Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет3/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68


 
жылы  И.В.  Амирханова  «Кәсіпкерлер  мүдделерін  азаматтық-құқықтық 
қамтамасыз ету» тақырыбында докторлық диссертациясын ойдағыдай қорғады. 
Ол  В.А.  Романковамен  бірлесе  отырып  2003  жылы  «Дара
 
кәсіпкерлікті 
құқықтық  қамтамасыз  ету:  теориясы  мен  практикасының  мәселелері» 
тақырыбында жазған алғашқы оқу құралын атап кетуге болады. 
ТМД  республикаларында  кәсіпкерліктің  дамуының  құқықтық  талдауы 
мәселелеріне 
бірқатар 
еңбектер 
арналған, 
олардың 
ішінде                                             
В.Ф.  Попондопулоның  кәсіпкерліктің  құқықтық  режиміне  арналған  зерттеуін 
айтуға  болады.  Соңғы  жылдары  кәсіпкерлік  құқық  бойынша  жеткілікті 
оқулықтар  мен  оқу  құралдары  басылып  шығуда.  Бұл  С.Э.  Жилинскийдің,                 
В.Ф.  Попондопулоның,  М.Б.  Смоленскийдің  және  Т.А.  Скворцованың,                      
В.А.  Хохловтың  редакциясымен  авторлар  ұжымының  және  басқа  көптеген 
авторлардың еңбегі.  
Заңды  тұлға  құрмастан  кәсіпкерлік  қызметті  құқықтық  реттеу 
проблемалары мен дара кәсіпкердің құқықтық мәртебесі мәселелеріне мынадай 
ресейлік мамандардың зерттеулері арналған: А.А. Васильев, С.М. Григоренко, 
С.В.  Гришин,  А.С.  Дрогунова,  О.М.  Костюк,  Д.Ю.  Мартинсон,  И.  Сюй,                      
М.Ю. Тихомиров және тағы басқалар. Қазақстанда бұл проблемалар бойынша 
зерттеулер жүргізілмеген.  
Жоғарыда  баяндалғандар  азаматтық  және  кәсіпкерлік  құқықтың  айрықша 
субъектісі  ретінде  дара  кәсіпкердің  құқықтық  мәртебесін  кешенді  ғылыми 
зерттеу қажеттілігін дәлелдейді.     
Диссертациялық  зерттеудің  мақсаты 
Қазақстанда 
кәсіпкерліктің 
дамуының  қазіргі  кездегі  талаптарына  сәйкес  келетін  дара  кәсіпкердің 
құқықтық  мәртебесінің  ғылыми  негізделген  тұжырымдамасын,  сондай-ақ 
нормативтік-құқықтық  базаны  жетілдіру  мен  дара  кәсіпкерлікті  мемлекеттік 
қолдауды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады. 
 
Қойылған  мақсатқа  сәйкес  зерттеу  мынадай  негізгі  міндеттерді  шешуге 
бағытталған: 
– дара  кәсіпкердің құқықтық мәртебесінің  теориялық аспектілеріне, оның 
құқықтық құрылысын әрі қарай жетілдіру жолдарын анықтау мақсатында оның 
әлеуметтік-экономикалық және құқықтық табиғатына талдау жасау
–  шағын  және  орта  бизнес  құрылымында  дара  кәсіпкерліктің  орны  мен 
рөлін, оның түрлері мен нысандарын, сондай-ақ оның шаруашылық қызметтің, 
оның  ішінде  жай  серіктестіктің  жүзеге  асырылуының  басқа  нысандарымен 
өзара байланысын айқындау
– дара кәсіпкерлік саласында дара кәсіпкердің, тұтынушы мен мемлекеттің 
ортақ мақсаттарының теориялық және практикалық аспектілерін зерделеу және 
аталған  субъектілер  мүдделерінің  үйлесімді  байланысының  нормативтік-
құқықтық қамтамасыз етілуі жөнінде өз көзқарасын баяндау
–  дара  кәсіпкердің  қызметін  регламенттейтін  ҚР  АК  мен  басқа  да 
заңнамалық  актілерінің  нормаларын  зерттеу  және  осы  заңнамалық  актілердегі 
қайшылықтарды жою бойынша шараларды белгілеу



 
–  инновациялық  кәсіпкерлікке  қатысушы  дара  кәсіпкерлерді  мемлекеттік 
қолдаудың заңнамалық ынталандырылуы мен құралдарының жүйесін жетілдіру 
бойынша шараларды белгілеу;  
-  дара  кәсіпкердің  өнімнің  сапасы  мен  қауіпсіздігін  және  оның  мүліктік 
жауапкершілігін  қамтамасыз  ету  жөніндегі  міндеттеріне  қатысты  мәселелерді 
зерделеу; 
–  отандық  және  шетел  тәжірибесін  ескере  отырып,  дара  кәсіпкердің 
құқықтық  мәртебесін  регламенттейтін  заңнаманы  жетілдіру  жөнінде  нақты 
ұсыныстар әзірлеу және оның мүдделерін қорғау бойынша шаралар дайындау.   
Зерттеудің  теориялық,  нормативтік-құқықтық  және  эмпирикалық 
негіздері. Азаматтық және кәсіпкерлік құқықтың айрықша субъектісі және осы 
құқық  салаларының  мәні  болып  табылатын  экономикалық  қатынастардың 
ажырамас  қатысушысы  ретінде  дара  кәсіпкердің  құқықтық  мәртебесі 
экономикалық  теорияның  концептуалдық  ережелеріне  негізделген,  құқықтың 
аралас  салаларының  жекелеген  ережелерімен  өзара  байланысты.  Сондықтан 
жалпы кәсіпкерліктің құқықтық реттелуінің ортақ проблемаларымен және жеке
дара кәсіпкердің құқықтық мәртебесі мәселелерімен арнайы айналысқан заңгер 
ғалымдардың  еңбектерінен  бөлек,  диссертациялық  зерттеу,  біріншіден,  құқық 
теориясының  (мысалы,  С.С.  Алексеевтің),  түрлі  бағыттардағы  азаматтық 
құқықтың  (Т.Е.  Қаудыровтың,  М.К.  Сүлейменовтің,  Т.Т.  Шиктыбаевтың,  И.В. 
Амирханованың, С.П. Мороздың және басқалардың) мамандары зерттеулерінің 
нәтижелеріне,  екіншіден,  экономист  ғалымдардың  (К.Р.  Макконнелдің,  С.Л. 
Брюдің, А.А. Аузанның,В.Я. Горфинкельдің, Г.Б. Поляктың, В.А. Швандирдың, 
С.И. Грядовтың,   П.Е. Подгорбунскийдің, В.А. Удаловтың және басқалардың) 
еңбектеріне негізделген.   
Зерттеудің 
нормативтік-құқықтық 
негізінен 
ретінде 
Қазақстан 
Республикасының  Конституциясы,  республиканың,  алыс,  жақын  шетелдердің, 
оның  ішінде  құқықтың  өзге  де  салалары  бойынша  заңнамалық  және  өзге  де 
нормативтік  құқықтық  актілері,  Қазақстан  Республикасының  Кәсіпкерлік 
кодексінің жобасы, сондай-ақ халықаралық құжаттардан тұрады.  
Зерттеудің  әдіснамалық  негізі.  Ғылыми  зерттеудің  әдіснамалық  негізді 
заңдар  мен  материалистік  диалектика  санаты  және  философиялық  білімдер 
жүйесі  құрайды.  Зерттеу  әлеуметтік  процестер  танымының  жалпы  ғылыми 
диалектикалық  әдісі  мен  жүйелік  тәсілдердің,  құрылымдық-функционалдық, 
нақты  тарихи  және  салыстырмалы-құқықтық  талдаудың  жеке  әдістерін, 
сонымен қатар статистика әдістерін қолдану арқылы жүргізілді.  
      Зерттеудің 
эмпирикалық 
негізі 
Қазақстан 
Республикасындағы 
кәсіпкерліктің  ахуалы  мен  дамуы  туралы  материалдардан,  соның  ішінде 
статистикалық материалдардан тұрады. 
Диссертацияның ғылыми жаңашылдығы  осы зерттеу дара кәсіпкердің 
құқықтық  мәртебесін  кешенді  ғылыми-теориялық  талдауына  арналған,  белгілі 
бір  шамада  азаматтық  және  кәсіпкерлік  құқықта  осы  мәселенің  әрі  қарай 
зерттелуі  үшін  материалдық-құқықтық  ережелердің  ғылыми  негіздерін 
қалыптастыратын  Қазақстан  Республикасындағы  алғашқы  монографиялық 
еңбекті білдіретіндігінен көрінеді.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау