Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет4/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68


 
Қазақстанда  жүргізіліп  отырған  инновациялық  кәсіпкерліктің  қалыптасу 
процесімен  және  азаматтар  мен  заңды  тұлғалардың  зияткерлік  құқықтарының 
қорғалуын  күшейту  қажеттілігімен  өзара  байланыста  бола  отырып,  біздің 
қоғамның жаңа құндылықтарын белгілейтін ережелерге негізделген.  
Осы  көрсетілгенді,  сондай-ақ  отандық  және  шетел  заң  шығармашылығы 
мен  заң  ғылымының  жетістіктерін  есепке  ала  отырып,  дара  кәсіпкердің 
құқықтық  мәртебесі  мен  оның  осы  мәртебесінің  мазмұнын  жаңадан  айқындау 
бойынша әрекет жасалуда.  
Азаматтық  және  кәсіпкерлік  құқықтың  айрықша  субъектілерінің  бірі 
ретінде  дара  кәсіпкерліктің  жалпы  теориялық  негіздерін  тұжырымдау 
диссертациялық  зерттеу  нәтижелерінің  теориялық  және  практикалық 
маңыздылығын құрайды. Автор зерттеу барысында дара кәсіпкердің құқықтық 
мәртебесін  нақтылап,  заңды  тұлға  құрмастан  кәсіпкерлік  қызметпен 
шұғылданатын  азаматтарды  мемлекеттік  тіркеудің  және  олардың  қызметін 
тоқтатудың  ерекшеліктерін  айқындаған.  Диссертацияда  заңды  тұлға  құрмай 
кәсіпкерлікпен  айналысудың  ұйымдастырушылық-құқықтық  нысандары 
зерделенген,  оның  ішінде  өзіндік  кәсіпкерлік,  бірлескен  кәсіпкерліктің 
нысандары,  шаруа  немесе  фермер  қожалығы  және  жай  серіктестік.  Аталған 
ғылыми  зерттеудің  нәтижелері  азаматтық  құқық  және  кәсіпкерлік  құқық 
теорияларына белгілі бір үлесін қосуда.   
Зерттеу 
жұмысының 
тәжірибелік 
маңыздылығы 
жағынан 
осы 
диссертацияның  әдістемелік  және  методологиялық  ұсынымдары  нақты 
тәжірибеде  қолданысқа  енгізілетін  ұсыныстар  деңгейінде  келтірілген, 
сондықтан  олар  заңды  тұлға  құрмастан  кіәсіпкерлікпен  шұғылдану  саласын 
тиімді реттеуде іс жүзінде пайдалануға толығымен лайықты болып табылады.  
Ғылыми  жинақталған  қорытындылар,  тұжырымдар  мен  ұсыныстар, 
олардың мүмкін болатын пікірталастығына қарамастан, дара кәсіпкер қызметін 
регламенттеуші  заңнамалық  актілердің  теориялық  негіздемесін  көрсетеді, 
практикалық  қызметкерлерге  олардың  құқық  қолдану  немесе  кәсіпкерлік 
қызметтерінде көмек тигізеді деп болжанады.     
Осы  зерттеу  нәтижелері  қолданыстағы  азаматтық  және  өзге  заңнаманы 
дара  кәсіпкердің  құқықтық  мәртебесін  реттеу  бөлігінде  жетілдіруде  ескерілуі 
мүмкін,  сондай-ақ  оқу  процесінде  және  кәсіпкерлік  мәселелері  бойынша  әрі 
қарай ғылыми зерттеулер жүргізуде пайдаланылуы мүмкін.  
Қорғауға  шығарылатын  ережелер.  Еңбекте  негізделген  мынадай 
ғылыми тұжырымдар мен ұсыныстар қорғауға шығарылады:  
1.  Дара  кәсіпкердің  азаматтық-құқықтық  мәртебесі  ұғымы  айрықша 
салалық  мәртебе  ретінде,  дара  кәсіпкердің  азаматтық  құқық  субъектілері 
арасындағы  орнын  сипаттайтын  дербес  құқықтық  категория  болып 
айқындалады.  Бұл  мәртебе  екіжақты  сипатта,  себебі,  бір  жағынан,  кәдімгі 
(кәсіпкер  ретінде  тіркелмеген)  әрекет  қабілеті  толық  азаматтардың  азаматтық 
құқықтық  мәртебесімен,  ал  екінші  жағынан,  азаматтың  дара  кәсіпкерлікпен 
шұғылдануына байланысты ерекше мәртебесімен сипатталады. Сонымен, дара 
кәсіпкердің  азаматтық-құқықтық  мәртебесінің  мазмұны  кәдімгі  азаматтың 


10 
 
азаматтық  құқықтық  мәртебесінің  мазмұнынан  едәуір  кең  көлемді  болып 
табылады. 
Дара  кәсіпкердің  азаматтық-құқықтық  мәртебесінің  ең  маңызды  негізі, 
құрылымы  ретінде  оның  азаматтық  құқық  қабілеттілігі  танылады,  сол  қабілет 
дара  кәсіпкердің  нақтыланған  субъективтік  азаматтық  құқықтары  мен 
міндеттерінің  туындауына  тікелей  алғышарты  ретінде  айқындалады.  Ал 
азаматтық  құқық  қабілеттілігі  мен  азаматтық  әрекет  қабілеттілігі,  яғни 
азаматтық  құқық  субъектілігі  оның  кәсіпкерлік  қызметпен  шұғылдану 
мүмкіндігін жүзеге асырудағы міндетті сатысы болып табылады.  
2
.  Азаматтық  кодексінде  кәсіпкерлік  «таза»  табыс  табуға  бағытталған 
қызмет  (10-бабы  1-тармағы)  деп  көрсетілген,  ал  Жеке  кәсіпкерлік  туралы  Заң 
және  Кәсіпкерлік  кодексі  жобасының  мәтінінде  «табыс  (кіріс)»  терминіне 
қатысты  «таза»  термині  қолданылмайды.  Іс  жүзінде  экономикалық  тұрғыдан 
«таза  табыс  (кіріс)»  және  «табыс  (кіріс)»    әр  түрлі  экономикалық  санаттар 
болып табылады. 
Табыс  –  шектен  тыс  кең  таралған,  пайдаланылу  аумағы  кең  және  бір 
мезгілде түрлі мағынада қолданылатын тым көп мағыналы ұғым. Кәсіпкер үшін 
жай  табыс  емес,  оның  тапқан  табысы  мен  толық  шығындары  арасындағы 
айырмашылық  болып  табылатын  пайда  санатына  сәйкес  келетін  таза  табысы 
маңызды.  Сондықтан  да  Жеке  кәсіпкерлік  туралы  Заңда  және  Кәсіпкерлік 
кодексінің  жобасында  «табыс  (кіріс)»  терминінің  орнына  «таза  табыс  (кіріс)» 
немесе «пайда» терминдері қолданылуы тиіс.  
3.  Қазақстанның  бүгінгі  даму  сатысында  мемлекеттік  реттеу  дара 
кәсіпкерлік  үшін  анықтаушы  болып  табылады,  ол  ШОК  құрылымдағы  дара 
кәсіпкерліктің  алатын  орнына  және  осыған  байланысты  дара  кәсіпкердің 
құқықтық мәртебесіне тікелей қатысты. Бұл ретте мемлекеттік реттеудің мәнін 
құқықтық  қана  емес,  экономикалық  және  институционалды  сипатқа  ие 
ресурстық сипаттағы шектеулер құрайды.  
Ресурстық  шектеулердің  мынадай  топтарын  бөліп  көрсету  қажет:  а) 
субъекттік  критерий  бойынша  шектеулер;  ә)  кәсіпкердің  мүлкіне  қатысты 
белгіленетін  шектеулер;  б)  кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге  асыру  процесімен 
байланысты  шектеулер.  Осы  ресурстық  шектеулердің  мазмұнына  байланысты 
дара кәсіпкерді шағын, микрокәсіпкерлік немесе орта кәсіпкерлік субъектісіне 
жатқызуға болады.  
4.  Дара  кәсіпкер,  тұтынушы  және  мемлекет  мүдделерінің  жарасымды 
үйлесуін  экономикалық  жағынан  тиімді  құқықтық  реттеу  негізінде  «мүдде, 
игілік,  субъективтік  құқықтар»,  дара  кәсіпкерлікті  құқықтық  реттеудің 
императивтік  және  диспозитивтік  әдістерінің  жарасымды  үйлесуі  секілді 
құқықтық  санаттар  жатыр.  Көрсетілген  субъектілердің  мүдделері  бір-бірімен 
байланысты және бір-біріне шарттасқан, сондықтан аталған субъектілердің кез 
келгенінің мүдделеріне негізсіз қысым жасау басқа субъектілердің мүдделеріне 
теріс  әсерін  тигізеді.  Қазіргі  кезде  қоғамда  осыны  түсінушілік  байқалмайды, 
сондықтан  азаматтық  және  кәсіпкерлік  құқықтардың  міндеттерінің  бірі 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау