Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет6/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68

14 
 
Жеке кәсіпкерлік туралы Заңда айқындалған дара кәсіпкер ұғымы АК-нің 
10-бабы  1-тармағында  және  Жеке  кәсіпкерлік  туралы  Заңның  1-тармағы  4) 
және  5)  тармақшаларында  берілген  кәсіпкерлік  қызмет  және  оның  түрлері 
ұғымдарынан  туындайды,  өйткені,  азаматтың  кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге 
асыру  фактісі  оны  ерекше  субъект  –  дара  кәсіпкер  деп  тануға  негіз  болып 
табылады.  Алайда,  осы  нормаларды  салыстыра  отырып  зерделеу  олардың 
қағидаттық  қайшылықтары  бар  екенін  көрсетеді.  Атап  айтқанда,  Азаматтық 
кодексінде  кәсіпкерлік  «таза»  табыс  табуға  бағытталған  қызмет  (10-бабы  1-
тармағы)  деп  көрсетілген,  Жеке  кәсіпкерлік  туралы  Заң  және  Кәсіпкерлік 
кодексі жобасының мәтінінде «табыс (кіріс)» терминіне қатысты «таза» термині 
қолданылмайды  (1-тармағы  4)  және  5)  тармақшалары).  Ал  іс  жүзінде 
экономикалық  тұрғыдан  «таза  табыс  (кiрiс)»  және  «табыс  (кiрiс)»  әр  түрлі 
экономикалық санаттар болып табылады. 
Табыс  –  шектен  тыс  кең  таралған,  пайдаланылу  аумағы  кең  және  бір 
мезгілде түрлі мағынада қолданылатын  көп мағыналы ұғым. Кең мағынада ол 
кез  келген  қаражат  құралының  түсуін  немесе  экономикалық  субъектінің 
ақшалай құны бар материалдық құндылықтарды алуын білдіреді. Кәсіпкер үшін 
жай  табыс  емес,  оның  тапқан  табысы  мен  толық  шығындары  арасындағы 
айырмашылық  болып  табылатын  пайда  санатына  сәйкес  келетін  таза  табысы 
маңызды [1]. Олай болмаса, кәсіпкер үшін оның қызметінің мәні жоқ болғаны. 
Сондықтан  да  Жеке  кәсіпкерлік  туралы  Заңда  «табыс  (кіріс)»  терминінің 
орнына «таза табыс (кіріс)» немесе «пайда» терминдері қолданылуы тиіс. И.В. 
Амирханова өз ғылыми еңбегінде «біздің көзқарасымыз бойынша, «таза табыс» 
терминін қолдану нақтырақ болар еді» деп атап өткен. [2, 13 б.].  
Өкінішке  қарай,  Қазақстан  Республикасының  Кәсіпкерлік  кодексінің 
жобасында  (2-бап)  кәсіпкерліктің  және  дара  кәсіпкердің  ұғымдарын  бекітуде 
жоғарыда  аталған  кемшілік  тағы  да  орын  алған,  атап  айтқанда  «таза  табыс 
(кіріс)», «пайда» терминдерінің орнына «табыс (кіріс)» деп енгізілген.  
Осыдан  басқа,  Жеке  кәсіпкерлік  туралы  Заңның  нормаларында  АК-нің                
10-бабында 
қамтылған  тауарларға  (жұмысқа,  қызметке)  сұранымды 
қанағаттандыру  арқылы  таза  табыс  табу  тәсілі  туралы  сөз  болмайды,  бұл  да 
кәсіпкердің мүдделеріне сай келетін факторларға жатпайды. Мұндай тәсіл АК-
де  белгіленген  индивидтер  мен  қоғамның  сұраныстарын  қанағаттандыру 
сияқты  кәсіпкерліктің  қоғамға  пайдалы  негізгі  функцияларының  бірін  жоққа 
шығарады.   
Кәсіпкерлік  кодексінің  жобасы  жоғарыда  аталған  кемшілікті  жоюды 
көздеген,  атап  айтқанда,  кәсіпкерлік  қызмет  тауарларға,  жұмыстарға, 
қызметтерге  сұранымды  қанағаттандыру  арқылы  табыс  табуды  көздейді  деп 
келтірілген. 
Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 2-бабында «Қазақстан Республикасының 
жеке 
кәсiпкерлiк 
туралы 
заңнамасы 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясына  негiзделедi  және  Азаматтық  кодекстен,  осы  Заң  мен 
Қазақстан  Республикасының  өзге  де  нормативтiк  құқықтық  актiлерiнен 
тұрады»  деп  көрсетілген,  сондай-ақ,  азаматтық  құқық  нормаларының 
қайшылықтары жағдайында АК нормалары қолданылатындығы туралы АК-нің 


15 
 
3-бабы 2-тармағында айтылған. Алайда, басқа да маңызды құқық қағидаты Lex 
specialis derogat generali туралы ұмытпаған жөн. Бұл қағидаттың мәні мынада: 
жалпы (generalis) және арнайы (specialis) сипаттағы нормалардың бәсекелестігі 
туындаған  жағдайда,  оларды  түсіндіру  мен  қолдану  кезінде  арнайы 
нормалардың  басымдығы  бар.  Бұл  ретте,  жалпы  нормалар  деп  қоғамдық 
қатынастардың  белгілі  бір  тегін  реттейтін  нормалар,  ал  арнайы  нормалар  деп 
осы  тектің  түрлерін  реттейтін  нормалар  түсіндіріледі.  Бұл  қағидат  туралы 
сондай-ақ  көптеген  елдердің  (Германия,  АҚШ,  Жапония,  Норвегия  және  т.б.) 
доктриналары мен заңнамасында айтылған [3].  
Жеке  кәсіпкерлік  туралы  Заңның  нормалары  АК  нормаларына  қатысты 
жалпы  нормаларға  арнайы  нормалар  ретінде  қолданылатындықтан,  түрлі 
түсінбеушіліктерді  болдырмау  үшін  қарастырылып  отырған  қайшылықтарды 
азаматтық  заңнамада  жою  дұрыс  болар  еді,  ол  үшін  заңнамалық  актілердің 
иерархиясы туралы қағиданы қолдану қажет деп санаймыз.   
Құқық  нормалары  өз  алдына  маңызды  болып  табылмайды,  олардың 
индивидтер  мен  қоғам  үшін  құндылығы  экономикалық  және  өзге  де 
қатынастарды  реттеуге  бағытталғандығымен,  ал  біз  қозғап  отырған  жағдайда, 
кәсіпкерлік  қызмет,  оның  түрлері,  дара  кәсіпкер  ұғымының,  оның  мазмұнын 
заңды белгіленуімен айқындалады. 
Заңнамалық  норманың  мәні  кәсіпкердің  мiнез-құлқының  тиімділігінен, 
оның  іс-әрекетінің  нәтижеге,  яғни  барынша  көп  пайда  алуға  бағытталғанынан 
көрінеді.  Алайда  мұндай  іс-әрекеттер  мiнез-құлықтың  моделі  немесе  үлгісі 
болып  табылатын  белгілі  бір  қағидаттар  (құқық  нормалары)  шеңберінен 
шықпауға  тиіс.  Бұл  әлеуметтік  нормалар  кәсіпкердің  қандай  да  бір  жағдайда 
қалай әрекет етуі  қажеттігін  айқындайды. Мiнез-құлық  қағидаларынан ауытқу 
қоғамның  басқа  мүшелерінің  тарапынан  норма  бұзушының  жазаға  тартылуын 
тудырады.  Өз  сипатына  қарамастан,  кез  келген  қағида  (әлеуметтік,  құқықтық 
норма) экономикалық іс-әрекетті жүзеге асыруда таңдаудың шектеушісі ретінде 
қолданылады [4,  32-33 б.; 5, 21 б.].  
Қазақстандық  және  ресейлік  ғалымдар  орынды  атап  өткендей,  бүгінгі 
таңда  кәсіпкерлік  үшін  базалық  болып  табылатын  экономикалық  және  заң 
ғылымдары  бір-біріне  қарсы  қажетті  қадамдарды  жасамастан,  параллель 
жолдармен келеді. Экономикалық білім экономикалық қатынастарды реттейтін 
құқықтық  нормалардың  институционалды  сипатының  маңыздылығын 
ескермейді.  Өз  кезегінде,  құқықтық  ғылымда  да  құқықтың  экономикалық 
қатынастардың  нысаны  екендігі,  ал  құқықтық  нормалар  кәсіпкерлердің, 
тұтынушылар  мен  жалпы  қоғамның  экономикалық  мүдделеріне  қызмет  ету 
қажеттігі  ескерілмейді.  Қорыта  айтқанда,  шектелген  ресурстардың  бөлінуін 
реттейтін  тетік  ретінде  құқық  кәсіпкерліктің  тиімді  әрекет  етуіне  жәрдем  ету 
бойынша өз экономикалық функциясын қажетті шамада орындамайды [6, 13 б., 
4, 32 б.]. 
Осыған  байланысты,  біздің  пікіріміз  бойынша,  кәсіпкерлік  саласын 
реттейтін  құқық  кәсіпкерлік  қызметтің  экономикалық  мәнін  ескеруі, 
экономикалық  қатынастар  тұрғысынан  кәсіпкерліктің,  кәсіпкерлік  қызмет 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау