу

Барлық қатысушылар шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушы шеңберден шығып, шеңбердің сыртында тұрып, жаттығуға нұсқаулық береді.



Нұсқаулық: «Сіздер бір жарым минут уақыт бойы бір-біріңізге мұқият қараңыздар». (Уақытты жаттықтырушы қадағалайды). Бір жарым минуттан кейін, жаттықтырушы барлығының орындықта отырып, шеңберге арқасымен бұрылуды өтінеді, топтың бір мүшесінің қасына жақындайды да, оған қарап, мысалы: «Берік мен шеңбер бойымен жүрдім (жаттықтырушы оңға,солға қарай жүреді) сөйтіп, бірінші, екінші, үшінші адамнан өтіп, төртінші адамның қасына тоқтадым. Бұл кім?». Берік жауап береді (егер оның жауабы дұрыс болмаса, оған тағы бір рет жауап беруіне және дұрыс жауап айтылғанша мүмкіндік беру керек. Одан кейін жаттықтырушы Берікке топтың есімі аталған мүшесінің сыртқы келбетіне қатысты бір қатар сұрақтарға жауап беруін ұсынады. Мысалы, «Қанаттың мойнында галстугі бар ма?», «Оның қолында не бар?», «Оның жейдесінің түсі қандай?» және т.б.

Әрі қарай жаттықтырушы осындай тапсырмаларды топтың 4-5 қатысушысына береді. Жаттығудың соңында, жаттықтырушы барлығына шеңберге қарап бұрылып, тағы да бір-біріне мұқият қарауды өтінеді.


4 жаттығу

Жаттығу тәуліктің бірінші жартысында өткізіледі, барлық қатысушылар шеңбер бойымен отырады.



Нұсқаулық: «Қазір біз бір-бірімізбен амандасамыз. Сонымен қатар әрқайысымызға мұқият зер салып, көп нәрсе байқауға тырысыңыздар және ешкімді назарыңыздан жіберіп алмаңыз. Қанекей тұрайық».

Жаттықтырушы жаттығуға қатысады. Топтың барлық қатысушылары амандасып болғаннан кейін, ол шеңбер бойымен отыруды өтінеді.



«Өзіңіздің көргеніңіз туралы әсеріңізді жадыңызда сақтаңыз. Бұл сіздің сұрақтарға жауап беруіңіз үшін қажет: «Сіз арамыздан кімнің келбетінен, көңіл- күйінен, қарым- қатынасын жаңа не байқадың?» Арамызда кімнің біздің біруімізге қатысты жауабы бар, айта берсе болады. Кім туралы айтылды, сол жалғастырады. Кезекті қатысушы жауап берерінің алдында өзіне қатысты естігендеріне өзінің толықтыруларын айтуына (өз әсерімен, сезімімен бөлісуіне) болады».

Жаттығуды орындау барысында, қатысушылардың айтылған пікірлерді толықтырғылары келген тілектерін білдіріп жатар. Жүргізуші оған мүмкіндік береді.

Жаттығу топты жұмысқа жұмылу, оның бірауызға келуіне, топтық қалыпты жақсартуға септігін тигізеді.


жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау