Хамзин ердос жанторенович


Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68

 
 
Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң – 2014 жылғы 16 мамыррдағы 
№202-V  Қазақстан  Республикасының  Заңы  «Рұқсаттар  және  хабарламалар 
туралы»;  
Мемлекеттік  мүлік  туралы    Заң – 2011 жылғы 1  наурыздағы № 413-IV 
Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік мүлік туралы»;  
Тұрғын  үй  құрылысында  үлестік  қатысу туралы  Заң  –  2006  жылғы 7 
шілдедегі  №  180-III  Қазақстан  Республикасының  Заңы  «Тұрғын  үй 
құрылысында үлестік қатысу туралы»;  
Тұтынушылар  құқықтарын  қорғау  туралы  Заң  –  2010  жылғы  4 
мамырдағы  №  274-IV  Қазақстан  Республикасының  Заңы  «Тұтынушылар 
құқықтарын қорғау туралы»;  
Техникалық  реттеу  туралы  Заң  –  2004  жылғы  9  қарашадағы  №  603 
Қазақстан Республикасының Заңы «Техникалық реттеу туралы»;  
Индустриалды-инновациялық  қызметті  мемлекеттік  қолдау  туралы 
Заң  –  2012  жылғы  9  қаңтардағы  №  534-IV  Қазақстан  Республикасының  Заңы 
«Индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»; 
Ғылым  туралы  Заң  –  2011  жылғы  18  ақпандағы  №  408-IV  Қазақстан 
Республикасының Заңы «Ғылым туралы»;  
Білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасы  –  Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  2010  жылғы  7  желтоқсандағы  №  1118 
Жарлығымен 
бекітілген 
2011-2020 
жылдарға 
арналған 
Қазақстан 
Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;  
Авторлық  құқық  туралы  Заң  –  1996  жылғы  10  маусымдағы  №  6-1 
Қазақстан  Республикасының  Заңы  «Авторлық  құқық  және  аралас  құқықтар 
туралы»;  
Заңды  тұлғаларды  мемлекеттік  тіркеу  туралы  Заң  –  1995  жылғы  17 
сәуірдегі  №  2198  Қазақстан  Республикасының  Заңы  «Заңды  тұлғаларды 
мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы»;  
Ұлттық  палата  туралы  Заң  –  2013  ж.  4  шілдедегі  «Ұлттық  кәсіпкерлер 
палатасы туралы» № 129-V Заңы; 
Кәсіпкерлік  кодекс  жобасы  –  Қазақстан  Республикасының  Кәсіпкерлік 
кодексі жобасы; 
Оппортунистік  мінез-құлық  –  экономикалық  теорияда  өз  мүддесіне 
бағытталған және мораль ұғымдарымен шектелмеген, яғни алдауды, құлық пен 
зұлымдықты  пайдалануға  байланысты  мінез-құлық;  құқық  теориясында  және 
заңнамасында – өзінің құқықтарын теріс пиғылмен пайдалану; 
ТМД – тәуелсіз мемлекеттер достастығы;  
КО – Беларусь, Қазақстан және Ресей Кедендік одағы; 
ДСҰ – Дүниежүзілік сауда ұйымы; 
ҒЗТКТЖ 
– 
ғылыми 
зерттеу,  тәжірибелі-конструкторлық  және 
технологиялық жұмыстар; 
АҚ – акционерлік қоғам; 
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік.   
ШОК – шағын, орта кәсіпкерлік; 
ІЖӨ – Қазақстан Республикасының ішкі жалпы өнімі;   


 
 
бап – АК мен өзге де заңнамалық және заңға тәуелді актілердің баптары; 
тармақ  –  АК  мен  өзге  де  заңнамалық  және  заңға  тәуелді  актілердің 
баптарының тармақтары; 
тармақша  –  АК  мен  өзге  де  заңнамалық  және  заңға  тәуелді  актілердің 
баптары тармақтарының тармақшалары.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



 
КІРІСПЕ 
Зерттеу  тақырыбының  өзектілігі.
 
«Қазақстан  дамуының  жаңа  кезеңі  – 
бұл  экономиканы  нығайтудың,  халықтың  әл-ауқатын  арттырудың  жаңа 
міндеттері. 
Қазіргі 
уақытта 
бұл 
әлемдегі 
әлеуметтік-экономикалық 
жаңғыртудың  өзекті  мәселесі»,  -  деді  2012  жылғы  27  қаңтарда  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.  Назарбаев  өзінің  жыл  сайынғы  халыққа 
Жолдауында.  Өз кезегінде, жалпы  әлеуметтік-экономикалық  жүйені  жаңғырту 
да,  негізгі  өндірістік  күш  ретінде  кәсіпорынның  қызметін  инновациялық 
өзгерту де тікелей кәсіпкерлердің қызметі мен жаңашылдығына байланысты.  
Кәсіпкер  нарықтық  және  бәсекелестік  экономикада  басты  әрекет  етуші 
тұлға және басты өзегі болып табылады, өйткені, ол тауарларды өндіреді және 
оларды  соңғы  тұтынушыға  жеткізеді.  Айналымның  түрлі  сатыларында  тауар 
массаларының қозғалысын ұйымдастыра отырып, кәсіпкер азаматтар мен заңды 
тұлғаларға  әртүрлі  қызметтер  көрсетеді,  қаржылық  және  қор  нарықтарын 
әрекетке келтіреді, өндірістің барлық салаларында ғылымды дамыту және жаңа 
технологияларды  құру  үшін қоғамның  зияткерлік ресурстарын жұмылдырады. 
Дамыған  мемлекеттердің  тәжірибесі  кәсіпкерлік  құрылымында  дара 
кәсіпкерлер  жаңашылдыққа  (инновацияларға)  аса  бейімді,  тұтынушылардың 
талаптарына  және қазіргі  нарық  сұраныстарына  ыңғайлы  болып  табылатынын 
көрсетеді.  
Осыған  байланысты,  мемлекеттік  институттар  мен  азаматтық  және 
кәсіпкерлік  құқық  алдында  айрықша  міндет  тұр  –  азаматтарды  дара 
кәсіпкерлікке  ынталандыру  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау;  дара  кәсіпкердің 
анық құқықтық мәртебесін айқындау, ол өзіне тек оның құқылығын, құқықтары 
мен  міндеттерін  қамтып  қана  қоймай,  оның  заңды  мүдделерінің  қорғалуына 
тиімді мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз етеді.    
Алайда  бүгінгі  уақытта  Қазақстан  Республикасында  дара  кәсіпкер 
қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  дамуының  субъектілері  құрылымында 
өзінің лайықты орнын алған жоқ, бұл дара кәсіпкерліктің құқықтық реттелуінің 
белгілі  дәрежеде  жетілмегендігіне  байланысты.  Алғашқы  рет  Қазақстан 
Республикасында  әзірленіп  жатқан  Кәсіпкерлік  кодексінің  жобасында  да 
кәсіпкерлік,  оның  ішінде  дара  кәсіпкерлік  туралы  нормаларында  бірталай 
олқылықтар орын алған. 
Қазақстанда құқық ғылымында жеке, дара кәсіпкерлік мәселелері бойынша 
ғылыми зерттеулер кемде кем, ал дара кәсіпкердің құқықтық мәртебесінің жеке 
және кешенді зерттелуі мүлдем жүргізілмеген.   
Осылайша,  диссертациялық  зерттеу  тақырыбының  өзектілігі  Қазақстанда 
дара  кәсіпкерлік  институтын  дамыту  қажеттілігімен  ғана  емес,  Қазақстан 
Республикасының  құқық  ғылымында  осы  мәселенің  зерттелмегендігімен  де 
түсіндіріледі.  
Тақырыптың ғылыми зерттелуінің жағдайы.  
Қазақстанда  кәсіпкерліктің  құқықтық  реттелуінің  жекелеген  мәселелерін 
Ю.Г. Басин, М.К. Сүлейменов, Т.Е. Қаудыров, Ю.Г. Диденко, Ф.С. Қарағұсов, 
С.П. Мороз, Т.Т. Шиктыбаев, С.К.
 
Идрышева және басқалар қарастырған. 2005 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау