Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет15/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68

32 
 
Дара кәсіпкердің ерекше құқықтық мәртебесін анықтайтын тағы бір белгісі 
жеке  тұлғалардың  белгілі  бір  тобына  кәсіпкерлік  қызметпен  айналысуға 
заңнамалық  тыйым  салу  болып  табылады.  Ең  алдымен,  бұл  мемлекеттік 
қызметшілер,  құқық  қорғау  органдарының  қызметкерлері.  Кәсіпкерлікпен 
айналысуға  адвокаттарға,  нотариустарға  және  жеке  сот  орындаушыларына  да 
тыйым салынған. Мұндай тыйым салудың негізінде азаматтың атқаратын еңбек 
ету  (қызметтік)  функциясы  не  оның  кәсіби  қызметі  болады.  Кез  келген 
жағдайда осындай тыйым салу заңда белгіленеді.  
Дара кәсіпкердің ерекше құқықтық мәртебесін сипаттайтын келесі белгісі, 
егер  заңнан,  өзге  де  құқықтық  актілерден  немесе  құқықтық  қатынастардың 
мәнінен  өзге  туындамаса,  өз  кәсіпкерлік  қызметін  заңды  тұлға  құрмастан 
жүзеге  асыратын  азаматтарға  қатысты  коммерциялық  ұйым  болып  табылатын 
заңды  тұлғалардың  қызметін  реттейтін  АК  ережелері  қолданылатындығына 
заңның сілтемесі болып табылады. 
Бұдан  әрі  оның  кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге  асыруымен  байланысты 
кредиторлардың  талаптарын  қанағаттандыруға  жағдайы  жоқ  дара  кәсіпкер 
ерікті немесе мәжбүрлі тәртіпте банкрот деп танылуы мүмкін (АК-нің 21 және 
52-баптары). Бұл ретте дара кәсіпкер кредиторларының талаптары ақы өндіріп 
алуға  болатын  оның  мүлкі  есебінен  қанағаттандырылады.  Бұдан  басқа,  дара 
кәсіпкер кәсіпкерлікті коммерциялық өкілдігі арқылы жүзеге асыра алады.  
Дара кәсіпкердің сонымен қатар құқықтық мәртебесінің ерекшелігі болып, 
дара  кәсіркерлер  үшін  құжат  айналымын  оңайлатуға  бағытталған  салықтық 
құқық қатынастарда ол үшін арнаулы салық режимі (әлеуметтік салықты, кіріс 
көзінен  ұсталатын  төлемді  қоспағандағы  бірлескен  немесе  дара  кіріс  салығын 
оңайлатып төлеу тәртібі) белгіленген. 
Сонымен, Салық кодексінің 426-бабында арнаулы салық режимінің келесі 
түрлері қарастырылған: 
1)  арнаулы  салық  режимін  қамтитын  шағын  бизнес  субъектiлерi  үшін 
арнаулы салық режимі мыналарды: 
патент  негізінде  арнаулы  салық  режимін.  Салық  заңнамасында  патент 
дегеніміз  жеке  табыс  салығын  (төлем  көзiнен  ұсталатын  жеке  табыс  салығын 
қоспағанда),  әлеуметтік  салықты,  міндетті  зейнетақылық  жарналар  мен 
әлеуметтік аударымдарды төлеу фактісін растайтын электрондық құжат; 
оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі; 
2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі; 
3)  ауыл  шаруашылығы  өнiмдерiн,  акваөсіру  (балық  өсіру  шаруашылығы) 
өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндiрушi заңды тұлғалар 
және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі. 
Біздің  мақсатымыз  зерттеуде  1)  және  2)  тармақшаларда  ғана  бекітілген 
салық режимдерінің түрлерін қарастыру. 
Дара  кәсіпкер  Салық  кодексінде  бекітілген  жағдайларда  және  тәртіпте, 
жалпы  бекітілген  тәртіпті  немесе  арнаулы  салық  режимі  түрлерінің  бірін 
таңдауға құқылы. Жалпы бекітілген тәртіп деп салық және бюджетке төленетін 
басқа да міндетті төлемдерді төлеу тәртібі, сол бойынша егжей-тегжейлі салық 
есептілігін  ұсыну,  2007  жылғы  28  ақпандағы  «Бухгалтерлік  есеп  және  қаржы 


33 
 
есептілігі  туралы»  ҚР  Заңы  мен  Салық  есебі  талаптарына  толық  сәйкестілігі 
түсініледі. 
Дара  кәсіпкер  ретінде  тіркеу  есептеуіне  тұру  кезінде  –  дара  кәсіпкер 
ретінде тіркеу есептеуіне тұру туралы салық өтінішінде жалпы тәртіпті немесе 
арнаулы  салық  режимін  таңдау  жеке  тұлғалармен  жүзеге  асырылады.  Егер, 
дара  кәсіпкер  салық  өтінішінде  арнаулы  салық  режимінің  таңдаған  түрін 
көрсетпесе, онда оған жалпы бекітілген салық режимі қолданылады.  
Салық  төлеушілер  үшін  патент  негізіндегі  арнаулы  салық  режимі  немесе 
Салық  кодексі  427-ші  баптың  8-ші  тармағына  сәйкес  түзетулерді  есептегенде 
Қазақстан Республикасы территориясында алынған (алуға жататын) табыстың 
барлық  түрінен  тұратын  жеңілдетілген  декларация  негізіндегі  салық  салу 
объектісі салық кезеңіндегі кіріс болып табылады.  
Жалпы  бекітілген  тәртіптен  келесі  арнаулы  салық  режиміне  өту  тәртібі 
кезінде  календарлық  бір  жылдан  кейін  ғана  жалпы  бекітілген  тәртіпке  өту 
қолданылуы мүмкін. 
Дара  кәсіпкерлер  агенттік  шарттар  (келісімдер)  негізінде  арнаулы  салық 
режимін  пайдалануға,  сонымен  қатар  келесі  қызмет  түрлерін  жүзеге  асыруға 
құқығы жоқ: 
1) акциздеуге жататын тауарлар өндірісі; 
2) акциздеуге жататын тауарлардың сақталуы және көтерме саудасы; 
3) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін  – бензинді, дизель жанар жағар 
майын және қара майды сатуға; 
4)  лотореяны  (мемлекеттіктен  басқа  (ұлттық)  ұйымдастыруға  және 
өткізуге; 
5) жер асты байлығын пайдалану; 
6) шыны ыдыстарды жинау және қабылдау; 
7) түсті және қара металлдар қалдығы мен сынықтарын жинау (дайындау), 
сақтау, қайта өңдеу, сату; 
8) кеңес беру қызметтері; 
9) бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызмет; 
10) сақтандыру делдалы мен сақтандыру агентінің қаржылық, сақтандыру 
қызметі және делдалдық қызметі; 
11)  құқық  саласындағы  әділет  және  сот  төрелігінің  қызметі  (Салық 
кодексінің 428-бабы). 
Жоғарыда  аталған  тұлғаларға  жатпайтын  және  келесі  шарттарға  сәйкес 
келетін:  жұмысшылардың  еңбектерін  пайдаланбайтын,  қызметін  жеке 
кәсіпкерлік  түрінде  жүзеге  асыратын,  олардың  салық  кезеңінде  шекті  табысы 
тиісті  қаржылық  жылдың  1  қаңтарына  қолданыстағы  республикалық  бюджет 
туралы  заңымен  белгіленген  (Салық  кодексінің  429-бабы)  ең  аз  еңбекақы 
көлемі  300-еседен  аспайтын  дара  кәсіпкерлер  патенттің  негізіндегі  арнаулы 
салық режимін пайдаланады.  
Патент  негізінде  арнаулы  салық  режимін  пайдалану  үшін  тұрған  жері 
бойынша салық органына патент құнының есебі ұсынылады. Дара кәсіпкерлер 
есеп  қисапты  қағаз  түрінде  немесе  электронды  түрде,  оның  ішінде 
«электронды үкімет» веб-порталы арқылы ұсынады: 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау