Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет9/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68

20 
 
білдіреді. Бұл тұрғыдан кәсіпкер адамдардың пысықтығын, жаңашылдылығын, 
өз дамуы үшін жауапкершілігін дамытады, социалистік кешегі өмірден мұраға 
қалған «арқа сүйеушілік» сияқты мемлекетке деген теріс көзқарасын жояды. 
Кәсіпкерлік қызметтен кәсіпкер қанағат алуға  және өз ойын білдіре алуға 
тиіс. 
Кәсіпкерлік  қызметтің дербестігін  талдай  отырып,  келесі жағдайларды  да 
атап кету керек. Совет социалистік республикалар Одағының 1991 ж. 2 сәуірде 
қабылданған  «Азаматтардың  кәсіпкерлігінің  жалпы  негіздері»  деп  аталатын 
Заңында  кәсіпкерлік  қызметтің  белгісі  ретінде  сол  қызметті  азамат  өз  атынан 
немесе  заңды  тұлғаның  атынан  жүргізілуі  көзделген  болатын  [16].  Ал  қазіргі 
қолданыстағы  Азаматтық  кодексті  алсақ,  мұнда  кәсіпкерліктің  бұл  белгісі 
аталмаған.  Сондықтан  болу  керек,  құқықтық  теорияда  кәсіпкердің  дербестігі 
ретінде оның қызметін өз атынан жүргізілуі деп танылады деген пікірлер басым 
болып  келеді.  Бұл  тұжырым  тәжірибеде  кейбір  қайшылықтарды  туындатуы 
мүмкін.  Мысалы,  комиссия  шарты  бойынша  комитент,  яғни  шет  елдерден 
жүйелі түрде тауарлар әкеліп, оларды комиссиялық дүкендерге тапсырады. Ол 
тауарларды өзі өз атынан сатпағандықтан кәсіпкер санатына жатпауы керек пе? 
Алайда,  комисия  шарты  кәсіпкерлік  шарттарға  жатқызылады,  сондықтан  тура 
осы  қызметпен,  яғни  тауарларды  көптек  сатып  алып,  оларды  көптеп  сатып 
жіберуге  тапсырумен  шұғылданатын  комитенттер  нағыз  кәсіпкерлер  болып 
табылады.  
3) Басқа адамдар мен қоғам үшін пайдалылығы, олай болмаса, осы қызмет 
түрінің  тек  пысық  азаматтардың  табыс  көзіне  айналу  қауіпі  пайда  болады. 
Қаражат бірінші орынға шыққанда, кәсіпкерліктің социум мүдделеріне қажетті 
шамада  қызмет  ете  алмайды.  Пайдалылық  белгісі  кәсіпкерліктің  қоғамда 
нарықтық  қатынастардың  дамуына,  экономикалық  өсуге,  тұтынушыларға 
сапалы  тауар  ұсыну,  сапалы  қызмет  көрсету  арқылы  және  жұмыстарды 
орындаумен  қоғам  субъектілерінің  сұраныстарын  қанағаттандыруға  ықпал 
етуінен  білінеді.  Сонымен  қатар  жалдау  бойынша  кәсіпкерлік  кәсіпкерлік 
қызметтің  түрлі  салаларына  қатысатын  азаматтар  үшін  жұмыс  орындарын 
береді.  Салық  төлеу  және  меценаттық  та  аймақтардың  әлеуметтік 
инфрақұрылымдарының дамуына ықпал етеді
4)  Кәсіпкерлік  кодексінің  жобасында  кәсіпкерліктің  еркіндігі  қағидасы 
ерекше аталып көрсетілген, сонымен қатар кәсіпкерлік еркіндігі кәсіпкерліктің 
белгісі  де  болып  танылады  [15].  Бұл  дегеніміз,  әрбір  азамат  кәсіпкерлік 
қызметтің  еркіндігіне  құқығы  бар  екендігін  білдіреді,  кез-келген  заңды 
кәсіпкерлік  қызмет  үшін  өзінің  мүлкін  еркін  пайдалануға  құқылы.  Жеке 
кәсіпкерліктің  субъектілері  Қазақстан  Республикасы  заңдарымен  тыйым 
салынбаған, кәсіпкерлік қызметтің кез-келген түрін жүзеге асыруға құқылы.  
Кәсіпкерлерге  заң  негізінде  конституциялық  құрылым  негіздерін, 
адамгершілік,  денсаулық,  өзге  тұлғалардың  құқықтары  мен  заңды 
қызығушыларын  сақтау,  мемлекеттің  қауіпсіздігі  мен  елдің  қорғанысын 
қамтамасыз  ету  мақсатында  ғана  азаматтық  құқықтарына  шектеу  қойылуы 
мүмкін екендігі туралы конституциялық ереже қолданылады.  


21 
 
Кәсіпкер-азамат  өз  қызығушылығына,  басқа  біреудің,  оның  ішінде 
мемлекеттің  оның  экономикалық  қызметіне  араласуына  жол  бермейді  өзінің 
құқықтарын  жүзеге  асырады,  бірақ  осы  кезде  кәсіпкер  міндетті  түрде  өз 
кәсіпкерлігін  асыра  пайдаланбайды,  сонымен  қатар  мелекеттің  ұлттық 
қауіпсіздігін  бұзбайды.  Кәсіпкерліктің  шексіз  абсолюттік  еркіндігін 
қолдаушылары, қарапайым ақиқатты, кез келген мемлекетте мемлекеттік және 
жеке қызығушылықтардың бар екендігін елемейді. Егер мемлекетті  ойрандату 
мақсаты  қойылмаса,  алғашқылар  басымдыққа  ие.  Кәсіпкерліктің  еркіндік 
принципі осы контексте қарастырылуы мүмкін.  
Қоғамның  кез-келген  тіршілік  аясы  өзіне  қоғамдық  игілікті  қорғау 
қажеттілігімен  байланысты  белгілі  бір  шектеулерді  енгізе  алмайды.  Жеке 
қызығушылықтар  экономикалық  жария  тәртіптің  пайдасына  шектеледі.  Жеке 
бастамашылық  еркіндігі  тек  қана  сый-сияпат  емес,  сондай  ақ  ауыртпалық, 
заңның негізінде жауапкершілікпен түйіндескен еркіндік. 
5)  Экономикалық  мүдделілік.  Кәсіпкердің  басты  ниеті  –  барынша  мүмкін 
пайда  алу.  Бір  жағынан,  өз  жеке  мүдделері  үшін  кәсіпкер  қоғамдық  пайдалы 
нәтижеге  жетуге  ықпалын  тигізеді,  басқа  жағынан,  мұндай  мақсат  сараң 
адамдарды  басқа  адамдарды  тонау  арқылы  пайда  көруге  итермелеуі  мүмкін. 
Белгілі  экономист  А.  Смит  осындай  әлеуметтік  негізде  қалыпты  әлеуметтік 
құрылыс  қалыптаса  алады  ма  деп  сұрақ  қойып,  өзі  оған:  «алады»  деп  жауап 
береді.  
А.  Смиттің  пікірінше,  өз  жағдайын  жақсартуға  ұмтылған  әрбір  адамға 
нарықта  сондай  ұмтылысы  бар  адамдар  тобы  қарсы  тұра  алады.  Нәтижесінде 
нарықта әрекет етуші әрбір субъект бәсекелесі ұсынған бағаларды қабылдауға 
мәжбүр  болады.  Смит  атап  өткендей,  мұндай  бәсекелестік  жағдайында  ұқсас 
өнімді  өндірушіден  артық  баға  ұсынған  кәсіпкерге  сатып  алушыны  табу 
қиындыққа  соғады.  Бұл  ретте  бәсекелестеріне  қарағанда  жұмысшысына  аз 
еңбекақы  төлегісі  келген  қожайын  (кәсіпкер)  мұндай  жұмысшыларды  таба 
алмайды  [8,  11  б.].  Яғни,  кәсіпкердің  экономикалық  пайдасы  көбінесе  оның 
ұсынған өнімінің сапасы мен бағасына байланысты; 
6)  шаруашылық  тәуекел  және  мүліктік  жауапкершілік.  Есептеулер  мен 
болжамдар  мұқият  жасалған  кез  келген  жағдайдың  өзінде  белгісіздік  пен 
тәуекел  қалады.  Бұл  кәсіпкердің  барлық  ұқсас  жағдайларда  жауапкерліктің 
өзіне  жүктелетінін,  өз  мүлкімен  контрагент  пен  мемлекет  алдында  жауапты 
екенін  білдіреді.  Заңды  тұлғаның  міндеттемелері  бойынша  құрылтайшының 
мүліктік жауапкершілігі заңда белгіленеді.  
Кәсіпкер  сонымен  қатар  тауар,  жұмыс  және  қызметтің  сапасы  мен 
кемшіліктері  үшін  де  жауапты  болады.  Мысалы,  АК-нің  428-бабына  сәйкес 
тиiстi сапасы жоқ тауар берiлген сатып алушы өз қалауы бойынша сатушыдан 
сатып  алу  бағасын  сол  мөлшерде  кемiтудi,  қисынды  мерзiмде  тауардың 
кемшiлiктерiн  тегiн  жоюды,  шартты  орындаудан  бас  тартуға  және  тауар  үшiн 
төленген  ақша  сомасын  қайтаруды  және  т.б.  талап  етуге  құқылы.  Егер 
тауарлардың 
(жұмыстардың, 
қызмет 
көрсетулердiң) 
конструкциялық, 
рецептуралық  немесе  өзгедей  жеткiлiксiздiгi  салдарынан  тұтынушының 
өмiрiне,  денсаулығына  немесе  мүлкiне  зиян  келтірілсе,  онда  кәсіпкердің 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау