Қазақстан Республикасының
Заңы
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасы
3-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі міндеттері мен қағидаттары
4-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік белгілері
5-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары
6-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қолданылу аясы
7-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері
8-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық және жергілікті жобалары
9-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің шығындарын өтеу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің кіріс алу көздері
10-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру
11-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының операторы
12-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қажетті өзге де мүліктің құқықтық режимі
13-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланудың негізгі ережелері мен қағидаттары
14-бап. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында тәуекелдерді бөлу
15-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
16-бап. Жекеше әріптестің құқықтары мен міндеттері
17-бап. Мемлекеттік әріптестің құқықтары мен міндеттері
18-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға қатысатын өзге де тұлғалардың құқықтары мен міндеттері
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
19-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті
20-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті
21-бап. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті
22-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті
23-бап. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті
24-бап. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті
25-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті
26-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы
4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ, КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІККЕ ҚАТЫСУ НЫСАНДАРЫ
27-бап. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу нысандары
28-бап. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу нысандары
29-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу нысандары
30-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік- жекешелік әріптестікке қатысу нысандары
5-тарау. ЖЕКЕШЕ ӘРІПТЕСТІ АЙҚЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
31-бап. Жекеше әріптесті айқындау
32-бап. Әлеуетті жекеше әріптеске қойылатын біліктілік талаптары
33-бап. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа не тікелей келіссөздерге қатысуға байланысты шектеулер
34-бап. Біліктілік іріктеу
35-бап. Жекеше әріптесті конкурс тәсілімен айқындау
36-бап. Конкурсты өткізу туралы хабарлама
37-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасы
38-бап. Конкурстық өтінім
39-бап. Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету
40-бап. Конкурстық өтінімдерді қарау
41-бап. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурс өткізудің ерекшеліктері
42-бап. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізудің ерекшеліктері
43-бап. Оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізудің ерекшеліктері
44-бап. Тікелей келіссөздер негізінде жекеше әріптесті айқындау
45-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты
46-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мазмұны
47-бап. Жекеше әріптестің кредиторымен тікелей келісім
48-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мерзімі
49-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын бұзу негіздері
50-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша талап етуді біреуге беру және жекеше әріптестің борышын аудару
51-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша кепіл нысанасы
6-тарау. ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІКТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
52-бап. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы жалпы ережелер
53-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғысы
54-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясын құқықтық реттеу
7-тарау. ИННОВАЦИЯЛАРДАҒЫ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІКТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
55-бап. Инновациялардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік
56-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік
8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
57-бап. Дауларды шешу
58-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
59-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің құқықтық жағдайларын, оның жүзеге асырылу тәсілдерін айқындайды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын дайындау мен іске асыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу, орындау және тоқтату процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуетті жекеше әріптес - жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа не тікелей келіссөздерге қатысуға үміткер жекеше әріптес;
2) жекеше әріптес - осы Заңға сәйкес мемлекеттік әріптестер ретінде әрекет ететін тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;
3) конкурсты не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы - осы Заңда белгіленген құзыретіне сәйкес конкурсты не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы орталық мемлекеттік орган не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары болғанда мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну және (немесе) мемлекеттік бюджеттен төлемдерді жүзеге асыру көзделетін жағдайларды қоспағанда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты не тікелей келіссөздерді ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын мемлекеттік әріптес;
4) қолжетімділік үшін төлемақы - мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің пайдаланылу және сапалық сипаттамаларын, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің жеке-дара техникалық-экономикалық өлшемдерін негізге ала отырып, көрсетілген объектінің тұтынушыларға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ақшалай төлем;
5) мемлекеттік әріптес - мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан Қазақстан Республикасы, оның атынан әрекет ететін Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органы, сондай-ақ олар уәкілеттік берген өзге де мемлекеттік органдар мен дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілері;
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік - мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы осы Заңда айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;
7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау - Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдау бойынша көрсететiн, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзiрлеудi, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері арасындағы келiссөз процесінде консультациялық қызметтер көрсетудi қамтитын көрсетілетін қызметтер;
8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы - осы Заңға және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес шектеулі уақыт кезеңі iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипатқа ие, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру жөнiндегi реттілікпен болатын iс-шаралар жиынтығы;
9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы - мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес инвестициялық шығындардың белгілі бір көлемін өтеуге бағытталған, бюджет қаражаты есебінен төленетін ақшалай төлемдер;
10) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша операциялық шығындардың өтемақысы - мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалануға байланысты жекеше әріптестің шығыстарын өтеуге бағытталған, бюджет қаражаты есебінен төленетін ақшалай төлемдер;
11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасы - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы қызметінің мақсаттарын, міндеттерін, негізгі бағыттарын, шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушыларды, мемлекеттік қолдау шараларын сипаттау, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін сипаттау көзделетін құжат;
12) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы - айрықша мақсаты мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру болып табылатын, мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес бірлесіп құрған заңды тұлға не бірден бір қатысушылары мемлекеттік әріптес және (немесе) жекеше әріптес болып табылатын жұмыс істеп тұрған заңды тұлға;
13) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері - жобалануы, салынуы, құрылуы, реконструкциялануы, жаңғыртылуы және пайдаланылуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын мүлік, мүліктік кешендер. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында ендірілуге жататын жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) мен инновациялар да жатады;
14) мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері - мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес, сондай-ақ осы Заңда көзделген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға қатысатын өзге де тұлғалар;
15) Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы - мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
16) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының өзге де талаптары айқындалатын жазбаша келiсiм;
17) оператор - қажет болған кезде мемлекеттік әріптеспен келісу бойынша жекеше әріптес айқындаған, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тарапы болып табылмайтын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын орындаумен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
18) өмірлік цикл келісімшарты - мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының бүкіл қолданылу мерзімі ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін жобалау, салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және пайдалану (жөндеу мен күтіп-ұстауды қоса алғанда), өндірілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі жұмыстардың толық циклі, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің белгіленген техникалық-пайдалану көрсеткіштеріне сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер көзделетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты;
19) сала операторы - жүйелі оператор, жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компания, Ұлттық инфрақұрылым операторы, Ұлттық теміржол компаниясы, Ұлттық жүк тасымалдаушы, Ұлттық жолаушылар тасымалдаушы, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экономиканың белгілі бір саласында (аясында) ұлттық оператордың не оператордың функцияларын орындайтын өзге де заңды тұлғалар;
20) сервистік келісімшарт - мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне қызмет көрсету жөнінде қызметтер көрсету көзделетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты;
21) тікелей келісім - ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін мемлекеттік әріптес, жекеше әріптес пен жекеше әріптестің кредиторы арасында жасалатын жазбаша келісім.
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3. Экономиканың жекелеген салаларында (аясында) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті құқықтық реттеудің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
4. Жекеше әріптесті айқындау, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу, орындау және тоқтату, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну рәсімдері «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары қолданылмастан, осы Заңға және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жекелеген түрлерін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікке салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
6. Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға байланысты қатынастар осы Заңмен және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
3-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі міндеттері мен қағидаттары
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің тиімді өзара іс-қимылы үшін жағдайлар жасау;
2) инфрақұрылымды және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін дамыту үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің ресурстарын біріктіру арқылы мемлекет экономикасына инвестициялар тарту;
3) халықтың, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі деңгейін және сапасын арттыру;
4) Қазақстан Республикасындағы жалпы инновациялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қағидаттары:
1) реттілік қағидаты - мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынастарды кезең-кезеңмен орнату;
2) конкурстық қағидаты - осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, жекеше әріптесті конкурстық негізде айқындау;
3) теңгерiмдiлiк қағидаты - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру процесінде мемлекеттiк әрiптес пен жекеше әріптес арасында мiндеттердi, кепiлдiктерді, тәуекелдер мен кірістерді өзара тиiмдi бөлу;
4) нәтижелiлiк қағидаты - мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiктiң нәтижелерiне қол жеткiзудi бағалауға мүмкiндiк беретiн өлшемшарттар мен көрсеткiштердi белгiлеу болып табылады.
4-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік белгілері
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің айрықша белгілеріне мыналар:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің қатынастарын орнату;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңі (мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшеліктеріне қарай үш жылдан отыз жылға дейін);
3) мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға бірлесіп қатысуы;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің ресурстарын біріктіру жатады.
5-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары
1. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары болып табылады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында бірнеше мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес тараптар бола алады.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары мыналар да бола алады:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыруды ұсынатын қаржылық және өзге де ұйымдар;
2) сала операторлары.
6-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қолданылу аясы
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік экономиканың барлық салаларында (аясында) жүзеге асырылады. Бұл ретте тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын объектілер мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін берілмейді.
7-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жүзеге асырылу тәсілі бойынша институционалдық және келісімшарттық болып бөлінеді.
2. Институционалдық мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiкті мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк шартына сәйкес мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк компаниясы iске асырады.
3. Өзге жағдайларда мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк келісімшарттық мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк тәсілі бойынша жүзеге асырылады.
Келісімшарттық мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк шартын, оның ішінде мынадай түрлерін:
1) концессия;
2) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару;
3) мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу);
4) лизинг;
5) технологиялар әзірлеуге, тәжірибелік үлгі дайындауға, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынауға және аз сериялы өндіріске жасалатын шарттар;
6) өмірлік цикл келісімшарты;
7) сервистік келісімшарт;
8) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің белгілеріне сәйкес келетін өзге де шарттар жасасу арқылы іске асырылады.
Келісімшарттық мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жекелеген түрлерін іске асыру кезінде осы Заңмен реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының тиісті заңдарының ережелері, оның ішінде «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер қолданылады.
8-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық және жергілікті жобалары
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары республикалық және жергілікті болып бөлінеді.
2. Мыналар:
1) меншiк түрi бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру нәтижесiнде алынған мүлiкке туындайтын меншiк (республикалық немесе коммуналдық) құқығына қарай республикалық немесе жергiлiктi ретiнде;
2) пайда алушылар бойынша, егер пайда алушылар екi және одан көп облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың субъектiлерi болып табылса - республикалық ретінде және егер пайда алушылар бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың субъектiлерi болып табылса, жергiлiктi ретiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық және жергiлiктi жобаларын айқындау өлшемшарттары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |