Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет8/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68

18 
 
Француз экономисті Жан-Батист Сэй (1767-1832) кәсіпкерлік теориясының 
дамуына үлкен үлес қосты. Ол өз өмірінің белгілі бір кезеңінде кәсіпкерлікпен 
айналысты,  тоқыма  фабрикасының  иесі  болды.  Классикалық  мектепті 
жақтаушы  экономистердің  ішінде  жалғыз  Сэй  «Саяси  экономия  тарактаты» 
(1803)  және  «Саяси  экономияның  толық  курсы»  (1828)  атты  өз  еңбектерінде 
кәсіпкерге  ерекше  орын  беретін  өндіріс  пен  бөлу  теориясының  дамуын 
баяндады.  Сэй  кәсіпкердің  басты  функциясы  (enterpreneur)  жер,  капитал  және 
еңбекті  ғана  емес,  өндірістік  үдерісті  ұйымдастыру  үшін  қажетті  ғылыми 
білімді  қамтитын  адам  факторлары  сияқты  өндіріс  факторларын  үйлестіру 
екенін  айтты  [13,  9-10  б.].  Мұндай  функцияларды  орындау  тәуекелдің  белгілі 
бір үлесімен байланыстылығына қарамастан, Сэй оның мәнін атап көрсетпеді.  
Біраз  уақыттан  кейін  американдық  экономист  Дж.Б.  Кларк  (1847-1938) 
Сэйдің  «үш  бірлікті  нысанын»  өзгертіп  толықтырды.  Оның  айтуы  бойынша, 
өндіріс үдерісіне төрт фактор үнемі қатысады, олар: капитал, өндіріс құралдары 
мен  жер  сияқты  капиталдық  игіліктер,  кәсіпкердің  қызметі,  жұмысшының 
еңбегі.  Бұл  ретте  әрбір  факторға  өндірістік  түсімнің  арнайы  үлесі  жүктеледі: 
капиталистке  капитал  пайыз;  капиталдық  игіліктер  рента;  оның  кәсіпкерлік 
қызметі пайда әкеледі, ал жұмысшының еңбегі оған еңбек ақысын қамтамасыз 
етеді [9, 11 б.].  
Кәсіпкерге  маңызды  жаңа  сипаттаманы  белгілі  американдық  экономист   
Й.  Шумпетер  (1883-1950)  берді.  Оның  пікірі  бойынша,  кәсіпкер  –  жоғары 
тәуекел  және  шығармашылық  пен  дербестік  жағдайларында  іс-әрекеттердің 
жаңа  тәсілдерін  жасайтын  және  жаңашылдықты  (жаңа  тауарлар,  жаңа 
технологиялар,  сату  рыногы,  сала  құрылымдары  және  т.б.)  іске  асыратын 
новатор.  
Ағылшын  нарық  экономисті,  Нобель  сыйлығының  лауреаты  Ф.Хайек 
(1899-1992)  кәсіпкерлік  мәнін  өзге  тұрғыдан  қарастырды.  Ол  кәсіпкерлікті 
барынша көп пайда алу үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктерді іздестіру және 
қызмет түрі емес, айрықша мінез-құлық сипаты ретінде айқындайды.   
Қазіргі  заманғы  экономикалық  мектептердің  өкілдері  кәсіпкерліктің 
психологиялық-тәртіптік және этикалық аспектілеріне өз назарын аударды.  
Осылайша,  А.В.  Бусыгин  кәсіпкерлікті  бір  уақытта  іскерлік  белсенділік 
(барлық  субъективтік  бояуларымен)  өнері  ретінде  және  күрделі  ойлау  үдерісі 
ретінде  қарастырады.  Бұл  ретте  философиялық  көзқарас  тұрғысынан  ол 
кәсіпкерлікті ерекше адам жанының халі және адамның өз мүмкіндіктерін іске 
асыру құралы ретінде, ал кәсіптік-практикалық тұрғыдан өз ісін ұйымдастыру 
және оларға байланысты функцияларды ойдағыдай іске асыру дағдысы ретінде 
сипаттайды [9, 11-12 б.]. 
Яғни, экономиялық теория эволюциясының үдерісінде және шаруашылық 
жүргізудің  нарықтық  жүйесі  дамуымен  бірге  кәсіпкерлік  ұғымы  мен 
түсіндірілуі  ұдайы  кеңеюде.  Бұл,  атап  өтілгендей,  әлеуметтік-экономикалық 
феномен ретінде кәсіпкерліктің көп аспектілілігін білдіреді.  
Кәсіпкерлік  –  ең  алдымен  ортақ  мақсатқа  жетуге  бағытталған  бір-бірімен 
байланысты  әрі  бірізді  шаралардан  (іс-әрекеттерден)  құралатын  адамзат 
қызметінің  түрі.  Осы  көзқарасты  қазақстандық  заңнамашылар  да  қолдайды, 


19 
 
олар  АК-нің  10-бабы  1-тармағында  «Кәсіпкерлікті  ...азаматтар  мен  заңды 
тұлғалардың  ынталы  қызметі»  деп  айқындаған.  Кәсіпкерлік  –  көп  жылдық 
эволюция  нәтижесінде  дамыған  елдердің  экономикасында  қалыптасқан 
шаруашылық  жүргізу  тәсілі  [6,  62  б.].  Егер  бірінші  ұғымында  кәсіпкерліктің 
субъективтік  құрамасына,  осы  қызмет  түрімен  айналысуға  шешім  қабылдаған 
адамға  қатысты  оның  қайталамалылығына  назар  аударылса,  екінші 
анықтамасында  кәсіпкерлік  объективтік  санат  ретінде  көрсетілген,  яғни, 
кәсіпкерлік қызмет мемлекеттің экономикалық жүйесі нысанының бірі ретінде 
қарастырылады.  
Кәсіпкерлік  –  айрықша  көзқарастар  мен  шешім  қабылдау  тәсілдерінің 
жиынтығын  сипаттайтын  экономикалық  ойлаудың  ерекше  түрі.  Бұл  жерде 
кәсіпкердің  жеке  басы  негізгі  болып  табылады.  О.  Шпенглер:  «...  біз  үшін 
ұйымдастырушы, өнертапқыш және кәсіпкер басқа орындаушы күштерге бағыт 
беріп,  олардың  іс-әрекеттері  үшін  мақсат  пен  құралдарды  көздей  отырып, 
оларға әсер ететін жасаушы күш болып табылады. Олар экономикалық өмірге 
зат  иелері  ретінде  емес,  энергия  тасушылары  ретінде  тиесілі»  деп,  өте  дұрыс 
атап көрсетті [14, 37 б.]. Кәсіпкерлікті осылайша түсіну қазіргі Қазақстан үшін 
өте  маңызды,  өйткені,  ол  өз  экономикалық  жүйесінің  индустриалды-
инновациялық  дамуын  және  оны  жаңғыртуды  өзінің  негізгі  мақсаты  етіп 
белгіледі.  
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің жобасы кәсіпкерліктің келесі ұғымын келтіреді: 
«Кәсіпкерлік    жеке  меншік  құқығына  (жеке  кәсіпкерлік)  не  мемлекеттік 
кәсіпорынды  (мемлекеттік  кәсіпкерлік)  не  шаруашылық  жүргізу  құқығына 
немесе  оралымды  басқаруға  негізделген,  мүлікті  пайдалану,  тауарды  сату, 
жұмысты  орындау,  қызметтер  көрсету  арқылы  жүйелі  түрде  табыс  алуға 
бағытталған  кәсіпкердің  атынан,  тәуекелмен  және  мүліктік  жауапкершілікпен 
дербес,  бастамашылықпен  жүзеге  асырылатын  жеке  және  заңды  тұлғалардың 
қызметі» [15]. 
Заңнаманы,  кәсіпкерлік  саланы  зерттеген  экономистер  мен  заңгерлердің 
еңбектерін талдау негізінде кәсіпкерліктің мынадай маңызды белгілерін бөліп 
көрсету қажет:  
1)  Кәсіпкердің  мақсаты  болып  табылатын  пайда  алу.  Мақсат  қана 
кәсіпкерлікті  өзге  шаруашылық  қызметтен,  сондай-ақ  қоғамдық-саяси, 
әлеуметтік-мәдени,  қайырымдылық  және  басқа  да  қызметтің  бастамалық 
түрлерінен  бөліп  шығаруға  мүмкіндік  береді.  Кәсіпкерлік  және  шаруашылық 
қызмет  бір-бірімен  қиысатын  ұғымдар  екені  анық,  алайда,  кез  келген 
шаруашылық  қызмет  кәсіпкерлік  болып  табылмайды.  Мысалы,  мемлекеттік 
мекеме  өзіне  жүктелген  құзіретін  ойдағыдай  тиісті  деңгейде  жүзеге  асыру 
мақсатында  шаруашылық  қызметпен  шұғылданады,  алайда  мұндай  қызмет 
кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды. 
2)  Дербестік,  тәуелсіздік  және  шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің 
бастамасы.  Кез  келген  мәселені  шешу  үшін  шешім  қабылдауда,  бастама  және 
новаторлықты  білдіруде  құқықтық  орта  шеңберінде  кез  келген  кәсіпкер  еркін 
болып  табылады.  «Кәсіпкер»,  «кәсіпкерлік»  «қолдану,  жасау»  деген  сөзден 
туындаған, яғни, бір нәрсе жасау - құру, ұйымдастыру, жөндеу. түзеу және т.б. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау