22
жауапкершілігі АК-нің 47-тарауының нормаларына сәйкес туындайды (Зиян
келтiрудiң салдарынан туындайтын мiндеттемелер);
7) заңдылық, нақтырақ айтқанда, заңда көзделген жағдайларды қоспағанда,
кәсіпкерлікпен айналысатын тұлға тіркелуге және тиісті (заңды тұлғалардың
немесе дара кәсіпкерлердің) мемлекеттік тізілімге енгізілуге тиіс. Қазіргі таңда
мұндай тізілім Бизнес-сәйкестендіру номерлерінің ұлттық тізілімі деп аталады.
Сонымен қатар, заңдылық белгісі екінші жағынан да көрініс табады – ол
кәсіпкерлік қызметті қолданыстағы заңнамалардың шегінде жүзеге асыру.
Яғни, кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру
барысында тек Қазақстан Республикасы Конституциясы және оған сәйкес
қабылданған нормативтік құқықтық актілер шеңберінде (шегінде) ғана әрекет
етуге міндетті.
Аталған белгінің және сонымен қатар қағиданың қазіргі кезде жиі
бұзылуының бір көрінісі – ол құқықты теріс пиғылмен қолдану. Мысалы, Ресей
Федерациясының Азаматтық кодексінің авторлары және оған комментарийлер
жазған ғалымдар келесі пікірді айтады:
«Құқықты теріс пиғылмен пайдалану үш жағдайда орын алады:
а) үшінші тұлғаларға зиян (залал) келтіруге тікелей қасақана пиғыл
ретінде;
б) осындай мақсатты тікелей көздемесе де, іс жүзінде үшінші тұлғаларға
зиян келтіретін теріс пиғыл;
в) бәсекелестікті шектеу үшін нарықтағы үстем жағдайын теріс пиғылмен
пайдалану» [17].
ҚР Азаматтық кодексінің 8-бабының 5-тармағында көрсетілгендей,
азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа жаққа зиян келтiруге, құқықты басқа
түрлерде қиянат жасап пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына
қайшы келетiндей етiп жүзеге асыруға бағытталған әрекеттерiне жол
берiлмейдi.
Өкінішке орай, дара кәсіпкерлер көп жағдайларда өздерінің құқықтарын
теріс пиғылмен пайдалана отырып, тұтынушылардың құқықтарын бұзады.
Мысалы, тұтынушылар оларға келісім шарт мазмұнында заңсыз жүктелген
жағдайларын білмеу мақсатымен келісім шарттардың мәтінін өте кіші
шрифтпен жазады; жазбаша нысандағы келісім шарттың орнына ауызша шарт
жасасады, мәжбүрлі түрде қосымша қызметтерді жүктеп, артық ақша төлеуді
талап етеді және т.с.с.
Қаралып отырған белгілер бір-бірімен өзара тығыз байланысты, бір
уақытта әрекет етеді, шаруашылық қызметтің және тіршілік бейнесінің негізгі
бөліктерінің бірі ретінде кәсіпкерліктің экономикалық және әлеуметтік мәнін
өзара қамтамасыз етеді және бір-бірін алмастырады. Бұдан басқа, мұндай
белгілердің болуы белгілі бір шамада заңды кәсіпкерлікті астыртын бизнестен
айырады, дара кәсіпкерлік және дара кәсіпкер ұғымдарының мазмұнын
айқындайды.
Сол уақытта заң әдебиетінде кәсіпкерлік қызметті сипаттайтын белгілерді
түсіндіру және олардың тізбесі бойынша ортақ көзқарастың жоқ екенін атап өту
қажет. Оған қоса, «нақты бір қызметті кәсіпкерлік немесе кәсіпкерлік емес
23
қызметке жатқызатын заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге
олардың толықтығы, кәсіпкерліктің жалпы, тарихи қалыптасқан қағидаттарына
сәйкестігі тұрғысынан заңдық бағалауды қажет етеді.». Мәселен, АК-де (10-
баптың 1-тармағы), Жеке кәсіпкерлік туралы Заңда (1-баптың 1-тармағы 4)
және 5) тармақшалары) кәсіпкерлікке, дара және жеке кәсіпкерлікке түсініктеме
беріле отырып, адам қызметін кәсіпкерлік қызмет деп танудың қажетті белгісі
ретінде пайда алудың жүйелілігі туралы сөз қозғалмайды.
Осыған байланысты, қарастырылып отырған белгі орын алған ҚР
Кәсіпкерлік кодекс Жобасының 2-бап нормаларын оң бағалау қажет [15].
Азаматтық, қылмыстық, салықтық, еңбек, әкімшілік құқық ғылымында,
мысалыға «жүйелілік» түсінігі әр түрлі түсіндіріледі. Осы түсінікте бір ұғымда
«болмағанда екі рет», басқасында – «екі реттен көп», үшіншісінде «үш реттен
көп» амалы жатқызылады. Біздіңше түсінікті болып көрінер еді, яғни
филологиялық және философиялық көзқарастан екі рет – бұл қайталану, ал үш
рет іс-әрекет жүйесі. Демек, табысты алу жүйелілігін бірнеше дүркіндік деп,
яғни кәсіпшілік түрінде кірісті шығару мақсатында тұлғаның екі реттен көп
әрекет етуі деп түсіну қажет.
Алайда, кәсіпкерлік қызметтің пайда болғанын анықтау үшін осы әрекет
етулер қай уақыт аралығында – ай, жыл ішінде немесе басқа уақыт аралығында
орындалуы қажет екендігі түсініксіз. Айталық, кеңестік еңбек құқығында еңбек
тәртібінің жүйелі түрде бұзылуы деп, күнтізбелік жыл ішінде тәртіптік
бұзушылықтар бірнеше дүркін қайталанғанымен түсіндіріледі.
Нақты сұрақ: Азамат қызмет көрсетуден, орындалған жұмыстардан,
өнімдер әзірлегеннен түскен табысты дүркін-дүркін алады, ол өз қызметін
кәсіпкер ретінде тіркеп оған лицензия алуы міндетті ме? Құқық зерттеушілер
жүйелі түрде пайда табуға бағытталған қызметті ғана кәсіпкерлікке есептейді.
Сондықтан, егер жұмысты орындау, қызмет көрсету дүркіндік сипатта
болса, мұндай қызмет кәсіпкерлікке жатуы мүмкін емес. Сол себепті, азаматтық
құқық принципінен, кәсіпкерлік қызметпен айналысудың жекелеген деректерін,
табыс табу кәсіпкерлік ретінде бағалануы мүмкін еместігіне ешкім
күмәнданбайды. Бұл ретте алынатын (табыстың) пайданың өлшемінің маңызы
жоқ. Демек, мысалыға, тұлға бір жылдың ішінде бір рет қаржы нарығына
қызмет көрсетсе және ол табыс алмаған болса, кейбір әкімшілік-аумақтық
құрылымдардың бюджеті бірнеше рет басым болып көрсетілген қызметтеріне
кіріс алмаған тұлға кәсіпкер бола алмайды. Бұл көзқарас салық тәжірибесінде
айтылған.
Кәсіпкерліктің логикасы, ол (мүліктік пайдаларды) кәсіпшілік түрінде
пайда табуды, яғни, тұрақты табыс табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет
субъектісі ретінде болжайды.
Заңнамадағы нақтылықтың болмауы мен олқылықтар азаматтық және
кәсіпкерлік құқық теориясында талқылауға, құқық қолдану практикасында
оның ережелерінің түрлі түсіндірілуіне жиі әкеп соғады.
Бүгінде кәсіпкерлік, оның ішінде дара кәсіпкерлік адамзат қызметінің
барлық саласында көрінісін табуда. Экономикалық теория саласындағы
мамандар кәсіпкерлік қызметті негізгі төрт түрге топтастырады: өндірістік,
Достарыңызбен бөлісу: |