Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет5/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68

11 
 
белгіленген субъектілер мүдделерінің жарасымды үйлесімін қамтамасыз етудің 
заңды тетіктерін жасау болып табылады.  
5.  Кәсіпкерлік  бүгінде  жаңа  білімді  ғана  емес,  сондай-ақ  зияткерлік 
кәсіпкерліктің  негізін  құрайтын,  оларды  тудыру  қабілеттігін  талап  ететін 
келешектің  көрінісімен  тығыз  байланысты.  Білімнің  маңызды  бөлігін 
субъектіден  бөлуге,  оларды  жеке  адамнан  немесе  адамдар  тобынан,  олардың 
стратегиялық  ниеттері  мен  еріктерінен  тәуелсіз  етуге  болмайды.  Осы 
ерекшеліктер 
ҒЗТКЖ 
саласындағы 
дара 
кәсіпкерліктің 
өзгешелігін 
айқындайды.  
Осыған  байланысты  мыналарды  ерекше  атап  өту  қажет:  а)  құқықтық 
мәртебесі  шаруашылық  қызметтің  белгілі  саласы  мен  ғылыми  зерттеулердің 
әдіснамасын  білуді,  тәжірибелер  өткізуді  қамтуға  тиіс  дара  кәсіпкерліктің 
субъектісі,  мұнда  инновациялық  өнімді  (тауарларды,  технологияларды, 
процестерді)  жасау  бойынша  шығармашылық  ғылыми-техникалық  қызметтің 
өзі  кәсіпкерлік  қызмет  болып  табылады;  және  б)  құқықтық  мәртебесі  оның 
құқықтары мен міндеттерін қамтуға тиіс дара кәсіпкерліктің субъектісі, мұнда 
кәсіпкер, пайда табу мақсатында жүзеге асырылған инновациялық (зияткерлік) 
қызметтің  (кәсіпкерлік  қызмет  процесінде,  сондай-ақ  одан  тыс)  нәтижелерін 
пайдаланады. 
6.  Дара  кәсіпкердің  зияткерлік  құқықтарының  қорғалуын  және  дара 
кәсіпкердің  зияткерлік  құқықтарының  сақталуын  бөліп  көрсету  қажет.  Дара 
кәсіпкердің зияткерлік құқықтарын қорғау бұл оның инновациялық кәсіпкерлік 
саласындағы зияткерлік меншік объектілерін жасауы мен пайдалануы бойынша 
қалыпты  қызметті  қамтамасыз  етуге  бағытталған  шаралар.  Бұл  шаралар  оның 
бұзылған  немесе  дауланған  зияткерлік  құқықтары  мен  мүдделерін  қалпына 
келтіруді қамтамасыз ететін шараларды да қамтиды. 
Дара  кәсіпкердің  зияткерлік  құқықтарын  сақтаудың  өзі  маңызды  болып 
табылады  және  зияткерлік  құқықтарды  қорғаудың  аталған  құқықтық 
шараларының бөлігін ғана – инновациялық кәсіпкерлік саласындағы бұзылған 
немесе дауланған құқықтар мен мүдделерді қалпына келтіруді қамтиды. 
7.  Дара  кәсіпкердің  шығаратын  өнімінің  сапасы  мен  қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету – бұл, бір жағынан, оның қызметінің нәтижесінің кепілі, екінші 
жағынан,  –  Заңда  белгіленген  оның  міндеті  және  оны  орындамау  құқықтық 
жауапкершілікке әкеледі. 
Өнімнің  сапасы  мен  қауіпсіздігін  құқықтық  қамтамасыз  ету  белгілі  бір 
жүйе түрінде белгілі бір тәсілдер арқылы жүзеге асырылады, ол жүйені: 
-   азаматтық-құқықтық шарттың талаптары; 
-  тауарлар,  жұмыстар  және  қызметтердің  сапасы  мен  қауіпсіздігінің 
техникалық регламенттері және стандарттары;  
- тауардың, жұмыстар мен қызметтердің кемшіліктерімен келтірілген зиян 
мен  тиіссіз  сапа  үшін  кәсіпкерлік  қатынастарға  қатысушылардың  заңды 
жауапкершілігі құрайды.   
Диссертациялық  зерттеу  нәтижелерінің  сыннан  өтуі.  Диссертациялық 
зерттеу  Қазақ  гуманитарлық  заң  университетінің  азаматтық  құқық  және 
азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасында дайындалып, талқыланды. Зерттеу 


12 
 
нәтижелерін  автор  Қазақ  гуманитарлық  заң  университетінің  азаматтық  құқық 
және  азаматтық  іс  жүргізу  құқығы  кафедрасының  аға  оқытушысы  ретінде 
ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыру барысында пайдалануда. 
Диссертациялық  зерттеудің  негізгі  тұжырымдары  мен  нәтижелері 
келесі ғылыми конференцияларда баяндалды:  
«Жай 
серіктестік 
нысанындағы 
бірлескен 
дара 
кәсіпкерліктің 
ерекшеліктері» (Заңгер Қазақстан Республикасының құқық жаршысы, №5(130) 
мамыр  2012ж.),  «Бірлескен  кәсіпкерліктің  жекелеген  нысандаорының 
ерекшеліктері» (ӘДІЛ СОТ ҒЫЛЫМИ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖУРНАЛ. 3/12 мамыр - 
маусым);  «Қазақстан  Республикасының  заңнамасы  бойынша  бірлескен 
кәсіпкерлік  туралы  мәселелер»  (ҚР  ішкі  істер  министірлігі  Б.  Бейсенов 
атындағы Қарағанды академиясы Хабаршы № 1-2,2012); «Кәсіпкерлік қызмет» 
пен  «дара  кәсіпкер»  ұғымдарының  мәні  және  арақатынасы  (Қазіргі  заманғы 
маңызды  мәселелер  №  4  (84)  Қарағанды  Болашақ  –  Баспа  2012);  «Дара 
кәсіпкердің  құқықтық  мәртебесі  туралы  мәселеге»  (Л.Н.Гумилев  атындағы 
Еуразия  ұлттық  университетінің  Хабаршы  ғылыми  журналы  №  3  (94)  2013); 
«Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жеке кәсіпкерліктің түсінігі 
мен нысандары» (Заманауи әлемдегі ғылым мен білім Халықаралық ғылыми – 
практикалық  конференция  материалдары  Қарағанды,  Болашақ  –  Баспа  2012); 
«Некоторые  ресурсные  ограничения  индивидуального  предпринимательства» 
(MATERIAŁY  VII  MIĘDZYNARODOWEJ  NAUKOWI  –PRAKTYCZNEJ 
KONFERENCJI  «NAUKOWA PRZESTRZEŃ» 07- 15 kwietnia 2012 Volume 26 
Prawo  Przemyśl  Nauka  i  studia);  «Дара  кәсіпкердің  зияткерлік  меншік 
құқықтарының  кейбір мәселерлері» (ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 
ҚҰҚЫҚТЫҚ 
МОНИТОРИНГ: 
ТЕОРИЯСЫ, 
ПРОБЛЕМАЛАРЫ, 
ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ  халықаралық  ғылыми-практикалық  конференцияның 
материалдары  (2012  жылғы  29  қараша)  Астана  2013);  «Statutory  Regulation  of 
Small and Medium-Scale Entrepreneurship in Kazakhstan» (World Applied Sciences 
Journal 25 (5): 827-831, 2013). 
        Диссертациялық  жұмыстың  құрылымы.  Диссертациялық  жұмыс  3 
бөлімнен,  9  тараудан  және  4  пунктен,  қорытынды  мен  пайдаланылған 
әдебиеттер тізімінен тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


13 
 
1  ЗАҢДЫ  ТҰЛҒА  ҚҰРМАСТАН  КӘСІПКЕРЛІК  ҚЫЗМЕТТІ 
ЖҮЗЕГЕ  АСЫРАТЫН  АЗАМАТТЫҢ  ҚҰҚЫҚТЫҚ  МӘРТЕБЕСІНІҢ 
ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
1.1  Заңды  тұлға  құрмастан  кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге  асыратын 
азамат туралы түсінік  
Заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азамат (дара 
кәсіпкер) 
туралы 
түсінік 
кәсіпкерлік 
институт 
құрылымында 
ең 
маңыздылардың  бірі  болып  табылады  және  «кәсіпкерлік  қызмет»,  «дара  және 
жеке  кәсіпкерлік»,  «кәсіпкерлік  субъектілері»  сияқты  санаттармен  тікелей 
байланысты.  
2013 ж. 4 шілдедегі «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» № 129-V Заң 
кәсіпкерлік субъектілерінің келесі анықтамасын бекітеді: 
«кәсіпкерлік  субъектілері  –  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына 
сәйкес  тіркелген  және  Қазақстан  Республикасының  аумағында  кәсіпкерлік 
қызметті  жүзеге  асыратын  коммерциялық  заңды  тұлғалар,  дара  кәсіпкерлер, 
шаруа  (фермер)  қожалықтары»  (1-баптың  1-тармағы).  Осыған  орай,  дара 
кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметтің дербес субъектілері болып табылады. 
«Жеке  кәсіпкерлік  туралы»  2006  жылғы  31  қаңтардағы  Қазақстан 
Республикасының  Заңында  мынадай  анықтама  беріледі:  «дара  кәсiпкер  -  дара 
кәсiпкерлiктi  заңды  тұлға  құрмастан  жүзеге  асыратын  және  осы  Заңның  6-
бабының  3  және  7-тармақтарында  көрсетiлген  критерийлерге  сай  келетiн 
Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман».  
Бұдан  басқа,  АК-нің  12-бабына  сәйкес  егер  АК-де  өзгеше  көзделмесе, 
Қазақстан  Республикасының  азаматтарымен  қатар,  басқа  мемлекеттердiң 
азаматтары,  сондай-ақ  азаматтығы жоқ  адамдар  азаматтық құқық  субъектілері 
болып  ұғынылады.  ҚР  Азаматтық  кодексінің  3-бабының  7-тармағында:  «Егер 
заң  құжаттарында  өзгеше  көзделмесе,  шетелдiк  жеке  және  заңды  тұлғалар, 
сондай-ақ  азаматтығы  жоқ  адамдар  азаматтық  заңдарда  Қазақстан 
Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшiн қандай құқықтар мен 
мiндеттер  көзделсе,  нақ  сондай  құқықтарға  ие  болуға  құқылы  және  сондай 
мiндеттердi орындауға мiндеттi» - деп бекітілген. 
Ал дара кәсіпкерліктің субъектілеріне қатысты дәл осы жағдай заңнамада 
«өзгеше  көзделген»  болып  шықты.  Яғни,  шетел  азаматтары  және  азаматтығы 
жоқ жеке тұлғалар Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде тіркеліп, 
шұғылдана алмайды. 
Тиісінше,  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  кәсіпкерлік 
қызметпен  айналысуға  қажетті  құқық  қабілеттілігі  және  әрекетке  қабілеттілігі 
бар  кез  келген  Қазақстан  Республикасының  азаматтығы  бар  жеке  тұлға  және 
оралман  дара  кәсіпкер  болып  табылады.  Жеке  тұлғаны  дара  кәсіпкер  ретінде 
танудың  негізгі  критерийі  табыс  табуға  бағытталған,  жеке  тұлғаның  өз 
меншігіне  негізделген  және  олардың  тәуекел  етуiмен  және  мүлiктiк 
жауапкершiлiгiмен  жеке  тұлғаның  атынан  жүзеге  асырылатын  оның  ынталы 
қызметі болып табылады.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау