Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
География жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
Тақырыбы: Түркілердің мәдени мұрасының еуропалық және исламдық әлемге әсері
Орындаған: Рақымбек Д.
ҚабылдағанМұқатаева С. А.
Алматы 2022 ж.
«Түркілердің мәдени мұрасының еуропалық және исламдық әлемге әсері»
Еуропалық елге әсері
|
Исламдық елге әсері
|
Орта ғасырларда Еуропаға Исламның әсері көп жоспарлы және жан-жақты болды. Ол өмірдің барлық жақтарын қамтыды: тұрмыстық, ғылыми, діни, әдеби, техникалық, философиялық, сауда-экономикалық, әлеуметтік-мәдени. Әр түрлі мамандықтарды зерттеушілерге бүгінгі таңда ойлау үшін әр түрлі тақырыптарды ұсынады. Тарих саласында-бұл атақты бельгиялық тарихшы Пиренн бастаған Еуропадағы феодалдық құрылыстың генезисіне Исламның әсері тақырыбындағы пікірталастарТүркі халықтарының ата тегінен қалған нақты рухани мұралар үлгісіне Орхон – Енисей бойынан табылған тасқа ойылып жазылған ескеркіштер жатады. Ескеркіштер ежелгі заман тайпаларының Түркі заман тұсындағы тұрмысы мен, салты мәдениеті мен жаугершілік жортуылдарын мәнерлі тілмен өсиет үлгісінде баяндаған . Рашид әд-Диннің айтуынан түркілердің аңшылық өмірі адам төзгісіз ауыр болғанын аңшылардың алғашқы діни көзқарастарынан аңғаруға болады. Ал түркі халықтарының дәстүрлері мен тәлім – тәрбиелік мұралары жазба материалдарда толық ашылмаған. Түркілер тарих сахнасында тез арада пайда болып, өз аттарын көптеген халықтарға қалдырып, ғайып болды. Түркі қағанатының батыстағы шекарасы VI ғасырдың аяғында Византиямен, оңтүстікте Персия және Үндістанмен, ал шығыста Қытаймен іргелес жатты.
|
Ислам әлемінде VIII-XV ғасырлар аралығында дүниеге келген ғылыми жаңалықтары мен әдеби туындылары әлем мәдениеті мен өркениетінің даму барысына жаңаша қарқын мен бағыт берді. Соның ішінде түркінің ұлы ғалымдары мен ақындарының туындылары Ислам өркениетіне мол үлес қосты. Қазіргі түріктектес Түркия, Қазақстан, Өзбекістан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзірбайжан және Кипр мемлекеттерімен бірге автономиялық Татарстан, Алтай, Саха тағы басқа түркілер ислам дамуына қосқан үлестері, олардың адамзат тарихына жасаған ортақ еңбектері саналады.
Түркілердің Ислам тарихына араласуы VIII ғасыр аясында басталады. Қазақ тарихына терең үңіліп, шындығын тану үшін түркілік тарихын білу керек. Түркі тектес халықтардың ортақ тарихын Исламнан бұрынғы Ежелгі дәуір және Исламнан кейінгі Ортағасырлық дәуірге бөліп қарастыруға тура келеді. Жазба деректер бойынша Түркі халықтарының ортақ тарихы мен мәдениеті ежелгі дәуір- б.з.д. VI-V ғасырлардан бастап- б. З.VIII ғасырына дейінгі аралықта «Тұран» деп аталып келді. Ал VIII-XV ғасырлар аралығында ортағасырлық дәуірде «Түркістан» деген атауға ие болды. Түркілер XIV-XV ғасырларда ұлт-ұлысқа бөлініп, бір-бірінен ажыра бастаса да «Түркістан» атауы Кеңес одағы құрылып, бүгінгі «Орталық Азия» атына ие болғанша аталып келді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |