Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет7/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68

16 
 
субъектілерінің,  дара  кәсіпкердің  экономикалық  анықтамаларына  сүйенуі 
қажет.  
Экономикалық  қатынастарда  дара  кәсіпкер  тауарлар  мен  қызметтерді 
өндіру  және  бөлу  бойынша  бір  немесе  бірнеше  функцияны  орындайтын 
материалдық  құрылымның  (кәсіпорынның)  меншік  иесі  немесе  иеленушісі 
(басқарушысы) [7, 81 б.]. В.Ф. Попондопуло атап өткендей, құқық тұрғысынан 
кәсіпкерлер  (дара  кәсіпкерлер,  коммерциялық  ұйымдар)  құқық  субъектілері 
бола  тұрып,  кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге  асыру  үшін  қолданылатын  мүліктік 
кешен  –  өз  кәсіпорнын  пайдалану  арқылы  кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге 
асырады.  Тиісінше,  кәсіпорын  –  бұл  кәсіпорынның  құқық  субъектісі  болып 
табылатын кәсіпкерге тиесілі құқық объектісі [8, 104 б.].  
Дара кәсіпкер кәсіпорынның иесі болып, бизнесті жеке өзі жүргізе алады, 
мұндай  жағдайларда  ол  кәсіпорынның  меншік  иесі  болып  табылады.  Дара 
кәсіпкер  бизнес  ұйымы  болып  табылатын  әріптестік  (серіктестік)  шеңберінде 
бизнеске  ие  болып  оны  жүргізе  алады,  бұл  ретте  екі  немесе  одан  көп  адам 
(әріптес)  кәсіпорынды  бірлесе  иеленуге  және  оны  басқаруға  уағдаласады. 
Әдетте  олар  өз  қаржы  ресурстарын  және  іскерлік  дағдыларын  біріктіреді. 
Осылайша  олар  тәуекелдерді,  сондай-ақ  пайда  мен  шығындарды  бөледі  [7,  81 
б.].   
Жоғарыда  атап  өткендей,  дара  кәсіпкер  ұғымы  кәсіпкерлік  қызмет 
санатынан  туындайтындықтан,  осы  күрделі  феноменнің  пайда  болу  тарихына 
қысқа  болса  да  шолу,  әр  кезде  бір  бүтіннің  екі  жартысы  болып  табылатын 
«кәсіпкерлік»  пен  «кәсіпкер»  ұғымдарының  өзара  байланыстағы  және 
дамуындағы  экономикалық  және  құқықтық  мәнін  түсіну  нақты  зерттеу  үшін 
маңызды болып табылады.   
Әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік (ағылш. - business
франц. - enterprise) орта ғасырларда пайда болды, өйткені сол уақытта көпестер, 
саудагерлер,  қолөнершілер  шаруашылық  қызмет  саласындағы  бастауыш 
кәсіпкерлер болып табылды. Капитализмнің пайда болуымен кәсіпкерлік кәсіби 
айналымға айналды, кәсіпкерлер шексіз пайда алуға аса ұмтылды.   
Шаруашылық  қызметтің  дамуымен  бірге  кәсіпкерлік  экономикалық 
процестің  негізді  құрамасының  бірі  бола  бастады,  оның  барысында,  бір 
жағынан, 
тауар 
өндірісі 
қамтамасыз 
етілді, 
адам 
сұраныстарын 
қанағаттандыруға  қажетті  жұмыстар  орындалып,  қызметтер  ұсынылады,  ал 
екінші  жағынан,  кәсіпкерлер  өз  тіршіліктері  үшін  қажетті  табысты,  қайта 
өндіруді  қаржыландырудың  немесе  өз  кәсіпорнының  активтерін  арттырудың 
қайнар көзін тапты.  
Барынша  көп  пайда  алу  идеясының  туындауы  мен  іске  асырылуы, 
кәсіпкерлер  іс-әрекеттерінің  кәсіптік  және  өркениетті  сипатты  менеджер  – 
басшы,  ірі  өндіріс  ұйымдастырушысы  жаңа  мамандығының  пайда  болуына 
әкелді.  Бұл,  өз  кезегінде,  бір  адамға  шоғырланған  кәсіпкерлік  функциялардың 
мамандандырылған  бағыттарға  бөлінуіне  әкелді.  Қаржы  мамандары, 
экономистер,  технологтар,  заңгерлер  және  т.б.  көптеп  пайда  бола  бастады. 
Олардан  басшылыққа  және  өндірісті  ұйымдастыруға  маманданған  менеджер 


17 
 
үстем  болды  [9,  6-7  б.].  Кәсіпкерлік  нарықтық  экономиканың  өркендеуімен 
бірге өз биігіне жетті.   
Бүгінгі  күні  кәсіпкерліктің  экономикалық  процестің  ғана  емес,  адамдар 
мен әлеуметтік топтар арасындағы ара қатынасты қамтитын әлеуметтік бейбіт 
тәртіптің  де,  социум  және  мемлекеттің  үйлесімді  қызмет  жасауының  да 
ажырамас құрамасы болып табылатындығында ешкімнің күмәні жоқ.   
Кәсіпкерлік  –  адамзат  дамуының  күрделі  әрі  әлеуметтік-экономикалық 
феномендерінің бірі, ол зерттеу объектісі ретінде барлық қоғамдық ғылымдар – 
тарих,  әлеуметтану,  экономикалық  теория  (экономика  тарихы  мен 
экономикалық  тарих),  мәдениеттану,  құқық,  психология,  қақтығыстану  және 
басқа  да  ғылымдар  немесе  олардың  жекелеген  салалары  үшін  қызықшылық 
тудырады.  Өз  кезегінде,  бұл  құбылыстың  көпаспектілілігі  оны  зерттеудің 
әдіснамалық  тәсілдерінің  баламалығын  айқындайды.  Осыған  байланысты,  бір 
де  бір  гуманитарлық  ғылым  зерттелетін  құбылыс  талдауының  кешенділігін 
және  толықтығын  қамтамасыз  ете  алмады  және  осы  уақытқа  дейін 
кәсіпкерліктің  (оның  ішінде  экономикалық  ғылым  шеңберінде)  бірыңғай  (не 
әрбір ғылым мектебі үшін ортақ) теориясын қалыптастыра алмады.  
Экономикалық  әдебиетте  кәсіпкерліктің  мәні  туралы  ой  толғаудың 
бастамасын  ғалым-экономист  А.  Монкретьеннің  (1576-1621)  атымен 
байланыстырады.  Ол  XVII  ғасырдың  өзінде-ақ  «Саяси  экономия  трактаты» 
атты  басты  еңбегінде  түрлі  жұмыстарды  іске  асыру  мақсатында  монархпен 
келісімшарт жасасатын адамды белгілеу үшін «кәсіпкер» ұғымын пайдаланған 
және  бастауыш  кәсіпкерге  бірқатар  ұсынымдар  берген  [10,  6  б.].  Алайда 
кәсіпкерлік  феноменіне  қатысты  деректерді  ежелгі  грек  философтары  мен 
ғалымдарының  еңбектерінде  кездестіруге  болады.  Атап  айтқанда,  Аристотель 
(б.ғ.  дейін  384-322  жж.)  кәсіпкерлердің  қызметтерінде  жеке  басының  табысы 
үшін  әрекеттерін  тиімсіз  деп  санады.  Ол  мұны  табиғи  қоғамдық  құрылыстың 
бұзылу себебі деп білді [11].
 
 
Көптеген  ғалымдар  кәсіпкерлік  тұжырымдамасы  толықтығының  алғашқы 
авторының  рөлін  француз  экономисті  және  шығу  тегі  ирландық  банкир                      
Р.  Кантильонға  (1680-1734)  береді.  Оның  пікірінше,  кәсіпкер  –  тәуекел 
жағдайларда  әрекет  ететін  адам.  Р.  Кантильон  айтқандай,  экономикалық 
игіліктердің нақты құнын анықтайтын байлықтың қайнар көзі жер және еңбек 
болып табылады.   
Оның  қайтыс  болғанынан  кейін  1755  жылы  Кантильон  «Жалпы  сауда 
табиғаты туралы эссе» атты өз кітабының XIII тарауында кәсіпкерді белгілі бір 
бағамен сатып алып, ал белгісіз бағамен сататын, тиісінше, тәуекелге баратын 
адам  ретінде  көрсетті.  Кәсіпкерлер  санатына  ол  тек  көпестер  мен 
қолөнершілерді ғана емес, сонымен қатар қарақшыларды, пақырлар мен табысы 
белгісіз  өзге  де  адамдарды  жатқызды.  Кәсіпкер  өз  қаражатына  бір  нәрсе 
өндіруге  немесе  кәсіпкерлік  қызметпен  айналасуға  міндетті  емес  деп  атап 
көрсетті Кантильон. Оның ойынша, кәсіпкерлік функцияның капиталист немесе 
басқарушы функцияларынан анық айырмашылығы бар және тек тәуекел етумен 
байланысты [12].   


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау